Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


КӘсіпорынныҢ міндеттемелер есебі мен аудитін Ұйымдастыру




Мазмұны

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ..........................................6

1.1 Міндеттемелердің түсінігі, жіктелуі....................................................................6

1.2 Кәсіпорынның қысқа және ұзақ мерзімдегі міндеттемелер есебі.............................................................................................................................12

1.3 Кәсіпорынның міндеттемелерінің аудит технологиясы және ұйымдастырылуы......................................................................................................20

2 САЛЫҚ БОЙЫНШАМІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢТАЛДАУЫ («Казпочта» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалының мысалында)................................................................................................................36

2.1 Салық міндеттемесінің есебі мен талдауы.......................................................36

2.2 Жеке табыс салық есебі мен талдауы................................................................44

2.3 АҚ «Казпочта» ұйымының мысалында міндеттемелердің талдауы..............51

3 КӘСІПОРЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.................................................................................................................61

3.1 Салықтың міндеттемелерінің проблемалары және олардың әдістемелік негізі............................................................................................................................61

3.2 Салықтар бойынша есеп айырысу есебі мен аудитін жетілдіру жолдары.....64

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................69

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................72

 

 

КІРІСПЕ

Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін еспке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

«Қазақстан – 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы үкімет алдында қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуіне және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды, оның ішінде салық жүйесіндегі мәселелер шешудегі бағыттар да аталып өтті.

Қазіргі кезеңде Салық жүйесінде мынадай проблемаларды шешу қажет:

- салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыру және жеке шоттарын жүргізу кезіндегі мәселелер;

- салық есептілігін электрондық түрде берген және жеке шоттарға қашықтықтан қатынауды ұйымдастыру кезіндегі мәселелер;

- ҚҚС бойынша электрондық камералдық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі мәселелер;

- «Салық аудитін электронды бақылау» (САЭБ) біріктірілген салықтық ақпараттық жүйенің (БСАЖ) мамандандырылған құраушының көмегімен салық тексерулерін жүргізу және тексеру рәсімдерін құжаттандыру кезіндегі мәселелер;

- Жұмыс істемейтін салық төлеушілердің банктік шоттарында ақшалай қорлардың қозғалысы туралы ақпаратты алу жөнінде екінші деңгейдегі банктермен жұмыс істеу кезінде автоматтандырылған өзара іс-әрекеттің болмауы болып табылады;

- Салықтық әкімшілік жүргізудің ақпараттық жүйелерін қолданудың тиімділілігіне теріс әсер ететін ақпараттық технологияларды ағымдағы пайдалану кезіндегі мәселелер;

- Салық жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі;

- Салық органдарының салықтар мен төлемдер бойынша берешекті бюджетке өндіріп алу жөніндегі мәселелер;

- жалған кәсіпкерлік қызметін анықтап, тексеру кездеріндегі туындайтын мәселелер;

- Трансферттік бағаны қалыптастыру туралы заңнаманы сақтау жөніндегі бақылау жұмысының тиімділігін көтеру

Кәсіпорындар өзінің қызметі барысында меншікті капиталмен қатар қатыстырылған капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.

Бұларды терең түсіне біліп, зерттеу, дипломдық жұмыстың өзектілігін құрайды

Диплом жұмысының тақырыбы «Ұйым міндеттемелерінің есебі және аудиті» соған сәйкес осы тақырып бойынша Үштөбе қаласында ораласқан «КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалы қызметінің мәліметтері негізінде диплом жұмысын жазу таңдалып алынды.

Зерттеу жаңашылдығы. Міндеттемелердің бухгалтерлік есебі мен аудиті кәсіпорынды басқаруда үлкен рөл аткарады, өйткені оның кызметі, қаржылык жағдайы туралы толық ақпарат береді. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мен маңызы күшейе түсті.

Есепте орын алатын көрсеткіштер қаржы-шаруашылық кызметтің нәтижелерін талдау кезінде тек кәсіпорынның өзімен ғана емес, онымен тығыз серіктестік байланыста болатын жеткізушілер, тапсырысшылар, несие берушілер (банктер) және тағы басқалармен жүргізіледі.

Қазіргі уакытта есептің көрсеткіштерін салық және қаржы органдары, банктер пайдаланады, ал кәсіпорынмен жасалған келісім шарт бойынша тексеру кезінде — аудиторлық фирмалар, кеңесшілер, заңгерлер, әсіресе жетекшілік пен басқарудың әртүрлі деңгейлерінде қаралатын даулы мәселелерді шешуде кәсіпорынның мүдделерін қорғауы қажет болған уақыттарда қолданады.

Бухгалтерлік есеп – белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъект туралы қажылық ақпараттарды өлшеуді, өңдеуді және тапсыруды жүзеге асырушы жүйе. Бұл ақпараттар оларды пайдаланушыларға (тұтынушыларға) субъектінің шаруашылық қызметіне басқару жүргізудің альтернативтік вариантарын таңдау кезінде негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары инвестициялардың заңын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.

Аудит жұмысы үлкен мемлекеттік қызмет атқарады. Олай дейтін себебіміз, аудит тексеруі барысында кәсіпорынның табыс-пайда сомасы салық нақты анықтамадан қанша сома салық төлеу керек екенін, “салық есебінің”дұрыс жүргізілгенін аудиторлық тексеру арқылы анықтайды.

Аудит қорытындысы арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге, қандай денгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері даму жолында болған жағдайда ол елде өзінің экономикалық инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас экономикалық зандылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы ол елде тауар бағалары тұрақты деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын іс жүзінде қалыптастырады.

Бухгалтерлік есеп өрісіндегі қаржы ресурстарын кәсіби басқару - қазіргі сандық талдау әдістерін пайдалана отырып, кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайына терең талдау жүргізудің басты проблемасы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – Үштөбе қаласында ораласқан «КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалының қаржы-шаруашылық қызметі болып табылады.

Зерттеу пәні –кәсіпорындағы міндеттемелердің бухгалтерлік және салық есебі мен аудитінің 2013-2015 жылдарындағы жағдайы.

Диплом жұмысының мақсаты – зерттеу обьектісі ретінде алынған міндеттемелердің ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып, талдап, оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады. Сондықтан да дипломдық жұмыстың басты мақсаты Үштөбе қаласында ораласқан «КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалы материалдары негізінде ондағы міндеттемелер бойынша есеп айырысу есебінің дұрыс жүргізілуін және ұйымдастырылуын, сондай-ақ аудиторлық тексеру жүргізуді теориялық тұрғыдан зерттеу және талдау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

- міндеттемелердің жалпы түсінігі мен олардың жіктелуін қарастыру;

- ұзақ және ағымдағы міндеттемелер есебінің мән-мағынасын ашу;

- міндеттемелерінің аудит технологиясы және ұйымдастырылуын айқындау;

- корпоративтік және жеке табыс салығының жалпы сипаттамаларын ашып көрсету;

- Үштөбе қаласында орналасқан «КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалы мысалында міндеттемелердің талдауы және аудитін қарастыру;

- салықтардың даму проблемалары және олардың әдістемелік негізін зерттеу;

- салықтар бойынша есеп айырысу есебі мен аудитін жетілдіру жолдарын зерттеу.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде ҚР нормативті-құқықтық актілері, Үштөбе қаласында орналасқан «КАЗПОЧТА» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалының 2013-2015 жылдарындағы бухгалтерлік және қаржылық есептемелері, оқу-әдістемелік әдебиеттер және отандық, шет елдік ғалымдардың еңбектері.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс міндеттемелер бойынша есеп айырысу мен оның аудитін теориялық жағынан және тәжірибелік мәліметтер негізінде оның толық сұрақтарын қарастырады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде, міндеттемелер туралы түсінік, есебі және олардың аудиті қарастырылды. Екінші бөлімінде, салық бойынша міндеттемелердің талдауы және аудиті көрсетілді. Үшінші бөлімде, кәсіпорындағы салық есебі мен аудитті жетілдіру жолдары анықталды.

КӘСІПОРЫННЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІ МЕН АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1867 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2465 - | 2219 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.