Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге келеді, тіршілік - әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас дүниенің бар екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағанда бұл өзінен-өзі түсінікті сияқты көрінеді. Сонымен бірге адамдар табиғат пен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның толысып жататына қарамастан, дүние біршама тұрақты тұтас нәрсе ретінде сақталтынын да анық аңғарады. Алайда қоршаған табиғи және әлеуметтік дүние бір қалпында тұрмайды, мезгіл-мезгіл адамдардың алдына шешуін іздеуді талап ететін алуан түрлі қиын мәселелер қояды, нақты тіршіліктің күңгірт жақтарына үңілуге мәжбүр етеді, қалыптасқан әдет-дағдыдан ілгері өтіп, мүлде басқаша ойланып-толғануға итермелейді. Бұл орайда бұрын бұрын бұлжымас әрі шүбәсіз болып көрінетін тіршілік негіздерінің іргесі сөгіліп, ыдырап, күдік келтіруі ерекше мәнге ие болады. Міне осындай өмір туғызған күдіктер мен толғаныстар адам санасына болмыс ұғымының қалыптасып, айқындалуына әкеледі. Мәселен, адамзат ақыл-ойының қолөнерінің біздің дәуірдегі шырқау дамуының нәтижесінде ядролық апат қаупінің туындауына байланысты миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп келген адамзат қоғамының жер бетінде аман қалу-қалмау мәселесі баршамыздың алдымызда тұрғаны белгілі. Кейінгі кезде халықтар арасында жаңа қарым-қатынас қалыптастыру барысында бұл қауіпті сейілтуге болатынына кез жеткізіп отырмыз. Немесе, жер құрлығының құрлығының «алтыдан біріне» ие болып, әлемді аузына қаратқан, дүниеге күш-қуатымен, айбарымен аты мәлім болған шынайы социализм құрылысын жүргізіп келген» КСРО мемлекетінің тарихи тұрғыдан алғанда «қас пен көздің арасында ыдырауы, қоғамда бірбеткей емін – еркін билеп – төстеп басқарып келген Компартияның саяси тұғырдан таюы, бұрынғы одақ құрылымындағы республикалар негізінде ұлттық тәуелсіз жаңа мемлекеттердің тарих сахнасына келуі, экономикалық, саяси дағдарыстар, ұлтаралық кикілжіңдер мен қантөгістер, т.б. болмыс туралы, өмірдің мәні жайлы, заманның сарыны жайлы әрбір адамды терең толғанып, көп ойануға жетектегені белгілі. Мәне осының бәрі дүниенің болмысы деген ұғыммен астасып жатқан мәселелер.
Әрине, болмыс туралы ой толғау дүние «бүгін бар», «осында бар» және «осылай бар» деген қарапайым түйіндермен ғана шектелмейтіні түсінікті. Себебі, дәл осы арада әлгілерде қоса дүниенің «өйткені мен ертеңі қандай?», «осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде де бар емес пе?» деген сияқты сұрақтар заңды түрде туындайды ғой. Осы сұрақтарға жауап қайтару барысында тарихта бірқатар философтар бұл шексіз дүние өкініші емес, әрқашан болған, бола береді деп тұжырымдады. Енді біреулер дүние болды, бар және бола ақыры бар деп түсінуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенің өмір сүруінің тұрақтылығы мен өткіншілігі туралы пікірлердің өзара қарама-қайшы қауышуынатүрткі болды. Ал бұдан келіп дүниенің тұрақтылығы мен әрбір жеке заттардың, жеке адам өмірінің өткіншілігінің арақатынасы қандай деген келесі сұрақ туындады. Сөйтіп, болмысқа қатысты мәселелердің біртұтас желісі қалыптасты.
Сонымен, болмыс мәселесінің бірініші, қыры мен сыры мынадай сұрақтар мен жауаптар тізбегімен топшыланады: не бар, не өмір сүреді? Дүние деген не? Ол қайда? Осында және басқа жердің бәрінде ол қашаннан және қалай бар? Қазір де бар, бұрын да болған және бола береді, ол түпкілікті делік. Жеке заттар, организмдер, адамдар, олардың тіршілік қызметі қаншалықты ұзақ жасайды? Олар шектеулі, ауыспалы? өткінші ме? Осыдан келіп тұтастық ретіндегі табиғат болмысының түпкілікті, тұрақтылық сипаты мен заттар, адамдар, табиғат құбылыстары болмысының өткінші, көшпелі арасындағы қайшылықтардың өзара байланысты мен бірлігі шығады. Болмыс мәселесінің түбірі, оның күрделілігі, міне, осымен сипатталады. Басқаша айтқанда, дүние өмір сүру үрдісіне, болмысына біртекті емес: жалпы алғанда ол тұрақты, ал оның жекелеген жақтары, құрамдас бөліктері, заттары мен құбылыстары көшпелі, өткінші, халықтың қарапайым өзімен айтқанда «алдамшы, жалған дүние». Тұтастық ретіндегі дүниенің болмысын бүкіл дүниеге бардың болмысынан ажыратып қарауға болмайды. Алайда дүниенің болмысы мен дүниені құрайтын заттар, құбылыстар мен тіршілік иелері болмысының арасында айырмашылық бар. Сөйте тұра дүниенің өмір сүруіне ажырамас бірлік, әмбебап тұтастылық тән.
Дүние тұрақты, нәрсе ретінде адамның санасынан тыс және оның еркінен тәуелсіз өмір сүреді. Әрине, бұл тұтастықтың өзі алуан көрініс тауып отырады. Әр адам күнделікті тіршілігіне табиғатпен, қоғаммен, басқа адамдармен өзінің ортақ бірлігін іздеуге тырысады. Сонымен бірге оған заттар мен рухани құбылыстар, табиғат пен қоғам арасында, өзі мен басқа адамдар арасында айтарлықтай айырмашылықтар мен өзгешеліктердің бар екендігі өзінен-өзі белгілі болады. Сөйтіп, заттар мен құбылыстардың ортақ қасиеттері бар ма, оларды не біріктіреді деген сұрақ алға тартылғанда, философтардың жасаған қорытындысы мынау: табиғат заттары, рухани құбылыстар (ой, пікір, т.б), қоғам және табиғат, түрлі жеке адамдар – бәріне ортақ нәрсе – олардың «бар» екендігі, өмір сүріп отырғандығы және де олардың жеке-жеке, өз бетінше емес, өзара байланыста, белгілі бір бірлік, тұтастық дүние құрамында екендігі.
Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған саяды: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар – бәрі тең өмір сүерді, бірақ өмір сүру түрлері әрқилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлінгін құрайды.
Сонымен, табиғат дүниесі болған, бар және бола береді: адам, қоғам пайда болғаннан бері бар, бола да бермек дейміз. Олардың бәрі өзіндік айырмашылығын, ерекшелігін, шектілігі мен өтпелілігін сақтай отырып, дүниенің біртұтастығын, тұрақтылығы мен түпкіліктілігін қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, дүние өзінің өмір сүруі мен дамуының ішкі және объективті логикасы арқылы әрбір адамның санасы мен іс әрекеті үшін, әрбір ұрпақ үшін нақты ақиқат болып табылады. Ең маңыздысы – адам санасының өзі ерекше болмыс, ол да өмірдің шынайы, нақты процесі. Дүниеде бардың болуы, яғни табиғи заттар мен процестер, түрлі құбылыстар, адамның өз ақыл-ойы мен қолөнері арқылы табиғатты өзгертіп жасаған заттары мен құбылыстары, қоғамдық өмірдің сан-қилы қарым-қатынастары – бәрі әрбір адам үшін, оның санасы мен іс-әрекеті үшін ақиқат. Әрбір адамның іс - әрекеті басқа адамдар үшін және оның өзі үшін іс жүзіндегі нақтылы ақиқат. Әрқайсымыз өзіміздің тәнімізге, жан-дүниемізге, өткеніміз бен бүгінмізге және келешегімізге, басқа адамдармен, қоғаммен қарым-қатынасымызға ерекше ақиқат, айрықша болмыс ретінде қарайтынымыз рас. Ендеше, өмір сүру барысында тек заттық зүниенің ғана емес, рухани құбылыстармен де ақыл-ой, сана, көңіл күйі, жан сезімі – нақты ақиқат ретінде санасуға тура келеді.
Қысқасы, болмыс мәселенің үшінші қыры – дүниеде бардың, өмір сүретіннің бәрі – нақты ақиқат: бұл ақиқаттың өмір сүруінің, дамуының іштей логикасы бар, ол адам санасынан нақты бейнесін таба алады дегенге келіп саяды.
Жоғарыда айтылған болмыс туралы ой-пікірлерді жинақтай келе былайша тұжырымдауға болады: 1) дүние бар, ол шексіз де тұрақты тұтас нәрсе ретінде өмір сүреді; 2) табиғи және рухани құбылыстар, жеке адамдар мен қоғам – бәрі әртүрлі болғанымен тең өмір сүреді; 3) дүние-ақиқат және ол адамдардың санасы мен іс-әрекетінен нақты көрініс таба алады. Болмыс ұғымы заттар, процестер, құбылыстар қасиеттерін нақты түрде қамтымайды, өмір сүру фактісін белгілеумен ғана шектелмейді. Керісінше, олардың арасындағы жалпылық сипаттағы күрделі байланыстарды, тұтастығы мен бірлігін талдап қарастыруға мүмкіндік береді. Болмыстың философиялық түсінігі арқылы абстракциялық ойлаудың биік деңгейіне көтерілеміз, табиғат пен адам, адам мен оның жан-дүниесі, рухы, жеке кісі мен қоғам арасындағы айырмашылықтардан оқшауланамыз. Бұдан болмыс таза ой, идея екен деген пікір тумауға тиіс. Болмыс ұғымы арқылыы дүниенің бар екеніне иланып, оны құрайтын құбылыстардың бәріне тән, бәрін біріктіретін неғұрлым ортақ, жалпылық әлемдік байланысты іздестіреміз.
Болмыстың негізгі түрлері
Тұтас дүние өзіндік ерекшеліктерімен дараланатын, бірақ өзара байланысты болатын сансыз көп түрліше заттардың құбылыстар мен процестердің, құрылымдар мен жүйелердің, тіршілік иелерінің адамдардың жалпы бірлігін, өмір сүруін қамтиды. Аталған әрбір құбылыстың өзіндік даралық мәні бар дейтін болсақ, онда тұтас дүниені мәндердің деп қарау орынды. Дүниені құрайтын әрбір даралықтың, құбылыстың тек өзіне тән, өзін басқа емес, дәл осының өзі етіп тұрғанын анықтаушы ерекшелігі бар. Осы анықтаушы ол құбылыстың дара болмысының мәні болып табылады. Дара болмысты мойындай отырып, оларды жинақтап қарау, ортақ белгілері мен қасиеттерін іздестіру арқылы болмысты түрлерге топтастыру таным мен өмірлік практика үшін мейлінше қажет.
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – ақыл-айдың болмысқа қатынасы туралы мәселені – түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.
Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінн айырмашылығы бар, бірақ өзара қабысқан, тығыз байланысты тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:
1)заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысына бөлінеді;
2) адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;
3) рухани (идеялық) болмыс;
4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.
Әлеуметтік өмірге қатысты болмыс түрі кейінгі арнаулы тарауларда тереңірек қарастырылатындықтан, біз болмыстың алғашқы үш түріне тоқталайық.
Адамзаттың, қоғамның пайда болып, қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның, қажетті алғышарттардың, жаңдайлардың болуына байланысты екені белгілі. Басқаша айтқанда, тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет - әрекетінің негізі – табиғат заттары мен табиғат процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған табиғи ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналды. Бұрын табиғатта дәл сондай дайын күйінде болмаған, адамдар өз қолы мен ақыл-ой күші арқылы жасап шығарған, өндірген жаңа заттар мен процестердің, жағдайлардың тұтас дүниесі пайда болды. К.Маркс мұны «екінші табиғат» деп атады.
Бірінші табиғаттың ерекшілі неде? Табиғат адам атаулы пайда болғанға дейін болды, өмір сүрді. Адам мен оның санасы пайда болғаннан кейін де ол өз болмысының тәуелсіздігін сақтайды. Әлбетте, табиғатты, оның заттарын, процестерін, құбылыстарын, өзгеріске түсу және даму заңдылықтарын санасына қабылдап, ой елегінен өткізуші, айтушы – адамдар. Табиғаттың өзінен тәуелсіз, санасынан тысқары, дербес өмір сүретінін, оның өзінен көп бұрын пайда болғанын толық мойындап, олар бүкіладамзаттық әлеуметтік – тарихи тәжірибе негізінде, өмірлік фактілерді саралау, ғылыми – зерттеулер мен жүйелі дәлелдемелер нәтижесінде келді.
Сөйтіп, болмыстың негізгі әрі айрықша түрі есебіндегі төл табиғаттың, яғни бірінші табиғаттың басты ерекшелігі – оның адамнан бұрын пайда болып, адам санасынан үнемі адамнан бұрын пайда болып, адам санасынан үнемі тыс әрі оған мүлдем тәуелсіз өмір сүре алатындығы болып табылады. Табиғат тұтас алғанда кеңістік пен уақытта шексіз – ол әрқашан және қайда болса да болған, бар және бола береді. Бұл табиғаттың жекелеген нақты заттарына, процестеріне, құбылыстары мен жай-күйлеріне тән емес бірегей ерекшелік. Өйткені, олар нақты бір жерде өмір сүреді, бар болып табылады, екінші бір жерде олар жоқ, өмір сүрмейді. Олар бірде бар, енді бірде жоқ, бір кезде пайда болады, тағы бір мезгілде дәл сол күйіндегі өмір сүруін тоқтатты. Жерге түскен ұрықтан немесе тамырдан ағаш көктеп шығады, толысып, қседі, мезгілі жеткенде қурап қалуы немесе бір себеппен сынып қалуы мүмкін, т.б Демек, табиғат заттарының, процестерінің, құбылыстары мен жай – күйлерінің болмысы өткінші, көшпелі. Олардың болмысы не болмыссыздығы ауыспалы, қалыптасу, даму, өзгеру процесі кезектесіп отырады.Гераклит пен Гегель сияқты ойшылдар өтпелі, ауыспалы заттар болмысының диалектикасын айқын ашып берген болатын. Гегель қалыптасу процесін саралай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп дәл көрсеткен. Мәселен, әр адам дүниеге үлкен үміт, асқақ арманмен келеді. Қоғамдық қатынастарға араласып, тіпшілік жасайды, өмірдің ащы-тұщысын татады, шама – шарқынша із қалдырады. Сөйтіп жүргенде қас-қағым сәттей болып бұл жарық дүниеден өтіп кеткенін білмей де қалады. Үлкендердің «сағым дүние, жалған дүние» деп ой толғап отыратындығы да сондықтан. Өйткені, заттың болмысы оның болмыссыздығына орын босатады. «Аумалы – төкпелі дүние» деген ұғым, бір жағынан, осыны білдірсе керек. Алайда мұның бәрі тұтасынан алғандығы табиғат болмысының тоқталуын білдірмей. Жоғарыдағы мысалдарда көрсетілгендей, зат қиратылады, адам өледі, бірақ олар дүние болмысының тұтастығынан жоғалып кеткен жоқ, олар болмыстың басқаша материалдық жай-күйлеріне ауысып кетті. Сонымен, табиғат болмысының тағы бір ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік тұтастық ретіндегі табиғат дүниесінің тұрақты әрі болмысындағы жекелеген мәндердің өтпелі және тұрақты болмысының диалектикасын танытады.
Төл табиғат сонымен бірге ерекше тұрпаты ақиқат болып табылады. Толассыз да шексіз табиғат тасқынында адам, санасымен қоса алғанда, біртұтас болмыстың ұшы-қиырсыз желісіндегі ең кеш болған буындардың бірі ғана. Табиғат үшін өмір сүру, «болу» - адам санасымен (немесе қандай бір ақыл иесімен) қабылданатын құбылыс болу дегенді әсте білдірмейді. Әлем дүниесінің шексіз зор кеңістіктері адам пайда болған дейін ешкімнің санасымен ешқашан қабылданған емес. Бүгінгі таңда да адам табиғат дүниесінің барлық қатпарын санасымен түгел қабылдап, игере алатын қабілетке жеткен жоқ. Ол мүмкін де емес. Адам тіпті ой-қиялымен шарласа да, күллі толассыздық пен шексіздіктегі табиғатт құбылыстарын қамти алмайды.
Табиғат объективті шындық, ол алғашқы, онсыз адамзаттың өмірі мен қызметі де мүмкін емес. Табиғатсыз адам жасап шығарған заттар мен процестер, яғни «екінші табиғат» та пайда бола алмас еді.
Шынында да, бізді қоршаған заттар мен құбылыстардың көпшілігі адамның табиғат дүниесін өзгертуінің нәтижесі. «Екінші табиғат» қатаң түрде біріншісіне, шынайы, төл табиғатқа тәуелді және соның туындысы. Болмысының тұрпаты жағынан адам жасаған заттар мен құбылыстар табиғат дүниесіне ұқсас, олардың ортақ қасиеттері мен даму, өзгеру заңдылықтары айтарлықтай жеткілікті. Дегенмен, «екінші табиғаттың» өзіндік мәнді ерекшеліктері де бар. Сонда, екінші, жасанды табиғат дүниесінің шынайы төл табиғаттан айырмашылығы? Ең әуелі, оны жасап дүниеге келтіру барысында адам табиғат байлығын, табиғи материалдарды пайдаланып, өңдейді. Екіншіден, «екінші табиғат» дүниесін жасуда адамның еңбегі, іс-тәжірибесі және білімі пайдаланылады. Үшіншіден, «екінші табиғат» бұйымы ермек үшін жасалмайды. Оны дүниеге келтіру адамдардың әлеуметтік өмірдегі белгілі мұқтаждарынан, мақсат-мүдделерінен туындайды. Яғни оның қоғамдық - әлеуметтік маңызы, атқарар міндеті, алар орны деген сөз. Айталық, бүгінгі өмірдің қай саласынды болсын электронды аспаптар мен приборлар, түрлі қондырғылар мен машиналар етене қолдынылады. Оған тіпті бойымыз да, ойымыз да әбден үйренген. Олар табиғат қойнауынан алынып, адам қолымен өңделген түрлі металл, пластмасса, т.б. материалдардан жасалған. Сондай-ақ оларды өмірге ғылыми жетістіктердің, ақыл-ойдың, білім мен тәжірибенің нәтижесі екеніне дау жоқ. Оларды пайдаланып, іске қосу да адамдардан үлкен білімді, қабілетті, материалдық мүмкіндігі де өмір талабынан туған заңдылық. Сөйтіп екінші табиғат туындысы, оның материалдарынан аданың білімі, еңбегі, тәжірибесі және дағдысы негізінде қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жасалады. Яғни, «екінші табиғат» болмысы – табиғи – рухани - әлеуметтік тұтастық құрайтын нақтылы ақиқат. Ол мәні жөнінен әлеуметтік – тарихи сипатқа ие, адамзат қоғамының құрамдас бөлігі, тқл табиғат пен қоғамды жалғастырушы басты дәнекер. Сондықтан да, бір жағынан, қоғам мен «екінші табиғаттың» үнемі үйлесім тауып отыру қажеттігі ешуақытта маңызын жоймайды, екінші жағынан, «бірінші табиғат» пен «екінші табиғаттың» ортақ заңдылығын, біртұтастығын, бірегей болмысына қатысты олардың өзара байланысын сақтап, реттеп отыру да за заманымыздың көкейкесті жалпыадамзаттық мәселесі болып табылады.
Енді жекелеген адам және тұтасымен адамзат болмысының елеулі принципі өзгешелігі, өзіндік сапалық мәні неде деген мәселеге келейік. Әрине, бұл болмыстың да табиғаттың көшпелі заттарымен болып келетін маңызды өмір сүру белгілері бар. Бұл тұрғыдан алғанда адамды заттардың арасында зат, денелердің арасында дене қараудың еш сөкеттігі жоқ. Кезінде кейбір материалистер мен жаратылыстанушылардың да осындай пікірде болғаны белгілі. Тек ескертетін жай, бұл көзқарас адамды «затқа», «объектіге» теңестірушілікке, оны қалай болса солай қуыршыққа айналдырғысы келген, адамгершілікке кереғар пиғылдан аулақ болса ғана өзін ақтамақ. Бірақ болмыс туралы жалпы философиялық ілім үшін ең алдымен адам қалай өмір сүреді деген сұрақ төңірегінде ойлану әлдеқайда маңызды. Адам ең әуелі тіршілік иесі, нақты кісі ретінде, былайша айтқанда, «сүйек пен еттен жаралған пенде» есебінде өмір сүреді. Оның тәні, денесі – табиғаттың бөлшегі. Ол дүниеге келеді, тіршілік иесі есебінде іс-әрекет жасайды, мезгілі кеткенде өледі. Адам өмірі шектеулі, ол өткінші болмыс иесі. Табиғаттың бөлшегі ретінде адамның бүкіл тіршілік әрекеті оның заңдылықтарын бөзбайды. Оған тамақтану, киім-кешек, жай-күйі үшін өзіне жағдай жасау, ыстық-суықтан қорғану, табиғаттың түрлі өмірге қауіпті күштерінен сақтану, т.б. қысқасы, тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ол табиғи түрде тұқым қуалаушылық заңдарына бағына отырып, жаңа ұрпақтың өсіп-өрбуіне себепкер болуға тиіс.
Бұдан шығатын қорытында мынадай: адам болмысының алғышарттары – оның табиғат бөлшегі ретінде, организм ретінде өмір сүруі. Алайда адам болмысының басты ерекшелігі – ақыл-ой иесі, санасы бар яғни тек тәннің ғана емес, жанның рухани дүниенің иесі екендігінде. Адам табиғаттың бөлшегі, төл баласы өркені, сонымен бірге ол әрі тарихты, әлеуметтік өмірді жасаушы, әрі тарихи – қоғамдық дамудың туындысы. Адамдар дүниеде тек өмір сүріп қана қоймайды, сондай-ақдүниеге, қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға және өздері өздеріне әсер етуге, өзгеріп, түрлендіруге қабілетті. Осыған қоса олар өз болмысын және жалпы болмысты танып – біледі, «болмыстың тағдыры» үшін дабыл көтере алады. Осыдан келіп әрбір адамның адамзат тағдыры үшін, табиғатты, тұтас жер планетасын қорғау үшін жауапкершілігі туындайды.
Адамдар болмысы жекелеген адамдар санасы тұрғысынан алғанда нақтылы, объективті. Адамдар жекелеген адамның санасынан тысқары, тәуелсіз өмір сүреді. Бірақ адам болмысы әсте санадан, рухтан мүлдем тәуелсіз болмайды. Себебі, адам болмысы – заттың, табиғилық пен руханилықтың, дербестік пен қаумдастықтың жеке кісі мен қоғамның өзара қайшылыққа тұратын ажырамас бірлігі.
Енді рухани байланысқа тоқталайық. Руханилық - өзінің өмір сүруі мен көрінісінің нақты түрлері жөнінен сан алуан болып келетін сана мен санасыздық процестерін қамтитын көптүрліліктің біртұтастығы. Оның құрамына табиғи тілдер мен таңбалық (символдық) жүйелер түрінде іс жүзінде асырылған, материалдандырылған білім кіреді. Сондай – ақ, адамдар арасындағы қатынастардың ізгіліктің, шығармашылық пен құқылық өлшемдері мен процестері де рухани өнімдер мен процестер қатарына жатады. Рухани болмысты шартты түрде үлкен топқа – жеке адамдардың тіршілігнен ажыратып қарауға болмайтын дербестенген руханилыққа және дара адамнан тысқары өмір сүре алатын объективтендірілген руханилыққа бөлуге болады. Біріншісі – басқаша айтқанда, дараланған адамның санасы. Ол нақты адаммен бірге пайда болып, бірге өмір сүреді, сыртқы дүниені бейнелейді. Сана арқылы адам табиғи және әлеуметтік ортадағы өз орнын, басөа адамдармен қарым-қатынасын анықтап, өз ойлары мен келгенде жеке адамның санасын өзімдік сана деп те қарастыруға болады. Адамның «мені» мен өзімдік санасын шынында да, бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды. Адам санасы, жоғарыда айтқанымыздай, өзімен бірге пайда болып, өзімен бірге өледі. Алайда тіршілікке оның санасының ізі атқарған істерінен көрініс тауып жатады. Дербес рухани болмыстың ерекшелігі осында. ең бастысы – сана бар, ол өмір сүреді, ақиқат. Оның процестерінің тікелей болмысы көрер көзден, сырттай бақылаудан жасырын жатқанымен, адамдардың іс - әрекетінен талап – тілектерінен, ой-армандары мен мінез – құлықтарынан көрініс тауып аңғарылады. Сана процестері белгілі бір кеңістік және уақыт аумағымен шектелмейді, оларға идеалдық құрылым тән. Адамның ойлау қызметі барлық жылдамдықтардан жүйрік, кез келген кеңістік және уақыт өлшемдерінен асып түсіп ілгері кетіп жатады. «Көңіл жүйрік пе, дөнен жүйрік пе» деген халық мәтелі осыны жақсы білдіретін тәрізді.
Адамның рухани тұтастығы, бүкіл психикалық әрекеті санамен қоса санасыздық процестерін де қамтиды. Санасыздық та сана сияқты нақтылы ақиқат, дербес рухани болмыстың ажырамас бөлігі. Адамның тыныс-тіршілігі, қимыл - әрекеті, ісі түгелімен сананың толық қатысуы арқылы жасалмайтыны белгілі. Олардың көбі әбден дағдыға айналып кеткен, ой елегінен, санадан өтпей-ақ істеле береді.
Санасыздықтың мән-мағынасын зерттеген ғалымдар (сана туралы арнаулы тарауда бұл мәселе тереңірек қарастырылады) оның түрлі деңгейін көрсетеді. Мәселен, санасыздықтың бірінші деңгейі – адамның өз денесінің өмір сүруін санасыз түрде бақылауы, екінші деңгейі – санасыздық негізінде процестің бастау алуы. «Маған бір ой келіп тұр», «Меңінше, өйткен дұрыс сияқты» дегендей пікірлер айтылып жатады ғой. Осы мысал екінші деңгейді жақсы көрсетеді. Санасыздықтың үшінші деңгейінде сана мен санасыздық қат-қабат қабысып, бірін-бірі толықтырып тұрады. Бұл деңгей шығармашылық шабыт келгенде, философиялық ғылыми интуициялық сәттерде өз көрінісін білдіреді. Қысқасы, дербес рухани болмыс – сана мен санасыздықтың қайшылықты ажырамас тұтастығы.
Объективтендірілген рухани болмыс жеке адамдардың санасынан тысқары өмір сүреді міндетті түрде материалдық құбылыстардан көоініс табады. Материалданған рухани өнімдер мен процестер, сөздер, дыбыстар, табиғи және жасанды тілдер арқылы іс жүзіне асады (мәселен, кітаптар, сызбалар мен формулалар, жобалар, суреттер, ескерткіштер, музыкалық шығармалардың ноталары, т.б.) мәселен, тіл – дербес және объективтендірілген болмыстардың бірлігі болып табылады. Тіл мен сананың, тіл мен ойдың байланысы өте тығыз. Тіл арқылы сана қызметінің сыртқы, объективтендірілген нәтижелері көрініс табады. Тілдің таңбалары, әріптері дабастары, сөздері, сөйлемдері оның құрылымдары, ережелері – бәрі нақты ақиқат. Олар – жеке адамдардың санасынан оқшауланған ақиқат. Тіл – қоғам дамуындағы тарихты жалғастырушы, байланыстырушы мәдениеттің сақтаушысы, ақыл-ойы.
Рухани болмыстың объективтендірілуі қалай жүзеге асады дейтін болсақ, ең әуелі белгілі бір ой, идея, пікір жеке адамның санасында дербес пайда болады. Одан кейін адам өмір тәжірибесіне, біліміне, қабілетіне, мүмкіндіктеріне сүйене отырып, ой-пікіріне, идеясына материалдық сипат береді: тіл арқылы - өрнектейді, жоба жасайды, нотаға түсіреді, сурет салады, материалдық бұйым жасайды, т.б. содан кейін оны қоғамдық практиканың ағымына қосады. Мысалы, ерте заманда адам доңғалақ идеясын ойлап тапты. Алғашқы доңғалақ дүниеге келісімен-ақ, доңғалақ идеясы өмірдің барлық саласына кеңінен тарап, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып кете барды. Немесе, санау қажеттігіне байланысты ертедегі адамдар саусақтарын, одан кейінгі уақытта тастарды, таяқшаларды, т.б. пайдаланды, келе – келе есеп-шот дүниеге келді. Есепшоттың бүгінгі заманғы жалғасы – электронды есептеу машиналары. Осы мысалдарда көріп отырғанымыздай, жеке адамның санасында әуелде пайда болған идея оның аумағынан, ырқынан мүлде алшақтап, бүкіл адамзаттың рухани байлығының құрамдас бөлігіне айналып кетті. Сөйтіп объективтендірілген рухани құбылыстардың басты ерекшелігі – олар әлеуметтік кеңістікте және тарихи уақыт шеңберінде сақталады, жетілдіреді және емін – еркін қозғалыста болады.
Қорыта келе айтарымыз: болмысты зерттеу - әлем туралы, дүние туралы ой толғаудың алғы шарты ғана. Оған қозғалыстағы материя, оның болмысының түрлері ретіндегі кеңістік пен уақыт туралы мәселерді оқып үйрену барысында көз жеткізуге болады.
ӨЗ БЕТІНШЕ ОҚУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
1. Заң қажеттілігі ретінде. Заң және мән
2. Дүниенің бірлігі және көптүрлілігі.
3. Монизм. Дуализм. Философиялық плюрализм.
№21-22. Дәріс. Материя
Сабақтың мақсаты:
Студенттерді Материямен таныстыру.
Жоспар:
1. Философия тарихындағы материя ұғымы. Материя туралы қазіргі замандағы түсініктер. Дүниенің материалдық бірлігі.
2. Қозғалыс- материаның атребуттары. Материя қозғалысының негізгі түрлері (формалары)
3. Кеңістік пен уақыт- материя болмысыеың түрі. Кеңістік пен уақыттың әлеуметтік-мәдени мәні.
- Материя ұғымының философиялық мәні
Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс әрі тәуелсіз объективті
ақиқат деп қарайтын материалиятік дүниетанымның түпқазығы, мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасалып, тарихи түрде қалыптасқан.
Өзінің практикалық қызметіне қоршаған ортамен қарым – қатынас жасау барысында алуан түрлі заттарды, құбылыстар мен процестерді байқай отырып, адам сонау ерте заманда-ақ өзіне мынадай сұрақ қоюға мәжбүр болды: шетсіз көп шексіз көп заттар мен құбылыстардың бәріне тән, бәріне ортақ негіз болып табылатын нәрсе бар ма? Әрине,, бұл сұрақ өте күрделі әрі маңызды еді. Ең әкелі адамдардың өздерін қоршаған ортадан бөліп қарап, өздерінен тысқары және өз алдына дербес заттар мен құбылыстар өмір сүреді деген қорытындыға келу үшін сан ғасырлар мен мыңдаған жылдар қажет болды. Бірақ бұл қорытынды адам санасының дамуындағы елеулі өткенде ертедегі грек ойшылдары табиғат құбылыстарының құпиялыларын ұғынуға талпына отырып, дүниенің бір негізі, түп қазығы, ортақ бір бастамасы бар деген тұжырымға келді. Оны олар субстанция (латынша – түп негіз, мән деген сөзден шыққан) деп атады. Субстанция алуан түрлі заттардың, құбылыстардың, процестердің өмір сүруінің, олардың ішкі бірлігінің негізі деп қаралды. Түрлі заттар, құбылыстар мен процестер пайда болып немесе белгілі бір уақытта жоғалып кетіп жатады, ал субстанция ешуақытта пайда болмайды, жоғалып та кетпейді, ол бар болғаны өзінің өмір сүру әдісін, болмыстық түрін өзгертеді, бір күйден екіншісіне ауысып отырады.
Дүниенің бірлігін оның негізінде бір ғана субстанция бар деп ұғындыратын ілім монизм философиясына жатады. Субстанция туралы, дүниенің мәні жөнінде материалистік және діни – идеялистік көзқарастар тарихи тұрғыдан алғанда бір мезгілде дерлік пайда болған.
Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа ешнәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен бара – бар деп санады. Ежелгі грек философиясында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір бастапқы зат деген көзқарас орын алды. Мәселен, Фалес үшін ол – су, Анаксимен үшін – ауа, Гераклит үшін – от. Дүниенің негізі төрт заттан – судан, ауадан, топырақ пен оттан тұрады, материя дегеніміз – осы ұғым да кең таралған болатын. Анаксимандр дүниедегі барлық құбылыстардың бастама негізі анық емес шетсіз де шексіз, таусылмайтын, үнемі өзгеріп отыратын материя – апейрон деп түсіндірді. Материализмнің негізгі принциптері Демокриттің атом туралы ілімінде тереңірек қарастырылды. Оның ой-пікірлерін кейіннен Эпикур мен Лукреций Кар дамытты. Бұл ілім мынаған келіп саяды. Әлемдгі барлық дүниелер мен заттар атомнан құралады. Атом – пайда болмайтын, жоғалып та кетпейтін кеңістікте мәңгілік қозғалып отыратын, бөлінбейтін ең кішкене блөшек (атом деген сөздің өзі бөлінбейтін бөлшек деген ұғымды білдіреді). Денелер мен заттардың және олардың қасиеттерінің әртүрлі болуы құрамындағы атомдарының санына және ол атомдардың өзара орналасуына байланысты.
Қысқасы, ежелгі грек материалистерінің көзқарасы бойынша, күрделі заттардың бәрі қарапайым заттардан шыққан, солардың қосындысы, құрамасы. Күрделі заттар сондықтан та тұрақсыз, өзгере береді. Олар ыдырағанда алғашқы қарапайымзаттарға ажырайды. Ал қарапайым заттар біртекті, тұрақты болады. Материя міне, осы кезеңнен бастап-ақ материалистік бағытта бүкіл ғарыштың түпкі негізі, бүкіл әлемнің біртұтастығы шығатын тек ретінде қаралады. Сөйтіп, ежелгі материалистердің көзқарасында, тұтас алғанда, дүниенің тұтас алғанда, дүниенің материалдылығы, оның мәңгілігі мен үздіксіз өзгермелі болуы, материяның санадан тәуелсіздігі сияқты бірсыпыра өте маңызды, әлі күнге мәні жоғалмайтын құнды пікірлер бар. Олар үшін әлем әртүрлі заттардың кездейсоқ философиялық ой-толғамы өз дәуірлерінің даму деңгейіне сәйкес қарапайым әрі шектеулі еді. Солай бола тұрса да, олар жасаған ілімнің кейбір негіздері XIX ғасырдың аяғына дейін материалист философтар мен жаратылыстанушы ғалымдардың ой жүйесіне үстем орын алып келді.
Жаңа дәуір философиясында (XVII-XVIII ғ.ғ) қоғамдық өндіріс пен жаратылыс ғылымдарының, әсіресе математика мен механиканың дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі материяны механикалық заттармен, дәлірек айтқанда, заттардың механикалық қасиеттерімен теңгеруге жол ашады. Материалистік ой енді материяны заттардың белгілі бір түрімен емес, олардың бәріне де тән ортақ қасиеттерімен байланыстыруға бейімделді. Мәселен, И.Ньютонның механикасында тұрақты шама болып табылатын масса маңызды рөл атқараы. Кейіннен философтар мен жаратылыстану ғалымдары материя мен массаны бара – бар деген пікірге ауытқып кетті. Д.И Менделеев 1889 жылы Санкт-Петербургте жарыққа шыққан «Химия негіздері» деген еңбегінде былай деп жазған болатын: «Зат немесе материя дегеніміз кеңістікте орны мен салмағы бар масса...» Материя ұғымының мәнін түсінуге біршама жақындап келген француз материалистері болды. «жалпы алғанда материя дегеніміз – деп жазды П.Гольбах, - біздің сезімізге әсер ете алатынның бәрі...» Сөйтіп, маркстік дәуірге дейін материализмде материя ұғымын түсінуге метафизикалық, механикалық көзқарас үстем болды. Оның өкілдері материя мен нақты материалдық объектілердің арасындағы айырмашылықты біле алмады, материя ұғымын өздерінің материалдық дүниенің құрылымы туралы түсініктерімен теңгерді, материяны санамен емес, түр, қасиет, қозғалыс ұғымдарымен салыстыра қарастырды.
Материяны туралы материализмге қалыптасқан мұндай біржақты, шектеулі көзқарасты немен түсіндіруге болады?
Әр дәуірдің материяны қалай түсінетіндігі, әрине, ғылымның, танымның даму деңгейіне байланысты. Сондай-ақ, адамдардың материя туралы ойлары өз замандағы қоғамдық практиканың, жалпы мәдениеттің көрінісі. Адамдар материалдық дүниені қаншалықты дәрежеде игерді, сол игерген мазмұннан, күштерден қаншалықты дәрежеде өзінің әлеуметтік дүниесі жасады – мәне, материя туралы қоғамдық санада туатын көзқарастарды ең алдымен осы жағдай анықтайды.
Адамдар тіршілік, іс-әрекет үстінде заттардың әртүрлі қасиеттерін меңгерді, құралдар жасады, т.б. Яғни адамзаттың бүкіл өткен тарихи тәжірибесі оны затқа жан-жақты, әмбебап мен беруге бейімдеді. Сөз жоқ, бұл жағдай материализмнің әртүрлі ағымдарына негіз болды.
Затқа шексіз мән беруге қолайлы жағдай капитализм тұсында қалыптасты. Капитализм дәуірінде дүние мүліктің, заттай байлықтың адамдарға үстемдік жасауы ерекше сипат алатындығы белгілі. Дүние-байлық адамдарға емес, керісінше, адам екінің бірінде байлыққа бағынышты болып, қызмет етеді. Байлық кімнің қолында болса, сол басқа адамдардың алдында үстем болып шығады. Осыдан келіп, бірден-бір мәнді,шынайы күш-зат, дүние-байлық, ендеше ол адамдардан тәуелсіз объективтік құдіретті күш пікір қалыптасады. Оның үстіне буржуазиялық қоғам бұрынғы ру, тайпа сияқты адамдардың берік қауымдастықтарын ыдыратып, әрбір жеке адамды тікелей басқаларынан оқшаулатты, алыстатты. Адамның адамға тікелей тәуелділігінің орнына, дүние мүлік, заттар арқылы дәнекерленген тәуелділік келді. Қоғамдық қатынастарда оқшауланған адамдар адамдар бір-біріне, жалпы қоғамға, өзара қатынастарына, еңбек нәтижелеріне, табиғи дүниеге тек қана объект ретінде қарайтын болды. Олардың бәрі нақ осы адамнан тәуелсіз сыртқы күштер сияқты көрінді. Осының бәрі соңғы үш-төрт ғасырда қарқынды дамыған Европа философиясына, оның ішінде материалистік ағымға өзіндік айқын ізін қалдырды. Осы жағдайлардың тар өрісінен шыға алмаған материализм метафизикалық дәрежеде қалып қойды. Ол үшін материя мәселесі тек табиғатқа, заттық нәрселерге байланысты ғана қарастырылып, қоғамда материалдық ештеме жоқ дегенде келіп саяды.
Жоғарыда атап өткеніміздей, тарихи тұрғыдан алғанда материалистік көзқарастармен қатар субстанцияның идиялистік теориялары да пайда болып, қалыптасты. Объективті идеялистердің (Платон, Гегель) тұжырымы бойынша, материалдық дүние дегеніміз – бүкіл әлемді ұстап тұрған құдайға тән сипаты бар ақыл-ойдың, абсолюттік идеяның нақты көрініс табуы, іс жүзіне асуы. Аритотельдің пікірінше, материя дегеніміз – барлық заттар құралып, жасалып шығатын субстрат. Алайда материя белгілі зат, дене есебінде тек түрдің арасында ғана мәнге ие болады. Бұл жерде түр (форма) тегі жағынан рухани, идеалдық сипатқа ие бола отырып, белсенді, шешуші рөл атқаратын негіз болып табылады.
Субъективті идеализмнің заттарды, денелерді түсініктермен немесе осы заттар туралы ой-пікірлермен бара – бар санайтыны белгілі. Мәселен, Э.Махтын ойынша, дүние элементтерден тұрады. Бірақ Мах «элементерінің» химиялық элементтерге ещқандай қатысы жоқ. Оның ұғымында элемент дегендер – қызыл, жасыл, жылы, суық, т.б. сайып келгенде, алуан түрлі түйсіктер, ендеше дүние түйсіктер кешенінен тұрады екен. Байқап отырғанымыздай, «элемент» деген сөз тек бүркеме үшін пайдаланылған.
Алайда, XIX ғасырдың аяғына қарай жаратылыстану ғылымдарының шарықтап дамуы, дүниеге диалектикалық материализм тұрғысынан қарайтын дүниетанымның қалыптасуы материя туралы механикалық, метафизикалық және тдеалистік көзқарастардың дәйексіздігін ашып көрсететін, олардың мүлде сейілуіне жеткізді.
XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында физика саласында ашылған радиоактивтілік құбылысы, рентген сәулесі, электронның нақты өмір сүретінің дәлелденуі, электромагнит өрісі құбылысының табиғатын тану, арнаулы салыстырмалылық теорияның жасалуы сияқты аса маңызды жаңалықтар ескі дүниетанымның іргесін сөгіп, төңкеріс мәлім. Бөлінбейтін ең кішкене бөлшек, әлемді ұстап тұрған кірпіш деп келген атом күрделі құрамы бар дүние болып шықты, оның өзі де әлдеқайда ұсақ бөлшектерге фдфрайды екен. Үнемі қозғалыста болатын электронның массасы да тұрақсыз, жылдамдығына байланысты өзгереді. Микробөлшектердің табиғаты екі жақты, олардың әрі заттық, әрі өрістік (толқындық) қасиеттері бар. Жарықтың бөлшегі – фотонды тіпті де затқа жатқызуға болмайды. Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге тең т.б.
Осы уақытқа дейін дүниенің материалдылығын атомның бөлінбеуімен, массаның өзгермеуімен байланысрып келген дүниетаным, шынында да, осы арада тұйыққа тірелді. Француздың атақты математигі А.Пуанкаре 1902 жылы былай деп жазды: «Осы кезге дейін бүкіл массаны материя деп келдік. Бұл міндетті және сенімді түрде қалыптасқан көзқарас еді. Енді, міне, аяқ астынан әлгі масса жоқ болып шықты». Осыдан келіп, ол «материя енді жоқ, ол ғайып болды, тек ой-пікір ғана өмір сүреді» деген сөзге илануға мәжбүр болды. Сондай-ақ көптеген ғалымдар мен философтар «материяның заттық түрден ғайып болуы, жоғалуы» деп түсінді.
Мұндай тұйыққа тірелуді өздері пайдасына шебер пайдаланған, физиканың жаңалықтарына өз тұрғысынан түсінік беруге тырысқан идеалистік ағымның өкілдері де физиканың дағдарысы, дәлірек айтқанда, материяның жоғалуы, ғайып болуы сонымен бірге материализмнің де күйреуі деп бағалады.
В.И.Ленин физикадағы айтулы жаңалықтардан философиялық мазмұнына терең талдау жасай отырып, «Материализм және эмпириокритицизм» деген еңбегінде «Материя ғайып болады – бұл материяны білуде осы уақытқа дейін жеткен шегіміз таусылып бітеді, біздің біліміміз тереңдей береді деген сөз – материяның бұрын абсолюттік, өзгермейтін, бастапқы қасиеттері сияқты болып көрініп келген қасиеттері (өткізбейтіндік, инерция, масса т.б.) және қазір материяның тек кейбір қалыптасуларына ғана тән относительді қасиеттер ретінде анықталып отырған қасиеттері ғайып болады деген сөз» (Шығармалар толық жинағы 18-том, 295б). Яғни ғайып болып жоғалған материя емес, материя туралы бұрын орнығып қалған көзқарас. Физикада ашылған жаңалықтар материя туралы, оның қасиеттері, негізгі өсір сүру формалары жайындағы қатып – семіп қалған ұғымдар мен түсініктерге қайшы келді. «Физикадағы дағдарыс» - метафизикалық ойлау әдісінің өмірдегі диалектикалық процестерге сәйкес келмеуінен туындаған дағдарыс.
Осыған байланысы жоғарыда аталған еңбегінде В.И Ленин материяның диалектикалық – материалистік анықтамасын берді: «Материя дегеніміз – адамға оның түсініктері түрде бар бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі жасалатын объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданатын философиялық категория» (Шығармалар толық жинағы 18-том 138б)
Бұл анықтамада материяның негізгі екі белгісі айқын көрсетіледі, біріншіден, материя адамның санасынан тыс тәуелсіз өмір сүреді, екіншіден, ол адамның санасында бейнеленеді. Бірінші белгі материяның санаға қарағанда бірінші, бастапқы екендігін білдірсе, екіншісі-материалдық дүниені танып – білуге болатындығын көрсетеді. Сөйтіп, материяның бұл анықтамасы философияның негізгісі мәселесін тұтасымен материалистік ағымның пайдасына шешеді. Сонымен бірге бұл анықтамада материяның нақты түрлері мен қалыптары, белгілі бір қасиеттері көрсетілмейді. Мұның өзі диалектикалық ойлау әдісінің метафизикадан айырмашылығын көрсетеді. Материяның басты қасиеті – санадан тыс объективті нақтылық ретінде өмір сүруі.
Сөйтіп материя, біріншіден, санаға дейін өмір сүреді; екіншіден, санадан тысқары өмір сүреді, үшіншіден, бейнесі жасалатын құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді; төртіншіден, таным құралы есебінде санадан тыс өмір сүреді.
Материяның бұл түсінігі адамзат ақыл-ойының, ғылымының бүгінге дейін танып-білген объектілерін ғана емес, сондай –ақ болашақта ашылатын, танып-білінетін объектілерді де қамтиды. Оның методологиялық мәні міне осында. Құрылымсыз субстанция есебінде «таза» өмір сүретін материя жоқ. Ол әрқашанда белгілі түрде ұйымдасқан материалдық жүйе.
Жоғарыдағы келтірілген материя түсінігі дүниенің біртұтастығы туралы принципі де толық қуаттайды: дүниенің біртұтастығы оның материалдылығында, көп түрліліктердің бірлігінде.
- Материяның өмір сүру тәсілдері мен формалары
Объективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан басқа ештеңе де жоқ. Қозғалыс материяның ажырамас, мәнді қасиеті, атрибуты өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді.
Сонда қозғалыс дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын мысалға жүгінейік: атомның құрамында ядро мен электрондар өзара байланыста болатыны белгілі. Оң зарядты ядроның төңірегінде түрлі энергетикалық деңгейлерде теріс зарядты электрондар қозғалыста болады. Атомдардың молекулалар, олардан түрлі заттар құралады. Тірі организмдер өз құрамындағы молекулалардың, клеткалардың және түрлі органдардың байланысы нәтижесінде өмір сүреді. Адамдар арасындағы өзара қатынастар, олардың іс-әрекеттері мен қызметі негізінде қоғамға тән процестер жүріп жатады. Сансыз көп түрлі заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысы нәтижесінде болмыстың біртұтастығы, тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге кез-келген заттардың, құбылыстар мен процестердің құрамында үнемі өзгерістер жүріп жатады. Құрамдас бір бөлшектер дел сол күйіндегі өмір сүруін тоқтатып, басқа сипаттағы объектіге айналады, екінші біреулері жаңадан пайда болып жатады, т.б. Байқап отырғанымыздай, қозғалыс жай ғана заттар мен денелердің кеңістіктегі орын ауыстырумен шектелмейтін кең ұғым. қозғалыс дегеніміз – кез-келген өзара әсер, өзара байланыс, кез-келген өзгеріс. Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп, біздің санамызға, түйсік-сезімдерімізге әсер ете алады.
Қозғалыстың ішкі өзіне қарама-қарсы бір сәті – тыныштық. Тыныштық қозғалыстан бөлек те, бөгде де емес, ол бар болғаны қозғалыстың бір сәттік тұрақтылығы. Материя қозғалыстың бір түрінен екіншісіне ауысып отырады. дамудың нәтижесінде жансыз материядан жанды материя пайда болады. Жанды материя жансыз материяға айналады. Осының бәрінде тыныштықсәті бар. Жер шары Күнді өзінің орбитасымен айналуда, Жердегі денелер, құбылыстар мен процестер, әрине онымен бірге қозалып отырады. Бірақ олар Жерге қатынасында тыныштық қалпында. Адам қозғалмай, тыныш отыр дегеннің өзінде оның ой жүйесі жұмыс істеп тұрады, тыныс алуы, қан айналымы, жүрек соғуы тынымсыз. Сондықтан да қозғалыс абсолютті, ал тыныштық өзі де – қозғалыс, оның бір сәті, бір сәттік тепе-теңдігі. Ендеше тыныштық-салыстырмалы, өткінші. тыныштық – бір жағдайда, бір қатынаста ғана тыныштық, басқа қатынастардың бәрінде материяның ажырамас қасиеті екені жөнінде ерте заманнан бергі көптеген материалистер құнды пікірлер қалдырған болатын. Алайда олардың бәрі дерлік қозғалысты кеңістіктегі механикалық орын ауыстыру деп түсінді. Олар материяның өздігінен қозғалуының ішкі қайнар көзін ашып, түсіндіріп бере алмады. қозғалыс материяға сырттан берілетін, әсер туғызатын белсенді ретінде қаралды. Мұндай көзқарас дүниені о баста қозғалысқа келтірген алғашқы бір күштің болғаны рас деген тұжырымға бастайтыны сөзсіз еді. Ал шын мәнісінде, материя бар жерде қозғалыс та болады, оның себебі, бастау көзі материяның өзінде. Ол жөнінде кейінгі тарауларда айтылады.
Қозғалыстың табиғатын диалектикалық – материалистік тұрғыдан түсіну түрлі идеалистік ағымдарға да аяусыз соққы береді. Мәселен, сондай идеалистік ағымның бірі – немістің белгілі жаратылыстанушы ғалымы Оствальд негізін қалаған энергетизм философиясы қозғалысты материядан бөліп алып қарауға, материяны энергияға айналып кетеді, ал энергия болса материя емес ендеше материя ғайып болады дегенді дәлелдеуге тырысқан болатын. Осы заманғы кейбір энергетизм философиясын қуаттағысы келетін ғалымдар да Е-мс2 формуласын өздерінше түсіндіргісі келеді. Олардың пікірінше, жарықтың жылдамдығы тұрақты коэффициент болғандықтан, бұл формула материя мен энергияның мен энергияның өзара боламалылығын білдіреді. Немесе олар электрон мен протонның фотонға айналуын (е- - е-) да материяның жойылып, ғаып болуы деп есептейді. Бұл жерде энергетизм өкілдері методологиялық қате жіберіп отыр. Біріншіден, энергия материядан бөлек, одан тысболмайтын нәрсе, ол материяның қасиеті, қозғалыстың сан өлшемін білдіреді. Материя бар жерде қозғалыс та ендеше энергия да бар. Екіншіден, бөлшектердің фотонға ауысуы бар болғаны материяның бір қалпынан, яғни заттық қалпынан, екінші, өрістік қалпына өзгеруін көрсетеді. Олай болса, материяның ғайып болуы туралы әңгіме бос сөз.
Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері, оның жүйе есебінде ұйымдасуының әртүрлі материалдық деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф.Энгельс болатын. Ол материя қозғалысының негізгі бес түрін жіктеді: механикалық (кеңістікте қозғалып, орын ауыстыру), физикалық (электромагнетизм, гравитация, жылу, т.б.), химиялық (атомдар мен молекуалардың затқа айналуы), биологиялық (тірі организмдердег