Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жерге жеке меншік құқығының мазмұны




 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 21-бабының 1-тармағы меншік құқығының мазмұнын ашады, ол жерге мемлекеттік меншіктің мазмұнының түсінігі мен жерге жеке меншік құқығының мазмұнын қамтиды және меншік иесіне өз учаскесіне қатысты иелену, пайдалану және билік ету құқықтары тиесілі екендігін көздейді.

ҚР Жер кодексіне сәйкес, жер учаскесінің меншік иесі Жер кодексінде және ҚР өзге де заң актілерінде көзделген негіздерде, шарттар мен шектерде меншік құқығын жүзеге асыра алады.

Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншік құқығындағы жер учаскесін иелену, пайдалану және оған билік етудің түсінігі ҚР ЖК 12-бабының 28, 31, 32-тармақтарында көзделген жер учаскесін иелену, пайдалану және билік етудің түсінігімен ашылады. Және де айта кететін бір жайт, бұлар жер учаскесіне жеке меншік құқығының түсінігімен тығыз байланысты.

Жерді иелену, нақтырақ айтқанда, жер учаскесін иелену құқығы — бұл жерді (жер учаскесін) меншік иесінің жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.

Жеке меншігі құқығындағы жер учаскесін жер пайдалану құқығын жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану іс жүзінде пайдалану деп түсінген жөн (ҚР ЖК 64-бабы). ҚР Жер кодексінің 12-бабының 30-тармағында берілген анықтама жер учаскелеріне жеке меншік құқығына қатысы жоқ, себебі, бұл анықтама мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін көздейді.

Жеке меншіктегі жер учаскесіне билік ету — бұл жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы.

Жер кодексінде меншік иесінің жер учаскесіне қатысты құқықтарының үш түрі көзделген:

жеке меншік құқығын іске асыру құқығы (25-бап);

жер учаскесіне құқық шектері (42-бап);

жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары (64-бап).

 

1. Жеке меншік құқығын іске асыру құқығы. Егер Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің меншік иесі мемлекеттік органдардың қандай да бір рұқсатын алмай, жер учаскесін өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады.

Меншік иесі өзінің жер учаскесіне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасасуға құқылы.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің меншік иелері аталған құқықтарды ҚР Жер кодексінің ережелерін ескере отырып жүзеге асырады.

Жер учаскесіне меншік құқығы басқа адамға мәміле жасалған кездегі барлық ауыртпалықтарымен беріледі.

Жер учаскесінің меншік иесі оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарттың негізінде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе ақысыз пайдалану туралы шарт (ақысыз пайдаланушымен) нысанында жасалады (ҚР ЖК 25-бабы).

2. Жер учаскесіне құқық шектері. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жер учаскесіне құқық осы учаске шекарасындағы топырақтың үстіңгі қабатына, тұйық су айдындарына, екпелерге қолданылады.

Жер учаскесі меншік иесінің топырақ астындағы жер қойнауын пайдалануы жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес және жер қойнауы саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Кең тараған пайдалы қазбаларды өндіруге және жеке қажетке жер асты суларын алуға жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау қойнауында кең тараған пайдалы қазбалар және жер асты сулары бар жер учаскелерін жеке меншікке немесе жер пайдалануға берумен бір мезгілде жүргізіледі (ҚР ЖК 42-бабы).

3. Жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары. ҚР Жер кодексінің 64-65-баптарында қарастырылған жер учаскелері меншік иелерінің құқықтары жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың кешенді құқықтары болып табылады, олар «Жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану кезіндегі құқықтары мен міндеттері» тарауында қарастырылады.

Бұл ретте әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша жер учаскелеріне жеңілдікті бағының нақты мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Жер учаскесіне жеке меншік құқығын сатып алу ақысын толық төлеген тұлғаның ҚР ЖК 24-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес жер учаскесімен ҚР заңдарында тыйым салынбаған мәмілелердің кез келген түрін жасауға; аталған баптың 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес жер учаскесіне жеке меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезден 10 жыл өткеннен кейін, жер учаскесімен ҚР заңдарында тыйым салынбаған мәмілелердің кез келген түрін жасасуға құқығы бар. Бұл шектеу жер учаскесін кепілге салуға таралмайды.

Жер учаскелерін сатып алған кезде сатып алу сомасын төлеу жер учаскесіне жеке меншік құқығын сатып алатын тұлғаның жазбаша өтініші бойынша он жылға дейін төлеу мерзімін ұзарту арқылы жүргізілуі мүмкін.

Жер учаскелерін төлеу мерзімін ұзарту арқылы алған тұлғаларға учаскенің бағасын толық төлегенге дейін мәміле (сату, жалға немесе ақысыз пайдалануға беру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталына салым немесе жарна ретінде беру) жасасуға тыйым салынады. Жеңілдікті бағамен төлеу мерзімі ұзартылып сатылған жер учаскесімен мәміле жасасуға, оның сатып алу бағасы толық төленгеннен кейін он жыл өткен соң құқық беріледі.

 

Орытынды

 

Жерге меншік құқығының түсінігі ҚР Жер кодексінің 3-бабында берілген. Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскелері Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

Жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады.

Меншік құқығы үшін ҚР Конституциясының нормаларында жердің, оның қойнауының, су көздерінің, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғи ресурс ретіндегі сипатының анықтамасы зор мәнге ие.

Жер — бұл адам мен қоғам үшін тек экономикалық қажеттілік емес, ол табиғаттың басқа да объектілерімен байланысқа түсе отырып экологиялық мәнге де ие болады. Жердің барлық табиғи ресурстарды біріктіре отырып, оларға табиғи ортаны жасауы бекер емес. Бұл оның меншік объектісі ретіндегі, сонымен қатар, пайдалану және қорғау объектісі, яғни, табиғи ресурс ретіндегі құқықтық жағдайына әсер етеді.

Заңдармен жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау және оны ұтымды әрі нысаналы пайдалану қағидалары бекітілген. Ол үшін жерлерді экологиялық пайдаланудың маңызы экономикалық пайдаланудан кем емес.

Жердің меншік объектісі ретіндегі ерекшелігі оның кеңістікте белгілі бір шекарада шектелуінен, жылжымайтындығынан және табиғи жағдайлар мен қоршаған ортаға тәуелділігінен байқалады.

 

Әдебиеттер:

 

1. Хаджиев А.Х. Земельное право. Общая часть. Алматы, Данекер, 2001

2. Косанов Ж.Х. Право собственности, право землепользования и иные права на землю. Алматы, Данекер, 2001.

3. Земельное законодательство Республики Казахстан. Алматы, Жетi-Жарғы,1998.

4. Земельный кодекс Республики Казахстан.Алматы, Юрист, 2003.

 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

 

Реферат

 

 

Тақырыбы: Жерге меншік құқығы

 

 

Орындаған:

 

Тексерген:

 

 

Астана - 2013

 


1 Гражданский кодекс Республики Казахстан. Общая часть. Комментарий (постатейный). Ответственные редакторы Басин Ю. Г., Сулейменов М.К. Книга 1, Алматы Жетi –Жарғы, 2003, С.46-47

 

1 ҚР ПҮАЖ, 1999 ж. № 52, 509 б.

1 Алматы, Юрист 2001.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1628 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2263 - | 2188 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.