Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ылыми-техникалық прогресті қаржыландыру




Fылым мен инновациялық технологиялар қазiргi әлемде эко-номиканы дамытудың шешуші факторлары болып табылады. Әр түрлі бағалаулар бойынша дамыған елдерде өндіріс өсімінің 70-тен 90 %-ға дейінгісі инновацияларды пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі екен. Тек жаңа технологиялар елге өндіріс-тің тұрақты өсуін кепілдендіруі, сондай-ақ дүниежүзілік шару-ашылық байланыстар жүйесіне экономиканы үйлестіру интегра-циясын қамтамасыз етуі мүмкін.

Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың кө-зін таңдау кезеңдерге және, тиісінше, ғылыми-техникалық зерт-теулерге байланысты, соның ішінде: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, жобалау-конструкторлық зерттемелер, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың әдістерін енгізу.

ҒТП-ні қаржымен қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары қар-жыландыру көздерінің көптігі және олардың мақсатты бағыт-тылығы болуы тиіс.

Fылым жалпы рыноктық қатынастарға бaғдарлана алмaйтын қызмет сферасына жатады. Мәселен, iргелi ғылым түгелдей коммерциялық крите-рийлерге түсіп кетпейді, сондықтан экономиканың маңызды секторларын-дағы технологияны революцияландыра алатын iргелi зерттеулер мен келешектегi зерттемелердi қаржыландырудың мiндетiн мемлекет өзiне алады. Мемлекеттiк ғылыми-техникалық, инвестициялық, экологиялық, iзгiлiктiк және өзге бaғдарламалар саласында келiсiлген саясат жүргiзу қажет. Айт-ылғaн бaғдарламалар мен жобалардың бағдарламаларын қаржыландырy ор-талықтaндырылғaн қаражаттар есебiнен жүргiзiлyi мүмкін.

Мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыладыpудың басым-дығы жалпы мемлекеттiк маңызы бар аса маңызды iргелi зерттеулерге, салааралық проблемалар бойынша жұмыстарғa, мемлекеттiк және халықаралық Fылыми-техннкалық бағдарламалар мен жобалардың тапсырмаларына берiледi.

Ғылыми қызметті және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс-тарды дамыту мақсаттарында Қазақстанда «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы жұмыс істейді, оның жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайды. Қоғам қызметінің негізгі предметі елде ғылыми зерттемелерді практикалық іске асыруды қамтамасыз ететін, басымдық, бастамалық, тәуекелдік зерттелімдерді дамытуға жәрдемдесу болып айқындалған. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік етуге және оны пайдалануға құқық берілген.

FТП-нiң қолданбалы және енгiзбелiк шаралары шаруашылық есеп қорларынан (орталықтандырылған және орталықmан-дырылмаған) және банк кредuттері есебiнен қаржыландырылуы тиic. Бұл шаралар өндiрiс тиiмдiлiгiне тiкелей ықпал жасайтын-дықтан, оның түпкiлiктi нәтижелерiне әсер ететiндiктен шару-ашылық жүргiзушi субъектiлердiң кipicтepiн FТП сферасындағы олардың қызмeтiнiң түпкiлiктi нәтижелерiмен тығыз байланысын қамтамасыз eтeтiн икемдi салықтық саясат жүргiзiлуi тиiс.

FТП-нi жеделдетудi ынталандырудың маңызды бағыты FТП-нiң басым бағыттарын жүзеге acыpaтын су6ъектiлер үшiн мақcammы субcuдuялар мен жеңiлдiктi кредиттер беру, жаңа техника мен технологияларды игеру жөнiнде арнайы құрылатын көтepiңкi шығындардың инвестициялық қорлары есебiнен өтема-қы төлеу, жаңа қымбат тұратын өнiмдi тұтынушыларғa оны игеру жылдарындa мaқсатты жәрдемақылаp енгiзу, негiзгi құрал-жабдықтардың жеделдетiлген амортизациясын қолдану болып табылуы мүмкін.

FТП-нi қаржымен қамтамасыз етудiң көзi қаржылық қолдауды көрсетуге арнaлған инновациялық қорлардың pecypсmaры бола алaды; бұл қорлар салаларда немесе өңірлерде Fылыми-техникалық өнімді әзірлеуштер мен тұтынушылардың, банктердiң, басқ;a мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдардың, сондай-aқ билiктiң жергiлiктi органдарының бюджеттік қаражат-тары есебiнен құрылуымүмкiн.

Соңғы уақытта алдын ала ескерiлген шарттарда нақтылы ғылыми зерт-теулер жүргiзуге азаматтар мен заңи ұйымдардың, соның iшiнде шетелдiк, халықаралық ұйымдардың да өтеусiз және қайтарусыз беретiн гранттары – арнаулы aқшaлай және басқадай қаражаттарды беру жолымен қаржылан-дырудың демеушiлiк сияқты көзi айқын дамып келедi. Негiзiнен бұл нысан мақсатты қолданбалы зерттеулер мен енгiзбелiк жұмыстарды қолдау үшiн қолданылады. Кейін, жекеше бизнеcтiң дамуына қарай, бұл көз iргелi зерт-теулердi қаржыландырудa көрнектi рөл атқарады.

Шаруашылықтың басқару opғaндapы (концерндер, ассоциациялар, ак-ционерлiк қoғамдap, компаниялар, министрлiктер, ведомстволар) ғылы-ми-зерттеу, тәжiрибелік-конструкторлық жұмыстарының және ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң жаңа түрлерiн игерудiң арнаулы салалық және са-лааралық бюджеттен тыс қорларын құрa алады.

Fылыми зерттеулердi қалыпты қамтамасыз ету ғылыми орталықтар-да күштердi бiрiктiрудi, осы мақсат үшін қаржылық ресурстарды орта-лықтандыруды қажет етедi. Ipi ресурстар не шаруашылық субъектiлердiң, өңiрлердiң, егемендi мемлекеттердiң аударымдары жолымен шоғылан-дырылуы немесе жеткiлiктi ipi бюджеттен мақсатты арналым түрiнде бөлiнуi мүмкін. Жекелеген өндiрiстерде iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн қаржыландырған кезде қаражаттар бөлiп-бөлiп жiберiлуi мүмкін. Және де рынок жағдайында ғылыми өнiм тауар болуы және сұраным мен ұсынымның бағасы бойынша сатып алынуы тиiс. Мұндай жағдайда ғылыми өнiмдi сатып алушы шығарған шығындардың opнын толтырy үшiн ғылыми нәтижесiн тез және тиiмдi пайдалануға мәжбүр болады. Бұл жағдайда ғылыми өнім үшiн есеп айырысуда кредиттiң рөлi apтaды, ол ғылыми-техникалық зерттемелердi өндiруден алынатын ұтыстардың есебiнен өтеледi.

Қазақстанда дамудың арнаулы институттарынан басқа, олардың iшiнде қаржы институттарынан − Инновациялық қордан және Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырy жөнiндегi корпорациядан басқа eкi сервистiк институт-технологиялардың инжинирингi мен трансфертiнiң орталығы және маркетингтiк-талдамалы зерттеулердiң орталығы жұмыс iстейдi. Олар арқылы мемлекет жоғары қосылған құны бар өнiмдi шығаpy жөнiнде жаңа өндiрiс құрaды, жұмыс iстеп тұрғандарын дамытады.

Инновациялық дамудың маңызды құрaмдac бөлiгi технопарктер болып табылады, өйткенi олар – инновациялық инфрақұрылымның негiзi. Техно-парктердiң негiзгi миссиясы мынада: өндiрiстiк аландар мен бизнес-қыз-меттердiң инновациялық жобаларын бастамашыларғa (ынтагерлерге) пай-далануға беру арқылы ғылыми зерттемелердi коммерциялау үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. Ұлттық деңгейдегi технопарктiң міндеті бүкiл экономикаға мулътипликациялық нәтижесі болатын жүйеқұрушы салалар-ды дамыту болады, өңірлiк технопарктердi жасаудың мақсаты жекелеген өңірлердің шеңберiнде экономиканың барлық салаларында инновациялық қызметті ынталандырy болып табылады. Ұлттық деңгей технопарктерiнiң ерекшелiгі – оның арнаулы экономикалық аймақ (АЭА) мәртебесiнiң болуы. Бұл ұлттық технопарк аумaғындa жұмыс iстейтiн компаниялардың айтар-лықтaй салықтық және кеден преференцияларының болатынын бiлдiредi. Өңiрлiк технопарктердiң ұлттықтан айырмашылығы олардың қатаң салалық бағыттылығының болмайтындығы, олар өңiрдiң жергiлiктi өнер-кәсiбiне жұмыс iстейдi.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 882 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

2188 - | 2139 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.