Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Инфекциялық ауруларды арнайы алдын алуын ұйымдастырудың негізгі қағидалары, егу көрсеткіштері




 

Инфекциялар екіге түрге бөлінеді:

Басқарылмайтын инфекцияларға тиімді иммунды алдын алу шаралары толық жетілдірілмеген инфекциялық аурулар тобы жатады.

Басқарылатын инфекциялар деп ғылыми дәлелденген шаралары жетілген және олардың тиімділігі анықталған инфекциялық аурулар тобын айтады.

Иммунды алдын алу тәсілдерімен басқарылатын ауруларға антропонозды инфекциялар жатады. Мысалы, полиомиелит инфекциясын басқару оған қарсы тиімді вакцина жасалғанннан кейін іске асты.

Дифтерия, көкжөтел, сіреспе, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, вирусты В гепатит туберкулез және полиемиелит сияқты инфекциялық аурулармен күресудуе жоспарлы иммунизациялау шешуші және тиімді шаралардың негізгісі болады. Жоспарлы түрде егу жүргізудің нәтижесінде 1958-1972 жылдар арасында полиомиелитпен сырқаттанушылық 125,3; дифтериямен- 369; қызылшамен - 5,6; көкжөтелмен -23,1 есе азайды. Егер тұрғындардың 95% көрсетілген мерзімде егумен толық қамтылмаса, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Иммунизациялау бағдарламасына қойылған мақсаттар:

• Иммунизацияның ұлттық бағдарламасын қабылдау;

• Ұлттық мамандарды дайындау;

• Ұлттық бағдарламаларды жабдықтармен, вакцинамен, көлікпен қамтамасыз ету;

• Вакциналарды сақтау және тасымалдау жүйесін жасау;

• Бағдарламаның іске асырылуын бақылау;

• Қажетті қаржы бөлу;

• Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің тұрғындарының санитарлық- эпидемиологиялық ахуалына зор көңіл бөлді, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 19.09.2009 жылғы №193 заңы қабылданды. Бұл Заңда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудің құқықтық экономикалық және әлеуметтік жақтары анықталған. Үкіметтің Қаулысымен «Иммунды алдын алу» кешенді бағдарламасы бекітілген.

Егу жұмыстарын жоспарлау учаскелік дәрігер-педиатрға жүктеледі. Ол учаскедегі әрбір балаға уақтылы егу жүргізуге толық жауап беруі керек.

Қазақстан республикасы Үкіметінің 22 қаңтар 2008 жылғы №40 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23 мамыр 2003 жылғы №488 «Тұрғындарға инфекциялық ауруларға қарсы вакцина егу жұмыстарын жақсарту шаралары» қаулысына өзгертулер мен қосымшалар енгізілді.

2011 жылдан бастап пневмококкты инфекцияға вакцина егу жұмыстары басталды. Бұл вакцина 2-3-4-18 айда егіледі.

 

 

Қазақстан Республикасында Халыққа вакцина егу күнтізбесі
Жасы Егулердің атаулары
1-4 күн Туберкулезге вакцинация
24 сағат Гепатит «В» бірінші вакцинация
2 ай Гепатит «В» екінші вакцинация, бірінші вакцинация: дифтерия, көкжөтел, сіреспе, гемофильді инфекция, полиомиелит
3 ай Екінші вакцинация: дифтерия, көкжөтел, сіреспе, гемофильді инфекция, полиомиелит
4ай Үшінші вакцинация: гепатит «В», дифтерия, көкжөтел, сіреспе, гемофильді инфекция, полиомиелит
12-15 ай Вакцинация: қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, 1-ревакцинация: полиомиелит
18 ай Ревакцинация: дифтерия, көкжөтел, сіреспе, гемофильді инфекция
6 жас(1 сынып) Екінші вакцинация: қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит. Бірінші вакцинация: туберкулез. Екінші ревакцинация: дифтерия, сіреспе.
12 жас Үшінші ревакцинация: дифтерия
15 жас Вакцинация қызамыққа
16 жас Ревакцинация: дифтерия, сіреспе
Ересектер Ревакцинация: дифтерия, сіреспе әр 10 жылда

 

Иммунитет және қабылдағыштық

Қоздырғыш адам организмінде инфекцияға қоздырғыштық болса ғана инфекциялық процесс тудыруы мүмкін.

Қабылдағыштық- адамның өз денесіне енген инфекциялық аурулардың қоздырғыштарына қарсы жауап беру қабілеті, ауру немесе тасымалдаушылық түрінде дамуы.Егер адам жануарлардың кейбір инфекция түрін қабылдамайды, ауруын жұқтырмайды, бұны түрлік қабылдамаушылық деп атайды.

Қабылдамаушылық 2 түрге бөлінеді:

• Арнайы емес қабылдамаушылық немесе тұрақты төзімділік

• Арнайы қабылдамаушылық немемсе иммунитет

Арнайы емес, физиологиялық тұрақты төзімділік факторларына жатады:

А) сыртқы жабын және шырышты кілгей қабаты;

Б) денедегі қалыпты микрофлора;

В) асқазан қышқыл сөлі, лизоцим;

Г) қан және лимфа жүйесінде қорғаныс қызметін атқаратын пропердин, антидене, макрофаг, ретикулоцидтер, интерферон, коплемент жүйесі.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 930 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2217 - | 2050 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.