ДӘРІС КЕШЕНІ
Павлодар
Сораптық және компрессорлық станцияларды жобалау және пйдалану.
I бөлім Компрессорлық станциялар.
Кіріспе
Бұл күндіз және сырттай оқитын «Сораптық және компрессорлық станцияларды жобалау және пйдалану» дисциплина студенттерге арналған оқу құралы, осы дисциплинаға арналған қысқаша лекция курсынан тұратын, оның жұмыспрограммасы негізінде құрастырылған.
«Сораптық және компрессорлық станцияларды жобалау және пйдалану» арнайы дисциплина болып саналады, басқа дисциплиналардың, айдағыш және компрессорлық станциялардың қанаушылығын, сораптардың және газайдағыш агрегаттардың жөндеу ережесін оқытады.
Оқу материалы қазіргі талаптарға сай отын- энергетикалық кешенге негізделіп баяндалады, отандық және шетелдік ғылымның және технаканың соңғы табыстарына арналған.
Оқу барысында студенттің дисциплинаға қатысты және өзінше дисциплинаға қатысты әдебиетпен жұмыс істеуге ынтасы пайда болады.
Бұл оқу кұралында көрсетілген теориялық материялдар және сұрақтар осы дисциплинаны толығымен меңгеруге комектеседі.
Дисциплинаға кіріспе.
Елдің халық шаруашылығындағы мұнай және газ өнеркәсібінің рөлі.
Елдің халық шаруашылығында мұнай мен газдың зор мағынасы бар, олар энергия көздері болып табылады. Мұнай өңдеуден кейін: бензин, керосин, дизельдік отын, машиналарға және темір-жол көліктеріне арналған май.
Зымырандарда да керосин мен қышқылдағышпен бірге қолданылады.
Химиялық өнеркәсіптерінде мұнай шикізат ретінде қолданылады.
Газ отын ретінде металлургия және цемент алатын кәсіпорындарда, электр энергия тұрмыста кеңінен қолданылады.
Мұнай және газ біздің байлығымыз, сол себепті оны оймен қолдану керек. Сондықтан қазіргі кезде коптеген мұнай құбырлары салынады.
Студент дисциплинаның қысқаша мазмұнын, оның есебін, мұнай және газ өнеркәсібінің экономикадағы рөлі, дисциплинаның мағынасы «Сораптық және компрессорлық станцияларды жобалау және пйдалану» мамандардың дайындауында, басқа дисциплиналармен байланысты білу қажет.
Мерзімді техникалық күтілім түрлері өз ішіне жұмыстың маңызды көлемін алады. Күтілімнің осы түрі агрегаттың белгілі жұмыс істеу уақыты арқылы анықталады. Мақсаты – агрегаттардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру, май фильтрлерін тексеру сияқты жұмыстарды атқару, ақауларды табу және оның жою. Сынған түйіншектерді және агрегаттарды қалпына келтіреді немесе жаңаға аустырады.
Күтілім әдісі агрегаттың қолданылуына жарамдығын оларды қарау және параметрлерді өлшеу арқылы жүзеге асады.
Қолдану кезінде жыл мезгілдері де ескеріледі: күзгі-қысқы колданылым (ОЗЭ) суық кезде күтілімге қажетті қосымша жұмыстарды қамтиды, көктемгі-жазғы қолданылым (ВЛЭ) ауа температурасы жоғары болуын және ауада тозаңның көп болуын ескереді.
Қолданылым кезінде жөндеудің келесі түрлері қолданылады: ағымдық (кішкене), орташа, толық және апатық.
Ағымдық жөндеу – көлемі жағынан ең жеңіл түрі, агрегаттың бірқалыпты қолданылуын кезекті жоспарлық жөндеуге дейін қамтамасыздандырады. Оны өткізу барысында ақауларды ауыстыру немесе жеке құрама бөліктің қалпына келтіру арқылы жүзеге асады және реттеу жұмыстарын орындайды. Ағымдық жөндеуді қолданылым персоналы немесе жөндеуші қызметкерлермен агрегаттың қолданылатын жерінде орындайды.
Орташа жөндеу – агрегаттың қолданылым мінездемелерін қалпына келтіру үшін бұзылған немесе сынған құрама бөліктердің жөндеуі немесе ауысытырылуы. Одан басқа да қалған құрама бөліктердің қалпы тексеріледі және ақаулары болса оларды жөндейді. Орташа жөндеу кезінде жеке құрама бөліктердің толық жөнделуі мүмкін. Жөндеудің осы түрін газотранспортных және нефтегаздық бірлестіктердің мамандалған қызметкерлері орындау мүмкін.
Толық жөндеу кезінде агрегаттардың дефектациясы немесе оны толық тексерілуі, барлық негізгі құрама бөліктердің ауыстырылуы немесе жөнделуі, агрегатты құруы, оның кешенді тексерісін, реттелу және сынауы өтеді. Толық жөндеуді басшылыққа сүйене отырып орындайды. Жөндеу құжаттары – бұл жөндеу жұмыстарын орындауға және жөндеуден кейін тексеруге арналған конструкторлық құжат. Оларды құрама бөліктердің жөндеу құжаттардың жоқтығына қарамастан бүкіл бұйымға жасайды.
Апаттық жөндеу – апат тудырған сынған бөліктерді, жоспардан тыс орындалатын, жөндеу жұмыстары. Барлық агрегаттың жұмысқа жарамдығын қамтамасыздандырады. Апаттың себебінің тергеу үшін арнайы комиссия құрылады, олар апат қайталанбас үшін арнайы техникалық акт құрайды. Осы жөндеу жұмыстарын бұйымды дайындайтын зауыттың өкілдері мен арнайы бригадалары орындайды.






