Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сальмонеллез ошағында алдын алу шараларды ұйымдастыру әдістемесі.




Сальмонеллез ошағын эпидемиологиялық тексеру барысында аурудың жанұясында тіркелмеген басқа ауруларды және бірге тамақтанған басқа адамдарды анықтау керек. Жаңадан табылған аурулар ошақтың көлемін, аурудың таралу жолдарын, инфекция көзін анықтауға мүмкіндік береді. Инфекцияның таралу себен анықтау мақсатында науқастан және онымен бірге тамақтанған адамдардан соңғы 2 күн ішінде қандай тағамдарды жегендерін сұрау қажет. Сонымен қатар түрлі тағамдарды қандай мөлшерде қабылдағаны және қабылдау уақыты анықталады, өйткені тағамдарды ұзақ уақыт бөлме температурасында сақтау қоздырғыштардың онда көбеюіне ықпал етеді. Тағамның дайындалу уақытын, қабылдау уақытын сақталу жағдайын анықтау арқылы күдікті тағамды анықтау қажет.

Сальмонеллез ауруы тіркелген жағдайда тексерудің сұрау әдісін үйрену мақсатында колледждің асханада тамақтанатын 10 оқушысынан берілген кесте бойынша жеген тамақтарын және уақытын кестеге толтыру:

 

№24 кесте

  Тегі, есімі   Бірінші күн Екінші күн  
Таңертең Түсте кешке таңертең түсте кешке
               

Сальмонеллез

Сальмонеллездің эпидемиологиясы


Этиологиясы

· Жалпы сероварлары – 2000 жуық

· Маңызды сероварлары: S.tiphimurium, S.enteritids, S.anatum, S.Newport, S.panama, S.London, S. Haifa

Инфекция көзі

Жұқтырған жануарлар

· Ауылшаруашылық жануарлар

· Үй құстары

· Синантропты кеміргіштер

· Жабайы және синантропты құстар

 

Жұқтырған адамдар

Инфекциялық процестің көрінісі

· Ауру

· Тасымалдаушылық

 

Беріліс механизмі, таралуы


Тағам өнімдері арқылы

Жануралардың еті

Құстардың еті

Құстардың жұмыртқасы

Науқас адамнан, тасымалдаушыдан ластанған тағамдар

 

 

Су арқылы

Құстардың жануарлардың нәжісімен ластан су

Қалдық сулармен ластанған ауыз суы

Тұрмыстық заттар арқылы

Ластанған ыдыстар

Ластанған тұрмыстық заттар

Шаң арқылы

Құстардың, малдардың кепкен нәжістері

 


Эпидемиялық процестің көрінісі

Адамдар арасында кездейсоқ сырқаттанушылық

Жалпы тамақпен байланысты ұжымдағы өршу

Ауруханада, босану үйіндегі өршу

 

Шигеллез

Шигеллез- нәжіс-ауыз механизмімен жұғатын, су, тағам және тұрмыстық заттар арқылы таралатын, көбіне тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын, шигелла текті микробтары әсерінен туындайтын антропонозды жіті ішек инфекциялық ауру.

Клиникалық түрде ауру интоксикация, іштің бұрап ауыруы, қан аралас іш өту белгілерінің болуымен сипатталады.

Дизентерия терминін Гиппократ енгізген («dis» - бұзылыс, «enteron» -ішек).

Дизентерия микробтарын 1891 жылы А.В.Григорьев және 1898 жылы жапон ғалымы К.Щига ашқан.

Дизентерия ауруының әлі де көптеп таралуының себептері:

× Сүт тағамдарының, ауыз суының, көпшілік тамақтандыру мекемелерінің тағамдарының қоздырғыштарымен ластануы;

× Тамақ өндірісінде санитарлық- техникалық, технологиялық, санитарлық-эпидемияға қарсы ережелердің бұзылуы;

× Диагностикалық қателіктер;

× Аурулардың дәрігерлік көмекке кеш келуі;

× Нашар тамақтану, иммунитет жетіспеушілік;

× Санитарлық ағарту, гигиеналық тәрбиелеу жұмыстарының төмен деңгейде жүргізілуі.

Этиологиясы. Қоздырғышы Shigelle – дезентерия микробтары, Enterobacteriaceae тобына жатады. Негізгі 4 түрі жиі тіркеледі: Гринорьев-Шиго, Флекснер, Зонне және Щмиц-Штуцер шигеллалары. Дизентерия микробтарының морфологиялық қасиеттері ұқсас, гармтеріс таяқшалар, қоректі орталарда жақсы өседі. Микроб жасушаларының ыдырауы барысында эндотоксин бөліп шығарады, Григорьев-Шиго шигелласы эндо және экзотоксин бөледі. Эндотоксиндердің әсерінен организмде жалпы улану белгілері пайда болады.

1940 жылдары (соғыс, ашаршылық, кедейшілік) Flexner түрі көптеп таралған – патогенділігі төендеу, бірақ сыртқы ортада төзімді – топырқта қыста 4-5 айға дейін, суда 3 айға дейін сақталады. Көбінесе су арқылы берілген.

1950-80 жылдар аралығында елді сумен қамтамасыз ету мәселелерінің шешілуімен, сумен байланысты Flexner дизентериясының саны төмендеген. Бірақ оның орнына Sonnei цигелары келген, сыртқы ортаға төзімді, тағамдарда көбеюге қабілетті. Бұл дизентерияның өсуіне себепкер – көпшілік тамақтандыру мекемелерінің көбеюі және көбейген қала халқының асханаларында буфеттерде жиі тамақтануы.

Инфекция көзі жіті созылмалы түріндегі аурулар және бактерия тасымалдаушылар. Инфекция көзі ретінде жіті түріндегі аурулардың эпидемиологиялық маңызы өте үлкен, өйткені аурудың барлық кезеңдерінде қоздырғыш көп мөлшерде нәжіспен шығарылады. Неғұрлым аурудың іші жиі өтетін болса, соншалықты көп мөлшерде қоздырғыш нәжіспен шығарылады. Дер кезінде анықталмаған аурулардың эпидемиологиялық маңыздылығы өте үлкен, олар жанұяда, ұжымда әсіресе балалар, тағам өндіпу сумен қамтамасыз етумекемелерінде жұмыстарын жалғастырып белсенді түрде инфекция таратушы болады.

Беріліс механизмі – нәжіс-ауыз механизмі. Берілу жолдары: тұрмыстық заттар, жанасу, су, тағам, және шыбындар

Диагностикалық әдістері:

1. Бактериологиялық әдіс: нәжісті тексеру.

2. Сериологиялық әдіс: ГАТР- диагностикалық титр 1:200, аурудың барысында бірнеше рет жасалады.

3. Экспресс – диагностика, эпидемиологиялық өршу кезінде қолданылады: ИФА, ИФР, иммуносорбция.

4. Капрологиялық зерттеу (шырыш, лейкоциттер, эритроцидтер, эпителий торшалары).

Дизентерия диагнозы аурудың клиникалық белгілері, зертханалық тексеру мәліметтері және эпидемиологиялық анамнез негізінде қойылады.

1 реттік зертханалық тексеру қажет:

1) Емдеу - алдын алу ұйымдарына ұаралған кезде жіті ішек инфекциясымен ауырғандар және ауруға күдіктілер.

2) Декреттелген контингент қатары ішінен ішек инфекциясымен ауыратын науқаспен қатынаста болатын адам.

3) Емделуге түскен психиатриялық аурулар ауруханасының емделушісі.

4) Мектеп-интернат, балалар үйі мен нәрестелер үйіне алынатын балалар.

5) Қарттар үйіне алынатын жасы ұлғайған адамдар.

6) Ішек инфекциясынан жазылған реконвалесценттер.

Алдын алу шаралары. «Жіті ішек инфекциялық аурулары жөніндегі санитарлық – індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық –эпидемиологиялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Инфекция көзіне бағытталған шаралар. Жіті ішек инфекцияларымен ауырған науқастарды ауруханаға жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1194 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2487 - | 2330 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.