Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы




Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеумет-тік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақшалай ресурстармен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы[***] сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекет-тің, оның кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін жасаумен, бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.

Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, және кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақшалайқатынастардың субъек-тілері болып табылады.

Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көле-мінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып та-былады. Бұл құбылыс ХІХ ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы«Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы» ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс. А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш фактормен байланыстырады:

1) экономика дамуының нәтижесінде экономикалық өмірдің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың қажеттігіне жеткізеді;

2) техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекттік корпорациялар қамтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;

3) көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төз-бейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті күшейтеді.

Сөйтіп, Вагнердің заңы рыноктық шаруашылықтың белгілі бір шектеулі-лігін және экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін дәлел-дейді.

Мемлекет қаржысы үшін көп дәрежеде бөлгіштік тұжырым-даманың іс-әрекеті қолайлы, сондықтан ол бөлгіштік және бақылау функцияларын орындайды.

Сонымен бірге экономиканың мемлекеттік секторында нақ-тылы өндіріспен байланысты (мемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық холдингтер мен компаниялар) қаржылық қатынастар әрекеті жағ-дайларында мемлекет қаржысының ұдайыөндірістік функциясы іс-әрекет етеді. Жалпы кеңейтілген түсінікте бұл буын қоғамдық ұдайы өндіріске оның «адамның өсіп-өнуіне», оның материалдық, әлеуметтік, табиғи және моралдық игіліктеріне жәрдемдесу бөлігіне жұмыс істейді. Бұл мағынада қаржыда ұдайы өндірісітік функцияның ғаламдық әрекеті және жарым-жартылай бөлгіштік туралы айтуға болады.

Алайда бөлгіштік фукциядағы мемлекеттің қаржысын неғұр-лым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимыл-дарының қажеттігінен туындайтын (231 беттегі 3,4,5 тармақтар) құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн; бұл: 1) орналастыру; 2) қайта бөлгіштік; 3) тұрақтандыру қосалқы функциялары.

Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдықтауарлар, игілік-тер және қызметтер көрсету рыноктық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және ха-лықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі және орналасты-руы қажет екендігінде көрінеді. Мәселе шектеулі экономикалық ресурстарды «жекеше» және «қоғамдық» тауарлар арасында оң-тайлы бөлуде және олардың құрылымы мен мөлшерін таңдауда болып отыр. Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салық-тардың есебінен қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктық тауар-ларды өндірудің мүмкіндіктері шектелінеді, оңтайландыру проб-лемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін.

Түрлі фискалдық құралдар арасында қайта бөлгіштік қосалқы функция көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады:

1) табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоға-ры табыстарға үдемелі салық салумен үйлестіретін салықтық трансферттік тәсім арқылы;

2) баламалы түрде қайта бөлу жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржы-ландыру үшін пайдаланылатын прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;

3) ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пай-даланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын са-лықтармен үйлестіру арқылы жету мүмкін.

Саясаттың баламалы құралдарын таңдауда тұтынушылардың немесе өндірушілердің таңдауға араласуы болғанда көтерілетін толық нәтижеленетін ысыраптар немесе тиімділік шығындары есепке алынуы тиіс. Салықтық-трансферттік механизм арқылы қайта бөлудің жеке тұтыну немесе өндірістік таңдауға кедергі жасамайтын артықшылығы болады. Алайда тіпті бұл механизм де «тиімділік шығындарысыз» емес, сондықтан жанжалды теңдік пен тиімді мақсаттарды теңгеруді табу қажет. Жүргізілетін оңтайлы саясат мүдделердің екеуіне қолданылуы тиіс.

Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті сыртқы сауда мен төлем балансының жай-күйінің нәтижелерін ескере отырып, жоғары жұмыспен қамтуға, бағаны тұрақтандыру мен экономи-калық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз етуге саяды. Соны-мен бірге мемлекеттік бюджеттің шығыстары және салық салу-дағы өзгерістер бойынша қатаң не шектеулі шараларды қолдана отырып, мемлекет жиынтық сұранымға ықпал жасайды. Осыған байланысты бұл қосалқы функция қаржының ұдайыөндірістік функциясына барып тіреледі және мемлекет жұмылдырған қар-жылық ресурстарды ұлғаймалы ұдайы өндіріске инвестициялау мақсатына бағыттау кезінде оған түрленуі мүмкін.

Мемлекеттің қаржысы бұл буынға имманенттік түрде тән ретінде бұрын баяндалған түсініктердегі бақылау функциясын орындайды (1.5 параграфты қараңыз).

Мемлекет қаржысының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: оның құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше функцияларды орындайды.

Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын кіріктіреді. Аталған буындардың түрлі функциялық арналымының арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси үдерістердің үлкен спектріне, салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді. Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпы мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) қаржылар болып бөлінеді.

Функциялық арналымы бойынша мұндай сан алуан қаржылық байланыстардың арқасында мемлекет аумақтық, сондай-ақ сала-лық аспектілерде көптеген экономикалық және әлеуметтік үде-рістерге ықпал жасай алады.

Егер қаржылық қатынастарды топтастыру кезінде мемле-кеттің экономика мен әлеуметтік үдерістерге басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, онда Қазақстан Республикасындағы мемлекет қаржысының құрылымын шамамен мынадай түрде көрсетуге болады (10.5 сызба).





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1718 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2227 - | 2156 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.