Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Электротұзсыздандыру қондырғысының негізгі жабдықтары.




Электродегидраторлар. Бұл – электр өрісінде мұнаймен араласқан эмульсияларды электрохимиялық сусыздандыру және тұзсыздандырушы құрылғы. Электродегидраторлар үш типте болады: тік цилиндрлік, шар тәріздес, және жатық электродегидраторлар.

Цилиндрлік тік орналасудағы электродегидраторлар дөңгелек горизонтал электродтармен жабдықталады да, тұзсыздандырылуға тиіс мұнай электродаралық кеңістікке беріледі.

Шар тәріздес электродегидраторларда сақиналы электродтар орнатылады да, элетротұзсызданушы мұнай электродтар арасына беріледі.

Мұнай өңдеу зауыттарында кең қолданыс тапқаны, бұл жатық орналасқан электродегидраторлар. Себебі бұл электродегидратор конструкциясы тік цилиндрлік және шар тәріздес электродегидраторларға қарағанда келесі артықшылыққа артықшылыққа ие: жоғары меншікті өнімділігі; едәуір қолайлы тұндыру жағдайының болуы; мұны S/v қатынасы бойынша (мұнда s – жатық қимасының орташа ауданы, ; V – аппарат көлемі, ; S/V мәні қаншалықты үлкен болса, соншалықты тұну жағдайы жақсарады, себебі мұнайдың тік бағыттағы сызықтық қозғалу жылдамдығы төмендейді де су тамшылары жеңіл тұнады) бағалауға болады; аз металл сиымдылығына орай төмен құндылығы, жоғары қысым мен температурада жұмыс істей алу қабілеті; аз мөлшердегі электр жабдықтары мен қарапайым электр схемасының болуы.

1.3.-суретте сиымдылығы жатық цилиндрлік электродегидратор конструкциясы көрсетілген. Аппарат температурада және 1,4МПа қысымда жұмыс істейді.

Аппарат келесідегідей жұмыс істейді. Электротұздандыруға келген мұнай аппараттың төменгі бөлігінде орналасқан шикі мұнай коллекторы арқылы беріледі де, аппарат қимасында бірқалыпты таралып жоғары бағытта қозғалады. Жоғары бағытта қозғала отырып мұнай тұнған су қабаты арқылы өте отырып шайылады да, электрод астыңғы кеңістіктен және электродаралық кеңістіктен өтеді. Мұнда біршама тұрақты майда дисперсиялы мұнай эмульсиялары электр өрісіндегі ток көмегімен күйреуге ұшырайды. Электр өрісінің әсеріменен бейполярлық сұйықтағы су тамшылары поляризацияланып қарама-қарсы зарядталған ұштарымен эллипске созылады да, бір біріне тартылады. Тамшылар бір-біріне жақындай түскенде тартылыс күші өрши түседі де, оның мәні тамшылардың шағылып адсорбсиялық қабаттың жарылуына дейін өседі.

Іс-тәжірибеде жиілігі 50 Гц және кернеулігі 25-35кВ болат айнымалы электр тогын қолданады. Электротұзсыздану процесіне деэмульгаторлар мен жоғары температурада ықпал жасайды. Судың булануын, және де газ түзілуін болдырмау үшін процесті жоғары қысымда жүргізеді. Сонан соң мұнай электродтар үстіңгі аймаққа ығыстырылып электродегидратордың жоғарғы бөлігінде ұзындығында біркелкі орнатылған сусызданған мұнай коллекторына беріліп сыртқа шығарылады. Жоғарғы кернеудегі электр өрісінде деэмульгатордың қатысуыменен эмульсия күйрейді де, су мен мұнайға бөлінеді.

Сурет. Электродегидратор

1 – қаңқа; 2 – тұзсызданған мұнай коллекторы; 3 – изолятор; 4 – сақтандырғыш клапан келтеқұбыры; 5 – енген изолятор патрубкалары; 6,9 – есік-тесік; 7 – электродтар; 8 – өңделмеген мұнай коллекторы.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 788 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2362 - | 2216 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.