Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Аденовирус виурсының қасиеттері




Алғ.рет 1953 жылы У.Роу балалардың бадамша безінен және аденоидтарынан бөліп алған.

Таксономиясы:

Тұқымдастығы: adenovieridae

Туыстастығы: mastadenovirusa (адамның С аденовирусы)

Aviadenovirus (Құстардың А аденовирусы)

Atadenovirus (қойлардың Д аденовирусы)

Siadenovirus (түйетауықтардың В аденовирусы)

Патогенезі және клиника: жасырын кезеңі 4-5 тәулік. Вирус сезімтал жасушада көбейеді. Қан айналымына түскен кезде қан тамыр эндотелиясын зақымдайды. Шырышты қабаттың эксудативті қабынуына, фибринозды үлбі және некроз пайда болуына әкеледі. Плацента арқылы өтіп, құрсақішілік ауру, ұрық ақауын, нәресте өліммен аяқталатын өкпе қабынуын тудырады. Аденовирус көбінесе жедел респираторлы ауру (фарингит, ларингит, трахеобранхит)қоздырады. Жас бала және қарт адамда ауыр түрдегі және майда ошақты немесе интерстицияльды аденовирустық пневмония 3,4,7,14 типтері қоздырады. Аденовирусты инфекциялар шырышты қабаттардың, бадамша бездердің, аденоидтардың және көз коньюктиваларының аралас түрде яғни қатар зақымдануымен сипатталады. Ішектік аденовирус сәбилерде гастроэнтрит бүркетпесін қоздырады. Балаларда демікпелік бронхит, ларинготрахеит дамиды.

Микробиологиялық диагноз қою Зерт.қажет заттар: мұрын-жұтқыншақ шайындысы, коньюктива бөліндісі, нәжіс, қан. Вирусты бөліп алу: біріншілік немесе диплоидты дақылына жұқтыру (ЦПӘ бойынша индикациялайды). Идентификациялау: ГАТР,ИФТ,РИТ,КБР. Серологиялық диагноз қою: КБР,ГАТР,БР. Жедел диагноз қою: ЭМ,ИЭМ,РИФ,ИФТ.

Емдеуі: Симптоматикалық және лейкоцитарлық интерферон, дезоксирибунеоклиаза ферменті, теброфен және оксолин қосылған көз жақпалары.

Алдын алу: Жалпы медициналық сақтану шарасы. Спецификалық профилактика яғни вакцина егу шектелген. Өйткені жиі кездесетін серологиялық варианттардан әлсіздендіріп дайындалған тірі вакциналарды кең қолдану адам жасушаларында қатерлі ісіктік трансформация қоздыруы мүмкін. Ақшта әскери адамдар арасында аденовирусқа қарсы тірі вакцина нәтижелі қолданды.

 

Қызамық вирусының қасиеттері:

Қызқа мерзімді дене қызбасымен, майда дақты экзантемамен бөртпе шығуымен генерализацияланған лимфоаденопатиямен және жүкті әйелдерде ұрық зақымымен сипатталады. Таксономиясы: Тұқымдастығы: Togaviridae, Туыстастығы:Ribuvirus

Патогенезі,клиника: Вирус жұқаннан кейін мойын, желке және құлақ бездерінінң артқы лимфатүйіндерінің жасушаларына енеді, сол жерде вирустың біріншілік репродукциялануы басталады. Бездер үлкейеді, пальпациялау кезінде ауырсыну болады. Вирус лимфаға және қанға өтеді де вирусемия дамиды, бөртпе пайда болған кезден бастап вирусемия тоқтайды. Тыныс алу жолдары зақымданғанда жасырын кезеңі 11-23 тәул.созылады. продормальдық кезеңі бірнеше сағаттан 1-2 тәул.дейін созылады. Ауруға тән сипатты белгілер: ашық алқызыл түсті дақты папулалы бөртпе шығу. Асқынулар сирек болады (отит, бронхопневмония, полингевриттер) Ең ауыр асқыну қызамықтық энцефалит және энцефаломиелиттер ересектерде кездеседі. Зақымдану өте ауыр түрде отіп 20-25 % өліммен аяқталады.Нәресте салмағының аз болып туылуы, тромбоцитопениялық пурпура, гепатоспленомегалея, пневмония т.б жиі байқалады. Жүктіліктің бірінші триместрінде ұрықтың вируспен инфицирленуі өте қауіпті.Жүктіліктің алғашқы екі айында жұқтыру патологиялар пайда болуды 60-80% арттырады. Бұл кезде кеміс ақаулықтар дамиды.Қызамық вирусының персистенциялануы адамда екіншілік онжылдықтар мерзімінде прогрессивті қызамықтық паненцефалит дамуы ықтимал. Микробио-қ диагноз қою: Зерт.зат: Қан, мұрын жұтқыншақ шайындысы, ликвор, ұрық тінінен алынған сынама. Вирусты бөліп алу:ауыспалы жасуша дақылына (Vero, Hela)жұқтыру (түйіндақтар түзілуіЦПӘ, ГАР бойынша анықтау). Идентификациялау: БР,ГАТР,РИФ Серологиялық диагноз қою: КБР,ГАТР,БР,ИФТ,ПТР. Ауру барысында антидене титрінің 4 есе және одан да жоғары көбеюі және ауырып тұрғаные IgG-ді немесе жақын арада науқастанғанын көрсететін IgM спецификалық антидене анықтаудың спецификалық маңызы бар. Жаңа туылған нәрестелердің І жартыжылдығында вирусқа қарсы жоғарғы деңгейде спецификалық IgM-ді табу және ІІ жаптыжылдығында IgG-ді анықтау құрсақішілік инфекциямен зардаптанғанын көрсетеді. Емдеуі: Симптоматикалық

Алдын- алуы: Спецификалық профилактика мақсатында әртүрлі вакцина қолданады.

Моновакцина: Merubaх-2-қызамыққа карсы вакцина

Рудивакс- қызамық вирусының аттенуацияланған штамынан дайындалған тірі вакцина (Франция)

Эрвевакс-қызамық вирусының аттенуацияланған штамынан дайындалған вакцина (РЕСЕЙ)

Қызамық аттенуацияланған модифицерленген тірі вакцина Индия

Ассоцияланған вакциналар:

Паротит-қызылша-қызамықтық вакцина-MMR II АҚШ

Паротит қызамықтық вакцина MR-Vaх-2

Кенелік энцефалит вирусы. Кенелік энцефалит- негізінде ОЖЖ зақымданатын жедел вирустық инфекция. Бұл инцекцияға көктемдік-жазғы маусыдық тән. Вирус 1937ж кенелік э. Ауырған адамдардан бөлініп алынған.

Тұқымдастығы: Flaviviridaе Туыстастығы: Flavivirus. Морфологиясы, дақылдандыруы, репродукциялануы – жалпы флавивирустар қоздыратын инфекциялар кезіндегідей. Резистенттілігі. Төзімділігінің шамалы болуына қарамастан, кенелік энцефалит вирусы температураның кең аралық ауытқуында (-150°С-тан + 30°С-қа дейін) өзінің тіршілік қабілеттілігін сақтай алады, ол өз кезегінде вирустың кең таралуына әсер етеді. Вирус ортаның қышқылдық РН жағдайына өте төзімді. Сондықтан алиментарлық жолмен жұғуда маңызды рөл атқарады. Вирусқа висцеротроптылық және нейротроптылық қасиет тән.

Этиологиясы,эпидемиологиясы. Кенелік энцефалиттің қоздырғышы вирус болып табылады, оның көлемі 20-30 нм. Кенелік энцефалит табиғи-ошақты нейроинфекция; эпидемиялық белсенділігі кенелердің санына, социалді факторларға, географиялық ерекшеліктеріне байланысты. Тасмалдаушы болып иксод кенелері табылады. Патогенезі. Жасырын кезеңінің ұзақтығы – 5-тен 30 күнге дейін. Вирус алғашқыда енген жерінде (ену қақпасында) көбейеді де, қанға түседі – вирусемия дамиды. Вирус қан тамырларының, ішкі ағзалардың (бауыр, көкбауыр) және фагоциттеуші жасушалардың эндотелиясына еніп, белсенді түрде көбейе бастайды. Алиментарлық жолмен жұққанда жұтқыншақтың және жіңішке ішектің шырышты қабаты ену қақпасы болып табылады. Жасырын кезеңінің соңында қан тамырларының эндотелиясында вирустың белсенді көбеюі нәтижесінде 5 күнге созылатын екіншілік вирусемия пайда болады. Кл. көріністері. Клиникалық ағымы бойынша аурудың негізгі екі вариантын ажыратады: шығыстық – өте ауыр түрде, батыстық – жеңілдеу түрде өтеді. Ауру жедел басталады: қалтырау, басының қатты ауруы, 39°С-қа дейін температураның көтерілуі, лоқсу, құсу, бұлшықеттерінің ауыруы және әлсін-әлсін тартылуы байқалады. Клиникалық көрінісі бойынша кенелік энцефалитті 3 түрге бөледі: дене қызбалық, менингиальдық және ошақтық. Қызбалық түрі 30-50% құрайды, менингит белгілері жоқ, аяқталуы қолайлы, астения сирек байқалады. Менингиальды түрі науқастанушылықтың 40-60%-ын құрайды, менингиальды синдромдармен, ликвордағы өзгерістермен сипатталады, қызба екітолқынды түрге өтеді, инфекциядан кейінгі астениялық синдром ауырып тұрғандардың 40% -да кездеседі. Ошақты түрі сирек (8-15%) байқалады, менингиальды симптомдардың белгілерімен, әртүрлі дәрежеде нерв жүйесінің ошақты зақымдануымен сипатталады. Сал болу, сезімталдығын жоғалту, мидың бағаналы бөлімінде зақымдану болады, ол өз кезегінде тыныс алу және жүрек қызметінің бұзылыстарына әкеледі. Өлім туғызушылық өте жоғары, кеселден кейін тұрақты асқыну салдары қалады. Диагностикасы. Лабораторлы диагностикасында бірінші 7 – күннің ішінде қанда және ми-жұлын сұйқтығында кене энцефалиті вирусын немесе антиденені серологиялық тексерулер арқылы анықтайды.

Емдеу жане алдын алу

Бастапқы кезеңінде- кене энцефалитінің вирусына титрленген адам иммуноглобулинін енгізеді. Дегидратациялық ем тағайындайды, жүрек –тамыр ауруларына арналған препараттар, симптоматикалық ем, антибиотиктерді және сульфаниламидтерді асқынулар болғанда ғана пайдаланады (пневмония).

Кенені, масаны және түрлі кемірушілер|ді жою; бұл үшін олардың мекенін ДДТ және гексахлоран препараттарымен улау қажет; орманда жұмыс істеген кезде адам жиі-жиі киімін, денесін тексеріп отыру керек; егер денеге жабысқан кене табылса, оны бірден жұлып тастамай, өсімдік майын тамызып түсіреді.

 

 

Кандидоз қоздырғыштары Кандида саңырауқұлақтары топырақта, суда, өсімдіктерде мекендейтін өте кең таралған микроорганизмдердің бірі болып табылады. Және де олар дені сау адамдардың организміндегі көптеген экоқуыстарында тұрақты мекендейді (теріде, ішек жолында, ауыз–жұтқыншақта, қынапта т.б.). Әр түрлі жануарларда кандида тасымалдаушылық кең таралған. Қазіргі кездегі классификация бойынша кандида туыстастығының шамамен 150 түрлері (варианттары) тіркелген. Дегенмен саңырауқұлақтардың токсономиялық өзара қатынасы соңына дейін анықталмаған, дәл есепке алынбаған. Қатарынан бірнеше жіктемесі (классификациясы) ұсынылып келеді, мұндай жағдайдың тәжірибелік медицинаға пайдасы жоқ. Медициналық маңызы барына Candida albicans жатады. Кандиданың бұл түрі ең патогенді және оппортунистік микоздардың ең кең таралған қоздырғышы деп саналады. Соңғы 10-15 жылда кез келген стационарда, әсіресе онкологиялық, хирургиялық, гинеколгиялық, гематологиялық, т.б. бөлімшелерде, яғни айқын иммунды тапшылыққа шалдығу қаупі бар аурулар шоғырланатын мекемелерде госпитальды кондидозды инфекциялар үдемелі жиілікпен тіркеле бастады. Осындай жағдайлар ауруханалық құралдардың, аппараттардың, қызметкерлер қолының саңырауқұлақтармен контаминациялануының және медициналық мекемелерде санитариялық–эпидемиологиялық ережелердің мұқият орындалмауының салдарынан кандидоздар пайда болуы экзогендік сипат алып отыр.

С. albicans–тан басқа саңырауқұлақтардың C. tropicalis, C. krusei, C. guilliermondii, C. glabrata, C. lipolytica, C. lusitaniae, C. parasilosis, C. rugosa, C. zeulonoides және 20-дан астам басқа да түрлерінің медициналық маңызы бар екені анықталған (Осы түрлердің көпшілігін Candida «non albicans» (бұрын сирек кездесетін кандида тобы деп атаған) тобына жатқызады. Олар негізінде жыныссыз жолмен көбейеді(18.2- кесте). Микроморфологиясы. Таза дақылын микроскопта қарағанда көбінесе жалған гифалар және бластоконодиялар көрінеді. Микроморфологиясын зерттеу үшін әдетте Дальмау әдісін қолдана отырып Петри табақшасындағы жүгерілік агарда өсіруді пайдаланады(50,51- сурет). Дақылдық қасиеті. Кәдімгі Сабуро ортасында жақсы өседі. Өсу процесі 4-7 күнге дейін созылады. Колониялары әдетте мөлдір емес, мөлшері орташа (C. lusitaniae, C. parasilosis, C. tropicalis-тікі-майда), ақ немесе қою–қоңыр түсті, беткейі әдетте тегіс, ылғалды (C. kefir, C. krusei, C. lipolytica-нiкi-құрғақ, күңгірттеу). Иісі- ашыған сүттің иісіндей.

Негізгі клиникалық көріністері. Candida туыстастығына жататын саңырауқұлақтар соңғы кезге дейін медициналық маңызы жоқ шартты–патогенділерге жатқызылып келді. Сондықтан кандидалардың (жалпы алғанда барлық саңырауқұлақтардың) патогенділік факторлары аз зерттеліп келді. Дегенмен, оппортунистік инфекциялардың, соның ішінде микоздардың, ғаламдық таралуын күшейтетін факторлардың көбеюі, көптеген шартты–патогенді, тіпті сапрофитті микроорганизмдер тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретінін көрсетті. Candida туыстастығына жататын саңырауқұлақтарға қатысты көзқарас өзгерді. Кандидоздардың этиологиялық агенті ретінде тек қана С. аlbicans емес басқа да көптеген Candida «non аlbicans» болатыны дәлелденді. Әртүрлі кандидоздардың саны едәуір көбейді. Клиникалық тұрғыдан «Беткейлік кандидоз» және «Терең кандидоз» деп бөледі.

Беткейлік кандидоздарға кіреді:

-ауыз қуысының кандидозы (ауыз ойылуы);

-қынаптық кандидоз;

-тері кандидозы;

-кандидалық паронихия және онихомикоз (тырнақ зақымдануы);

-жаялықтық дерматит және сәбилер қатпарларының кандидозы;

-терінің туа біткен кандидозы.

Терең кандидозға кіреді:

-асқазан–ішек жолының кандидозы;

-бүйрек және несеп шығар жолдарының кандидозы;

-бронхалар және өкпе кандидозы;

-диссеминирленген (висцеральды) кандидоз (кандидемия, кандидалық септицемия, кандидалық флебиттер, кандидалық менингит т.б.). Емделмеген жағдайларда әдетте өліммен аяқталады. Candida саңырауқұлақтарының клиникалық және экологиялық маңыздылығын уақтылы зерттеу өте қажет, өйткені жылдам диагноз қоюға, емдеу тәсілдерін тағайындауға және алдын алу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 924 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2408 - | 2330 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.