Тапсырма «Реферат жазу»
Студенттердің «Реферат жазу» талаптары мен шарттары:
Жоғарғы оқу орнының оқу жоспарына сәйкес, әрбір студент дінтану негіздері пәні бойынша бірнеше өзіндік жұмыстарды жазып өткізуі керек. Өзіндік жұмыстарға арналған тақырыптар екі бөлімде топтастырылған, себебі жұмыстардың әрқайсысы әр бөлімдегі тақырыптар тізімінен таңдап алынып, бірін-бірі қайталамауы керек. Тақырыптар саны жеткілікті мөлшерде құрастырылған, сондықтан да бір топтағы екі студент бір тақырып бойынша жұмыс орындауына болмайды.
Әрбір бөлімдегі тақырыптар теориялық немесе тарихи кезеңдерді қамтитындықтан, тиісті деген әдебиеттердің тізімімен қамтамасыз етілген, дегенмен, соңғы уақыттарда баспадан шыққан жаңа кітаптар тақырыпты ашуға көмектессе, тізімде көрсетілмеген әдебиеттерді де пайдалануға болады.
Студент өзіндік жұмыстарды жазбас бұрын, дәріс жүргізетін оқытушыларынан мына мақсатта тиісті кеңестер алуы қажет:
1. Таңдап алынған тақырыпты оқытушымен келісу, себебі көрсетілген тақырыптар шеңберінен шығуға студент мәжбүр болса, жетекшімен ақылдасуы қажет;
2. Керек болған жағдайда ғылыми әдебиеттер, мақалалар туралы кеңес алу;
3. Өзіндік жұмыстардың жоспарын бекіту;
4. Жұмысты жазу және талапқа сай формада көркемдеу;
5. Түсінбеген мәселелер, сұрақтар жайында мағлұмат алу;
6. Өзіндік жұмыстарды белгіленген мерзімдерде тексеруге беру;
7. Оқытушы тарапынан жасалынған ескертулер мен түзетулерді толықтырып, жұмысты көрсетілген уақытта тапсыру.
«Реферат жазу» жұмыстарының мазмұны мен формасына мынадай талаптар қойылады:
Жұмыс жоспары екі немесе төрт тараудан артық-кем болмауы керек, ерекше бір жағдайда ғана бес тарау болуы мүмкін. Жұмыстың мазмұны, әртүрлі монографиялар мен ғылыми мақалаларды оқып-талдаудың нәтижесінде құрылуы керек. Аяқталған өзіндік жұмыстардың мынандай көрсеткіштері болуы қажет: біріншіден, студент зерттеп отырған тақырыбының мәнін, теориясы мен тарихын терең танып-білгендігін көрсету; екнішіден, автор мәдени құбылыстарды талдай отырып, оларды әртүрлі ғалымдар мен ғылыми ағымдар көзқарасы тұрғысынан түсініп, бағалай білу; үшіншіден, зерттеп отырған діни құбылыстың өзектілігін, оның тарихтағы орны мен қазіргі заманғы маңызын ашып дәлелдеу. Өзіндік жұмыстарда осы мәселеге қатысы бар деген пікірлер мен концепцияларды атап көрсетіп, олардың авторлары мен жазған еңбектерінің атын атап, тексте келтірілген сілтемелер болса, нөмірлеп белгілеп қою қажет. Бір мәселе бойынша көп түрлі пікір қалыптасқан болса, оларды салыстыра отырып, автор өзінің түсінігіне сәйкес келетін біреуін негізге алуға тиіс. Ғылыми жұмыстың құндылығы да, студенттің жеке өзінің пікірінің қалыптасуы және соны айғақты түрде дәлелдей алуымен бағаланады. Мәселенің мәнін ашатын жақтарына назар аудара білу, фактілер мен уәждер арқылы тұжырым жасай алатындығы жұмыстың деңгейін көтере түседі. Жұмыстың мазмұны логикалық тұрғыдан дұрыс және жасалған жоспарға сәйкес болуы шарт. Жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде автор осы өзіндік жұмыстың мақсаты мен мұратын, тақырыптың өзектілігін атап өтіп, осы мәселеге қатысты әдебиеттерге қысқаша шолу жасайды. Қорытынды бөлімде негізгі тұжырымдар айтылады және солардың нәтижесі ретінде түйіндеме жасалып, өзіндік жұмыс аяқталады. Жұмыстың сыртқы формасына келсек, оның көлемі 8-10 компьютерлік қағаз беті шамасынан кем болмауы керек, кіріспе, қорытынды және сыртқы бетін қоспағанда. Жұмыстың әрбір бетінде орын қалдырылып, тараулардың аттары жазылып, сілтемелер бет соңында көрсетілуі қажет. Реферат жазу – бұл студенттің шағын ғылыми жұмысы болып табылады. Әйтеуір өткізсем болды деген ниетпен реферат жазғанда жүргізілетін шығармашылық жұмысты қолға түскен өзгенің еңбегін механикалық тұрғыдан көшіре салумен алмастыруға болмайды.
Презентация
Оқытушы студенттерге дайындауы үшін презентацияның тақырыбын анықтап береді. Студенттер топтарға бөлініп немесе өз қалауы бойынша жеке презентация өткізсе де болады. Топ мүшелері өздерінің ойларын айта отырып, түсінген немесе түсінбеген аспектілерін бірге талқылай отырып жұмыс жасайды. Презентация студенттің тақырып бойынша ашық иллюстративті ашық сабақ өткізуі іспеттес. Тақырып мазмұны толық ашылуы тиіс. Презентация уақыты 20 минут.
Ысқаша «ЭССЕ» жазу
«Эссе» -бұл шағын көлемдегі еркін композиция, онда нақты бір сылтау немесе тапсырмалар бойынша жеке ойлар мен көзқарастар беріледі.
«Эссе» құрылымы:
Кіріспе: студент мәселені (идея), эссені жазу мақсатын анықтайды.
Негізгі бөлім: мәселенің мазмұнын, мәнін анықтайды. Ол үшін ғылыми негіздеме (тақырыпты ашып көрсетуге мүмкіндік беретін теориялар, графиктер, диаграммалар, кестелер, дәлелдер, дәйексөздер, ойлар, сандар, статистикалық материалдар, фактілер) қолданады.
Менің мәселеге қарым-қатынасым: студент мәселеге қатысты өзінің жеке моральдық, сезімдік, этикалық қарым-қатынасын айқындайды.
Мәселені шешу жолдары: жұмыс қорытындысында білім алушы мәселені шешу бойынша жолдар мен әдістемелерді негіздейді, сонымен қатар өзінің шешу жолдары мен әдістемесін ұсына алады.
Өзін-өзі бағалау: автордың ойы бойынша өз жұмысын бағалау, жұмыстың дұрыс іске асқан және аспаған кезеңдері.
Библиография: пайдалану реті бойынша пайдаланылған әдебиеттер тізімі (әдебиеттер, интернет сайттары және авторының көрсетілуімен басқа дерек көздері).
«Эссені» орындауда студент білуі тиіс:
√ дәлелдей білуі;
√ себептері мен салдарын түсіндіру;
√ мәселелерді анықтау және белгілеу, оның ерекшеліктерін көрсету;
√ мәселені шешу қажеттілігін негіздеу, шешу жолдарын ұсыну.
Глоссарий (түсіндірме сөздік)
Дінтану негіздері пәніне қатысты терминдерді талқылауға өзіндік жеке дайындық. Әрбір студент глоссарий дайындау үшін бөлек дәптерді міндетті түрде арнауы тиіс, онда әрбір тақырыптар бойынша негізгі түсініктер сөздік түрінде тіркеліп отырады. Негізгі дінтанулық түсініктер мен терминдерге глоссарий жазу студенттің оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергендігін көрсетеді. Мүмкіндігінше сөздің этимологиялық мағынасын көрсеткен жөн. Глоссарий жазғанда құрылым сақталуы тиіс, алдымен тақырып көрсетіліп, сонан соң оған қатысты түсініктердің мағынасы түсіндіріледі. Глоссарий мазмұнды-құрылымдық жүйесіне қарай бағаланады.
6. І аралық бақылау бойынша сұрақтар тізбесі:
1. Дінтанудың ғылым ретінде толығымен қалыптасқан уақыты:
2. Дінтану ғылымының негізін салушылар:
3. Зороастризм діні қай жерде пайда болған?
4. Яхве қай діннің негізгі құдайы?
5. Христиан дінін ресми дін деп жариялаған император:
6. Синтоизм қай елдің ұлттық діні?
7. Дінтану ғылымы нені зерттейді?
8. Дінді әлеуметтік тұрғыдан танудың негізін салушы:
9. М.Мюллердің дінтану тақырыбына жазған негізгі еңбегі:
10. Теология докторы П.Ш.Соссенің дінтану туралы негізгі еңбегі:
11. Теолог К.П.Тиленің дінтануға арналған негізгі еңбегі:
12. Мына афоризмді кім айтқан: «Сенемін, өйткені сенбеу – қисынсыз (абсурд)
13. «Құдайсыздық» немесе құдайды жоққа шығару мағынасын білдіретін термин:
14. Нақты дүниені және ақиқаттың нақты мағынасын теріске шығаратын, заттардың мәндерін және табиғи, әсіресе әлеуметтік үдерістердің даму заңдылықтарын тану мүмкін емес деп санап, ғылымның рөлін құбылыстардың ғана танымымен шектейтін философиялық ілім:
15. Политеизмнің көп құдайды мойындайтын және олардың ішінен айналасына діндар табынушылар шоғырланған бастысын бөлекше көретін түрі қалай аталады?
16. Құдайды табиғатпен теңестіретін және табиғатты құдіреттің іске асырғаны деп қарайтын философиялық ілім:
17. Дүниені жаратушы құдай деп санайтын, бірақ табиғат пен қоғам өміріне араласпайды, олар өз заңдылықтары бойынша дамиды деп есептейтін діни философиялық ілім:
18. Бірқұдайлық, жалғыз ғана құдайды мойындайтын діни көзқарас:
19. Секта мен конфессия арасында орнаған аралық қатынасты білдіретін ұғым:
20. Қандай да бір діннің, шіркеудің құзырында болу, дін ұстану дегенді білдіретін термин:
21. Фидеизм термині қандай мағына береді?
22. Кейбір халықтарда табыну заты болған және желеп жебеуші деп есептелген аң немесе өсімдік немесе өлі табиғат дүниесі қалай аталады?
23. Дінге тарихи көзқарас идеясының негізін салушы кім?
24. Дүниедегі барлық бар нәрсенің негізі бір бастау –материя немесе рухты мойындайтын философиялық ілім қалай аталады?
25. Бөгде заңдылық, қандай да бір құбылыстың оған жат сыртқы заңдармен айқындалуы қалай аталады?
26. И.Кант этикасында бұл термин адамгершіліктің субъект еркіне тәуелсіз себептерден бөлінуін теріске шығарады:
27. Дүниеге көзқарастың тарихи алғашқы формасы:
27. Қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін «тікелей емес», ерекше бір тәсілмен сиқыршылық салт жоралғылар жасау әрекеттерінің нышандық жеке немесе бірлескен белгісі қалай аталады?
28. Бүкіл әлем жаратылыстан тыс өмір сүруші рух пен жанға толы болады деген көне ұғым:
29. Жаратылыстан тыс қасиеті бар деп танылған жансыз затқа табыну қалай аталады?
30. Христиан діні қашан және қайда пайда болды?
31. Христиан дінінің негізін салушы пайғамбар:
32. Иса пайғамбардың есіміне қосыла айтылатын «Мәсіх» («Христос») деген есім қандай мағынаны білдіреді?
33. Христиан дінінің негізгі бағыттарының бірі:
34. Христиандардың қасиетті кітабы:
35. Христиандықтың протестантизм бағытының пайда болуына ықпал еткен кім?
36. Ислам діні қашан пайда болды?
37. Діндердің жіктелу белгілеріне жатпайтын үғым:
38. Қазақстанда сопылық бағытты уағыздаған кім?
39. Киев Русі қай ғасырда христиан дінін қабылдады?
40. Суфизм ілімі бойынша Құдайды қайдан іздеу керек?
41.Фетишизм дегеніміз:
42. Рулық қоғамдағы адамдар тобының шығу тегін белгілі бір жануарлармен немесе өсімдіктермен байланыстыратын сенім:
43. Мұсылман өнеріндегі басты стиль:
44. Қазақ мәдениетінде көк бөріге табыну қай мәдениеттен келген?
45. Діндердің жіктелу белгілеріне жатпайтын ұғым:
46. Төрт ақиқат туралы ілім қай діннің негізі:
47. Исламда халал және харам деген ұғымдар қандай мағына береді?
48. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар қай қаладан шыққан?
49. Қазақ мәдениетінің архетипіне не жатпайды?
50. Мұсылман өнеріндегі басты стиль:
51. Қазақ мәдениетінде көк бөріге табыну қай мәдениеттен келген?
52. Тазару, сезімнің нұрлануы, құндылықтың эмоциялық жоғарғы формасы:
53. Қоғамның мәдениеті, рухани өмірі бейнеленгенде белгілі бір дәуірдің философиялық, діни, саяси, эстетикалық теорияларында көрінетін ұғым:
54. Византия өркениетінің діни тірегі:
55. Зороастризмнің негізін салушы:
56. Зороастризмнің қасиетті кітабы:
57. Ертедегі ирандықтардың ұстанған діні:
58. Буддизм діні қашан пайда болды?
59. Буддизмнің негізін салушы:
60. Буддизмнің қасиетті кітабы:
61. «Будда» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
62. Буддизмнің төртінші ақиқат принципі:
63. Буддизмнің ақиқат принциптеріне төменде көрсетілгендердің қайсысы жатпайды?
64. Буддизмнің негізгі ағымдары:
65. Буддизмнің қытайлық ұлттық түрі?
66. Буддизмнің жапондық ұлттық түрі:
67. Буддизмнің тибеттік ұлттық түрі:
68. Ежелгі Үндістанның ортодоксальді емес (Ведалар ілімін мойындамайтын) мектебін көрсетіңіз:
7. ІІ аралық бақылау бойынша сұрақтар тізбесі:
1. Адамның ішкі рухани дүниесіне қолдау көрсетумен тығыз байланысты, оның өмірмәнділік факторы ретінде көрініс беретін діннің функциясы қалай аталады?
2. Құдай туралы діни ілім қалай аталады?
3. Құдайлардың пайда болуы, туысқандық қарым-қатынастары туралы діни аңыздар жүйесі, құдайлар шежіресі:
4. Грек тілінен аударған «шапағат, рақым, құдайы сый» мағыналарын білдіріп, белгілі тұлғаны немесе құбылысты ерекше қасиетке теліп, оған әулие ретінде табыну қалай аталады?
5. XVIIIғ. 30ж. Украинаның кедей еврейлерінің арасында пайда болған иудаизмнің мистикалық бағыты (көнееврей тілінде «тақуа, дін тәртібін берік ұстанушы, таза пиғылды жан» ұғымын білдіреді):
6. «Индивидуализм, ешкім ешкімді қорғай да, тазарта да, босата да алмайды, ешкім ешкім үшін ештеңе жасай алмайды, өйткені тек адамның өзі, оның ықтияры, ерік-жігері, шешімділігі, төзімділігі мен даналығы ғана адамды жарқын болашақ пен жарық жолға бастайды», - деген ең негізгі принцип қай бағытқа тән:
7. Өзінің ұнатқан қалағанына, өзінің наным-сеніміне, белгілі бір идеяға деген қатты құштарлықты, нық сенгендікті, таза берілгендікті көрсету:
8. Саналы түрде өмір игіліктері мен ләззаттықтан өзін рухани құтқару мен жоғары мағыналықты көздеп, адами немесе діни мұраттарға жету үшін бас тартып, өткінші дүние құндылықтарын тәркі етуді білдіретін термин:
9. «Анимизм» терминін ғылыми қолданысқа енгізген ағылшын ғалымы:
10. Қожа Ахмет Яссауидің ХІІғ. жазған мұсылмандық қағидалары өлеңмен жазылған дидактикалық дастаны:
11. Ресми шіркеу догмаларынан ауытқитын христиандық діни ағым, грек тілінен аударған «кейін кету, ерекше діни ілім» мағыналарын білдіреді:
12. Үнді әдебиетінің ең көне діни және философиялық мұрасы:
13. Неоплатонизмдегі пантеистикалық құрылымды гностицизм мен иудейлік Тора сенімінің жекелеген ережелерімен жалғастырушы иудаизмдегі мистикалық ағым:
14. Каббала туралы білімдердің негізгі қайнар бастауы:
15. Яхудиліктің негізгі идеологиялық, культтік және діни-құқықтық түсініктерін бекіткен трактаттар жинағы:
16. Палестина аумағында өмір сүрген семит (еврей) тайпаларының арасындағы яһудилік (иудаизм) діні қашан пайда болған?
17. Иудаизмнің қасиетті кітабы:
18. Алғашқы қауымдық мәдениетпен тығыз байланысты діни негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды білдіретін ұғым:
19. «Тотем және табу» енбегінің авторы:
20. Жапоннын ұлттық діні синтоизмнің басты құдайы:
21. Б.д.д. VІғ. Афинада пайда болған ежелгі Гректердің діни ағымдарының бірі:
22. Ежелгі Грек діндерінің тарихи даму кезеңдерінің дұрыс реттілігін көрсетіңіз:
23. Дінтанудың функцияларын көрсетіңіз:
24. Вавилондық теологиялық поэма:
25. Сенім деген не?
26. Құран кітабының көшірме даналары қай халифтың тұсында көбейтіліп бүкіл мұсылман әлемінің түпкір-түпкірлеріне тарады?
27. «Құран» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
28. «Сүре» термині қандай мағына береді?
29. Хадистер деген не?
30. Құрандағы сүрелердің саны қанша?
31. Құрандағы аяттардың саны қанша?
32. Мұсылмандық заңдық нормалардың, ұстанымдар мен мінез-құлық ережелерінің жиынтығы қалай аталады?
33. Исламдағы мистикалық-аскеттік ағым:
34. Исламдағы негізгі ағымдар сунниттер мен шииттердің бөлінуі қай ғасырда қалыптасты?
33. Исламдағы кейінгі идеологиялық ағым суфизмнің пайда болу уақыты:
34. Суфизмнің негізін салушы:
35. Суфизмде кемелденудің неше сатысы бар?
36. Аскеттік-мистикалық ағымдарда қолданылатын «эскапизм» термині қандай мағынаны білдіреді?
37. Қазақстанда суфизм ілімінің қалыптасып, дамуы кімнің есімімен байланысты?
38. Арабияда сунниттік исламда XVIIIғ. ортасында пайда болған діни-саяси қозғалыс:
39. Мұсылмандық жыл санау неден басталады?
40. Секуляризация – бұл қандай процесс?
41. АҚШ-та иеговизм (Иегова куәгерлерінің шіркеуі) қашан пайда болды?
42. Шығыс және батыс христиан шіркеулері православиелік және католиктік болып қай жылы бөлінді?
43. Манихейшілік діни ілімі қашан пайда болған?
44. Vғ. пайда болды деп саналатын отқақұлдық негізіндегі «тысқары» манихейлік секта қалай аталады?
45. Протестанттық конфессия «Баптизм» ең алғаш қай елде пайда болды?
46. Баптизмнің негізін салушы кім?
47. Баптизмнен бөлініп шыққан протестанттық конфессия «Адвентизмнің» негізін салушы кім?
48. Христиан дінінің бір тармағы ретінде протестантизмнің пайда болған уақыты?
49. «Адамдардың тағдырын құдай әуел бастан белгілеп қояды, біреудің маңдайына тозақ азаптары, ал біреуге жұмақ рақаты бұйырады», - дейтін бұлжымас жазмыш тағдыр туралы догматты басты ұстаным ретінде қолданатын протестантизмдегі дербес діни ағым:
50. Алғашқы протестанттық шіркеулер:
51. «Экуменизм» термині (грек тілінде – ғалам, өмір сүретін дүние) нені біріктіру әрекетін білдіреді?
52. Мормондар сектасы қай елде қалыптасып, дамыды?
53. Мормондар сектасының ресми атауы:
54. «Дін – езілген тірі мақұлықтардың тынысы, оның қайырымсыз дәстүрлердің рухы болғаны сияқты, ол шексіз дүниенің жүрегі. Дін халық үшін апиын», - деп кім айтқан?
55. Шартты түрде библиялық, талмұдтық, раввиндік және реформаланған деп төртке бөлінетін ең көне діндердің бірі:
56. «Дін – әлеуметтік әрекетке мазмұн және мағына беріп, күнделікті этика және «рационалдықты» енгізе отырып дүниені түсіндіреді», - деп айтқан кім?
57. «Өзгелердің бойында қорқыныш сезімін тудырып қоғамдағы заңға бағынуы үшін адамдар құдайларды ойдан шығарған», - деген пікірді айтқан философ:
58. «Діннің негізінде табиғаттың тылсым күштерінен қорқу сезімі жатыр»,-деп айтқан философ:
59. Реформациямен аяқталған (протестантизмнің пайда болуына ықпал еткен) Рим-католик шіркеуінің құлдырауы қай ғасыр?
60. Махавира негізін салған даналар ілімінің негізінде б.з.д.VІғ. Үндістанда пайда болған ортодоксальды емес философиялық-діни ілім:
61. Ежелгі Үндістанның материалистік-философиялық жүйесі:
62. Чарвака-локаята ілімі бойынша дүниенің бастауы неше стихиядан тұрады?
63. Чарвака-локаята ілімінің негізін салушы кім?
64. Мемлекеттік және діни құрылымдар болып қалыптасқан және бұрынғы ұлттық немесе мемлекеттік шеңберде өздерін тудырған этностардан байланысын үзбей-ақ өмір сүріп келе жатқан діндер қалай аталады?
65. Ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда болып, оны алмастырған ортодоксальді дін: