Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ызық ұзындығын жобалау жазықтығына келтіруге түзету D ж.ж..




Планды құру орындалатын жобалау жазығы осьтік бойлық аймағындағы нүкте М-жанасады, бұрмалану бұл жерде нөлге тең (2.33-сурет). Жер бетінде өлшенген (немесе тау-кен қазбаларында) сызық және оның жазықтыққа жобалануы аралары алшақтап өседі. 0> аймақ шеттерінде.

Жобалау жазықтығына L келтіру түзетуі мына формуламен есептеледі:

, (2.25)

мұнда Yn-түсіріс ординатасы.

Егер Yn>90км болса, онда түзетуі ескеріледі.

2.6 Шақтыдағы оптикалық тәсіл.

Жарық-қашықтық өлшеуішпен арақашықтық өлшеу

 

Жер бетінде түсіріс жүрістерінде кең тарау алған қыл жіпті қашықтық өлшеуіші дәлдігі аз болғандықтан теодолиттік жүріс салуда жарамсыз. Тек қана қашықтық өлшеуіштің қыл жібінің қалыңдығынан талап етілген 1:1000-1:3000 орнына (қатысты қателік 1:300-1:500 құрады).

1890-1893 жылдары екі бейнелі қашықтық өлшеуіштері (объективінің көру ауқымының жартысы призмалы сынамен жабылған) жер бетінде геодезиялық жұмыстар жүргізуге шығарылды (2.34-сурет).

Бағдарлаушы мөлшерқадаға ны-саналағанда бір заттың екі бейнесін көреді; біріншісі, сәуле тік өткендегі ал, басқасы сәуленің призма арқылы ауытқып өтуінен жылжыған. Жылжы-ған мәннен арақашықтықты анықтайды. Қыл жіпті жарықөлшегіштей сынаның призмасының сыну бұрышын a. Жарықөлшегіштің коэффициенті К-мәні 100- тең болатындай таңдауға болады. К=100 болғанда, b=34/22²,6.

Екі бейнелі қашықтықөлшеуіштерде жіптің қалыңдығының, мөлшерқада бөлігінің параллаксының әсер етуі жойылып, есеп алғанда қателік азаяды.

Қазіргі уақытта теодолиттің объективіне киілетін жылжымалы сынасы бар арнайы қашықтықөлшеуіш саптама (ҚС) мен арнайы қашықтықөлшеуіш мөлшерқада ұсынылып отыр (2.35-сурет).

Мұндай қашықтықөлшеуіштермен сызық ұзындығын 1:1000-1:1500 дәлдікпен өлшеуге болады.

Аппараттың үлкендігінен және тау-кен қазбасының кішілік жағдайынан шақтыда олар көп қолдау таппады.

Қазіргі кезде маркшейдерлік істе жарық қашықтықөлшеіштерін қолданады.

Жер бетінде және тау-кен қазба-сында атпақауіпсіздікті 1- 500м аралығын өлшейтін жоғары дәлдікті кішігірім маркшейдерлік СМ-02М (МСД-1М) жарықөлшеуіштері шығарылады. Мұндай аспаппен өлшеудің орташа квадраттық қатесі ±2 мм.

Оптикалық қашықтықөлшеуіштер мен СМ-02М негізгі кемшіліктері: бұрыш және арақашықтық мәндерін өлшеу нығайтылған. Қорытындысында жұмыс өнімділігі күрт төмендейді.

Свердловский тау-кен институтының маркшейдерлік іс кафедрасы квантты қашықтықөлшеуіштің тәжірибелі үлгісін дайындады. Онда аспаптың және тіктеуіштің ерекше құрылысына байланысты, бұрыштық және ара қашықтық өлшеулер бірлескен. Квантты қашықтықөлшеуіш теодолиттің көру дүрбісінің айналу осіне орнатылады. Тіктеуіш арнайы құрылысты, шағылдырғышпен. Тіркеулі-электронды құрылысы-белгілік (кодовое), арақашықтықты автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

(2.36-сурет) жалпы түрі мен жұмыс істеу үлгісі көрсетілген. Мұндай квантты қашықтықөлшеуішті теодолиттермен бұрыштар мен 10–2000м ұзындықты ара қашықтықты жоғары дәлдікте өлшеуге болатыны тәжірибелі жұмыстармен белгіленді. Өлшеудің орташа қатысты қателігі 1:15000-1:20000, маркшейдерлік мақсатқа әбден жеткілікті.

Қазргі уақытта шетелдің маркшейдерлік-геодезиялық тәжірибесінде белгілік электронды теодолиттер, тахеометрлер және қашықтықөлшеуіштер үлкен қолдау тапты.

Мұндай аспаптарды Швейцарияның «Вильд» фирмасы; “К Цейс”; Иена (ГДР); “Хьюлет Паккард” (АҚШ) фирмасы және басқалары шығарған. СССР-топографиялық түсірістерге арналған жартылай автоматты аспаптар үлгісіне жататын Та5 электронды-оптикалық тахеометрлер шығарылды.

2.37-суретте “Вильд” фирмасының электронды теодолиттері мен тахеометрлерінің жалпы түрі көрсетілген.

Электронды тахеометр құрылысы бойынша белгілік теодолит пен электронды қашықтықөлшеуішті бір қорапқа жинаған. Олар өлшенетін шаманы сандық ақпаратпен қамтамасыздандырады, горизонтальды және вертикальды бұрыштар, жантайма және горизонтальды арақашықтықтар, өсімшелер, биіктік белгілері, биіктік, мекен-орын қосымшалары, координаталары және әр түрлі ақпарат таситындарда (магнитті таспалар, перфоленталар және басқалар) өлшенген қорытындылар автоматты тіркеледі. Тахеометрдің тіркеу құрылысы өлшеу кездерінде далалық журналға толтыруды керек етпейді, технологиялық шынжырды ұлғайтып, байланыстыруға мүмкіндік береді. Тахеометр автомат-тіркегіш құрылым ЭЕМ-графоқұрылысшы. Дайын топографиялық план немесе тау-кен қазбасының планын шығаруға болады.

 

 

а-электронды прецезионды теодолит Т3000; б-кіші прецезионды тахеометр Д12000; 1-микропроцессоры бар клавишті басқару тетігi; 2-жарық-сәулелі қашықтықөлшеуішті саптама; в-көру түтік ауқымы және шағылдырғыш белгі

2.37-сурет-Электронды-оптикалық теодолиттер мен тахеометрлер

 

Арақашықтықты жанама әдіспен анықтағанда горизонтальды, вертикальды базистер орнына параллактикалық полигонөлшем әдісі қолданады. Себебі, барлық маркшейдерлік нүктелер қазбалардың төбесінде орналасқан. Алдын ала 1,5-2м сайын белгімен белгіленген бау, сым немесе өлшемтаспаның бөлігі базис бола алады. Ол маркшейдерлік пунктке тіктеуіш сияқты ілінеді. 2.38-суретте арақашықтықты анықтау үлгісі көрсетілген.

Lr- горизонтальды салындысын жанама анықтаудың анықтау дәлдігі базистің ұзындығы Б және сәйкесінше вертикальды бұрыш мәніне

тәуелді.

Үлгіге байланысты форму-лалар беріледі:

, (2.26) , (2.27)

Тексеру:

. (2.28)

Маркшейдерлік пункттердің биіктік белгісі мына формула бойынша анықталады:

Бұл әдісте көрініп тұрғандай вертикальды бұрыштар dн және Ddн аспап биіктігі i және нысаналау биіктігін v өлшеу керек. Сызық ұзындығы өлшенбейді, себебі, аналитикалық есептеледі. Бұл түсірме кезінде жұмыс өнімділігін 1,5 есе арттыруды қамтамасыздандырады.

Базис Б=2м болғанда Lr 50м-ге дейін 1:3000 дәлдікпен анықталады, сонымен қатар ГгН=2°30¢.

120-150м ара қашықтықты полигонометрия салғанда нүктелер арасына базисті қақ ортасына орнатады, ал 1 және 2 пункттарда теодолиттер орнатылады. Жұмыс істеу үлгісі 2.39-суретте көрсетілген.

Бұл жағдайда есептеулерді мына формулалармен жүргізеді.

және (2.29)

; (2.30)

: (2.31)

. (2.32)

 

 

2.7 Түсіріс жұмыстары

Тау-кен қазбалары нобайының түсірісі мен абрисін құру – ол далалық жұмыстардың аяқтаушы кезеңдері.

Түсіру жұмыстарына жүктелген негізгі міндет, ерекше жерлер және тау-кен қазбасы нобайын түсіру. Осы мәліметтер бойынша тау-кен планы құрылады.

Бұл жұмыс шақтыда екі негізгі әдіспен орындалады: ордината-сызықты (перпендикулярлар әдісі) және қазбалар қиылысы мен кенүңгір түсірісі аудандарында полярлы әдістер (2.40-сурет).

а-перпендикулярлы; б-полярлы

2.40-сурет-Тау-кен қазбалар нобайының әдiстер үлгiсi

 

Перпендикулярлы әдiстерде теодолит орналасқан әрбiр нүктеде: солға i, оңға Si, жоғары hSi, төмен бұдан басқа полигондар жақтарынан қазбалардың қисайған бөлiгiндегi қабырғаларға түсiрiлген перпендикулярдың арақашықтықтары өлшенедi.

Полярлы әдiсте горизонтальды бұрыштар i және әрбiр ерекше нүктеге дейiнгi i ұзындық өлшенедi.

Абристiң (үлгiсi) барлық сандық мәндерi бұрыштарды және ұзындықтарды өлшейтiн далалық журналға енгiзiледi. Абристi және тау-кен қазбалар нобайының түсiрiсiн салынған теодолиттiк жүрiстердi өлшеумен қатар жүргiзедi. Олар дара жұмыс түрi болып табылмайды.

ВНИМИ тексерiм келiсiмi бойынша теодолиттiк жүрiстің еңбек

өнiмдiлiк уақыты келесiдей.

Теодолиттік жүрісте теодолитті штатив үстiне орнату:

а) жұмыс істейтін жерді тексеру – 4мин, теодолитті орнату - 4мин, бұрышты өлшеу – 6мин. Түсiрiс алдындағы тексеру, бұрышты өлшеумен байланысты басқа жұмыстар. Барлығы: 16мин;

б) нүктенi бекiтудi санағанда түсiрiс кезiндегi қайталанатын жұмыстар- 18-20мин;

в) өлшемтаспамен ара қашықтықты өлшеу - 6-8мин.

Консольдың үстіне орнатып, 1 бұрышты өлшеуге - 22мин кетеді. 6-сағаттық жұмыс уақытында 10-12 бұрышты өлшеп үлгеруге болады. Теодолиттік жүріске қарағанда полигонометриялық жүрісті жүруде 25-30% артық уақыт кетеді.

Өндірісте полигонды-теодолиттік түсiрiстер жүргізгенде ескерілетін қауіпсіздік ережелері:

а) жұмысты орындайтын адамдар каскада, жұмыс киімінде болуы керек. Өзiн-өзi қорғау құралы мен метан газының мөлшерін анықтайтын құрылғы-интерферометрлері өздерімен болуы керек;

б) маркшейдерлік нүктелер - жұмысты орындаушы жалпы технологиялық процеске кедергi келтiрмейтiн, жұмысқа ыңғайлы, опырылыс болмайтын жерлерде бекiтiлуi керек;

в) аспап орнатылатын жер мен жылжымалы құрама арасында жеткiлiктi саңылау болуы керек. Егер, жақын арақашықтық болса, онда құрама қозғалған кезде түсiрiс жұмысын жүргiзу мүмкiн емес.

2.8 Камералдық жұмыстар.

Бұрыштар мен ұзындықтарды өлшеу қателігін есептеу формулалары

 

Полигонды-теодолиттік түсіру кезінде камеральды жұмыстар реті:

а) далалық журналдарды өңдегенде бұрыштар мен ұзындықтар мәндерінің ортасын шығарып, өлшенген ұзындықтарға түзетпе енгізеді, бұрыштар мен ұзындықтардың орташа мәнін шақтыда шығарады ал, жер бетінде өлшенген ұзындықтарға түзетпе енгізеді;

б) теодолитті жүріс нүктелері координаталарын есептеп шығару;

в) түсіру және өлшеу қорытындылары бойынша тау-кен жұмыс планын құру.

Жер асты теодолиттік жүрістің координаталық нүктелерін есептеу реті жер бетіндегімен сәйкес.

Алғашқыда координаталық ведомостке бұрыштардың орташа мәндері мен ұзындықтардың горизонтальды салындысы (bi,di,di), түсірудің алғашқы нүктесінің координатасы (X,Y,Z) және шартты жақтың дирекциондық бұрышы (a) жазылады.

Содан кейін, жүрістің бұрыштық келіспеушілігі анықталып, нұсқанамаға сәйкес рұқсат етілген мәнмен салыстырылады.

Тұйықталған полигонда:

fb=åbөлш-åbтеор, (2.33)

мұндағы: åbтеор=180°(n-2)- полигонның ішкі бұрыштары үшін;

åbтеор=180°(n+2)- полигонның сыртқы бұрыштары үшін.

fb келіспеушілігі рұқсат етілген болса, барлық бұрышқа теңдей бөлініп, таңбасына қарама-қарсы таңбамен түзету енгізіледі, яғни

Полигонометрия салған кезде:

а) тұйықталған полигондарда немесе тірек жақтары арасындағы салындыларда

; (2.34)

б) екі рет өтілген ілінбелі полигондарда

; (2.35)

в) гирожақтар арасында салынған полигонды секциялары мен тұйықталмаған полигондарда

, (2.36)

мұндағы - өлшенген бұрыштың орташа квадраттық қатесі;

-гирожақтардың дирекциондық бұрышын анықтаудағы орташа квадраттық қатесі;

n-полигонометриялық жүрістің бұрыштар саны;

n1, n2- бірінші және екінші жүрістердегі бұрыштар саны.

Тұйықталған жүрістерде қатысты сызықтық қатесі жүрістің ұзындығының 1:3000 аспауы керек, ал тұйықталмаған полигондарда 1:2000 аспауы керек.

Түсіру торларын салғанда

Координаталарды есепте-генде теодолиттік жүрістер ұзындығына түзетпені ұзын-дықтардың қосындысы сызық-тың өлшенген ұзындығынан 1:5000 асса сонда ғана енгізеді.

Түсіру торлары жүрістерінің бұрыштық келіспеушілігі полигонометрияда (2.34, 2.35, 2.36) формулаларымен анықталатын мәндерінен аспауы керек. Диагональдық жүрісте бұрыштық келіспеушілігі 2.41-суретке сәйкес мына формуламен есептеледі.

; , (2.37)

- диагональды жүріс тірелетін тірек торлары;

1,2,3,…- тірек нүктелеріндегі В және С бұрыштарын ескергенде, диагональдық жүріс пункттері. Диагональдық жүрістің сызықтық келіспеушілігі мына формулалармен есептеледі:

;

және өсімше бойынша кәдімгі ретте бөлінеді:

; .

мұндағы Р- жүріс периметрі,

li- жақтар ұзындығы.

Түсіру торларының қатысты сызықтық келіспеушілігі аспауы керек:

а) тұйықталған теодолиттік жүрістерде 1:1500, тұйықталған және екі рет салынған жүрістерде - 1:1000;

б) бұрыштық жүрістерде - 1:200.

Координаталар мәнін есептегенде сантиметрлерге дейін, теодолиттік жүрістерде дирекциондық бұрыштарды - 10² ал, бұрышөлшегіштерде -минутке дейін дөңгелектейді.

Жалпылай координаталарды теңестіру мен есептеулерде ЭЕМ қолданумен машиналы әдіс кең көлем алған. Есептеу орталығына өнеркәсіптен ерекше бағдарламамен шартты мәндерді беріп, өздеріне қорытындысын кесте түрінде қайтарып алады. ЭЕМ тек есептеп қана қоймай тексеріп және жүрілген теодолитті (полигонды) жүрістің сапалылығын тексереді. Рұқсат етілмеген қателіктерді машина есептемейді.

Тау-кен жұмыстар планын құру әдісі:

а) тау-кен жұмыс планының негізін құрғанда қатты негізге алғашқыда планшеттер дайындалады;

б) Дробышева сызғышы көмегімен планшеттерге 10х10см координаталық тор салынады және салынғанның түзулігі диагональдармен өлшеніп, тексеріледі. Осыдан кейін тор тушпен безендіріледі;

в) масштабқа сәйкес план торының сандары жазылады. Сандарды белгілеу таңдалған масштабтың еселігіне сәйкес келуі керек;

г) полигонометрия және түсіру торлары орындарын планға координата бойынша түсіру. Орындардың түсірілу дұрыстығын ретімен тексеру (дирекциондық бұрыштармен, горизонтальды бұрыштар немесе жақтар ұзындығы бойынша);

д) далалық журналдағы абристы қолданып, тау-кен қазбалары шекарасын салу;

е) шартты белгі бойынша планды бояу және содан кейін планды тушпен безендіру. Кәсеке сыртын безендіру (картуш) әдетте тушпен алдын ала жасалады.

Тау-кен жұмыс планы МЕСТ 2.850-75-2.857-75 сәйкес құрылады. Орыс тілінде шығарылған оқу-құралдар: “Горная графическая документация”, 1983. және “Условными обозначениями для горной графической документации”, М.:Недра, 1981.

Болашақ бағытта тау-кен кесте құжаттарын құру үшін ЭЕМ-кесте құратын құрылғы құралған. Ол кейбір маркшейдерлік сызбаларды автоматты түрде дайындауға мүмкіндік береді.

Теодолитті түсірістегі бұрыштар мен ұзындықтарды өлшегенде қателіктер: өрескел, жүйелі және кездейсоқ болады. Өрескел және жүйелі қателіктер өлшеген кезде анықталып, түзету енгізу арқылы жойылады. Кездейсоқ түрдегі қателіктердің әсерін азайту бұрышты өлшеу және қорытындыларды өңдеудің сәйкес келетін әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады.

Горизонтальды бұрыштарды өлшеудегі қателіктер.

Горизонтальды бұрышты өлшеудегі жалпы қателік (mb) теодолитті және белгіні орталықтандыру қателігі (mц) сонымен қатар өлшеу әдісі мен верньер немесе шкаладан есеп алу қателігіне (m0) және тіктеуіш (немесе белгі) нысаналау (mv) қателіктеріне тәуелді. Ол мына формуламен анықталады:

, (2.38)

, (2.39)

; (тәсілдер әдісі) (2.40)

, (қайталау әдісі), (2.41)

мұндағы lс, lТ- белгіні және теодолитті орталықтандырудағы сәйкес келетін сызықтық қате;

а,в- жақтар ұзындығы;

b- өлшенетін бұрыш;

n- горизонтальды бұрышты өлшегендегі әдістер (қайталау) саны;

және ,

мұндағы t- шкала (верньер) бөлігі, секунд;

V- теодолит көру дүрбісінің үлкеюі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1075 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2176 - | 2136 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.147 с.