Вирусты диареялар - бір топ (гастроэнтериттер) энтеротропты вирустармен шақырылатын, көбінесе фокальды-оральды механизммен тарайтын, клиникасында гастроэнтерит, энтерит түрінде ас қорыту жолының зақымдалуымен, интоксикация синдромымен және кей кезде тыныс алу жолдарының қабынуымен өтетін бір топ аурулар. Бір топ инфекциялары вирустармен шақырылатыны ХХ ғасырдың басында анықтала бастады. Түсініксіз себептермен пайда болған диареямен өтетін аурулардың өршіп көрінуі зерттеуге жол салды. Нәтижесінде диареяны тудыратын мүмкіншілік энтеровирустарда, аденовирустарда, ресвирустарда, ротовирустарда, парвовирустарда анықталды (астро-камици-миниротовирустар).
ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметтері бойынша ауыр түрінде өтетін диареялардың ішінде 20-40% вирусты этиологиялы, көбінесе ротовирусты. Жыл сайын жер бетінде 1-2 млн адамдар көбінесе балалар осы инфекциядан өлім табады. Қазіргі күндегі көзқараспен жедел ішек инфекциялардың себептерінің ішінде бірінші қатарда-ротовирустар, парвовирустар, одан кейін-энтеральды аденовирустар 40,41 энтеровирустар Коксаки және ЕСНО, корона-вирустар.
Ротовирусты инфекция
Оздырғышы-Rotavirus, Reoviridae тұқымдастан. Құрамында РНК-сы бар. Қазіргі күнде ротовирустардың 4 серовары белгілі-І, ІІ, ІІ, ІУ. 70% кезіндегі оқиғалар ІІ серовармен шақырылады. Ротовирустар сыртқы ортада төзімді деп есептеледі. Аурудың көзі ауырған адам немесе вирусты тасымалдаушы. Ауырған адамдар вирусты сырқаттың бірінші клиникалық көріністерінен бастап 7-10 күніне дейін нәжіспен шығарады. Максимальды түрінде сырқаттың 3-5 күнінде. Тарату механизмі-фекальды-оральды, бірақта аэрогенды түрінде де тарау мүмкіншілгі бар. Ауратындар көбінесе кішкентай балалар (0-3 жастағы). Үлкендер арасында-иммунитеті төмен адамдар ауыруы мүмкін (қосымша патологиялармен, қариялар т.б.). Сырқат көбінесе тағам арқылы тарайды. Мерзімі-суық уақытта. Бірен-саран оқиғалар жыл бойы кездесуде.Аурухана ішілік инфекция түрінде тарауы мүмкін. Патогенезі бойынша ротовирустардың көбейетін орны-ащы ішектің энтероциттері. Нәтижесінде ащы ішектің шырыш қабатында дистрофиялық өзгерістер туып, талшық эпителииі ыдырайды. Бұл клеткалардың ішінде дисахаридаздардың синтезі атқарылады. Ротовирустардың әсерінен туатын дистрофиялық өзгерістер бұл синтезді бұзады да ішек қуысында бөлінбеген дисахаридтер көбейеді. Олар тоқ ішекке түседі де қуысында осмостық қысымын жоғарлатады. Нәтижесінде-тоқ ішектің қуысына суықтық толады, ол сіңірілуге үлгере алмайды да-диарея туады. Организмде жауапты иммунитет туады. Көбі сауығады. Бірақта ауыр ағым да-кішкентай балаларда-өлім жиі кездеседі. Иммунитет] аса тұрақты емес, қайталап ауруы жиі кездеседі. Морфологиялық өзгерістер ротовирусты инфекцияларда ащы ішектің шырыштарының қан толуымен, серозды ісінуімен, қылшықтардың қысқаруымен, эпителиальды клеткалардың дистрофиялық өзгерістерімен байқалады
Клиникасы
Инкубациялық мерзім 15 сағаттан 3-5 тәуліке дейін. Сырқат жедел, кейде аяқ астынан басталады. Бірінші көрінісі көбінесе-құсу, бірреттік құсу болады, кейде қайталама түрде, көбінесе ауру басталғаннан бірінші тәулігінде басталады. Кей науқастарда құсу іш өтумен бірге бір уақытта болады. Нәжісінің түсі жасылдау, сарғыш-жасыл түсті болады. Кейбіреулерінде нәжісінде шырыш болады, тәулігіне 1-2 рет өтеді. Ауырсыну толғақ тәрізді эпигастрии, мезагастрии аймағында болады. Іші құрылдайды. Сонымен қатар гастроэнтерит синдромына интоксикация синдромы қосылады.
Патогенезі:
Ротовирустардың көбейетін орны-ащы ішектің энтероциттер. Нәтижесінде ащы ішектің шырыш қабатында дистрофиялық өзгерістер туып, талшық эпителииі ыдырайды. Бұл клеткалардың ішінде дисахаридаздардың синтезі атқарылады. Ротовирустардың әсерінен туатын дистрофиялық өзгерістер бұл синтезді бұзады да ішек қуысында бөлінбеген дисахаридтер көбейеді. Олар тоқ ішекке түседі де қуысында осмостық қысымын жоғарлатады. Нәтижесінде-тоқ ішектің қуысына суықтық толады, ол сіңірілуге үлгере алмайды да-диарея туады.
Организмде жауапты иммунитет туады. Көбі сауығады. Бірақта ауыр ағым да-кішкентай балаларда-өлім жиі кездеседі.
Иммунитет аса тұрақты емес, қайталап ауруы жиі кездеседі.
Парвовирусты инфекция
Негізгі қоздырғышы – Norualk вирусы, диаметрі 66 нм. 7 морфологиялық және 4 серологиялық типтері сипатталған. Инфекция көзі-ауру адам. Таралу жолы: ауа-тамшылы, фекальды-оральды, тұрмыстық-қатынас жолдарымен беріледі. Көбінесе қыс айларында өршиді. Инкубациялық кезеңі 2-3 күн, 24 сағаттан 7 күнге өтуі мүмкін. Басталуы жедел, дене қызуы жоғарлайды. Науқас шағымдары қатты әлсіздік, адинамия, жүрек айну және құсу, бас айналумен жүргізіледі. Көптеген науқастарда бұлшық еттері ауыратынына шағымданады. Ауырғандардың жартысында іш өтуі дамиды да, энтерит секілді өтеді. Ауыр жағдайда гиповолемиялық шок дамуымен тырысқақ тәрізді ағыммен сипатталады. Ішінде ауырсыну көп болмайды, бірақ ішінің жоғары бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну болады. Іші кепкен, пальпацияда қатты ішінің құрылдауы байқалады. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Гемопрограммада-лейкопения, нейтропения, салыстырмалы лимфоцитоз, моноцитопения. Аурудың ұзақтығы 12-24 сағаттан 2-3 күнге созылады. Жалпы науқастың жағдайы әлсіздік, қалтырау, 20-30% науқастарда температурасы жоғарлайды, кей кезде субфебрильді санға жетеді, бас айналу, талып қалуы болуы мүмкін. Қарап көргенде сұйықтық жоғалтқанда шырышты қабаттарының құрғақтығы байқалады. Іші жұмсақ, кіндік маңайын пальпациялағанда аздап ауырсыну болады, терең пальпацияда іш құрылы естіледі. Лабораторлы дәлелі: Гемограммада өзгерістер жоқ, СОЭ қалыпты. Науқастардың 1-ші тәулігінде кейбіреуінде лейкоцитоз және нейтрофинез, лейкопения салыстырмалы лимфо және моноцитоз, кейде эозинофилие болады. Ауру ағымы 5-7 күнге созылады. Ситуациялық тексерулер:
· вирусологиялық
· серологиялық (жұпты сарысулар әдісімен)
· копрограмма