Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ана проблемасының философияда қойылысы.




Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс – адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санағн. Бұл идеализмге әкелген.

Сонда сана дегеніміз не? Ол қайдан, қалай пайда болады? Өлі материядан қалайша тірі дүние: өсімдіктер, жануарлар, адам пайда болды? Осылардың бәрінің негізінде не жатыр? Оның мәні неде? Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми – оның мекені. Сана адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем неше ықылым заманды бастан өткізді. сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйнде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқан махист Р. авенариусты В.И Денин «Материализм және эмпириокритицизм» деген еңбегінде өткір сынға алған болатын.

Дін иелері сананы материядан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы, жанға, ал жанды ұшып жүретін шыбынға балаған. Халқымыздың «шыбын-жан» деген сөзі осындай ұғымнан туындаған. Діндарлардың пікірінше, адам ұйықтағанда шыбын-жан денеден шығып кетеді, адам ұйықтағанда шыбын-жан денеден шығып кетеді. Түс-сол шыбын-жанның дүние кезіп жүргендегі көргендері. Кейін ол шыбын – жан қайтып оралғанда, адам ұйқыдан оянады деп түсінген. Ұйықтап жатқан адамды абайлап ояту тәртібі осыдан шыққан болса керек. Өлген кісілерге дұға оқу, құдайы беру, оларды еске алу бейітті елді мекендерге, жолға жақын жерге салу – осылардың бәрі сол адам жаны мәңгі өмір сүреді деген ұғымнан пайда болған. Сірә, о дүние, жұмақ, тозақ деген діни ұғымдар, әрине, осындай пікірден туындаса керек. Материя емес, мәңгі өлмей өмір сүріп, бірден-бірге көшіп-қнып жүретін рухани дүние-жан деген ұғымнан тотемизм, басқаша айтқанда өзін түрлі хайуанаттармен, өсімдіктермен тұқымдас деп түсінетін ұғым пайда болған. Бұл - өте ертедегі дәуірде туған түсінік.

Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғылысын дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайғатүскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген Д. Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай алады-мыс. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Бұл ұғым ертедегі гректердің (hule – материя, Zое – тіршілік деген екі сөзінен құралған). Енді бір материалистер дүниенің бірлігі оның материалдығында екенін дұрыс ұғына алмай, сананы да материяға балаған. Мәселен, Фогт Бюхнер, Молешотт деген немістің жаратылыс зерттеушілері сана мидың жемісі екенін, бауырдан өттің бөлінетініменқатар қойып, екеуін бірдей алып қараған. Мәселен, Фогт «ойдың миға қатысы өттің бауырға қатысына барабар, бірдей» деп жазды. Әрине, ой да, өт те жеміс бірақ ой мидың рухани жемісі де, өт бауырдың материалдық жемісі. Бұл екеуін қатар қою материя мен идеяның қарама-қарсы екенін білмегендік немесе білгісі келмегендік. Сондықтан К.Маркс пен Ф.Энгельс мұндай пікірді тұрпайы материализм деп атап, орынды сынға алды.

Диалектикалық материализм бұл пікірлердің бәрін теріске шығарады. Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдейді. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат. ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14-15миллиардтай. Әрқайсысы сыртқы сигналды жеке – дара қабылдап, тиісті шешімге де келе алады. Сондай-ақ олар өзара тығыз байланыста болып түрлі опреация жасағанда, миллиардтаған ақпаратты қабылдап, тиісті шешімге келіп отырады. Мәселен, адам миы 1020 ақпарат қабылдай алады. Былайша айтқанда оның Мәскеудегі В.И.Ленин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасындағы жалпы ұзындығы 300 км созылған кітап сөрелерінде жинақталған миллиондаған томдардың ақпаратын сыйғызып, есінде, сақтай алатын мүмкіндігі бар. Адам бүкіл өмір бойында мидың сол мүмкіндіктерінің тек 3-4 процентін ғана пайдалана алады екен. Олай болса, мүмкіндігі адам өмірімен салыстырғанда шексіз.

Адам миының құрылысы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинктілі) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинктілі қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді. Адам орынсыз, өрескел қимыл жасамайды. Ал енді адамның бас миын тігінен қарайтын болсақ, ол оң және сол жарты шарлар болып екіге бөлінеді. Бұл екеуінің арасында өзіндік қызмет бөлінісі бар. Айталық, адамның қуанышы, күлкісі сол жақтағы жарты шар арқылы, ал уайым, қайғы, жылау сияқты ренжу мінездері оң жақ жарты шар арқылы іске асады екен. Олай болса, өнер мидың сол жақ жарты шары арқылы басқарылады. Қытайлар мен жапондарда алфавит жоқ, оның орнына иероглифтер бар. Онда әрбір атау, іс-әрекет, қимыл әртүрлі иероглиф (белгі) арқылы беріледі. Сауат ашып, оқып, түсіну үшін сол белгілерді көзбен көріп, оймен жаттап алу қажет. Сондықтан да болса керек, ол халықтарда түрлі түстердің айырмашылығын байқау, сұлулықты сезіну өте жоғары дамыған. Оның үстіне мидың түрлі бөліктері әрқилы қызмет атқарады. Мысалы, заттардың түр-түстерін ажырату, көру дабылдарын мидың шүйке бөлігі, дыбыс дабылдарын самай тұсындағы бөлігі қабылдайды. Сол сияқты жүру-тұру сияқты қимыл-әрекеттерін басқаратын арнайы бөліктер бар. Мәселен, адамның аяқ, қол сияқты мүшелерінің сал ауруларына ұшырауы көбіне мидағы түрлі бөліктердің ауруына, жарақаттануына байланысты. Адам мимен ойлайды. Сана ойлау процесі арқылы пайда болады. Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Оған түрлі физиологиялық тәжірибелер толық дәлел бола алады. Мәселен, бас миының үлкен жарты шары операция арқылы сылынып тасталған құрбаққа сол операцияға дейінгі қалпында бақылдап, шыбын-шіркей ұстап жеп, тіршілік ете береді екен. Ал сондай операциядан өткен көгершін ағаш бұтағында отыратын және тура ұшып кете алатын болғанмен, түрлі тітіркендіргіштерге жауап бере алмай, жем қабылдаудан мүлде қалады екен. Ал енді бас миы алынып тасталған ит мүлде дәрменсіз мүгедекке айналады. Олай болса, бұл тәжірибелер бас мидың тіршілікке атқаратын қызметі жан-жануарлардың даму сатысы жоғарылаған сайын арта түсетінін көрсетеді. Бірақ бұдан келіп, ми ойды, сананы тудырушы, оның көзі деуге болмайды. Ми ойды өзінен өзі тасқындатып тудырмайды. Ой мидың ішінен қайнап шықпайды. Сананы тудыратын объективті ақиқат.

Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәлімдерді орталық жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру ғана: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет. Халықта: «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген нақты сөз шамасы, осы жағдайды аңғартатын болса керек. Қысқаша айтқанда, біздің санамыз сыртқы дүниенің бейнелену нәтижесі. Ал енді сананың негізінде не жатыр деген сұраққа тоқталатын болсақ, сананың негізінде білім, білу жатыр. Ал білім практикалық қызмет үшін аса қажет. Материалдық практикалық қызмет – адам өмірінің негізі десек, онда сананың шығуы, қалыптасуымен дамуының түпкі негізі практикалық іс-әрекет, еңбек қызмет болмақ.

 

Сана – объективті дүниенің бейнесі

Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенің мойындағысы келмейді. Оны неге сүйеніп айтады. Олардың ойынша, адам санасында объективті дүниеге кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жынтайтан, су перісі т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады деп күдік айтады. Ал енді оларды діни адамдар өздігінше ойлап шығарған делік, дейді әлгі идеалистер, сөйтіп олар бұл мысалдан да ойдың, сананың өмір бейнесі емес, тек мидың өзінен шыққан, тек соның ғана жемісі деу керек деген теріс қорытынды шығарды. Бұған беретін жауап нақты. Әрине, жаңағы өмірде жоқ: «о дүние», «жұмақ», «пері», «дию» сияқты ұғымдарды діндар адамдар ойлап шығарғаны рас. Бірақ ол ойлар жоқтп пайда болған демейміз, белгілі бір құбылыстарға еліктеу, мидың соарды ойша құрастыруы арқылы пайда болған. Сондықтан да қай халықта болмасыг, жын да, шайтан да, басқалар да негізінде тек адам, жан-жануарлар бейнесінде елестетіледі. Өмірде мүлде жоқ, болмаған, ойға келмеген құбылыстардың бейнесін адам ешқашан ойдан шығарған емес. тіпті техникалық жаңалықтарды да адам табиғатта бар нәрселерге еліктеп жасайды. Сондықтан жаңағы айтқан діни ұғымдарда да не жақсы адамдардың, немесе жаман адамдардың мінез-құлықтары бейнеленеді, негізсіз ой туындамайды. Мұның бәрі сананың мидан емес, ми арқылы бейнеленетін объективтік материялық заттар мен құбылыстардан туындайтынына байланысты.

Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше сап, рухани құбылыс.

Одан соң сана, бір жағынан, жинақталған білім, ал екінші жағынан - таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму жәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен дүниенің механикалық бейнесі (реппродукциясы) емес. Сана тек негізгі принцип жағынан, шығу көзі жағынан, бейнелеуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Бірақ сана объективті өмірдің жұпыны бейнесі емес. Мәселен, санада ерік, ой толғау, әсірелеу, болжау шығармашылық сияқты құбылыстар бар. олардың объективті дүниеде болмауы да мүмкін. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас. Айталық, бейнелеу жануарларда да бар. Бірақ оларда қатынас жоқ. Сана арқылы адам дүниені бейнелеп қана қоймайды. Ол оған әсер етеді, ойдан өрнек құрады, оны өзгертеді. Адам миында елеңдеу мен басйлу, қызығу мен жирену диалектикасы ұдайы танымсыз жүріп жатады.

Адам санасы объективті дүниенің айна бетіндегідей механикалық бейнесі емес. танымдық процесс кезінде оған толып жатқан басқа да жағдайлар (оның көргендері, білгендері, естігендері, түйгендері) әсер етеді. Сондықтан бір нәрсені көріп тұрып, адам толып жатқан ойға шомады, ойын сан-саққа жүгіртеді. Сөйтіп, объективті дүние санаға түрткі болады. Бірақ адам объективті өмірді шын да, жалған да бейнелейді. Олай болса, дәлдікті шығармашылық тұрғыдан қажет.

Таным процесінде эмоцияның орны ерекше. Эмоциясыз ешбір дүниені тануға талпыныс, ізденіс, таңырқау болмақ емес. Онсыз ғылымда, өнерде жаңалықтар болмайды. Айналадағы құбылыстарды тез байқап, ерекшеліктерінде таңдану таңырқай білу, үңіліп қарау – осылардың бәрі танымның бастамасы, көзі. Ал адамда психика да бар. Адам ұйқыға кеткенде түс көреді. Ол саналы құбылыс емес, психикалық процесс. Оны сана билей алмайды. Әрине, көрегендік түстер де болады. Оның себептері басқа. Айталық, көптеген уақыт ойлап, шешуін таба алмай қиналып жүрген кейбір жағдайлардың шешуін немесе басқа бір ойланып, уайымдап, толғанған істің ақырғы нәтижесін адам түсінде көруі мүмкін. Бірақ осыдан келіп түс саналы болады екен деген түсінік тумауға тиіс. Әлгі психикалық құбылыстардың өзіндік себептері бар. Ал адам тек түсінде ғана емес, ояу кезінде де көптеген үйреншікті, әдеттегі істерді ойланбай-ақ жасай береді. Айталық, музыкалық аспаптардың клавиштерін, пернесін ойланбай-ақ дәл басады. Көшеде келе жатқан адам нешетүрлі ой ойлайды, соған қарамастан, таныс кісінің сәлеміне жауап береді, көшедегі жол сілтегішті байқайды. Осындай сан қилы жағдайлар өмірде болып жатады. Адам оның бәрін санамен ойлап жатпайды. Көп нәрсе жаттыққан, дағдыланған түрде жасалады.

Әрбір адамның психикасында санасыздық (иррационалдық) әрекеттер бар. Оның ауқымы кең. Адам әр ісін, әр қадамын ойлап, сана елегінен өткізіп жатпайды. Көп нәрсені адам дағдылы әдіспен, ойламай-ақ, дәлме-дәл жүзеге асырады. Мұндайда кейде ойлап жатудың өзі де кедергі жасайды. Мәселен, жүрісі көп көшедегі автомобиль жүргізушінің іс-қимылы сондай. Сондықтан ұдайы, үздіксіз ойланбай, миға демалыс беріп, кейбір іс-әрекетті адам қашаннан санасыз атқарып үйренген. Бұл - өмір диалектикасы. Философияда саналылық пен санасыздық арақатынасы жайлы мәселе қашанда идеологиялық күрес объектісі болып келген. Кьеркегор, Ницше, Бергсон иррационализмді адам өмірінде басыңқы етіп көрсеткен болатын. Материалистік диалектика бұл пікірді қостамайды, қайта оны әшкерелеп, ғылымға жат екенін талай рет дәлелдеп берді. Адам өмірінде инстинкті психикалық санасыздық әрекеттерді де, сайып келгенде, сана билейді. Сонымен инстинктілі санасыздық дегеніміз – дәл осы сәтте санамен басқарылмайтын, бірақ түптеп келгенде адам миынан онша алыс кетпейтін, әсіресе мидың естілік қабілеті мен қасиетімен бақыланатын психикалық процесс. Саналық пен санасыздық қасиеттердің арасы жақын. Сондықтан кейде, кейбір ғылыми жаңалықтарда, көрегендік түстерде санадан тыс кездер де байқалады. Мәселен, Д.И. Менделеев химиялық элементтердің қайталама жүйесінің кестесін жасарда ең алдымен оны түсінде көрген. Олай болса, санасыздық құбылыс кезінде де адам миының кейбір бөлімдері қарауыл болып, жұмыс істеп тұрғанын байқаймыз. Ал адамның іс-әрекетінде санасыздық деп мидың сананың іске араласпауын, дағдылы әдіспен естелікке сеніп, өзін соларға тапсыратынын айтамыз. Сондықтан санасыздық кезде де адам әдептілікпен шығып кетпейді. Нағыз санасыздықты біз жануардан ғана көреміз. Оларда қарым-қатынас та, әдептілік те, міндет-мақсат та, ар-ұят та жоқ. Адам санасыздық жағдайында да оншалықты құлдырап төмендейді. Өйткені адам психикасы (мінез, сезімі), жаңағы айтқандай, санамен басқарылып, бағытталып отырады. Міне, бұл адам психикасы жануарлар психикасынан әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Австриялық психолог З.Фрейд санасыз, ойсыз инстинкт, айталық аналық, жыныстық инстинкт адамда басым, ол санаға бағынбайды деп дәлелдемек болды. оның ойынша, түрлі ұяттылық, әдептілік дегендер жасанды, тек қоғамда ғана қолданылатын тәртіп қана, ал адам өзімен-өзі оңаша қалғанда, оның бәрін жиып қойып, нағыз ұятсыздық, хайуандық халге түседі, дейді. Бұл әрине, адамгершілікке ешбір сыймайтын, адамдық қасиеттерді аяққа басып, адамды хайуан етіп көрсететін әрекет. Сондықтан З.Фрейдтің үлкен ғалымдығына қарамастан оның дәл осы тұжырымын мойындауға болмайды. Әрине, адамды тәрбиелеуге қоғамның тигізер әсері мол. Дегенмен, саналы адам қандай жағдайда болса да, өзінің адамдық қасиеттерін ұмытпайды, хайуан бола алмайды. Оны тарих талай дәлелдеген.

«Материализм және эмпириокритицизм» деген еңбегінде В.И Ленин Р.Авенариустың пікірінше, «мен» және «мен еместің» арасында принциптік координация бар. Сондағы «мен» дегені адам, оның санасы, сезімі, ал «мен емес» дегені – объективтік дүние. Осы екеуінің арасында тығыз байланыс бар, дейді. Бірақ бұл дұрыс болса да, осы байланыстың түп негізі, оның ойынша, «мен», ал «мен емес» «менсіз» өмір сүре алмайды. Бұл әрине, субъективті идеалистік пікір. Ал мәселенің шынына келсек, керісінше, «мен» «мен емеске» бағынышты. Сол сияқты «мендегі» барлық сана, сезім объективтік дүниенің айнасы, соның жаңғырығы, рухани сәулесі екенін жоғарыда талдап көрсеттік.

Адам бойындағы барлық күшін объективті дүниеден алады. Соны сезіну, тану, білу арқылы ұғады, білімін арттырады, ойын толыстырады. Бірақ құдіретті сананың сан қилы саяси, философиялық, ғылыми, көркем әдебиеттің, діни қорытындылардың негізі – түрткісі, қайнар көзі сол объективті дүние, қоғамдық болмыс, өмірдегі түрлі іс-әрекет, шешілмеген, шиеленіскен мәселелер. Ал оларды бейнелеп, толғау керек. Ондай мәселелерсіз ой да шарықтамайды, дүние де толық түсінілмейді, оны зерттеу де мүмкін емес. Ғылыми жаңалықтар, данышпандық тұжырымдар, ғажайып шығармалар, жан-дүниенің қозғайтын ән, тәтті күйлер – осылардың бәрі өмір талаптарынан нақты қайтарылған жауабымен құнды. Бірақ осындай өмір талабына жауап қайтару үшін көп білу, өмірді ұғыну қажет.

Сонымен сана дегеніміз объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, сәулесі. Бірақ, ол жай бейне емес, шығармашылық бейне.

 

Бейнелеу түрлерінің эволюциясы

Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен, желден ыстық пен суықтан, жаңбыр мен қардан жартас бұзылып, қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындағы тастар қашанда жылтыр, теп-тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын су толқыны. Сана да дәл осындай әсердің нәтижесі. Бұл тірі материя мен өлі материя арасында табиғи байланыс бар екенін көрсетеді. Бұдан ең жоғары бейнелеу – сананың өзі де бірден пайда болмай, бірте-бірте дамудың нәтижесінде шыққанын көреміз. Өлі материяда бейнелеудің екі түрі кездеседі: - изоморфизм, екіншісі – гомоморфизм. Изоморфизмде бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасында ажыратқысыз ұқсастық болады. Мәселен, нақты самолет пен оның кішкентай моделі арасындағы ұқсастық немесе түрлі тастардың бетінде сақталып қалған ертедегі болған өсімдіктер мен жәндіктердің бейнесі. Ал гомоморфизм дегеніміз бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасындағы ұқсастықтың жоба түрінде болатыны. Мәселен, жер бедерінің картадағы көрінісі.

Материяның түрлі құрылымдық даму дәрежесіне сәйкес бейнелеу де әрқилы болады. Өлі материяда ондай бейнелеу негізінде зат, дене бірте-бірте мүжіліп, үгітіліп, бара- бара жойылып бітеді. Ал тірі материяда ондай әсерге белсенді түрде бейімделу пайда болады. Мәселен, өсімдіктердің жарыққа созылып, күнге бой тартуы сондай құбылыс. Күнбағыс таңертеңнен кешке дейін күннің қозғалысына қарай бұрылып тұрады. Егер оны орып тастаса, бұл кезде де бейнелеу тоқтатылмайды. Бірақ, ондай бейнелеу белсенді процесс емес, бейімделу түрінде болмайды. Соның салдарынан өсімдік біртіндеп солып, сарғайып, қурап, жойылады. Бейнелеудің ең жоғарғы түрі – тіршілікке, өмірге байланысты биологиялық түрі. Өмір деген не? Ол материяның ерекше, өте күрделі қозғалысы. Өмір дегеніміз тіршіліктің ең басты негізгі белгісі – зат алмасу, ассилимиляция мен диссимиляция. Зат алмасу бар жерде, тіршілік бар. Ол тоқтаған кезде, өмір бітеді. Ал тіршіліктің өмірдегі бейнелену нормалары қандай? Ол да әртүрлі. Ең алғашқы қарапайым бейнелеуге – тітіркену жатады. Ол барлық тірі организмдерге тән құбылыс. Орталық жүйке жүйесі бар организмдерде ол рефлекс туғызады. Рефлекс дегеніміз организмнің түрлі тітікендіргіш әсерлерге жауап қайтару реакциясы. Рефлекс шартты және шартсыз болып екіге бөлінеді. Осыған сәйкес организм реакциясы да саналы және инстенстивті болып бөлінеді.

Адам миына сыртқы дүниедегі әртүрлі ақпарат қалай келеді? Ол сезім мүшелері бар: көру, есту, иіскеу, дәм сезу, яғни тері түйсігі. Сыртқы дүние әсерін сол сезім мүшелері қабылдап, одан орталық жүйке жүйелері арқылы бас миына түрлі хабарлар (дабыл, ақпарат) ретінде жеткізіледі. Бес сезім мүшесі арқылы келген хабарды сезімдік бейнелеу дейміз. Сезім мүшелері адам миын сыртқы дүниетаным байланыстырып отырады.

Бейнелеудің сезімдік түрі омыртқалы жануарларда да бар. Кейбір жанауарлардың түйсігі адамнан гөрі сергек, нәзік келеді. Иттің құлағының естуі, мұрнының иіс сезгіштігі керемет, бүркіттің көзі адамнан гөрі әлдеқайда өткір. Бірақ олардың түйсігі өз тіршілігіне сәйкес сыңаржақ дамиды, яғни өзіне қажетті дабылды ғана қабылдайды. Сол сияқты олардың кейбіреулерінде елестеу процесі де болады. Жылқы бір жүрген жолын, ит көп жыл көрмеген иесін таниды. Ал адам сана, тіл арқылы өзінің сезім мүшелірінің мүмкіндіктерін жан-жақты дамытады. Ол сезім мүшелерін ақылға билетеді. Адамға микроскоп телескоп, сейсмогграф сияқты аспаптар көмектеседі. Сана мен сезімді шатастыру өрескел қатеге соқтырады.

Диалектикалық материализм XIX ғасырдың ортасында өмір сүрген неміс физиологтары И. Мюллер мен Г.Гельмгольцтердің қате теориясымен келісе алмайды. Өйткені, олар адам түйсіктері сезім мүшелерінің энергиясына байланысты деген пікір таратқан болатын. Мәселен, И.Мюллер мынадай қорытындыға келеді: түрлі тітіркендіргіштер адам көзіне әсер етсе, бір ғана түсті – жарық көру әсерін жасайды, ал енді бір ғана тітіркендіргіш адамның түрлі сезім мүшелеріне әсер етсе, түрліше әсер туғызады. Ол әсерлер сол сезім мүшелерінің әрқилы дамуына байланысты дәй келіп, И.Мюллер адамның сезімдік бейнелуі сыртқы дүниенің әсеріне емес, ішкі сезім мүшелірінің ерекше энергиясына байланысты, деді. Ал Г.Гельмгольцтің пікірінше, біздің түйсіктеріміз – сезім мүшлерімізге сыртқы себептердің тигізген әсері.

 

ӨЗ БЕТІНШЕ ОҚУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

1. Сана және ойлау

2. Сана және шығармашылық

3. әлеуметтік шығармашылықтың ерекшеліктері

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 894 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

2503 - | 2301 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.