Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы EҢ дұрысы?
*тұмау
*парагрипп
*микоплазмоз
*+аденовирустық инфекция
*риновирустық инфекция
#521
*!Науқас Ю., 15 жаста, жеделдеу ауырған. Дене қызуы субфебрильді көрсеткіштерге дейін жоғарылаған, басы ауырған, енжерлық, тұмаурату, мұрны бітеліп, тамағының жыбырлауы болған. Келесі күні интоксикация симптомдары біраз күшейген, даусының қарлығуы, құрғақ жөтел қосылған. Температурасы 37,6о С. Мұрын және жұтқыншақта айқын өзгерістер байқалады.Сөлеуі сыбырлы. Жиі, дөрекі жөтел. Ішкі ағзалары ауытқуларсыз.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
*тұмау
*+парагрипп
*аденовирустық инфекция
*риновирустық инфекция
*микоплазмоз
#522
*! Науқас Р., 44 жаста. Шағымдары: күшті қылғынып жөтелу, жасыл түсті, ал-қызыл қан жолақтарымен қақырық. Анамнезінен: бала кезінен созылмалы бронхитпен ауырады. Соңғы 4 жылда қақырық көп мөлшерде шығатын болған (300 мг/тәу. дейін), таңертең ауызы толып және жағымсыз иісті болып шығады, кейде қақырықта қан жолақтарын байқаған. Объективті: тері жамылғылары цианозды. Тырнақтары сағат әйнегі тәрізді, кеуде торы эмфизематозды. Аускультацияда өкпеде, көбіне сол жақ бұғана асты аймағында құрғақ және ылғалды, үнді, орташа көпіршікті сырылдар.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
*өкпе рагы
*жедел плеврит
*бронхиальды астма
*өкпе туберкулезі
*+бронхоэктаздық ауру
#523
*! 53 жастағы науқаста көбіне таңертең “ауыз толтырып тастайтын” 3 қабатты, қақырықты жөтел. Анамнезінде созылмалы бронхит. Өкпенің төменгі бөлімдерінде тұйықталған дыбыс. Өкпе аускультациясында ірі және орта көпіршікті сырылдар.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
*өкпе абсцессі
*құрғақ плеврит
*крупозды пневмония
*+бронхоэктатикалық ауру
*созылмалы обструктивті бронхит
#524
*! Зардап шегуші мойынан алақанның бүйірімен соққы алған. Тыныс алуы қиындап, даусы қарлығып, ұстамалы ысқырыкты жөтел пайда болған. Кейін қан қақыру мен жұтыну бұзылысы пайда болған.
Аталған асқынулардың ішінде қайсысы болуы мүмкін?
*трахея жыртылуы
*+ көмей жарақаты
*өңештің закымдалуы
*дауыс байламдарының бекіген жерінен үзілуi
*қалқанша безіне қан кету көмейдің басылып қалуымен
#525
*!Науқас 25 жаста. Автокөлік апатында зардап шеккен. Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері бригадасы шақыртылады. Беткей тыныс, тыныс алған кезде кеуде клеткасының пародоксальды қозғалысы байқалады, цианозды, гипотония.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысболуы мүмкін?
*гемоторакс
*гемоперикард
*іш қуысы мүшелерінің жыртылуы
*+қабырғалардың көптеген сынықтары
*басты бронхтың травмалық жыртылуы
#526
*!Бала 2 жаста. Бүгін таңертең дене температурасы 38,7°С дейін көтерілген, шулы тыныс пайда болған, дөрекі урген жөтел, даусы қарлықкан. Кешке жағдайы нашарлады. Қосымша бұлшық еттердің қатысуымен, алыстан естілетін шулы тыныс, ауыз мұрын үшбұрышы цианозы, мазасыздық байқалады.
Төменде аталған болжам диaгноздардың ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*пневмония
*көмей күлі
*бронх демікпесі
*+жедел ларинготрахеит, көмей стенозы
*жоғары тыныс жолдарындағы бөгде дене
#527
*! Бала 3 жаста. Тұншығу, "урген" жөтел, тыныс шығарудың қиындауымен жүретін ентікпе ге шағымданды. Бір апта бойы дене температурасы көтеріліп, мұрнынан бөлінділер бөлінген, әлсіздік байқалған. Кенет Тұншығу ұстамасы, шулы тыныс пайда болған, даусы қарлықкан. Объективті: бала мазасыз, қосымша бұлшық еттер тыныс алуға қатысады. Бұғана асты, үсті аймақтары, қабырға аралығы тартылған. Терісі бозғылт. Алыстан естілетін шулы тыныс. Аускультация кезінде өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондар анық, ырғақты. ЖСЖ 90 рет минутына.
Төменде аталған болжам дигноздардың ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*жедел бронхит
*ауруханадан тыс пневмония
*созылмалы обструктивті бронхиттің өршуі
*демікпелік статус, гипоксиялық кома кезеңі
*+ жедел ларинготрахеит, көмей стенозы 2 кезеңі
#528
*!Бала 1 жаста.Жедел ауырды, әлсіздік, мұрын ағуы пайда болды, дене температурасы 37,4 С. Кешке қарай дауыс қарлығуы, дөрекі үрген тәрізді жөтел, анда-санда қиындаған тыныс байқалады. Обьективті: жағдайы ауыр, температурасы 38,5 С. Тынысы шулы, дем алуы қиындаған. Бұғанаүсті, бұғанаасты шұңқырларының және эпигастральды аймақтың айқын тартылуы. Дауыс қарлығуы айқын, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы.Өкпеден бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі 36рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, пульс толымы қалыпты. ЖСЖ- 120 рет минутына.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*вирусты инфекция фонындағы жедел бронхит
*демікпелік статус, гипоксиялық кома кезеңі
*+жедел ларинготрахеит, стеноз 2 дәрежелі, ТЖ 2
*созылмалы обструктивті бронхит өршуі
*ауруханадан тыс пневмония
#529
*! Науқас Г. 57 жаста. Тыныс алуының қиындауына шағымданады. Ұстамалары айына 2-3 рет. Қазіргі жағдайының нашарлығына 1 сағат болды. Жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Физикалық белсенділігі шектелген. Жеке сөздерді айта алады. Тері жабындылары көкшілденген. Тыныс алуға қосымша бұлшықеттері қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар. ТЖ 24рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, дұрыс ырғақты. ЖСЖ 92 рет минутына. АҚ 180/90мм.с.б.б.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*ауруханадан тыс екіжақты пневмония. ТЖ1
*бронх демікпеci. Демікпелік статус I кезеңі, ТЖ III
*+ бронх демікпеci. Орташа ауырлық дәрежесіндегі ұстама
*ЖИА. Инфаркттан кейінгі кардиосклероз. Интерстициальді өкпе ісінуі
#530
*! Бронх демікпеciмен ауыратын науқастың жағдайы кенеттен нашарлады. Есінің бұлыңғырлануы, тахипноэ, тахикардия. Аускультация кезінде тыныс шулары естілмейді.
Төмендегі асқынулардың ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы:
*жүректік астма
*+демікпелік статус
*жедел өкпелік жүрек
*спонтанды пневмоторакс
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
#531
*!Науқас Н. 60 жаста, бір тәуліктен асқан тұншығу сезіміне,ентігуге, тұтқыр қақырықты жөтелге шағымданып келді. Анамнезінен: тунгі уақытқа үнемі беротек, беклазон, теоатард қолданады. Объективті тексеруден: мәжбүрлі қалыпта отырады, ортопноэ. Тері мен шырышты қабаттардың диффузды цианозы. Тыныс алу жиілігі минутына 30 рет, көмекші бұлшықеттер қатысуымен. Перкуторлы өкпеден қорабтық дыбыс естіледі, аускультативті жайылған құрғақ сырылдар массасы анықталды. Жүрек тондары әлсіреген, ритмді. ЖСШ 94 рет минутына, АҚҚ 130/80мм.сын.бағ.
Аталғандардың ішінде аурудың ауырлық дәрежесіне байланысты ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы:
*БД орташа ауырлықтағы ұстамасы
*+демікпелік статус 1 сатысы
*демікпелік статус 2 сатысы
*демікпелік статус 3 сатысы
*БД ауыр ұстамасы
#532
*!Тұншығу белгілері бар балада тыныс алу кезінде алыстан шапалақты шулар естіледі
Төменде аталғандардың ішінде осы дыбыс феноменінің ЕҢ мүмкін болатын себебі қайсысы?
*стридорозды тыныс алу кезіндегі таңдай пердесінің қозғалысымен
*бөгде зат пен ауызжұтқыншақ қабырғасы арасынан ауа өтуімен
*+ бөгде заттың кеңірдектегі жылжымалы қозғалысымен
*бөгде дененің қатты таңдайға соғылуымен
*артқа кеткен тіл қозғалысымен
#533
*! 7 жасар балада жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде дене асфиксия дамуына әкелді. Бала ес-түссіз, тері жабындылары көкшіл.
Төменде аталғандардың ішінде қайсысы науқас үшін ЕҢ тиімді әрекет болып табылады?
*бөгде денені корнцангпен алып тастау
*крикотиреотомия
*Неimlich әдісі
*трахеостомия
*+ коникотомия
#534
*!Жанұялық дәрігерлік емханаға 7 жастағы қыста суық тиюден кейін басталған, созылмалы жөтелі (4ай) бар қыздың анасы келді.Қыз түнгі уақытта жөтеледі, анасы ысқырықты сырыл естиді, дене температурасы қалыпты, қыз белсенді, жүгіргенде жөтелі ұстап тоқтайды, ысқырықты сырылдар пайда болады.Қыздың жиі мұрны бітеліп, температусыз мұрны ағады. Анасы поллинозбен ауырады.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*созылмалы бронхит
*рецидивті бронхит
*ауруханадан тыс пневмония
*+бронх демікпесі орташа ауырлық дәрежесі
*созылмалы бронхит демікпелік компонентпен
#535
*! 28 жастағы әйел. Кеудедегі сырылмен қиындаған тыныс, ыстық шайдан кейін басылатын қайталамалы ұстамалы жөтел мазалайды, кейде жөтелу кезінде түссіз тұтқыр қақырық бөлінеді. Тұншығу ұстамалары күнделікті, түнгі ұстамалары аптасына 1 рет. Анамнезінен есекжем анықталды, көктемде ағаштар мен шөптер гүлденгенде ринит мазалайды. Обьективті: жағдайы орташа ауырлықта, алыстан естілетін сырылдар, тыныс шығаруы қиындаған. ТЖ 22 рет минутына, перкуторлы өкпе үстінен қораптық дыбыс, аускультативті- алдынан және артынан жайылған құрғақ ысқырықты сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 90 рет минутына, ырғақты. АҚ 110/80 мм сын. бағ.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*+бронх демікпеci орташа ауырлық ағымы
*созылмалы бронхит демікпелік компонентпен
*ауруханадан тыс пневмония
*созылмалы бронхит
*рецидивті бронхит
#536
*! 32 жасар науқас басылмайтын экспираторлы тұншығу ұстамасына байланысты түсті. Тұншығу ұстамалары 15 жылдан бері мазалайды, бета-стимуляторлар ингаляциясымен басылатын. Соңғы апта бойы тұншығу ұстамалы жиілеген. Күніне 3 рет эуфиллин және тәулігіне 6-8 рет салбутамол ингаляциясын қабылдаған. Обьективті: науқас мазасыз, қозғыш, қатты терлеу, цианоз. ТЖ: 30 рет минутына, беткей тыныс көмекші бұлшықеттер қатысуымен. Кеуде торы бөшке тәрізді, тынысы әлсіз, сырылдар жоқ. АҚ 120/70 мм сын. бағ. Пульсі 120 рет минутына.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ
мүмкін болатыны қайсысы?
*жүректік астма
*+демікпелік статус
*жедел өкпелік жүрек
*спонтанды пневмоторакс
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
#537
*! Бронх демікпеciмен ауыратын науқаста ауыр созылмалы тұншығу ұстамасы. Беротектің 4 реттік ингаляциясынан кейін жағдайы жақсармады. Жедел жәрдем шақырды. Қарау кезінде алыстан естілетін ысқырықты сырылдар. Аускультацияда тынысы айқын әлсіреген, кейбір жерлерінде естілмейді, сырылдар жоқ. ТЖ 30 рет минутына. АҚ 110/60 мм сын.бағ. Пульсі 100 рет минутына.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*жүректік астма
*+демікпелік статус
*жедел өкпелік жүрек
*спонтанды пневмоторакс
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
#538
*!Бала 1 жаста.Жедел ауырды, әлсіздік, мұрын ағуы пайда болды, дене температурасы 37,4 С. Кешке қарай дауыс қарлығуы, дөрекі үрген тәрізді жөтел, анда-санда қиындаған тыныс байқалады. Обьективті: жағдайы ауыр, температурасы 38,5 С. Тынысы шулы, дем алуы қиындаған. Бұғанаүсті, бұғанаасты шұңқырларының және эпигастральды аймақтың айқын тартылуы. Дауыс қарлығуы айқын, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы.Өкпеден бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі 36 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, пульс толымы қалыпты. ЖСЖ- 120 рет минутына.
Төменде аталған болжам диагноздарының ішінде ЕҢ мүмкін болатыны қайсысы?
*вирусты инфекция фонындағы жедел бронхит
*демікпелік статус, гипоксиялық кома кезеңі
*+жедел ларинготрахеит, стеноз 2 дәрежелі, ТЖ 2
*созылмалы обструктивті бронхит өршуі
*ауруханадан тыс пневмония
#539
*! Науқас 24 жаста. Ауруы жедел басталған, қалтырау, бас ауруы, темп. 39 С дейін көтерілген. Таңға қарай жөтел мен тыныс алғанда пайда болатын ауру сезімі мазалаған, температура сақталған. Ауруы басталардан бұрын салқындап қалған. Объективті: ернінде герпестік бөртпе. Оң жақ беті қызарған. ТАЖ 25р/мин. Пульс 96р/мин.АҚҚ 120/80 мм.с.б.б. Қарап тексергенде оң жақ кеуде бөлігі тыныс алудан қалып қояды. Дауыс дірілі оң жақ жауырынасты аймағында кұшейген, перкуторлы дыбыс сол аймақта қысқарған. Тынысы оң жағында - бронхиальді, крепитация. Сол жағында –везикулярлы тыныс.,
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*демікпелік статус
* жедел респираторлы вирусты инфекция
*созылмалы обструктивті бронхиттің асқынуы
*жедел бронхит, орташа ауырлықта
*бронхиальді астма, ауыр персистирлеуші ағымы
*+ ауруханадан тыс оң жақ өкпенің төменгі бөліктік пневмониясы
#540
*!Науқас Д., 48 жаста.Жағдайының нашарлығына байланысты шағымдарын атамАҚҚы. Объективті: бұлшық ет дірілі, төсектегі қалпы пассивті. Тері мен шырышты қабатының сұр түсті диффузды цианозы. Кеудесі эмфизематозды. Тыныс алуға қосымша бұлшық еттері қатысАҚҚы.Тынысы сирек, беткей. Жіп тәрізді пульс. ЖСЖ 130 р/мин. АҚҚ 80/50 мм.с.б.б.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*БА орта ауырлықтағы ұстамасы
*өкпенің обстуктивті ауруының асқынуы
* демікпелік статус 1 кезең
* демікпелік статус 2 кезең
*+ демікпелік статус 3 кезең
#541
*!Қыз бала 13 жаста. Шағымы: құрғақ жөтел, төс артында кеудені басып, қысып тұрған тәрізді сезім. Дене температурасы 37,5°С. Ауруы суық тигеннен кейін басталып, 3 күнге созылған. Аускультацияда везикулярлы тыныс, дем шығаруы ұзарған. Құрғақ сырыл естіледі.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*бронх демікпесі
*созылмалы бронхит
*+жедел бронхит
*құпғақ плеврит
*пневмония
#542
*!Науқас К., 24 жаста. Құрғақ, дөрекі, «ит үрігендей» жөтел мен тұншығуға шағымданАҚҚы. Соңғы бір аптАҚҚан бері өзін науқаспын деп санайды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Мойын лимфа тұйіндері екі жақта да ұлғайған, аздаған ауырсыну бар. Дауыстың үдемелі қырылы тұрақты афонияға ауысАҚҚы. Аңқаны қарағанда түсті ақшыл лай түстес, оңай алынбайтын, алғанда орны қанайтын қабыршақты көрдік. Тынысы шулы. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тоны тұйықталған, ритмді. ЖСЖ 90 р/мин. АҚҚ 120/80 мм.с.б.б.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*+дифтериялық күл фонындағы көмейдің жеделдеу стенозы
*созылмалы фарингиттің асқынуы
*көмейдегі бөгде зат
* демікпелік статус
*жедел фарингит
#543
*!Науқас 64 жаста. Соңғы 5 күннен бері тыныштықта кенеттен пайда болатын ентігу, жүрек соғуы, әлсіздік мазалайды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, диффузды цианоз. Аускультацияда: екі өкпесінің де төменгі бөлігінде аздаған майда көпіршікті сырыл естіледі. ТАЖ 24 р/мин. Жүрек тоны ритмсіз, әлсіз, жиі экстрасистолиялар. ЖСЖ 110-120 р/мин. АҚҚ 100/60 мм. Сол жақ аяғының тамырлары варикозды кеңейген. ЭКГ-да: оң жақ жүрекшеге түскен жүктеме белгілері, Гис шоғырының оң жақ аяқшасының толық блокАҚҚасы, оң қарыншалық экстрасистолиялар.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*жедел бронхит
*жедел пневмония
*оң жақ өкпе ісігі
*+ өкпе артериясы тармағының тромбоэмболиясы
*СЖЖ. ҚБ2. Іркілулік пневмония.
#544
*!Науқас Д., 55 жаста, жүргізуші. Шағымы: шырышты-іріңді қақырықпен жөтел, ентігу, әлсіздік. Шағымдары күндіз, суық тигеннен кейін пайда болған. 12-15 жылдан бері таңертең пайда болатын құрғақ жөтел мазалайды. 30 жылдан бері шылым шегеді. Қарап тексергенде мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы байқалады. Дене температурасы 37,5°С. ТАЖ 23 р/мин. Өкпе аускультацисында: қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды ірі көпіршікті сырылдар естіледі. Перкуссияда қораптық дыбыс.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*пневмония
*бронхоэктаздық ауру болезнь
*+созылмалы обструктивті бронхит
*өкпе туберкулезі
*жедел плеврит
#545
*! Спонтанды пневматораксы бар науқаста ЖҚЖ жеткіліксіздігі, кеуде аралықтың қарама-қарсы жаққа жылжуы, сау өкпе вентиляциясының төмендеуі пайда болды.
Науқаста қай асқыну болуы аса ықтимал?
*пневмония
*жедел бронхит
*теріастылық эмфизема
*тыныс жолындағы бөгде зат
*+кернеулік пневмоторакстың дамуы
#546
*!Кеуде жарақатын алған науқастың кенеттен беті істі, басы мен мойы көлемін ұлғайтты. Пальпацияда сықыр естіледі.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*ашық пневмоторакс
*жабық пневмоторакс
*кернеулік пневмоторакс
*гемоторакс
*+көкірекаралықтың теріасты эмфиземасы
#547
*!53 жасар науқасты жиі таңертең болатын, аузы тола түсетін қақырық мазалайды. Қақырық 3 қатпарлы. Анамнезінде созылмалы бронхит. Өкпесінің төменгі бөлігінде дыбыс тұйықталған. Аускультацияда орта және ірікөпіршікті сырыл естіледі.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
* өкпе абсцессі
* құрғақ плеврит
* крупозды пневмония
* +бронхоэктаздық ауру
* созылмалы обструктивті бронхит
#548
*!Науқас Б., 80 жаста. Шағымы: дене температурасының 39,3º С дейін көтерілуі,бас ауруы, әлсіздік. Ауруы жедел басталған, ауруханаға түсерден бір күн бұрын тамаққа шашалып қалғаннан кейін қатты жөтелген. ЛОР-дың кеңесінде болған: патология жоқ.Кеуде торының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*пневмококкты пневмония
*стафилококкты пневмония
*Фридлендер пневмониясы
*+аспирациялық пневмония
*паракарциноидтық пневмония
#549
*!Науқас В., 82 жаста. Шағымы: күніне 1 стақаннан астам қан бөлінетін сирек жөтел, кеудедегі ауру сезімі, әлсіздік.Анамнезінен: бірнеше жылдан бері ауырады, соңғы бір айда тәбеті мен салмағының кенет төмендеуін байқаған. Жиі стационада ем, химиотерапия қабылдайды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, әлсіреген. Тері жамылғысы боз. Өкпесінде қатаң тыныс, жоғарғы бөлігінде ылғалды сырыл естіледі. Жүрек тоны тұйықталған, ритмді. ЖСЖ 100 р/мин., АҚҚ 90/60 мм.с.б.б.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
* асқазан рагы, асқазаннан қан кетумен асқынған
*+өкпе рагы, өкпелік қан кетумен асқынған
*жедел сол қарыншалық жеткіліксіздік
*кеуде торының енген жарақаты
*ӨАТЭ
#550
*!60 жасар науқас алкоголдік мастану жағдайында жоғары температура мен тұтқыр қою-қоңыр түсті қақырықты жөтелмен табылды. Шағымы: ентгу, айқын жалпы әлсіздік, кеудедегі ауру сезімі, қалтырау. Жалпы жағдайы ауыр. Оң жақ өкпесінің төменгі бөлігінде тыныс естілмейді, ылғалды ірікөпіршікті сырыл бар. ТАЖ 24 р/мин, АҚҚ 90/60мм.сбб, ЖСЖ 120 р/мин.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*өкпе абсцесі
*экссудативті плеврит
*+оң жақтық крупозды пневмония
*аспирациялық пневмония
*жедел респираторлы синдром
#551
*! Бір жасар баланың ауруы жедел басталған, температурасы 38,9°С, мазасыз, жиі «ит үрігендей» жөтел, инспираторлық ентігу, тахипноэ 60 р/мин. Тынысы шулы, қосымша бұлшық еттердің қатысуымен.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*ЖРВИ, бронхопневмония
*ЖРВИ, обструктивті бронхит
*жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде зат
*ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы I сатысы
*+ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы II сатысы
#552
*!Науқас К., 15 жаста. Шағымы: құрғақ жөтел, ентігу, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік. Аталған шағымдары ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін пайда болған. Температурасы 38,7 С. ТАЖ 22 р/мин. Өкпе аускультациясында: құрғақ ысқырық тәрізді сырыл естіледі.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
*оң жақ төменгі бөліктік пневмония
*+жедел бронхит
*жедел плеврит
*өкпе туберкулезі
*бронхиальді астма
#553
*!Науқас Р., 44 жаста. Шағымдары: жөтел, жасыл түсті қақырық, қақырықта алқызыл түсті қанның болуы. Анамнезі: бала кезінен созылмалы бронхитпен ауырады. Соңғы 4 жылда қақырығы көп көлемде (күніне 300 мг дейін), таңертең, ауыз тола және жағымсыз иіспен, кейде қан ізі байқалады. Объективті:терісі цианозды. Тырнағы «сағат әйнегі» тәрізді, кудесі эмфизематозды. Аускультацияда: өкпеде құрғақ және ылғалды сырыл, әсіресе оң жақ бұғана асты аймағында естіледі.
Қай болжам диагноз сәйкес келеді?
* өкпе рагы
* жедел плеврит
* өкпе туберкулезі
* бронхиальді астма
*+бронхоэктаздық ауру
#554
Бала 1,5 жаста. Ойын кезінде кенеттен жөтел ұстамасы пайда болған. Бұрын ұстама болмаған. Мазасызданғанда үдей түсетін, ұйықтағанда жойылатын ентігу мазалады. Рентгенограммада біржақтық эмфизема анықталды.