2002ж. айлық 54пайызға өсті.Еңбек адамдарының жалақысы артты.Қазақстанның әлеуметтік саласындағы мәселелерінің бірі-зейнетақымен қамтамасыз ету,еңбекке қабілетсіздерді қорғау,көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту сияқтылар жатады.2002 ж. күнкөрісі төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек енгізілді.2003 ж.баланың тууына байланысты 15айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы беріле бастады.толығырақ Чапайдан оқыңшиш 550беттен басталады.
117.2008ж. 6ақпан ҚР Прпез.ң Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мем.к саясаттың басты мақсаты
Бұл жолдауда әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30корпоративтік көшбасшыларқалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеті біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек.2008ж. Қазақстан үшін жан-жақты экономикалық әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды.Осы жолдаудың 5 бағыты бар оны өздерің лекциядан оқып алыңшиш
118.Десаулық сақтау,спорт және дш.ды дамыту
ДШ және спорт туралы ҚР.ң заңы 2014ж қабылданды.Мақсаты осы заң ҚРда дш және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді бұқаралық дш әуесқой және кәсіпқой спорт қызм.қамт.ету және оларды дамытудың құқықтық ұйымд.ң жіктелуі негізінде айқындайды.БҰЛ ЗАҢ 12ТАРАУ 59 БАПТАН ТҰРАДЫ.
1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.ДШ ЖӘНЕ СПОРТ СА.ҒЫ МЕМ.К РЕТТЕУ
3.ДШ МЕН СПОРТ ЖҮЙЕСІ
4.ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛ.Н ДАМЫТУ
5.СПОРТ РЕЗЕРВІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ
6.КӘСІПҚОЙ СПОРТ
7.ДШ МЕН СПОРТ САЛ.НОРМАТИВТІК ТАЛАПТАР
8.ДШ МЕН СПОРТ САЛ.КАДРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ МЕД. ҚАМТ ЕТУ
9.ДШ МЕН СПОРТ САЛ.МЕМ.К ӘЛЕУ.К КЕПІЛДІКТЕР ЖҮЙЕСІ
10.ДШ МЕН СПОРТЫ ҚЫРЖ. ИНФРА.Қ ҚАМТ ЕТУ
11.ДШ МЕН СПОРТ САЛ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕ
12.Қорытынды ережелер
119.Салауатты өмір салты-ұлт болашағын қалыптастырудың негізі
1-Үкімет денсаулық сақтау ДС ныандарының қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі жұмысты жандандыру қажет
2-денсаулық сақтау сал.ғы қажы рес.н тиімді пайд. Үшән тиістталдау жүргізіп мед.қ қызм.ң нақты құнын бағалау
Үшіні-ДС.Білім және ғылым мин.не бірлесе отырып аурухананың мед.қ қызм.ң соның ішінде мед.қ қасына даярлау мен қайта даярлау т.б
4-Халықты дәрі дәрмекпен қамту.Елге ж әкелінетін мед.препар.н сапасына қатаң бақылау орнатып белсенді түрде отандық фар.қ фаб.ды құруға қажетті инвистиция
5-ДЕНІ САУ ҰЛТ үшін инф.дамытудың маңызы жоғары.
120.Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері
Қазіргі білім беружүйесінің мақсаты—бәсекеге қабілетті маман дайындау.Қаз.ғы білім беруді дамытудың 2011-2020 ж. арналған мем.к бағдарламасы жобасында Қаз.да оқитындарды сапалы біліммен қамт.ету,халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен Қаз.қ білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін,педагог мамандардың мәртебесін арттыру,кәсіптік біліктілігін дамытуды қамт.ету.
12ж.білім беруде педагог төмендегідей құзіреттілікті игеруге міндетті
1.Арнайы құзыреттілік-өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілетті
2.Әлеуметтік құзыреттілік-кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті
3.Білім беру құзыреттілігі-пед.қ және әлеу.к психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті
121) Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне жарағандығын кейбiр археол. деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретiн кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде Қазақстан жерiнде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтердi. Көне Таразда әншi-күйшiлер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерiн көрсетушiлер бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерiн жаулап алған Араб халифаты ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал еттi. Сөйтiп, көшпендi деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесiн, оның iшiнде спортты дамытуға көңiл бөлгенi байқалады. Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерiмен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерiмен айналысу арқылы өздерiнiң рухани байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып отырған. Халық өзiне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерiн, әр түрлi дене жаттығуларын үнемi жетiлдiрiп келген. Әр рудың, әр жүздiң, әрбiр хан мен бай-манаптың, болыс-бектiң өз балуаны, өз мергенi, өз сәйгүлiгi болған. Олар бәйге-жарыстарда iрi рулардың намысын қорғаған
Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкiлдерiмен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер еттi. Мұндай жағдай, әсiресе, Қазан төңкерiсiнен кейiн берiк қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесi еңбекшiлердiң денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргiзiлдi. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйiрмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшiмен спорт алаңдарын, әскери даярлық iсiне жаттығу өткiзетiн орындар жасады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның сол кездегi астанасы Орынбор қ-нда дене тәрбиесi нұсқаушылары және ұйымдастырушыла-рымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кiсi қатысты. Оның тең жартысынан көбi қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазiргi Атырау), Орал, Верный (қазiргi Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қ-ларында iрi спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетiсу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесiн дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өттi. Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-ларында да ұйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтердi. Оған қатысушылар футбол, жеңiл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түстi. Қазақстанда дене тәрбиесi мен спортты дамытуда 1931 ж. енгiзiлген “КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердiң маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкiндiк бердi. Дене тәрбиесiнен ұлттық кадрлар даярлауға көңiл бөлiне бастады.ж. Алматыда дене тәрбиесi техникумы ашылды. 1934 ж. респ. ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында бүкiлқазақстандық 1-спартакиада өттi. Қазақстан К(б)П-нiң 1937 ж. өткен 1 съезi дене тәрбиесi мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсудi атап көрсеттi. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жеттi, оның iшiнде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елiмiзде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиелендi. 1945 — 56 ж. Қазақстанда дене тәрбиесi ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсiп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тәрбиесi ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекұлы “Спартак” қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 1950 ж. Қазақстан спорт ұйымдары құрылды. 1959 ж. бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертiлдi. 1951 ж. “Колхозшы” спорт қоғамы құрылды. 1956 жылдан бастап “Қайрат” деп аталды. 1956 ж. Мәскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өттi. Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 ж. Италияның Кортина Д’Ампеццо қаласында өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгiруден сынға түстi. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңiл атлет Ғ.Қосанов 1960 10 м-лiк эстафеташылар жарысында күмiсґж. Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4 жүлденi иемдендi.
122)«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз.
Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылуда. Тіпті Елбасымыздың Жолдауында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетілген. Бұл жолдау келешек егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Десе де осы салауатты өмір салты дегенді әркім әрқалай түсінеді.
Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.
Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту – медицинаның ғана емес, сонымен бірге барлық оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты мен міндеті. Себебі, шәкірт денсаулығының жағдайы оның оқу үлгеріміне, мінез-құлқына, қарым – қатынастарына тікелей әсер етеді. Осы орайда мектептегі алғашқы сабақтың 4-5 минуты гимнастика жаттығуынан басталса, ерте тұрып таза ауада жүгіріп және арнайы жаттығулар жасалса. Түрлі спорттық ойындар мен секцияларға қатысудың да артықтығы болмас еді.Сөйтіп, жан дүниемізді байытып шынықтырар едік.
123)і - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
124)
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау және үйлестiру Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгі айдың 25-күнiнен кешiктірмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 11 қазандағы
N 1459 Жарлығымен
Бекітілген
125)
лғы наурыз айында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылып, Жоғары білім берудің еуропалық аймағының 47- мүшесі және еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқылы мүшесі ретінде танылған алғашқы Орталық Азия мемлекеті болды.
Болон процесіне қосылған соң Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды.
1. Қазақстандық жоғары оқу орындарының қазіргі таңда әлемнің 650 университеті қол қойған Университеттердің Ұлы Хартиясына қосылуы орын алды. Бұл отандық білім беруді еуропа стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді. Ұлы Хартияға 60-тан аса қазақстандық университеттер қол қойды.
2. Болон декларациясының принциптеріне негізделген, мамандарды дайындаудың үштік моделі жүзеге асырылды: бакалавр – магистр – PhD доктор.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндаманың мәліметтері бойынша магистранттарды дайындау еліміздің 118 университетінде жүргізіледі, онда 32 527 адам білім алады, оның ішінде 16 220-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. Бітіру кезінде магистранттардың 92%- ы қорғап шығады.
Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестікте 16 жоғары оқу орнында PhD докторларын дайындау жүргізіледі. 2014 жылғы докторанттар саны 2063 адамды құрады.
3.Жоғары оқу орындарының оқу процесіне озық технологиялар мен оқыту жүйелері енгізілді: барлық жоғары оқу орындарына оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді, 38-інде қос дипломды білім беру, 42-інде қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады. Дублин дексрипторларына сәйкес модульдік білім беру бағдарламаларын, силлабустарды әзірлеу жүзеге асырылуда, Ұлттық біліктілік шеңбері құрылды.
4. Студенттердің академиялық ұтқырлығы аясында сынақтық бірліктерді қайта есептеу негізіне ECTS (European Credit Transfer System) қабылданды, ECTS бойынша жаңа нұсқаулық (2015 жылғы 14-15 мамырда Ереван конференциясында білім министрлерімен бекітілген) енгізілуде.
5. ҚР БҒМ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық мобильділігіне қаражат бөледі, сондай-ақ жоғары оқу орындары тарапынан да академиялық мобильділікке қаражат бөлінеді.
Болон процесі және академиялық ұтқырлығы орталығының 2014 жылғы ресми мәліметтеріне сәйкес 52 жоғары оқу орны 1726 шетел ғалымдарын шақырған (2013 жылы – 1 533 адам, 2012 жылы – 1 349 адам, 2011 жылы – 1 717 адам, 2010 жылы – 418 адам, 2009 жылы – 389 адам).
Еуропа мемлекеттерінен – 785 ғалым, Шығыс Азиядан – 85 ғалым, Оңтүстік Шығыс Азиядан – 32 ғалым, АҚШ-тан – 140 ғалым, Ресей Федерациясынан – 498 ғалым, Беларусь Республикасынан – 28 ғалым, басқа мемлекеттерден – 158 ғалым шақырылған. Шетелдік оқытушылар мен кеңес берушілерді шақыру мемлекеттік тапсырыс аясында және жоғары оқу орнының бюджеттік емес қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2009 жылдан 2014 жылдар аралығында барлығы 6927 шетелдік ғалымдар мен кеңес берушілер шақырылған.
Академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында 2014 жылы жоғары оқу орындары шетелге 1 семестрден кем емес мерзімге 805 студентті жіберді. Оның ішінде 740 адам Еуропаға, АҚШ-қа – 52, Шығыс Азияға – 12, Ресей Федерациясына – 1 адам барды. Мемлекеттік бюджет есебінен 2014 жылы шетелде 616 бакалавр және 189 магистрант білім алды.
Тұтастай алғанда, әр түрлі мамандықтар бойынша 2011 жылдан бастап академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылған кезеңде бакалавриаттың 1520 студенті және 1042 магистрант шетелде білім алған.
6. Салғастырмалы критерийлер мен әдіснаманы әзірлеу мақсатында сапаны қамтамасыз етудегі еуропалық ынтымақтастыққа көмектесу үшін ҚР БҒМ Аккредиттеу агенттіктерінің ұлттық тізімін құрды, оның ішіне Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінен (БСҚА - IQAA) басқа тағы бір ұлттық және 8 шетелдік агенттік енді. 2009-2015 жылдар аралығында БСҚА 50 жоғары оқу орнын институционалдық аккредиттеуден және 1100 бағдарламаны аккредиттеуден өткізді, әлемнің 25 мемлекетінен 153 шетелдік сарапшы, 1100-ға жуық отандық сарапшы, оның ішінде 190 студент пен 200-ден аса жұмыс берушілер шақырылды. Агенттікте Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінде жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етуге арналған стандарттар мен нұсқаулықтарды аккредиттеу стандарттарымен үйлестіру жұмыстары жүргізілуде.
2014 жылғы Ұлттық баяндама мәліметтері бойынша, жалпы 115 жоғары оқу орнының 66-сы (57%) ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтті.
Халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 139 мамандығы бойынша 22 қазақстандық оқу орны (19%) өтті.
Институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу стандарттарына сәйкес сапаны қамтамасыз етудің ЖОО-ішілік жүйесін ендіру және ЖОО-ның қызметін сыртқы бағалауға студенттер мен жұмыс берушілерді тарту жүзеге асырылып, жұмыс берушілер мен студенттер қатарынан сарапшылардың кеңейтілген базасы құрылуда.
126)Мен "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы идеясымен бөліскім келеді. Оның негізгі мақсаты - қазақстадықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру",- деді Н. Назарбаев. Президенттің айтуынша, "жоба әлеуетті үш жағдайды ескеруге тиіс". "Бірінші жағдай білім беру жүйесінің инновациялық дамуына қатысты",- деп атап өтті ол. Жобаны жүзеге асыратын екінші басты мәселе, елбасының айтуынша ақпараттық революция болуға тиіс. "Біз бұл салада айтарлықтай артта қалдық",- деп атап көрсетті Н. Назарбаев. Атап айтқанда, президент "Алматыда ақпараттық технология паркі базасында жетекші жоғарғы оқу орындарының қатысуымен, шетелден ең үздік деген мамандарды тартумен үлкен аймақтық университет құруды" ұсынады. "Жобаны жүзеге асырудың үшінші бағыты ретінде жастарды рухани тұрғыдан тәрбиелеуді атап өтуге болады",- деді президент. Н. Назарбаев.
127)
128)«Нұрлы көш» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама.
Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.
Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.
Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.
Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізілмек. Әсіресе, облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шекараға іргелес елді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға көңіл бөлінбек.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді.
1 29)2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең болд ы, ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын
Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
Халық санағы – демографиялық және әлеуметтік деректерді жинаудың, қорытудың, бағалаудың және талдаудың бірыңғай үдерісі. Қазірде халықтың назар аударып отырғаны мәселесі – әлеуметтік жағдайлар. Халық санағының нәтижесінде тұрғындар мемлекеттен әлеуметтік мәселелер бойынша көмек күтеді.2009 жылғы ҚР Ұлттық халық санағының нәтижелеріне республикада қазақтардың ең тығыз шоғырланған жері — Қызылорда облысы екенін атап өтті. Қазақстанда саны бойынша неғұрлым көп болып табылатын қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар және немістер, олардың үлесіне елдің 95, 6 пайыз халқы жатады.
130)Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
131.ҚР Мәдениет туралы заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениеттi жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды.Ол 8 тарау,40 баптан турады. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 2 -тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ 3-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 4 -тарау. ШЫҒАРМАШЫЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚТАРДЫҢ ЖӘНЕ КӘСІБИ ЕМЕС (ӘУЕСҚОЙ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ 5-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ 6-тарау. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ИГІЛІК 7-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
132.Қр-сы мемлекеттігінің біртүтастық түжырымдамасы
133. Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 3 шілде күні Астанада өткен Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында сөз сөйлеп, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жария етті.
Еліміздің алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымдық турбулентті жағдайда тұр.
Баршаңызғы белгілі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасын жария етті. Тұжырымдамада халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударылып, Үкімет алдына таяу мерзімде жүзеге асыру үшін 20 тапсырма жүктеді. Елбасы тапсырма беріп қана қоймай, қазіргі кездегі қоғамдық қатынастарға терең талдау жасады. Тапсырманың орындалуы бойынша Елбасы ай сайын сараптама жасап отыратындығын да нақты айтты.
Осы тапсырма арқылы Елбасы біздің қоғамда азаматтарды еңбекпен қамту, жұмыспен қамту қазіргі ең басты міндеттердің бірі екенін атап көрсетті. Елбасы бұл істі шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту арқылы шешуге болатындығын баса айтты.
134,ҚР-дағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.«Нүр Отан»ХДП-жетекшісі әлеуметтік саяси куш ретінде. Мемлекеттік емес ұйымдарың арасында қазіргі қоғамның саяси ӛмірінде ең үкен рӛл атқаратындар- саяси партиялар. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыруға саяси жүйені, идеологиялар мен доктриналарды, қоғамдық пікірді, саяси сана мен мәдениетті қалыптастыруға атсалысады. Қоғамның ең бұқаралық ұйымына кәсіптік одақтар жатады. Олардың ықпалы әр елде әр түрлі. Біздің елімізде олар халық шаруашылығын ӛркендетудің маңызы мідеттерін шешуге қатысады. Еңбекшілердің заңды талаптарын қорғайды, еңбек заңдарының қатаң сақталуын қадағалайды. Олардың денсаулығын сақтауға мәдени-тұрмыстық қажетін ӛтеуге қамқорлық жасайды. Тұрғын үйлерді бӛлу балалар бақшасына орналастыру, мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарын басқарады.
«Нұр Отан» ХДП-ның негізі болған «Отан» республикалық саяси партиясы алғашында мемлекет басшысының бастамаларын қолдау және Н. Назарбаевтың 1999 жылғы президент сайлауындағы үгіттеу штабының негізінде құрылған болатын. Бұл үшін Парламентте президенттің бағытын ұстанып, фракция рөлін атқаратын позитивтік саяси мағынасы бар толыққанды саяси құрылым құру қажет болды. «Отан» партиясының құрамына бұған дейін қалыптасқан билік партиялары – Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Демократиялық партия, Либералды қозғалыс, Әділеттілік партиясы мен «Қазақстан – 2030 үшін» қозғалысы кірді. Осылайша, «Отан» билік партиясы рөлін өз қолына алып, партиялық жүйенің «локомотиві» ретінде таныла бастады. Соған қарамастан, «Отан» партиясы өзінің саяси бағдарламасында әлеуметтік-демократиялық позицияны ұстанды.
Сонымен бірге, «Отан» партиясы толығымен қалыптасқан билік партиясы ретінде бұл қосылулардан соң әр түрлі деңгейдегі наменклатураның саяси бірігуінің нақты факторына айналды. «Отан» партиясының қызметінің бұл аспектісі өте маңызды деп танылады, өйткені, мемлекет басшысының есімімен байланысты билік партиясының болуы және оның маңызды саяси шешімдер шығарудың жалпымемлекеттік тетіктеріне атсалысуы ағымдағы биліктің әлеуметтік-саяси базасының ауқымдығын танытады.
135.ҚР-дағы 1-ші құрылтай және оның маңызы
1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:
- Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы.
- Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары.
- Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері.
- Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай
136.Қазақстан халқы Ассамблиясының құрылуы
Бүкілқазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарады.
ҚХА басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесімен құру туралы Президенттің Жарлығы шықты.
2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, ол ҚР Парламенті Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.
2008 жылғы 20 қаңтарда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. ҚХА еліміздің саяси жүйесінің толыққанды субьектісіне айналды. Оның қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.
Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне – Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.
Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.
Сессиялар аралығындағы кезеңде ҚХА басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді.
Ассамблея Төрағасының этномәдени бiрлестiктерден тағайындалатын екі орынбасары алмастыру тәртiбiмен Кеңес ұсынымы негiзiнде Президенттің өкiмiмен тағайындалады.
Ассамблеяның жұмыс органы – Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы.
Ассамблеяның өңірлердегі құрылымдарын облыс әкімдері басқарады.
Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты елдегі барлық этностардың мүддесіне қорғайды. Сонымен қатар қазақстандық этникалық қоғамдастықтардың Парламентте өкілдік етуі олардың саяси партиялар арқылы өкілді органдарға тікелей қатысуы негізінде де жүзеге асырылады.
2015 жылы ҚХА-ның құрылғанына 20 жыл толады. Соған орай 2015 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.
137.ҚР-ның ақпараттық саясаты,БАҚ-тың дамуы
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының 18-бабының 3-пункті бойынша азаматтар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарынан еркін ақпарат алуға құқықты. Осы салаға қатысты басқа да қалыптық-құқықтық актілерде сөз бостандығы және ақпараттану құқықтары туралы айтылған. Азаматтар өздерінің ой-пікірлерін еркін баяндауға да құқықты. Бүгінгі демократиялық қоғамдардың негізгі шарттарының бірі еркін БАҚ-тың болуында. БАҚ-тың еркіндіктерімен қатар мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірін дамытудағы жауапкершіліктері де демократиялық елдерде алдынғы қатардағы маңызды мәселенің бірі болып табылады.
Бізде демократиялық мемлекеттерде «төртінші күш» деп аталатын бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) төңірегіндегі дау басылар емес. Әлемнің ең демократиялы, ең еркін саналатын елдерінің өзінде БАҚ сөз бостандығының жетіспейтіні және журналистердің проблемалары туралы ақпараттарды таратып жатады. Мұның негізінде жалаң кәсіби себептерден гөрі БАҚ-ты билейтін саяси, қаржы және экономикалық күштердің өз мақсаттарын толықтай орындай алмауы тұрса керек. Өйткені, қылмыскерлердің кесірінен тек журналистер ғана емес, көптеген қарапайым азаматтар да жапа шегуде. Ал, олардың қолында газет яки телевидение болмағандықтан, шулатып қоғамдық пікір тудыра алмайды. Сол себепті, БАҚ уәкілдеріне жасалған қылмыстық әрекеттерді, егер саяси астары немесе журналистің кәсіби функциясына қатысы болмаса, әдеттегі қылмыстармен бірдей қараған жөн. Сірә, мемлекет азаматтарын кәсіби ерекшеліктері бойынша емес, азамат болғандықтары үшін қорғайды.
Елімізде сөз бостандығы және БАҚ саласында кейбір өзекті проблемалардың бар екені рас. Бірақ, бұл заңдарымыздың шикілігінен яки еркіндікті шектеуінен емес, көбінесе журналистер уә атқарушы билік уәкілдерінің заң нормалары мен кәсіби ережелерді жөнді орындамауынан, өз құқықтары мен бостандықтарын жете білмеуінен туындауда. АҚШ, Германия (ГФР), Швеция, Швейцария, Түркия және Қазақстан елдерінің «БАҚ», «Бұқараны мәліметтендіру», «Ақпарат еркіндігі», «Баспасөз еркіндігі туралы Акт», «Баспасөз Заңы» сияқты заңдарын салыстырғанда 1999 жылы қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ҚР Заңының» халықараық талаптарға сәйкес екені аңғарылады. Қайта, аталмыш елдердің заңдарында бізден өзгеше шектеулер мен жазалау шараларының (қаржылай санкциялар мен бас бостандығынан айыру) бар екенін байқауға болады.
138.Демакратияландыру және азаматтық қоғам мәселелері боиынша Ұлттық комиссияның қызметі
Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мәселелерi бойынша жалпыұлттық үндесудi тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшiсi орган ретiндегi Демократия және азаматтық қоғам мәселелерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылсын. 2. Ұлттық комиссияның құқықтары
4. Ұлттық комиссияның:
азаматтық қоғамды одан әрi демократияландырумен және дамытумен, Қазақстанның саяси жүйесiн жетiлдiрумен байланысты мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, сондай-ақ ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгізуге;
мемлекеттік органдармен консультациялар жүргізуге;
орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан қажеттi құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
жоғарыда аталған мәселелердi зерделеуге және талдауға;
жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен мамандарды, ғалымдар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
Ұлттық комиссия құзыретiне жататын жекелеген мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн жұмыс топтарын құруға;
мемлекеттік органдарға және қоғамдық бiрлестіктерге қарау үшiн статистикалық, талдамалық, әдiстемелiк және өзге де ақпараттық материалдарды жолдауға;
қабылданған ұсынымдардың орындалу барысына бақылау жасауды жүзеге асыруға құқығы бар.
ық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру.2003 жылғы 2 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және оны жүзеге асыру.
Бұл Жарлықтың жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын және 2000 жылғы 9 қарашада құқық қорғау органдары жетекшілерінің кеңесінде қабылданған шешімдері іс жүзіне асыру мақсатында талдап жасалған.
Жарлықтың негізгі мақсаты құқық қорғау органдарының қызметін одан әрі жетілдіру және олардың құрылымын алға қойылған міндеттерге сәйкес келтіру болып табылады.
Жарлықта Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігін құру көзделген. Бұл Агенттікке экономика және қаржы қызметі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі міндеттерді орындау жүктеледі. Экономикалық қылмысқа қарсы күрестің ахуалына толық жауапты, дербес органның құрылуы бұл күрестің тиімділігін арттырады, сонымен бірге кәсіпкерлерді тексеру санының және жеке бизнеске заңсыз араласу жәйттерінің азаюына жағдай жасайтын болады.
Сот шешімдері орындалуының орын алып отырған проблемасы (соттың әрбір төртінші шешімі орындалмай қалады) атқару өндірісі органының мәртебесін арттыру жөнінде шаралар қабылдауды талап етті. Осы мақсатта Әділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау жөніндегі комитетінің функциялары мен штаттық саны Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке беріледі.
Бұл шешімнің қабылдануы сот қаулыларының орындалуын жақсартуға ғана мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен бірге тұтастай алғанда сот билігінің беделін арттырады.
Сотқа құрмет көрсетпеу және сот шешімдерін орындау тәртібін бұзуға байланысты қылмыстар туралы істер жөніндегі алдын ала анықтау құқығы ішкі істер органдарына беріледі.
Прокуратура органдарының қызметін жақсарту мақсатында Үкіметке прокурорлық қадағалау актілерін қолданыстағы заңда белгіленгеніндей міндетті түрде қарауды ғана емес, сонымен бірге міндетті түрде орындауды, сондай-ақ оларды мәжбүрлеп орындату тетіктерін анықтауды көздейтін заң жобасын әзірлеуге тапсырма берілді. Аталған өзгерістерді қабылдау прокурорлық қадағалаудың тиімділігін, әсіресе азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бөлігінде айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Кеден органдары таза фискалдық органдар болып табылуын ескеріп, оларда контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша алдын ала анықтау құқығын сақтай отырып, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру өкілеттігінен айыру бөлігінде құқық қорғау функцияларын шектеу шаралары алынды.
Әділет министрлігінің жанындағы Авторлық құқық жөніндегі комитет пен "Қазпатент" Патенттер және тауар белгілері жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны іс жүзінде бірдей функциялар атқаратындығына байланысты бір ғана Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетін құру ұсынылады.
Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 28 қарашада ратификациялаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 40-бабына (link is external) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы екінші кезеңдік баяндама (link is external) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы екінші кезеңдік баяндаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.