Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ріс. Орыстың революционер - демократ философтары. 4 страница




Ол А.С Пушкин мен М.Ю. Лермонтовты ұстаз тұтты, олардың өлеңдерін, И.А Крыловтың мысалдарын қағаз бетіне аударды. Мәселен, «Татьянаның хатын», «Онегиннің хатын» аударып қана қойған жоқ, оған ән де шығарды.

1840 жылы М.Ю Лермонтов Гетенің «Жолаушының түнгі әні» деген өлеңін «Горные вершины спят во тьме ночной» деген атпен аударған болатын. Гетенің бұл өлеңі көптеген ақындарға, композиторларға әсер етті. Қараңғы түн, айнала тау, тым-ьтырыс, мүлгіп тұрған табиғат. Бұл көрініс кімді де болса тамсандырады. Лермонтовты. Ф. Шубертті, С. Рахманиновты, т.б. шығармашылық шабытқа келтіргені сияқты, ол Абайдың да жүрегіне ұялады. «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетре маужырап» деп аударды,сондай-ақ ол Лермонтовтың «Теректің сыйы», «Қанжар» өлеңдерін аударды.

Әлеуметтік көзқарастарында Абай әділеттік үшін күресті. Үстем тап өкілдерін: байларды, билерді, болыстарды, т.б. аяусыз шенеді. Болыстыққа таласып, мал шашып, кейін оны еңбекші бұқарадан еселеп қайтармақ болғандарды кекетіп: «Болмыс болдым мінеки, бар малымды шығындап», - деп әжуалады. Сондай-ақ кедей, мүсәпір, жетім – жесірлердің қиын өмірін жаны ашып суреттеді. Оған «Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңі дәлел болады.

Абайдың дүниетанымында Құдай мен табиғат, адам мен құдірет, жан мен тән, өмір мен өлім көп орын алды. Осылардың бәріне прогресшілдік тұрғыдан жауап іздеді. Абай, бір жағынан, Құдай бар деп, түсінсе, екінші жағынан, дүниенің, әлемнің объективтік заңдылығы бар екенін мойындайды. Сондықтан ғылымды меңгеруге, дүниені түсінуге шақырды. «Ғалым болмай немес, балалықты қисаңыз» дегені немесе «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер жеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілімен кеш сермедім» дегені осының айғағы Абайдың ойынша адамның ақылдылығы, саналылығы дүниені зерттеумен, оның ішкі сырын білумен тығыз байланысты. Таным тұрғысынан Абай сананың, ақылдың рөлін жоғары бағылады. Дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды меңгеру. Абайдың пікірінше, адамға тән қасиет болуға тиіс. «Дүниенің көрінген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуаның жаны болады», - деп жазды. Абай шығармаларында, оның дүниеге көзқарасында стихиялық диалектиканың да орын алғанын байқауға болады. Айналадағы дүниенің мәңгі қозғалыста, дамуда екенін былай түсіндіреді: «Дүние бірқалыпта тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бір қалыпта тұрмақты берген жоқ». Немесе «Дүние – үлкен көл, Замана – соққан жел», - дейді Абай «Отыз жетінші сөзінде». Оның ойынша, дүниеде өзгермейтін, құбылмайтын мәңгілік ешнәрсе жоқ. Табиғатқа да? адамға да осы заң ортақ екенін айтады. Мәселен, «Отыз жетінші сөзінде» Абай: «Адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват», - деп жазды. Олай болс адамды адам тәрбиелейтін оның ортасы, әлеуметтік ортасы, достары болмақ. Балыйша айтқанда, адамның жаман, не жақсы болуы құдайдан емес, тәрбиеден екенін мойындайды. «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», - дейді Абай. Әрине бұл пікірлер Абайдың діни уағыздарға сене бермейтінін көрсетеді. Ол «Қырық төртінші сөзінде»: Адам баласының ең жаманы – талапсыздық деп атап көрсетті. Абай әр нәрсенің, істің өлшемі болады деп білді. Егер өлшем сақталмаса, шектен шықса, сапалық өзгеріс болатынын айтты. «Қырық үшінші сөзінде» Абай: «Әрбір нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса – жарамайды. Өлшеуін білмек – бір үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай алмай, қияли болып та кеткені де болады. Ішпек – жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек айлалы болмақ, алданбастық – бұл нәрсенің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшемнен асырса, боғы шығады», - дейді. Абай: Оның ғажап тағы бір ойы: «...Көпте ақыл жоқ. Ебін тапта, жөнге асл», - деген. («Отыз жетінші сөзі»)№ Абай шығармаларында, әсіресе бес қара сөздерден тұрған оның тақияларында талай философиялық ойлар, толғаулар айтылған. Шоқан мен Ыбырай сияқты, Абай да халқымыздың ұлттық мақтанышы. Оның ой-пікірі – прогресшіл адамзаттың тұжырымы№ Өйткені ол мистикалық йдан аулақ болды, ақыл – парасатты дәріптеді. «Отыз сегізінші сөзінде» Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: әуелі надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залылық», дейді.

1995 жылы еліміз Абайдың 150 жылдық мерекесін тойламақ№ Бұл халқымыздың оған деген мол ризалығы мен құрметінің тағы бір айқын көрінісі болады.

 

 

XX ғасырдың басындағы қоғамдық – саяси ой-пікір

XX ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине оларды дүниеге келтірген қоғамдық жағдайлар. ең алдымен ол 1861 жылдан бастап басыбайлық құқық жойылғаннан кейін Ресей құлаш жайып, дами бастады. Капитализм XX ғасырдың басында Батыс Европа елдерінде империализмге ұласты., отаршылдық езгі күшейді. Соған сәйкес Ресейдің орталық аудандарында революциялық қозғалыс, ал шет аймақтарында ұлт – азаттық қозғалыс пайда болып, күшейе түсті. Ұлт аймақтарында өсіп шыға бастаған зиялылар өкілдерінің ұлттық сана – сезімі оянып, олар ұлттық теңсіздікке, езгіге наразылығын білдірді, бостандықтың жолын іздестірді. Сол кездегі қазақ тың алдыңғы қатарлы ойшыл – азаматтарын ойландырған қандай мәселелер? Ең алдымен оларды ел тағдыры, отаршылдық бұғаудан құтылу, дербес тәуелсіздік мемлекет құру жайы толғандырды. Өйткені патшалық Ресей Қазақстандағы басқа ұлт – аймақтары сияқты өзіне қосып алған соң, қазақ жерлерін Ресейдің меншігі деп жариялап, отаршылдық тәртіп орнатты, құнарлы жерден, өзен – көл жағаларынан, тау етектерінен жергілікті халықты ығыстырып шығарып, оларды құнарсыз, шөлейт жерлерге айдап салды, әскери бекіністер орнатып, Ресейден помещиктердің бұғауынан босағанымен, жерсіз, шаруашылықсыз қалған жүз сыңдаған орыс шаруаларын әкеліп қоныстандырды, орыс-казак әскери қолдарын орналастырып, бекіністер салды, тарихи жер-су аттарын өзгертіп, орысша атады, олардың бұрынғы табиғи қалыптасқан атауларын халық санасынан өшіріп, ұмыттыра бастады. Бұл алдын ала ойластырылған, халықтың қанын теспей соратын нағыз отаршыл басқыншылардың Америкада байырғы үндістерге қолданған жауыз, айуандық әрекетіне ұқсас саясат болатын. Отаршылдық саясат бойынша қазақ халқының атын да «Киргиз» деп өзгертіп, не бұратана, тіпті дала адамы (степняк) деп кемісітіп, оларды өз мекенінен айырмақ болды. Жергілікті халық екі түрлі қыспаққа қалды: бірі – отаршылдық езгі де, екіншісі – жергілікті үстем тап езгісі. Бірақ қазақ халқы американдық үндістерге қарағанда мыңдаған жылдарға тамыр тартқан тарихи мәдениеті қалыптасқан, лүкен адамгершілік әдет-ғұрыпты, ар-намыс пен сыпайылықты дәріптеп, сыйлаған озық ойлы халық болатын. Олар мұндай қорлыққа төзбеді. Олар, бір жағынан, орыстың жәй халқынан өзіне жақын дос тапса, екінші жағынан, отаршыалрдан қастандық, арамдық көрді. Отаршылдыққа әбден наразы болып көрнеген Шортанбай (1818-1881), Дулат (1802-1871) сияқты ақындар, бйлайша айтқанда «Зар-заман» өкілдері халықтың жерін тартып алумен әдет-ғұрпын таптаушылыққа қарсылық білдірді. М. Өтемісов, Кенесары Қасымов, Жанқожа Нұрмұхаметов, А.Имановтар басқарған ұлт-азаттық көтерілістері шықты. Патша өкіметі бұл көтерілістерді аямай басу үшін жазалау отрядтарын жіберіп, қарапайым халықты қырғынға салды. Әине, олардың әрқайсысына тарихта әртүрлі баға берілді. Отаршыл патша өкіметі оларды қарақшы деп атаса, жергілікті халық оларды «батыр» деп дәріптеді, мақтан етті. Кеңес өкіметі жылдарында олардың кейбіреулері таптық көзқарас тұр,ысынан бағаланып, отаршылдық саясатқа қарсы күрес жалпы Ресейге қарсы күрес деп жарияланып, реакциялық қозғалысқа жатқызылды (мәселен, Кенесары, Жанқожа көтерілістері).

Бірақ мәселе көтерілісті қай таптың өкілі басқарғанында емес, алдына қандай мақсат қойғанында Ұлт-азаттық қозғалысы болған оң ол отаршылдыққа қарсы тәуелсіздік үшін жүргізіліді. Баға да сол тұрғыдан берілуі шарт. Сондықтан да соңғы кездерде, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуына байланысты, бұларға баға беру жөнінде кеткен қателіктер жөнделуге. Олар ғылыми әділ бағасын ала бастады.

XX ғасырдың басында Ш. Құдайбердиев, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, Ә. Бөкейханов, Ш.Шоқаев, М. Дулатов, Н.Төреқұлов сияқты озық ойлы топ қоғам қайраткерлері саяси аренаға шықты. Олар ең алдымен «Зар заман» атанған дәуір өкілдерінің ой-пікірлерін ілгері дамытты. Оларды ойландырып, толғандырған ежелгі проблема отаршылдық бұғаудан құтыу қазақтарды өз алдына тәуелсіз ел ету, қолдан кеткен мүмкіндіктер мен айырылған жерлерге өкініш білдіру, халықтың санасын ояту болатын (XX ғасырдың басында түрлі саяси-әлеуметтік проблемалар көтерген «Айқап» журналының да аты соны аңғартады.) Сол мақсатқа бағытталған әрекеттердің бірі 1909 жылы Уфа қаласында Каримов, Хусаиновтар баспаханасынан жарық көрген М.Дулатовтың «Оян, қазақ» дастаны. Дастан: «Көзіңді аш, оян қазақ, Көтер басты, Өзкізбей қараңғыда бекер жасты! Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым енді жату жарамасты», - деп ұран тастаған сөздермен басталады. Пояманың атына ішкі мағынасы сай, халыққа көзіңді аш, оян, айналанды жайлап, жайлап барады, енді намыстанып, егемендік алмасаң, бәрінен айырыласың деп, халық санасына сәулелі шындық ұялатуды мақсат етеді. М.Дулатов «Қазақ жеріне» деген өлеңінде патшалық Ресейдің Қазақстан жерінде жүргізген отаршылдық саясатын әшкерелей келіп, былай деп жазды: «қазағым, жерің қайда атамекен, қазақ – қазақ болғалы мекен еткен. Қазірде бәріңізді қуып шығып, орнына қала салып хохол жеткен. шығуға жер өлшеуге землемерлер, бұл үшін кеткен біздің жақсы жерлер. Тәтті шөп, тұщы судың бәрі сонда, табатын бұған хайла, қайда ерлер?» Дәл осы өлеңдері үшін патша өкіметі М. Дулатовты қуғынға салып, түрмеге жапты. бірақ ол өлеңді де, оның авторын да құрта алмады. Өйткені, бұл өлеңдер бүкіл зиялы қазақ азаматтарының көкейкесті, бостандықты тілеген ой-армандары еді. Әрине, осы ой оларды 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа, «Алашорда» өкімеін орнатуға бастады.

XX ғасырдың басында сана- сезімі оянған ұлт – азаттық қозғалысы өкілдерінің екінші бір арманы надандықтан арылу, қазақ халқының санасын ояту, әйел теңдігін жақтау, керенаулықтан құтылу болды. Мұны С. Көбеевтің «қалың мал» романы, М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдары М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні» деген әңгімесі, т.б. көрсетеді. Бұл шығармаларда ғасырлардан келе жатқан әлеуметтік теңсіздік, қыздарды малға сату, шалдарға еріксіз тоқал ету сияқты ескі реакциялық әдет-ғұрыптар әшкереленді. Олардың мақсаты үлкендерді жас балалар секілді мектептерде оқыту, сауатын ашу, білім беру, қызметке тарту, әйел-қыздарды өз теңдеріне қосу болды, жас кезінен айттырып қою, қалың мал беру, әмеңгерлік сияқты бұрынғы патриархалдық – рушылдық әрекеттерді жоюды көздеді. Сондықтан 1917 жылдың шілдесінде Орынбор қаласында өткізіліп, «Алашорда» үкіметін жрариялаған жалпы қазақ съезі мемлекетті басқару, жер, оқу, т.б. мәселелермен қатар әйел мәселесі жөнінде арнайы шешім қабылдады. Съезд: «Әйелдер саяси құқықта ерлермен тең болсын», «Күйеуге тию еркі әйелдердің өзінде болсын», «Қалың мал жоғалсын», «Тұл қатын сүйгеніне тисін, әмеңгерім деп зорлық қылу болмасын» деген сияқты бірнеше құжаттар қабылдады.

Үшіншіден, XX ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер жасады. Қазақ халқының қарапайым ой-пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге дейін көтеріле алған Абайдың немере інісі Ш. Құдайбердиев болды. Ол Абайдың «Қырық бес қара сөзіндегі» ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан бастан отыз жылдай табанды ізденіс жасап, еңбек етті, сөйтіп «Үш анық» деген философиялық еңбегін жазып шықты. Ол еңбегінде Шәкәрім түрлі философиялық мәселелерге арнайы тоқталады. Бұлар – дүние, таным, тән мен жан, жану мен шіру, ождан, т.б. сияқты мәселелер. Ождан, дейді Шәкәрім, адамдағы нысап, әділет, мейірім, осы үшеуінің қосындысы. Оны тілейтін жан, деп түсінеді Шәкәрім. Бұл еңбегінде ол бірде материяны мойындаса, бірде идеяны алғашқы санап, идеализмге бас иеді. бірде ғылымға жүгінсе, бірде спиртизмді қуаттайды. Бұл Шәкәрімнің ізденісі қиын болғандығын, қазақ арасында бұған дейін қалыптасқан, жүйеленген философия мектептерінің болмағандығын көрсетсе керек. Көлемі шағын кітапшаны ұзақ жыл зерттеп жазғаны да соны дәлелдейді. «Мен жанды былай түсінемін, дейді, ол біз дененің түп негізін тексергендей, жанның да түбін тексерсек жан да дене сияқты басынан бар болып табылады.» Сөйтіп, адамның адамгершілік, ар-ожданының негізі жан өлмейтін, өшпейтін, мәңгі құбылыс болып шығады. Одан әрі Шәкәрім былай дейді: «Ғылым жолында әлде неше түрленіп, өзгерсе де дененің ешнәрсесі жоғалмаған сияқты, жанның да ешнәрсесі жоғалмайды» (Ш.Құдайбердиев. Үш анық. Алматы, «Қазақстан» баспасы,)Бірақ мұндай қайшылықтарына қарамастан, жалпы алғанда Шәкәрім прогреске, ғылымға, адамдыққа сенеді. «Мәселен,- дейді ол, - мен асқан ілімді, өнерлі болып керек нәрсенің бәрін жасап шығаратын зор машина жасасам, соның істеп шығарған нәрселерін мен жасады дейсіз бе, машина жасады дейміз ба? Бер жағынан қарағанда, дәл сол кезде жасап шығарған машина ғой. Ал ол машинаға соншалық қуат, шеберлік берген мен ғой. Маған сондайлық білім, шеберлік һәм машинаға керекті нәрселерді шығарып тұрған жаратылыстың негізі табиғаты ғой». Ал ол табиғаттың ар жағында басты жаратушы, тәңірі бар деп түсінгн. Бірақ ескі дін молдалары жаратылыс жолында оның сырына шорқақтығынан бұл туралы анықтап ұқтыра алмаған, деп қорытады Шәкәрім. Тіпті ғылым арқылы ол жанның да бар екенін дәлелдеуге ұмтылды. Жанды қуат, энергия деп түсінеді Шәкәрім. «Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таң қаламын» – деп жазды ол. Оның пікірінше, прогреске тірек болатын таза дене, толық мінез, ой істер.

Төртіншіден, ұлт-азаттық қозғалысы өкілдерінің аңсаған армандарының бірі – дербес тәуелсіздік мемлекет болу, өнеркәсіп орындарын, қалалар салу, мәдени ошақтар ашу, түрлі оқу орындарын ашып, олардың жұмысын жолға қою, елдің сауатын ашу, ұлттық зиялыларды өсіріп, жетілдіру болды. Солардың бірі А.Байтұрсынов Қазан революциясы қарсаңында араб алфавиті негізінде 29 әріптен тұратын қазақ әліппесін жасап тезірек хат танытудың төте жолын салды. «Тіл ашар», «Тіл құрал», «Сауат ашқыш», «Тіл жұмсап» деген кітаптар жазып, грамматика құрастырды, үлкен ғылыми реформа жасады.Сондықтан да қазіргі республика Ғылым академиясының Тіл білімі институтына А.Байтұрсынов есімі берілді. Әрине, олар яғни ұлт-азаттық қозғалыс өкілдері, 1917 жылғы Ақпан революциясын қуана қарсы алды, отаршылдық қирады, өз алдымызға мемлекет болуымызға жол ашылды деп, «Алашорда» үкіметін құрды. XVIII ғасырда қазақ халқының басын біріктіріп,, алғашқы үш жүзге бірдей болған қазақ мемлекетінің негізін құрған Абылай хан жүргізген саясатты қолдады. Қазақ халқының болашақ тағдырын ойлаған С. Торайғыров (18936-1920) қазақтарды жапондармен салыстырды. Ол XIX ғасырдың екінші жартысында (яғни 1868 ж мэйдзи революциясынан кейін) аз уақытта феодалдық шырмаудың бұғауын бұзып, дереу прогреске ұмтылған жапондарды қазақтарға өнеге етпек болды. 1918 жылы жарық көрген «Социализм» деген мақаласында С.Торайғыров былай деп жазды: «Егер қазақ Европаның даяр жолдарында түспей, өз беттері, өз алдарына жол жасауын тосып отырса, Европа қатарына кірудің алыстығы сонда болар еді» (С.Торайғыров. Таңдамалы шығармалар. Алматы. Қазақ мемлекеттік көркем - әдебиетбаспасы, 1957 ж) міне, бұл 70 жылдан бұрын жазылса да, дәл бүгін айтылғандай, бүгінгі күн тақырыбына жазылғандай, мән мағынасын сақтап ақлған. Өйткені, тәуелсіздік, бостандық проблемасы – қашанда көкейтесті проблема. «Енді қазақтың алдында, - деп жазды Сұлтанмахмұт, - «адам боламын» деп, ұшып келген де, желкелеп шығып, орға лақтырған Николай тұсының чиновниктері жоқ. Солай болған соң тегіс, жұмыла іске кіріссек, 20-30 жылдарда Европаның білгенін біліп, Европа қатарына қосылып кете алуымызға тарихтан жапондар мысал бола алса керек. Мұнан 58 жыл бұрын, 1960 жылдағы неменесі артық еді? Қайта, ол кездегі жапондарда есуасы болса да, атадан баласына мирас болып көшіп отыратын Даймос (губернатор) Шогондеріндей (наместник) кесел біздің қазақта аз. Жапондар осындай халәнен 35-40 жылдарда ер жетіп, Европа халіне кірді... Әрине, - деп жазды ол бұдан әрі, - жапон осы халіне Европаның пісулі астай даяр өнерін алумен жылдам жетті. Біздің солай жылдам жетуіміз үшін тегіс, жұмылып үйренуге кірісуіміз керек». Ол үшін мектеп, медресе, газет, журналдар кітаптар кебөйіп, ғылым дамуы керек, дейді. Одан соң дене мен ар азығы дейді. Дене азығы дегеніміз, Сұлтанмахмұт пікірінше, ғылыми – техникалық прогрестің табыстарын пайдалану, ал ар азығы дегеніміз - әділдік. «Осы соңғы ар азығы табылмай, - деп жазды С.Торайғыров, - басқа дене азығы өнерлерінің көбеюі мен жалпы адам баласының күн көрісі ауырламасы, жеңілдемейді: бақытсыздығы, көбеймесе азаймайды». «Ар азығынсыз құр өнердің өсуімен – дейді ол, - басқалардың бақытты бола алмайтындығы секілді, қазақ та бақытты бола алмайды». Сұлтанмахмұт осы айтқандарын қорыта келіп: «Ілгері кеткен жұрттардың тарихының қатесін енді ілгерілейін деп тұрған жұрттар істесе, көре, біле отқа түскендік болады. Тарих ғылымының пайдасы да алдыңғының қатесін кейінгінің істемеуінде» Сұлтанмахмұттың пікірінше, бір елден бір ел көріп, қатесін қайталай, дұрысын қолданып, ілнері даму керек. Бұл өте орынды пікір болатын.

Елде социализм ешбір тәжірибесіз, ең бірінші болып орнатыла бастады. Қателіктер де болды. Бірақ сол қателіктер социалистік жолға түскен басқа елдер сол күйінде қайталап келді. Бұл өкінішті жағдай.

Сұлтанмахмұт социализм теоретигі болмаса да, көп нәрсені дұрыс шамалап, орынды пікір айтқан. Оны бұған итермелеген оның өз халқын жақсы көргендігі, жанашырлығы еді. Қазақтар барлық жағынан, әсіресе сыртқы бет пішіні жағынан жапондарға өте ұқсас. Мұны жапондардың өздері де сойындады. Сондықтан Сұлтанмахмұттың біз неге сондай болмаймыз, біздің олардан неміз кем? – деп армандағаны негізсіз емес. Кеңес өкіметі жылдарында қуғын – сүргінге ұшыратылған қазақ зиялыларына «халық жауы» деп күйе жаққанда, өмірі тірі жапонды көзімен көрмеген кейбіреулерінің жапон империалистерінің агенті, Қазақстанды жапондарға сатпақ болған деп айыпталғанын айтпай кетуге болмайды.

Бесіншіден, ғасырлар бойы езіліп келген қазақ халқының сана-сезімін оятпақ болған Ж. Аймауытов: «Арғы атам ер түрік, біз қазақ еліміз, Самал тау, шалқар көл, Сары – Арқа жеріміз», - деп әскер маршын жазды. Немесе: «Қазағым қақтықпа, қамалма, Ел болар қамыңды амалда, Кетті түн, атты таң, шықты күн, Сал малды, сал жанды аянба», - деп ұран тастады. Сол үшін олар мысал, мәтелдерге мән берді. «Басына бохторғайдың бақыт қонса, самұрық қызмететер, саясында», деген сияқты ой қозғайтын пікірлер айтты. Сол сөздері үшін асыл ер Ж.Аймауытов 1930 жылы ешқандай қатысы болмаса да, Бетпаққарадағы шаруалар көтерілісі салдарынан алдымен ұсталып атылып кетті.

XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары өз халқын көшпеліліктен отыршылыққа, жер өңдеу, егін егу, өнеркәсіппен айналысуға шақырды. Бұл мәселе әсіресе «Айқап» журналы беттерінен кең орын алды. Сондықтан болар 30-жылдары Ә.Бөкейхановтың күйеу баласы С.Садуықасов индустрияландыру кезінде Қазақстан отаршылдықтың зардабынан тезірек құтылу үшін республика жерінде өнеркәсіптің көптеген саласын ашып, елімізді дамытуға шақырды. Бірақ оның бұл пікірі бүгінгі ьәуелсіз Қазақстан Республикасының мақсатына сай келгенмен, сол кездегі социалистік еңбек бөлінісіне қайшы келді. Оның бұл пікірі Қазақстанның бүкілодақтық еңбек бөлінісіндегі алатын орны мен үлесін төмендетіп, азайтады, ұсақтандырады, экономикалық жағынан орынсыз шығындануға әкеп соғады деп саналды.

Бәлкім, кезінде сын орынды да болар. Бірақ мәселе әр істің нәтижесінде. Дегенмен ол еңбек бөлінісінің кемшіліктері болғанын өмірдің өзі көрсетті. Айталық, сондай еңбек бөлінісі нәтижесінде Қазақстан Кеңес өкіметі жылдарында тек шикізат: мыс прокат, көмір, мұнай, газ, ет, астық, т.б. шығартын аймаққа айналумен шектелді. Әрине, Қазақстан дамымалы демейміз. Дамыды. Оның өндіргіш күштері, мәдениеті өсті. Дегенмен Қазақстан өз еліне шығарылатын ен байлыққа өзі ие болмады. Ал шикізат қашанда халықаралық сауда бағасымен алғанда су тегінге кетеді. Өмірі қарыздан шыға алмайтын Африка мемлекеттері сияқты, қазақстан да Орталық үкіметтің дотациясында, яғни қарыздар болып жатты. Машина жасау, бүтін зат шығару жағы ескерілмеді. Бұл мәселелер енді ғана, Қазақстан егенмендігін қолына алып, тәуелсіз болған кезден бастап әділ шешімін табуда. Бұл айтылғандар XX ғасыр басындағы қазақ ойшылдары мен қайраткерлерінің көтерген мәселесі орынды екендігін көрсетеді. Социалистік еңбек бөлінісінің түпкі бір астары Қазақстан сияқты ұлт аймақтарын шикізат шығарушы, оны үнемі Ресейге тәуелді аймаққа айналдыру, одан қол үзіп кете алмайтындай етіп, жіпсіз байлау болатын. Оның да зардабын егеменді Қазақстан Республикасы күн сайын басынан кешіріп отыр. Сөйтіп, социалистік еңбек бөлінісі бұрынғы отаршылдық саясаттың басқа бір көрінісі болды. Бірақ 1917 жылы Ресейдегі Ақпан Революциясы жеңіп, патша өкіметі құлатылғаннан кейін қазақ жеріндегі Алашорда үкіметінің өмірі ұзаққа созылмады, тағдыры қасіретпен бітті. Оны Уақытша үкімет те, Сібірдегі адмирал Колчак үкіметі де мойындады. Ал, Ресейде іле-шала жеңіп шыққан Социалистік Қазан Революциясы буржуазиялық Алашорда үкіметін заңсыз, тіпті контрреволюциялық деп тапты. Сондықтан 1919 жылы Кеңес өкіметінің жаппай орнатылуына байланысты Алашорда үкіметі өмір сүруін тоқтатты. Алашорда үкіметінің басшыларына Кеңес өкіметі тарапынан кешірім жасалып, Ә.Бөкейхановқа, А.Байтұрсыновқа, т.б. кеңестік орындарда адал қызмет етулеріне рұқсат берілді. Бірақ, өкінішке қарай олар көп ұзамай 1929 жылдан бастап, сол бұрынғы Алашорда үкіметіне қатысқаны үшін қайтадан қуғынға салынып, ақырында 30-жылдарындағы аласапыран кезде жазықсыз жазаға тартылды. Ал олардың көксеген армандары енді іске аса бастады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып өз бостандығын өз тізгінін өз қолына алды, президенттік мемлекетке айналды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 568 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2294 - | 2147 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.066 с.