Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


азіргі кезеңдегі тарихи және сәулет ескерткіштерін жаңғырту.




Ортағасырдың белгілі сәулетшісі Аджеми өзі салған ғимаратқа мынандай сөздерді тасқа қашап жазған «Өмір мәңгілік...біз кетеміз – бұлар қалады».

Ұрпақ, экономикалық-әлеуметтік формация ауысады, ал тек архитектура мен сәулет өнері өмірдің жан-жақтылығын мен байлығын тас тілімен айтып отырады.

Тарих, архитектура, өнер ескерткіштерін әрі музей және басқа да қоғамның материалдық мәдениет құндылықтарын сақтау, адамды жан-жақты тәрбиелеу, адамдардың рухани мәдениетін дамытудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бойынша конституциялық норма тек лауазымды адамдарға емес, республиканың әр азаматтарына да тиісті. Ескерткіштер бүкіл халықтың игілігі, әр азаматтың борышы – сақтап әрі халықтың тарихи және мәдени мұрасын келесі ұрпаққа жеткізу.

Қазақстан тәуелсіздік алысымен 1993 жылы Қазақстанның бүкіләлемдік мұраны қорғау бойынша конвенцияға қосылуы туралы құжаттар ЮНЕСКО-ға жіберілді. 1994 жылдан бастап ЮНЕСКО Қазақстанды Конвенцияға қосылды деп есептелді. ЮНЕСКО тізімі бойынша 10 объект. Оның тоғысы археологиялық ескерткіштер беруі архитектуралық.

Тізімді бірінші болып Қ.А.Яссауи архитектуралық комплексті тұр. Бұл объектінің ғажайыптылығы оған архитектура тарихи бойынша теңдесі жоқ. Қ.А.Яссауи кесенесі ислам архитектурасы кешенесінің көпкамералы, көпфункциональды шарықтау түрі. Тізімді екінші петроглифтердің Тамғалы атақты комплексі (жартастағы суреттер) Алматы облысы. Одан ары түркілердің биік таулары қасиетті орны (Мерке. Жамбыл облысы), Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениетінің мегалистік ескерткіштері, Тасмола мәдениетінің қорғандары, Ешкіөлмес петроглифтері (Алматы облысы), Тізімде жетінші палеолиттік тұрақтары бар Қаратау тау жоталары, Арпа Өзен петроглифтері (Оңтүстік Қазақстан), Отырар оазисі және Орталық Қазақстан Ұлытау мәдени ландшафтары.

ҚР тарих және мәдениет ескерткіштері халық игілігі және әлемдік мәдени мұра, өркениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Ескерткіштерді есепке алу, қорғау және пайдалану мемлекет және органдары, қоғамдық ұйымдар мен барлық азаматтардың маңызды міндеті. Табиғи климаттық факторлар әсіресе антропогендік әсер ету, өндірістік және азаматтық құрылыс, пайдалы қазбаларды өңдеу, ауылшаруашылық өндіріс, жеке меншік иелерінің жерді иемдену нәтижесінде бүкілхалықтық игілікті құрайтын ескерткіштерді бүлдіру мен құрыту іске асырылуда.

Қазақсанда 1992 жылы 2 шілдеде «Тарих және мәдени мұра ескерткіштерін қорғау мен пайдалану туралы» Заң қабылданған. 4-ші бөлім «Тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік есепке алу», 25 бап «Тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру» онда Қазақстан территориясындағы тарих және мәдениет ескерткіштері қай меншікке жатқанша қарамастан, мемлекеттік есепке алынуы тиіс деп жазылған.

Күрделі мәселелердің бірі материалдық құндылықтарды Қазақстаннан әкелу мен әкету. Мысал ретінде, Республикадан кітапханалық штампы бар сирек кітаптар республикадан әкетіліп букинистік магазиндер сөрелерінен ұшырасқан жағдайлар болған. Осындай жағдайлар архив материалдарында да кездеседі. Осыған орай халықаралық қорғау қажет, яғни тарих және мәдениет ескерткіштерін құтқару, қалпына келтіру және реставрациялау бойынша мемлекеттердің бірлескен қызметі. Осыған мысал ретінде ҚР Парламент Сенатының әдеби және көркемдік шығармаларды қорғау бойынша Қазақстанның Берн конвенциясында қосылуына қол қоюы болып табылады.

Қазақстанда мәдениет ескерткіштерін қорғау, реставрациялау және пайдалану блйынша арнайы ұйымдар құралған:

  1. Материалдық мәдениет ескерткіштерінің ғылыми-зерттеу және жобалау институты
  2. Қазреставрация трест
  3. Реставрациялық шеберханалар
  4. Мәдениет басқармалары жанындағы ескерткіштерді қорғау инспекциясы
  5. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің көшпелілердің мәдени мұрасы институты

«Қазқайтажаңғырту» республикалық мемлекеттік кәсіпорын 1972 ж. Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес алғаш бұл кәсіпорын «Казреставрация» республикалық прнпулы ғылыми жаңғырту өндірістік шеберханасы деген атпен құрылған. Негізгі міндеті – қазақ халқының тарихында ерекше орын алған тарих, мәдениет, сәулет және руханият ескерткіштеріне ғылыми-зерттеу, жобалау жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ сол мәдени мұраларға қатысты жөндеу, қайта қалпына келтіру, жаңғырту, музейлендіру.

152.Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру – фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар. (2005-2010жж.)





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2415 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

2205 - | 2096 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.022 с.