Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше геосаяси маңызы бар тағы бір мемлекет – Қытай Халық Республикасы. Бұл елдер арасындағы ортақ шекараның ұзындығы 1700 шақырым, әрі тарихи көршілер. Екі ел де демократиялық модернизация мен нарық экономикасын жасап, дамуға құлшына кірісті. Сондықтан, екі ел үшін де бейбітшілік, өзара татулық пен экономикалық-сауда әріптестігін дамыту пайдалы. Қытай өзінің батыс өңірі Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданына Қазақстандағы саяси тұрақтылықтың дұрыс ықпал етуін қалайды. Шығыс Түркістан өңірін қамтитын Ұйғырстан мемлекетін құруды жоспарлайтын ұйғыр сепаратистерінің мақсатына Қазақстан да түбегейлі қарсы.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қытай бірден-бір қуатты социалистік мемлекет болып қалды. Қытайдың мақсаты әлемдік саясаттың негізгі бағыттары түгел дерлік қамтыған АҚШ басымдылығын азайту. Сондықтан ҚХР Орталық Азия мемлекеттерімен жан-жақты қарым-қатынастарды нығайта отырып, бұл аймақтағы АҚШ ықпалының аз болуына мүдделі. ҚХР осы мақсатта Қазақстан тәуелсіздігін тез арада таныған мемлекеттер қатарында, Қытай әлемдік озық үлгілерді өзіне тез қабылдау арқылы елдегі демографиялық өсімнен туындайтын азық-түлік, тұтыныс пен тұрғын үй мәселелерін шешуге ұмтылуда. Экономикалық өсуінің зор қарқыны Қытайдан ұдайы шикізат, мұнай-газ өнімдерін, құрылыс материалдарын іздеуді талап етеді. Осы ретте ресурстарға аса бай көрші мемлекеттер Ресей мен Қазақстан Қытайдың ерекше назарында. ҚХР Ресей Федерациясымен тығыз ынтымақтастыққа баруы онымен бірігіп, АҚШ-тың әлемдік гегомондығына тосқауыл қою ниетіне де байланысты. Ал, Қазақстанмен Қытай «шыңжаң мәселесіне» қатысты ынтымақтасуды көздейді. Сонымен қатар, Қытай Қазақстанды Батыс Еуропаға тікелей ашылатын транзит ретінде де қажетсінді. Ал, Қазақстанға ұлы көршімен татулық және оның 1,5 млрд-тық нарық қуаты қажет болды.
Қытайды, сөз жоқ, Қазақстанның энергетикалық қорлары қызықтырады. Ол Каспий теңізіндегі мұнай қорларын игеруге мүдделі. Осы мүдделіктің арқасында заманауи алып құрылыстар Атасу-Алашакөй мұнай құбыры, Батыс Еуропа – Батыс Қытай (ұзындығы 8,4 мың шақырым) автомагистралі өмірге келді. Бұл автомагистралдың 2,3 мың шақырымға жуығы Қазақстанның 5 облысын басып өтеді. 2010 жылы Қытайдың мұнай компанияларының Қазақстанның Батыс өңіріндегі мұнайды өндірудегі үлес салмағы 23 пайызды құрады. Қытай компанияларының Қазақстан мұнайының 1/3 жуығын иеленуі екі ел арасындағы экономикалық-сауда байланыстарын одан сайын нығайта түсті. Қытайдың мұнайға зәрулігі өскен сайын, оның Қазақстанға деген қызығушылығы арта түсуде.
Екі ел арасындағы байланыстардың белсенділігін 20 жыл ішінде Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қытайға 11 рет, ал Қытай басшылары Цзян- Цимин мен Ху Цзин Таоның Қазақстанға 7 рет ресми сапарларымен келгендігі дәлелдейді. Қытай Орталық Азия аумағындағы өз ықпалын арттыруды күш көрсету немесе әскери қуатпен қорқыту саясаты арқылы емес, өркениетті елдерге тән инвестициялар құю, сауда көлемін арттыру, ақпарат пен технология алмасу, экономикалық ынтымақтасудың жаңа жолдарын игеру саясаты арқылы іске асырамыз деп жариялауда. Қытай Қазақстанның шекаралық біртұтастығы мен мемлекеттілігіне қол сұқпайтындығын мәлімдеді. Қазіргі Қытай «ХХІ ғасырдың геосаяси өзгерістеріне тән бағыт-бағдар ұсынатын мемлекетпіз, бізге агрессия, экспанция құбылыстары жат» деген ұранмен әрекет етуде. Қытай өзі ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан көрші кішкентай мемлекеттерді жұту саясатынан бас тартқандай сыңай танытуда. Қытай «айдаһары» жалынымен ешкімді шарпымайтын бейбіт айдаһарға айналғандай. Оның айғағы Қытай басшылығының Қазақстанға көршілес аймақта орналасқан Лобнор ядролық сынақ полигонын жабуы. Қытай басшылығы бірнеше мәрте Қазақстанға ұзақ мерзімдік кредит берді. 2009 жылы Қазақстан Қытайдан 10 млрд. доллар көлеміндегі қарыз алғаны белгілі.
Қазақстан Кеңес Одағы құрамынан шыққаннан кейін, Қытаймен тығыз экономикалық, сауда, инвестициялық қарым-қатынастар жасай бастады. 2010 жылы Қытайға экспортталған Қазақстан тауарларының құны 17,5 млрд. долларды құраған. Ал, Қытайдан импорттайтын тауарлар 27,6 млрд. доллар болған. Экспорт-импорт қатынастарындағы кері сальдо 10 млрд. доллардан артық. Қытай мұнай, уран өнімдеріне ерекше ден қоюда. Қазақстан оған стратегиялық шикізат сатуға мәжбүр. Ал, Қытай негізінен өндіріс тауарлары мен тұтыныс заттарын өткізуде. Қазақстанның тұтыныс рыногын Қытай өнімдері басып алған. Германия мен АҚШ-тан кейінгі инвестиция көлемі жағынан үшінші орында Қытай тұр. Қазақстанның Қытаймен жақсы экономикалық байланысы оның транзиттік қуатын күшейте түсуде. Түркіменстан, Өзбекстан газы Қытайға қазақ құбырлары арқылы жеткізілуде. Қытай тауарлары Ресейге, Украина мен Беларусияға Қазақстанның транзиттік дәлізі арқылы өтуде. Транзиттік тасымал пайдасы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының іске қосылуымен тіптен арта түспек.
Қытай Қазақстанды стратегиялық әріптес ретінде бағалауда. Екі елдің қауіпсіздігі мәселелері ШЫҰ, АСӨЫК (Азиядағы сенім және өзара ынтымақтастық кеңесі), БҰҰ шеңберінде үнемі талқыланып келеді. Екі ел арасындағы тауар айналымын 2020 жылы 40 млрд. долларға жеткізу жоспарлануда. Тәуелсіз мемлекет ретінде 20 жыл өмір сүрген Қазақстан экономика мен саясатта Қытай экспанциясын немесе қысымын сезініп отырған жоқ. ШЫҰ қызметінің арқасында екі елдің аймақтық қауіпсіздігін нығайту мәселелеріндегі ынтымақтасуы күшейе түсуде. Қытайдың Сыртқы істер министрі Си Цзиньпин «екі ел арасындағы қатынастар үлгі боларлық деңгейде, Қазақстан Қытайдың сыртқы саясатының маңызды басымдылықтарының бірі», – деп атап көрсетті.
Ал, Қытайдың әлемдік экономикалық державаға айналуға ұмтылуы, валютасы юанның әлемдік валютаға айналуы үдерісі Қазақстанның Қытаймен қарым-қатынасының нығая беруіне негіз болмақ.
160.Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы. Қазақстанның Батыс-Шығыс мәдениаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі
161. ҚР сыртқы саясаты
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. (ТМД, Шанхай ұйымы,Еуразиялық Ынтымақтастық туралы айтып кетіңдер)
162. ҚР Сыртқы эконом. Саясаты
Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті. Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. 1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды. Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды.Қазақстан сыртқы экономикасын дамыту үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.
163. Қауіп қатерді азайту
АҚШ астанасы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілген болатын. Елбасымыздың ядролық қарусыз әлем құру, ғаламдық ядролық қауіпті қысқарту саласында халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіру маңыздылығы туралы бастамаларының өзектілігін тағы да айқындады. Айта кетерлігі, Елбасы манифесі таяуда БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. Елбасы манифесі Вашингтондағы Карнеги қорының штаб-пәтерінде АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен өткен кездесуі кезінде жан-жақты талқыланған еді. Онда соңғы 25-30 жыл бедерінде болған аса маңызды оқиғалар мен шешімдер терең талдау жасала отырып мазмұндалып, өткен кезеңге оның адамзат өміріне, бүкіл жер беті халқының қауіпсіздігіне тигізген ықпалына объективті баға берілген болатын.
Вашингтондағы Президенттің ұсынысы – манифестің өмірге келуі әлемнің бейбіт қалыпта өрістеуіндегі маңызды құжат. Онда әлемдегі ты-ныштықты сақтау жолында не істеу керектігі жайында нақты ұсыныстар, планетадағы өркениеттердің бір-бірімен бейбіт қатынастарда болуы жолында әлемдік азаматтық қоғам мен жаһандағы мемлекет басшыларының неге баса назар аударуы қажеттігі көрсетілген.
– Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесі сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер – жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған. Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады, – деді Елбасы өз манифесінде. Елбасы атап өткендей, ХХІ ғасырда адамзатқа өзін өзі демилитаризациялау жағына қарай батыл қадам жасау қажет. Бізде мұндай мүмкіндік енді болмайды. Бұлай болмаған жағдайда планета радиоактивті материалдардың тіршілік белгісі байқалмайтын орасан зор үйіндісіне айналады. Біздің планетамыз бірегей, бізде мұнан басқа планета жоқ және болмайды да. Елбасы бұл ретте адамзатқа «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды бағдарлама қажеттігін айтты.
164. АӨСШК
Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) бастамасын жүзеге асыру айрықша орын алады.
Қазіргі уақытта АӨСШК-ге мына 26 мемлекет мүше: Ауғанстан,Әзербайжан, Бахрейн, Бангладеш, Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам, Египет, Израиль, Ирак, Иран, Иордания Хашимит Корольдігі, Камбоджа, Катар, Корея Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Пәкістан, Палестина, Ресей, Таиланд, Тәжікстан, Түркия және Үндістан. Бақылаушы мемлекеттер: АҚШ, Жапония, Индонезия, Малайзия, Украина, Филиппин, Шри-Ланка. Сонымен қатар, АӨСШК-ге мына халықаралық ұйымдар қатысады: БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб Мемлекеттері Лигасы. Кеңесті шақыру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария етті. Мемлекет басшысы бастаманың басты мәні әлемнің өзге өңірлерімен салыстырғанда мұндай тетік әлі жасала қоймаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тиімді және әмбебап құрылым жасақтау бағытындағы бұрын жүзеге аспаған талпыныстарды қайта жаңғыртуда екенін атап өтті. АӨСШК-нің жаһандық дамудың күрделі жағдайында институционалдық тұрғыда қалыптасуы мен нығаюынан бұрын ұзаққа созылған талқылаулар, пікірталастар, көзқарастардың түйісу нүктесін табу жолындағы қажырлы ізденістер орын алды. Алғашқы кездесу 1993 жылы сәуірде өтті. Екінші басқосу 1993 жылғы тамыз-қыркүйекте, ал үшіншісі 1994 жылы қазанда болды. Үшінші кездесудің нәтижесінде Кеңестің құжаттарын дайындау міндетіне кіретін Арнаулы Жұмыс Тобын құру туралы шешім қабылданды.
Министрлердің 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда өткен бірінші кездесуінде АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін Қағидаттар декларациясы қабылданды. АӨСШК-нің 2014 жылы мамырда өткен ІV Шанхай саммиті бұл үдеріс эволюциясындағы ерекше басқосу болып шықты: өткізілген кездесулердің басты қорытындысы Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен АӨСШК арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы болды. Сондай-ақ, негізгі құжат – Төртінші саммит декларациясы қабылданды. Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары Бангладеш пен Катарды Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің жаңа мүшелері ретінде ықыласпен қарсы алды.
165. ЕҚЫҰ
Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды.
Қазақстан – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасынан бұл ұйымға ең алғаш төрағалық еткен мемлекет.
Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенім – халықаралық қатынастардағы басты ресурс. Дәстүр Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның іргелі қағидаттары мен құндылықтарына адалдығын айшықтайды. Транспаренттілік мейлінше ашықтықты, «қосарланған стандарттың» және «жіктеу шектерінің» жоқтығын, сонымен қатар қауіпсіздік саласында басты назарды сындарлы ынтымақтастыққа бағыттауды аңдатады. Төзімділік – бұл мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогтың барған сайын артып отырған маңызын түйсіну. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі басқосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын. Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа парадигмасына көшу, яғни ынтымақтастықтың төрт мұхит шекарасындағы – Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі біртұтас кеңістіктігін қалыптастыру қажеттігі жөнінде мәлімдеді. Кездесу соңында аса жоғары деңгейде Астана декларациясы қабылданды. Онда Саммитке қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Хельсинки актісінде және Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясында, Ұйымның өзге де құжаттарында бекітілген міндеттемелерін, қағидаттары мен құндылықтарын қуаттады. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті «еуропалық ортақ үй» салуға қайтадан кірісуге нақты мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана рухы» айрықша белгісіне айналған екікүндік Саммитті «бүкіл ЕҚЫҰ қоғамдастығы үшін тарихи оқиға» ретінде сипаттап берді.(38 мемл. катысты)
166. Еуразиялық идея
Әлемнің жаһандану үдерісінде Еуразиялық тұтастықтың қажеттігі, осы кеңістікте интеграциялық үрдістердің өмірлік маңыздылығы, ортақ бірлестіктің қағидаттары мен бағдарламасы туралы идеяны мемлекет президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде мәлімдеген еді. Сол сәттен бері, өз дамуын алған бұл еуразияшылдық идея түрлі идеологтар, саясаткерлер, сарапшылар тарапынан қолдау тауып,қазір өмірге белсене еніп келеді.
Еуразияшылдық идеясының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савицкий, Г.В.Вернадский дамытқан философиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін – 1990 жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық доктринасын теориядан шынайы болмысқа ұластыруға талпынған ерік-жігерімен байланыстыруға болады. Нұрсұлтан Әбішұлы философ болмаса да, өзінің сезімтал қасиетімен осы идеяның өміршеңдігіне көзі жеткендігін көрсетеді. Сондықтан да ол осы идеяны іске асырудың артықшылығын көре білді және ол ақыл-ой жүйесінде ғана емес, нақты өмірде экономикалық интеграция түрінде қажеттілігін дәлелдеді. Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өту үдерісінде. Негізі, идея ұсынғаннан бері, Президенттің белсенді қатысуымен болған идеяның жүзеге аса бастауында бес қадамды ерекшелеуге болады: Бірінші қадам, 1994 жылы Мәскеуде ТМД қатысушыларына Еуразиялық одақ құру туралы бастама көтеруі; екінші қадам, 1995 жылы Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қоюы, кейінірек Қырғызстан мен Тәжікстанның қосылуы; үшінші қадам, 2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстанның мемлекетаралық кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылуы; төртінші қадам, 2002 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Орталық азиялық ынтымақтастық ұйымын құру туралы келісімге қол қоюы; бесінші қадам, 2003 жылы Мәскеуде Қазақстан, Беларусь, Ресей, Украина президенттері бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қоюы. Қазақстанның, Беларусьтің және Ресейдің Кеден одағы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан қисынды түрде өсіп шықты. Оның 2000 жылы бес ел – Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан пішінінде құрылуы еуразиялық интеграция тәжірибесіндегі бетбұрысты сәт болды. Бүгінде ол ЕурАзЭҚ-тың бірқатар елдеріндегі нақты экономикалық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге жедел көмек, мысалы, әлемдік дағдарыс зардаптарын бастан өткерген Беларусь экономикасына, көмек беруге де жағдай жасады.
167. Кедендік одақ
. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш ел - Ресей, Беларусь Қазақстан үшін бірыңғай кедендік тариф күшіне енді. 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай кедендік кодекс енгізілетін болады. 2011 жылдың ортасынан бастап тауарлардың кедендік бақылауы Беларусь Республикасының, ал бір жылдан кейін Қазақстан Республикасының сыртқы шекарасына көшірілетін болады. Үкіметтегі білікті мамандар: «Толыққанды және толық ауқымдағы Кедендік 2011 жылдан бастап енгізіледі және Ресей мен Қазақстан шекарасындағы барлық рәсімдеу шаралары шекараның сыртқы жиегіне шығарылады, оның ішінде барлық тарифтік және тарифтік емес: санитарлық, ветеринарлық, фитосанитарлық реттеулер бар. Бұлардың барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап өзгертіледі» деп атап көрсетті. Одаққа бірігудің негізгі мәні одаққа мүше мемлекеттер ішіндегі кедендік тосқауылдардың болмауында және кез келген сыртқы тауарға, оның қай елге тасымалданатынына және ортақ шекарадан қай жерде өткеніне қарамастан бірыңғай кедендік талапты қалыптасуында. Келешекте біртұтас көліктік, энергетикалық, ақпараттық кеңістік құрылуы тиіс, интеграциялық процестер жеделдетіледі, толыққанды жалпы рынок қалыптасады, ұлттық экономикалар біртұтас кешенге бірігеді. Елдер әлеуметтік-экономикалық дамудың ортақ мақсаттарына келіседі, уағдаласқан құрылымдық, инновациялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады. Кедендік одаққа қатысудан Ресей, Қазақстан және Белоруссия қандай дивидендтер алатындығы заңды сұрақ. Қазақстанда, әсіресе Белорусияда бұл КО-тан ұтыламыз деген дауыс толассыз естілуде. Олай деуге негіз бар: жаңа Одақтың заңнамалық негізі кем дегенде 90% Ресей Кеден заңына негізделген, сондықтан шикізатқа негізделген экономикалы Қазақстан үшін тек Қазақ ірі шикізат өндіруші компанияларға бұл Одақ пайдалы болғанымен, қалың қазақтар үшін 3-ші елден (Қытайдан) келетін арзан тұрмыстық заттар қол жетімсіз болып қымбаттайды деген сөз. Осылайша Өмір деңгейі де кем деген де 10-20% нашарлайды, ал аяқтарына толық тұрып үлгермеген қазақ бизнесі үшін де бұл Одақ өте қауіпті.
168. Еуразиялық Одақ
Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойғаннан кейін Белоруссия, Қазақстан мен Ресейдің бірыңғай нарығын құру үдерісі мәреге жетті. Алайда бұл интеграцияның біздің республика үшін плюстері мен минустері туралы пікір-талас әлі жалғасуда. Ел басшысының бағалауынша жаңа экономикалық одақтың тағы бір плюсі, қазақстандық экономикаға шетелдік инвестицияның қосымша ағыны және біріккен кәсіпорындар құру болмақ, себебі Қазақстандағы қолданыстағы заңнама бойынша салық деңгейі Белоруссия мен Ресейге қарағанда аз. Осылайша биліктегілер біздің ел ЕЭО бірыңғай нарығына шетелдік бизнес шығатын терезе болады деп үміттенеді. Еске салсақ, құжатта 10 жылға корпоративтік табыс және жер салығынан босату, 8 жылға Қазақстандағы экономиканың әлеуетті секторы үшін қаржы салуға дайын инвесторларды мүлік салығынан босату қарастырылған. Бұл ретте нысандарды пайдалануға бергеннен кейін мемлекет капиталдық шығындардың 30%-ын өтейді және инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында және оны іске қосқаннан кейінгі бір жыл ішінде ешқандай шектеусіз шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат етеді. ЕЭО құрғанның тағы да бір жағымды факторы бірыңғай нарық аясында жұмыс күші жеделдігінің өсімі. Және, ЕЭО Қазақстан үшін ең бастысы, биліктегілердің айтуынша, Белоруссия және Ресей республикасымен сыртқы сауда көлемінің артуы. Теориялық жағынан бұл сондай-ақ, ІЖӨ өсу қарқынын, бәсекелестік пен өнім сапасының артуын, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен әлеуметтік тұрақтылық өсімін арттыруы тиіс. ҚР статистика агенттігінің ақпарынша, егер дағдарысты 2008 бен 2009 жылдарда Қазақстанның Ресеймен сыртқы сауда көлемі сәйкесінше, $20 және $12,4 млрд болса, онда 2010 жылы ол $17,4 млрд-ға дейін жеткен, ал бір жылдан кейін - $22,3 млрд. болған. Бұл ретте 2012 және 2013 жылдары жақсы көрсеткіш сақталып қалған. Бұл жылдары Қазақстанның РФ-мен сыртқы сауда айналымы, сәйкесінше $23,1 және $23,5 млрд. болған. Сондықтан ЕЭО құрылғаннан кейін бұл көрсеткіш тек арта береді деуге барлық негіз бар
169. Энергоэкологиялық стратегия
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Жаһандық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер әріптестігі» кітабында: «Барлық адамзат үшін аса өзекті, зәру мәселелері арасында энергоэкологиялық дағдарыс мәселесі, ол теңдестірілген энергетикалық қауіпсіздік құру және қоршаған ортаны сақтау мүмкіндігіне дүдәмал туғызды» делінген.
Осыны ескере отырып, ол 2007 жылы Жаһандық энергоэкологиялық стратегияны әзірлеу және 2012 жылы тұрақты даму бойынша Дүниежүзілік саммитте талқылауды ұсынған.
Қазақстан және Ресей ғалымдары Н.Назарбаев ұсынысын белсенді қолдады және болашақ Жаһандық энергоэкологиялық стратегияның көптеген маңызды тұстарына ғылыми негіздеме әзірледі –он томдық еңбек «2050 жылға дейінгі кезеңге «Өркениет болашағы» жаһандық болжамы». Бұл әзірлемені ғалымдар және мамандар ұжымы жүзеге асырды, оған Қазақ ұлттық табиғи ғылымдар академиясының (ҚазҰЖҒА), «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдинг АҚ, Ресей табиғи ғылымдар академиясы (РЖҒА), ЕурАзЭС Интеграциялық мәселелерді стратегиялық зерттеу институты. Алдын ала зерттеудің барлық циклдары Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасырдағы жаһандық энергоэкологиялық стратегия» кітабында жалпыланды. Қазақстанның барлық электрстанцияларының белгіленген жалпы қуаты шамамен 19 ГВт электроэнергиясы.
Қуатты пайдалану коэффициенті 37% тең (қажетті деңгейде 70%).
Электр станциясы типі бойынша өндіру келесі түрде бөлінеді:
- ЖЭС (жылу электр станциясы) – 87,7 %;
- КЭС (конденсациялық электр станциясы) – 48,9 %;
- ЖЭО (жылу электр орталығы) – 36,6 %;
- ГТЭС (газды-турбинді электр станциясы) – 2,3 %;
- СЭС (су электр станциясы) – 12,3 %.
Қазақстанда шамамен 70 % электр энергиясы көмірден өндіріледі, 14,6 % – су ресурстарынан, 10,6 % –газдан, 4,9 % – мұнайдан.
170. ЕурАзЭҚ проблемелар
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) құру туралы шартқа сәйкес құрылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тарау мен қорытындыдан тұрады. Алғашқы тарау - ЕурАзЭҚ – интеграциялық ұйымының құрылуы деп аталады да, мұнда ЕурАзЭҚ ұйымының пайда болуының алғышарттары, оның қызметінің негізгі бағыттары, сонымен бірге ЕурАзЭҚ экономикалық форумы қарастырылады.
Екінші тарауда Қауымдастықта іске асырылған жобаларжәне қызметіндегі негізгі мәселелер, атап айтқанда, энергетика нарығын қалыптастырудағы, валюта-қаржылық интеграцияны дамытудағы мәселелері, сондай – ақ Қазақстанның ЕурАзЭҚ елдерімен сауда байланыстарының қазіргі жағдайы талданады.
Қазақстан мен ЕурАзЭҚ елдерінің даму перспективалары жұмыстың үшінші тарауында қарастырылады да, осы тарауда Қазақстан мен ЕурАзЭҚ елдері арасындағы байланыстарды дамытудың негізгі басымдықтары мен қарым-қатынастарды нығайту үшін қандай шаралар жасау керектігі ұсынылады.
КСРО құлағаннан кейін құрылған жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасу сатысы бір-біріне қарама-қайшы екі тенденциямен белгіленді. Бір жағынан, қайта құрылған елдер өзінің суверинитетін жылдам бекітуге ұмтылса, екінші жағынан олар КСРО кезеңінде қалыптасқан экономикалық байланыстарын сақтап қалуға тырысты.
Алғашқы уақытта бірінші тенденция биіктеп тұрды. Бірақ мынадай фактор өзінің жағымсыз жағын көрсетті. Сол кезеңде билеп тұрған Ресей элитасы бұрынғы кеңес республикаларының тағдырларына қамқор жасап, өздеріне салмақ түсіруді қаламады, ал оның ТМД бойынша серіктестерінде «ресейлік ұлы державалық көңілдің» қайырлуына қатысты қорқыныштары болды. Бір-бірінен нақты көмек таба алмаған және «еркін жүзуде» қалған ТМД елдері алыс шетелдерден жаңа экономикалық серіктес іздеумен белсенді түрде айналысты. Бұл талпынысқа несие алу үшін және басқада қаржылық көмектерді беруге мүмкіндік беретін халықаралық экономикалық және қаржылық институттар үн қатты. Бірақ, бұл көмектің масштабы мен шарттарын жақындағы қарастыру күткендегі нәтижеден алыс екендігін көрсетті. Экономикалық зерттеу интеграцияға біргіп, дамып келе жатқан мелекеттерді обьективті түрде кері тартып тұрған тағы бір факторды атайық, ол- жаһандану. Әлемде планета халықтарының «алты миллиард», дамыған елдерде тұратындар және «қалған барлығы», перспективсіз елдерге бөлінуне қарсылар да бар. Мұндай бөлінуде көп елдер экономикалық даму мүмкіндігінен айырылып, цивилизация қақпасында қалу арқылы тәуекелге барады. Халық осы тенденцияға бірден-бір қарсы әрекет – тиімді аймақтық бірлестік құру екенін түсіне бастады.
Посткеңестік кеңістік елдерінің ұлттық қауіпсіздіктерін де еске алайық. Бір қарағанда қауіпсіздік экономикалық интеграцияға тікелей қатысы жоқ сияқты. Бірақ аймақтық және жаһандық қамтудағы күрделі сұрақтарды оңай шешетін негізді дәл сол экономикалық интергация қалыптастыратынына өмір куә. Барлық осы факторлар жаңа тәуелсіз мемлекеттерді бір-біріне қарап, тығыз экономикалық әрекеттесунің жолдарын белсенді түрде іздеуге себепші болды.