Магистральді газқұбырының жіберетін қабілетіне, ГАА түріне және қуатына байланысты бір компрессорлық цехте 3-тен 14-ке дейін ГАА орналастыруға болады.
КС-те орнатылады:
- газды іштен жанатын қозғалтқыштын жетегімен жасалған поршеньді компрессор (газомотокомпрессор);
- электржетекті поршеньді компрессор;
- газтурбинді жетекті центрге тартқыш айдағыш;
- электржетекті центрге тартқыш айдағыш.
Центрге тартқыш айдағыш – ол бір немесе екісатылы сығылған, үлкен өнімділікке ие (50 млн м3/тәул. дейін) және қысымның көтерілу дәрежесі бірсатылыда 1,22... 1,25, ал екісатылыда 1,45... 1,5 тең болатын центрге тартқыш компрессор.
Центрге тартқыш айдағыштар үлкен жіберу қабілетіне ие. Сол себептен оларды магистральді газқұбырлы КС-те қолданады. КС газқұбырдын ауыспалы режим жұмысына бейімді болу керек.
Центрге тартқыш айдағыштар мен газқұбыр аумағының ортақ сипаттамасы жіберу Q мен сору қысымы P координаталарында айдағыштың қысымы тұрақты болғанда ғана қарастыруға ыңғайлы. Айдағыштар мен газқұбырдын бірлескен жұмысы олардың сипаттамаларының қиылысу нүктесінде ғана мүмкін болады. Өте үлкен жіберу екс мәнінің өсуіне, яғни Р мәнінің кемуіне тиісті болады.
Тізбектеп қосылған айдағыштар мен газқұбыр аумағының сипаттамалары 2-суретте көрсетілген. Жұмыстың режимдерін өзгерту үшін төмендегіні орындау керек:
- бір немесе екі тізбектей қосылған агрегаттың немесе агрегаттардың біреуін сөндіру арқылы айналу жиілігін өзгерту;
- сору кезінде КС-ті дроссельдеу. Бұл тәсіл қарапайым болса да, жанармай 25% артық жұмсалады;
- айдағыштан сорғышқа газдың бөлігін қайтадан жіберу.

2-сурет. Айдағыштар мен газқұбыр аумағының сипаттамалары
Р – қысым, МПа; Q – шығын, млн м3/тәул.; Н – номиналды режимнің нүктесі, р – айдағыштардың біреуін сөндіру кезіндегі жұмыс нүктесі; 1 – айдағыштың шамалы сипаттамасы; 2 - екі тізбектей қосылған айдағыштардың шамалы сипаттамасы; 3 - газқұбыр аумағының сипаттамасы.
Газтурбиналы ГАА үшін міндетті талап – айналу жиілігінің 75-105% интервалында өзгеруі кезінде айдағыштардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Агрегаттардың тізбектей қосылуы – айдағыштардың айналу жиілігі бойынша керекті диапазонды қысқартудың ең тиімді тәсілі.
Толықарынды айдағыштарды параллельді қосу үшін 3 жұмыс істейтін агрегат және 1 қосымша агрегат болу керек. Қосымша ГАА-ны 2-ге дейін арттыру керек.
ГАА шүмекті бекіткіш оның магистральді газқұбырға қысыммен қосылу мүмкіндігін, бос пайдасыз жүрісте жұмыс істеуін және ГАА-ның сөнуін қамтамасыз етеді. Айдағыштың типіне байланысты шүмекті бекіткіштер бір бірінен ажыратылады және жетек типіне тәуелсіз болады.
Толық арынды сығымдағыштың кран бекіткішін КС-қа (3,а сурет) паралельді, ал толық емес арынды сығымдағыштың кран бекіткішін тізбектей (3,б,в сурет) қосуды қамтамасыз ету керек.
ГПА-ның әр түрлі сығымдағышты КС-қа қосылу сұлбасы.
а - паралельді қосылған толық арынды сығымдағыш;
б,в - тізбектей қосылған толық емес арынды сығымдағыш;
1 - кіру құбыры;
2 - сығымдағыш;
3,4,5,6 - паралельді құбырлар;
7,9 - шығу құбыры.
Газ кіру құбырынан 1 бірнеше паралельді, ішінде сығымдағыштар 2 орналасқан құбырларға 3,4,5,6 тармақталады және одан әрі шығу келте құбырына 7 бағытталады. Сұлба ГПА жұмысын кез келген нұсқаларда қорға сақтау мүмкіндігін береді.
Бірінші деңгейлі сығымдағыштар 2 жалпы коллекторға 3 жұмыс істейді, содан кейін газ екінші деңгейлі сығымдағыштар арқылы шығу құбырына 5 өтеді.
Паралельді - тізбектей қосылыс кезінде газ кіру құбырынан 1 Р қысыммен 4 (немесе одан да көп) паралельді орналасқан құбырларға 5,6,7,8 өтеді.
Компримерленген газ 5,6,7,8 құбырлардан Р қысымымен шығып, 9 құбыры арқылы КС шығуына әкелінеді. Айдағыштарды қосу ЗА схемасы жұмыс істейтін сонымен қатар айдағыштарды бір топтан басқаға ауыстырып қосуды мүмкін етеді.
Бақылау сұрақтары:
Студент КС-те қандай айдағыштар қолданылатынын, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, толық тіректі және толық тіректі емес айдағыштардың қосу әдістерін білу қажет; айдағышты помпождан шығаруға, әр түрлі жұмыс тәртіптеріндегі айдағыш – құбыр қосылған мінездемені салуға, КС-тің жұмыс тәртібін есептеуге икемі болу қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. КС-те айдағыштардың қандай түрлері қолданылады?
2. Поршендік айдағыштармен салыстырғанда сыртқатепкіш айдағыштардың артықшылықтары қандай?
3. Сыртқа тепкіш айдағыш пен газ құбыр учаскісі қосылған мінездемелер
4. ГПА-ның біртіндеп қосылуы
5. ГПА-ның паралель қосылуы
6. ГПА-ның біртіндеп - паралель қосылуы
Бақылау сұрақтары:
1. Жұмыс агрегатында (құрылғыда) қандай техникалық күтімді сақтау керек?
2. Қор күйіндегі агрегаттың (құрылғының) техникалық күтімі.






