Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының мысалында міндеттемелердің талдауы және аудиті




 

Қазпочта ТМД аумағында бірінші болып пошта-жинақ жүйесін құрастырып енгізген бірден-бір пошта әкімшілігі болып табылады. «Қазпочта» АҚ-ның сапалы пошта-жинақ жүйесін құрастырудағы жұмысының нәтижелері Байланыс саласындағы аймақтық достастықпен сәтті деп танылды. Ал Қазақстандағы жаңа пошта жүйесінің үлгісі Достастық елдері пошта әкімшіліктері үшін болашағы мол даму жолы ретінде атап өтілді.

Бүгінгі күні қазақстандық пошта 21 000-ға жуық қызметкер, республика бойынша 3200 байланыс бөлімшелері, 14 облыстық және 4 республикалық мәндегі филиалдан тұрады.

Қазіргі кезде қазақстандық поштаны көп функционалды қаржылық супермаркетке айналдыру үрдісі жедел іске асырылуда. Мұнда жақын арада пошталық, қаржылық және басқа да қызметтер көрсетіледі. Қазақстан сияқты үлкен мемлекетте ақпараттық қоғамның дамуы жағдайында әмбебап логистикалық операторының қызметінсіз мүмкін емес.

Пошта саласында жүріп жатқан өзгерістер, тұтастай алғанда компанияның алға жылжуына негіз қалады. «Standard & Poor's» халықаралық рейтингтік агенттігі 2005 жылы «Қазпочта» АҚ-ға ұзақ мерзімді несиелік ВВ+ «Тұрақты» рейтингісін берді. Бұл компанияның тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын екенін дәлелдейді.

Үштөбе қаласында орналасқан «КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалы -ңжылдық қаржылық есебінің дұрыстығын анықтау және оны бекіту үшін, сондай-ақ серіктестіктің ағымдағы қызметінің жағдайын тексеру, бағалау мақсатымен серіктестікпен, бас директормен, серіктестікке қатысушылармен өзара мүліктік тұрғыдан мүдделі байланысы жоқ кәсіби аудиторды тартуға құқылы.

Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 3-аналитикалық кесте құрылады.

Кесте 4

«КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының 2013-2015жж. бухгалтерлік балансы мың теңге

Активтер       Ауытқу 2015 ж 2013ж қарағанда Ауытқу 2015 ж 2014ж қарағанда
I. Қысқа мерзімді активтер          
Ақша қаражаты және олардың эквиваленттері           +106904  
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек       +43924 -156677
Қорлар       -17676 -26176
Өзге де қысқа мерзімді активтер       +585    
Қысқа мерзімді активтердің жиыны       +133734 -76205
II. Ұзақ мерзімді активтер          
Негізгі құралдар       +119414  
Ұзақ мерзімді активтердің жиыны       +119414  
Баланс (100жол+200жол)       +253148  
  Пассивтер       Ауытқу 2015 ж 2013ж қарағанда Ауытқу 2015ж 2014ж қарағанда  
III. Қысқа мерзімді міндеттемелер            
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер       +5700 -65186  
Салықтар бойынша міндеттемелер       +15380    
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек       +24518    
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері       +29134    
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер       +1401 -2608  
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны       +76133    
IV. Ұзақ мерзімді міндетгемелер            
V. Капитал            
Меншікті капитал              
Сатып алынған жеке меншік үлестік аспаптар       -80 -80  
Резервтер       +2681    
Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)       +45139 -70957  
Капитал жиыны       +47740    
Баланс (300жол+400жол+500жол)       +253148 -87635  
               

Ескерту - «КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының жылдық есебі автормен құрастырылған.

Баланстық кестеге қойылған тепе-теңдік қатаң талапқа сай, мұндағы жинақталған активтер мен пассивтер сомасы әрқашанда тең сомада болуы керек. Жинақталған соманың тепе-теңдігі екі жақтылық принципке тән активтер сомасы қаржы көздері пассивтер сомасынан көп не аз болмауы керек. Талданып отырған ұйымда салықтар бойынша міндеттемелер 2013 жылы- 24310 мың теңгені құрады, 2014 жылы- 28120 мың теңгені құрады, ал 2015 жылы- 39690 мың теңгені құрап отыр. 2015 ж 2014ж қарағанда салықтар бойынша міндеттемелердің ауытқуы- 11570 мың теңгені құраған, ал 2015 ж 2013ж қарағанда- 15380 құрап отыр.

Қаржылық қорытынды есеп даярлау мен тапсыру процесіне бухгалтерлік баланс сияқты Табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есептің маңызы мен тигізетін әсері өте зор. Төменде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылатын Табыстар мен шығындар жөніндегі қорытындының екінші үлгісі берілген.

 

Кесте 5

«КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының 2013-2015жж. табыс және шығындар жөніндегі қорытынды есебі

Көрсеткіштердің аталуы         Ауытқу 2015 ж 2013ж қарағанда Ауытқу 2015 ж 2014ж қарағанда
Өнімдер және көрсетілген қызметтерді сатудан түскен табыс       +23600 +1900
Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны       +3600 +300
Жалпы табыс       +20000 +70
Қаржыландырудан түскен табыстар       +400 +30
Басқалай табыстар       +61700 +1500
Өнімдерді және көрсетілген қызметтерді сатудың шығындары       +5990 +540
Әкімшілік шығындары       -700 -150
Қаржыландыруға арналған шығындар       +650 +60
Басқалай шығындар       +1090 -50
Үлестік қатысу әдісімен есептелінген (пайдадағы шеккен зияндағы) үлес       +9700 -20
Қызметі жалғасқан кезеңдердегі пайда (шеккен зиян)       +77350 +2180
Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (шеккен зиян) - -   +400 +400
Салық салғанға дейінгі пайда (шеккен зиян)       +81350 +41900
Корпоративтік табыс салығы бойынша шеккен зияндар       +28890 +13890
Кесте 5 жалғасы
Есепті кезеңдегі жиынтық пайда       -340 +18010

Ескерту - «КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының жылдық есебі негізінде автормен құрастырылған.

 

Табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есеп қалыпты жағдайда шаруашылық қызметін атқарушы ұйымдардың таза пайдасы немесе шеккен зиянына қосылатын қосымша құндық бағалар өзгерісінің есебін жүргізуге арналған. Сыртқы пайдаланушылар үшін табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есеп қысқа үлгіде жасалынады.

Табыстар және шығындар жөніндегі қорытынды есеп сату принципіне сай жасалынады. Ұйымның ақша қаражатының қозғалысы және осы ұйымның өтеушілік қабілетінің мәліметтері қорытынды есептің бұл түрінде көрсетілмейді.

Табыстар және шығындар ақша қаражатының көбеюі немесе азаюына тікелей байланысты болмайды. Ақша қаражаттары сомасының көбеюі немесе азаюы активтік бухгалтерлік есеп счеттарының өзгеруіне тікелей байланысты болады.Табыстар мен шығындар сомасының өзгерісі капитал немесе бөлінбеген таза пайда есебіне арналған бухгалтерлік есеп счеттарын өзгеріске түсіреді.

«КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының 2013-2015жж. табыс және шығындар жөніндегі қорытынды есебінің мәліметтері бойынша, корпоративтік табыс салығы бойынша шеккен зияндар 2013 жылы- 305210 теңгені құрады, 2014 жылы- 320210 теңгені құрады, ал 2015 жылы- 334100 теңгені құрап отыр. 2015 ж 2014ж қарағанда ауытқуы- 13890 теңгені құраған, ал 2015 ж 2013ж қарағанда- 28890 теңге құрап отыр.

Дайын өнімдерді, тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтерді сатудан түскен табыстарды есепке алу жөніндегі мәліметтер бухгалтерлік есеп тәжірибесіне сату (есептеу) принципі бойынша танылып тіркеледі [43].

Төмендегі кестеде тікелей әдісті қолданып жасалатын ақша қозғалысы жөніндегі қорытынды есептің үшінші үлгісі берілді.

 

 

Кесте-6

«КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының 2013-2015жж. ақша қозғалысының қорытынды есебі (тікелей әдіс)

Көрсеткіштердің аталуы       Ауытқу 2015 ж 2013ж қарағанда Ауытқу 2015 ж 2014ж қарағанда
Ақша қаражаттарының орташа қалдығы       +1041 +941
Ақша қаражаттары шоты бойынша кредиттік айналымдардың сомасы       +27320 +25380
Банк шоттарындағы ақша қаражаты болу ұзақтылығы 28,4 28,1 35,8 -0,3 +7,7

Ескерту - «КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының жылдық есебі негізінде автормен құрастырылған.

Халықаралық қаржылық есеп стандартының талабына сай қаржылық қорытынды есеп құрамына енгізілетін қосымша үлгінің бірі „Ақша қозғалысының қорытындысы үлгісі" болып табылады. Негізінен бұл үлгі баланс және табыстар мен жұмсалған шығындар жөніндегі қорытындының жекелеген баптарын ақшалай өлшеммен өлшеп көрсетуге арналған. Оның негізгі мақсаты - сыртқы және ішкі пайдаланушыларға ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде ақпараттар даярлап беру.

Ақша қозғалысы жөніндегі қорытынды есебін жүргізуге арналған жекелеген шоттардағы мәліметтер негізінде жасалынып, есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы қалған ақшаның қалдығымен салыстырылып көрсетіледі.

Кәсіпорынның бүкіл шаруашылық қызметі 3 топқа бөлінеді:

Инвестициялық қызмет - бұл ұзақ мерзімді активтердің және ақша баламаларына жатпайтын басқа инвестициялардың сатып алынуымен және шығып қалуымен байланысты қызмет;

Қаржылық қызмет - компанияның меншікті капиталы мен тартылған қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге алып келетін қызмет;

Операциялық қызмет - компанияға табыс әкелетін негізгі қызмет және инвестициялық пен қаржылық қызметтен басқа қызмет.

Халықаралық есеп жүргізу тәжірибесінде ақша қозғалысы есебін жасауда екі -тікелей және жанама әдіс қолданылады.

Тікелей әдіс -бұл жалпы ақшалай түсімдер мен жалпы ақшалай төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетілетін әдіс.

Тікелей әдіс кезінде таза ақша қаражаттары пайда мен залал туралы есептің әрбір бабын:

- кезең ішіндегі босалқылардағы және операциялық кредиторлық және дебиторлық берешектердің өзгерістері сомасына;

- басқа ақшалай емес баптарға;

- инвестициялық және қаржылық ақша ағындарының туындауына әкелетін өзге баптарға түзету жолымен есептеп шығарылады

Келтірілген мәліметтер негізінде банк шоттарындағы ақша қаражаты болу ұзақтылығы есепті кезеңде 0,8 күнге азайғанын көруге болады. Бұл кәсіпорынның ақша қаражаттарының жоспарлы түрде келіп түсуі мен шығынын көрсетеді, яғни ақша ағындарының жақсы теңгерімділігін сипаттайды.

Жанама әдіс - таза табыс немесе залал ағымдағы активтер мен міндеттемелердің, ақшалай емес баптардың өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық және қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын табыстар мен залалдарға өткен кезеңмен салыстырғанда түзетілетін әдіс [44,864б.].

Кесте 7

«КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының 2015 жылғы жанама әдісті қолданып жасалатын ақша қозғалысының қорытындысы мың теңге

Жазулар мазмұны Сомасы
Таза табыс  
Таза табысты реттеуші операциялар:  
Амортизация және тозу жарналары  
Берешектер қарызы сомасының өзгеруі -200
Тауарлы -материалды босалқылардың өзгеруі -80
Алдағы кезең шығындарьшың өзгеруі +150
Ағымдағы басқа да активтердің өзгеруі -25
Алашақтар қарызы сомасьшың өзгеруі -85
Салықтар бойынша есеп айырысудың өзгеруі +50
Ағымдағы басқа да міндеттемелердің өзгеруі +50
Операциялық қызмет нәтижесіндегі таза ақшаның көбеюі (+), азаюы(-) +1365

Ескерту - «КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының жылдық есебі негізінде автормен құрастырылған.

 

Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі қорытынды есеп ұйымдардың меншікті капиталының жағдайы мен қозғалысын, жарияланған жарғылық капитал, төленбеген және қосымша төленген капитал өзгерісін, сондай-ақ резрвтік капитал мен белінбеген табыстың (зиян) қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерден тұрады. Капиталдың әр түрінің немесе резервтер қозғалысы төмендегі баланстық теңдік принципіне қарай былайша өрнектеледі:

 

БҚҚК — Ка =СҚҚ

 

Мұндағы:

Кк - капиталдың көбеюі (есепті жылғы түскен)

Ка - капиталдың азаюы (есепті жылы жұмсалған)

СҚК - есепті кезеңнің соңына қалған капиталдың әр түрінің, резервтер және қорлардың соңғы қалдығы.

Капитал қаражатының қалдығы бухгалтерлік есеп мәліметтеріне сай анықталады.

Бухгалтерлік есеп ережелеріне сай капитал сомасьщың азаюына акциялар санының төмендеуіне байланысты сомалар, акциялардың номиналды құнының төмендеуі және осыларға байланысты шығындар сомасының азаюы жеке қаралып, капитал көлемінің азаюына тікелей әсер етеді. Төмендегі кестеде меншікті капитал қозғалысы жөніндегі қорытынды есептің қазақстандық үлгісі берілді.

Кесте 8

«КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының 2013-2015 жж. меншікті капиталдағы өзгерістердің қорытынды есебі

Көрсеткіштердің аталуы       Ауытқу 2013-2014 Ауытқу 2014-2015  
Жарғылық капитал         -
Резервтік капитал       +200 +500
Қосымша капитал       +2000 +1750
Әлеуметтік сала қоры   - -   -
Мақсатгы қаржыландыру   - -   -
Бөлінбеген табыс       +750   +2250
Алдағы кезең шығыстары мен төлемдерінің резерві       +50 +100  
Барлығы       +4200 +4600

Ескерту - «КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының жылдық есебі негізінде.

 

Кестедегі берілгендер меншікті капиталдың көлеміндегі өзгерістерді көрсетеді: жарғылық капиталдың үлес салмағы азая отырып, бөлінбеген табыстың және резервтік қордың үлесі көбееді. Меншікті капиталдың жалпы сомасы есептік кезең аяғында 4600 мың теңгеге немесе 18,25 %-ке өсті.

Меншікті капитал өзгерісі жөніндегі қорытынды есеп ұйымның өз меншігіндегі активтердің жағдайын сипаттайды.

Қаржылық қорытынды есеп қүрамы мен мүның жекелеген элементтерін тануға байланысты мәселелерді қарастыра отырып, біздер қорытынды есеп жасаудың кез келген қолданбалы әдістері сабақтастық баланыстылықты қамтамасыз ететін көптеген қосымша көрсеткіштерге, мысалға, сатуға, қаржы нәтижесіне, бухгалтерлік балансқа байланысты қалыптаратындығын зерделеп отыруымыз керек [45].

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1214 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2350 - | 2306 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.