Кез келген тауарларды өндіру, қызметтер көрсету, игіліктер шығындармен байланысты болғандықтан, қызметтің аталған түр-лері олардың ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз ету үшін қаржыландырылуы тиіс. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қызметін каржыландырудың көзі де әр түрлі болып келеді.
Коммерциялық емес қызмет бағыттарының әрқайсысы өзінің өзіндік ерекшелігімен сипатталады, материалдық сфера мен ком-мерциялық қызметке тән функцияларды айқындайтын кұрылым-дарды кіріктіреді. Мысалы, олардың көбісінің меншікті кәсіпо-рындары болады, олардың жұмысы кәсіпорындар қаржысының жұмыс істеуінің жалпы қағидаттарына негізделіп ұйымдасты-рылады. Алайда мұндай кәсіпорындардың өнімін өткізу сұраным мен ұсынымның рыноктық критерийлерімен емес, бірақ ұйым-ның өзінің ішкі қажеттіліктерімен реттеледі. Мұндай өнім өнді-ріс шығындарын жабатын және нормаланатын деңгейде пайданы (таза табыс) қалыптастыратын бағалар бойынша: қолайлы өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ету және ұйымның – кәсіпо-рын иесінің жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін сатылады. Сөйтіп, өнім, әдеттегідей, бәсекелік рынокқа шықпайды, коммер-циялық ұйымның ішінде қолдануға арналады (әскери-өнеркәсіп-тік кешен өнімі, медициналық техника мен саймандар өндіру жө-ніндегі кәсіпорындар, мамандандырылған өнімнің басқа түрлері).
Алайда шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесі өндіріс, айналыс сферасындағы анық шекараларды анықтамайды және экономикада болып жатқан өзгерістер бірқатар коммерциялық емес салалар қызметінің уәждемесінде бейнеленеді. Олардың көптеген құрылымдары өзінің өнімімен және қызметтерімен ашық рынокқа шығады, сөйтіп, өз құрылымының және жалпы осы сала жүйесінің жақсы дамуын қатамасыз етеді. Мысалы: білім беру, денсаулық сақтау, мәденит мекемелерінің ақылы қыз-меттері кеңінен дамып отыр. Ал сыныптау мен қаржыландыру критерийлері бойынша бұрын аралық жағдайда болған халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және тұрғын үй-коммуналдық шару-ашылық сияқты салалар коммерциялық негіздерге көшті. Пәтер меншіктенушілердің кооперативтерін ұйымдастырумен тұрғын үй секторын коммерцияландыру кезеңі аяқталды. Осы сияқты трансформациялаулар (түрлендірулер) қызметтің коммерциялық емес түрлерінде пайдаланылатын қаржылық ресурстардың құра-мы мен құрылымына әсер етеді.
Коммерциялық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен меке-мелерді қаржыландырудың көздерін бұл құрылымдардың жұмы-сына мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға бола-ды.
Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйым-дарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру және денсаулық сақтау жатады. Басқа бағыттарда мемлекет қа-дағалаушы-үйлестіруші рөлді жүзеге асырады, ал қаржыланды-ру көздері мемлекеттік арнаулы бюджеттен тыс қорларда орта-лықтандырылатын шаруашылық жүргізудің барлық субъектілері аударатын қаражаттардың міндетті аударымдары болып табыла-ды. Бұл, мысалы Қазақстанда 1998 жылға дейін әлеуметтік қам-сыздандыруды (Зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы), медициналық сақтандыруды (Медициналық сақтанды-ру қоры арқылы) қаржыландыру үшін қолданылды. Қоршаған ортаны қорғауды қаржыландыруда мемлекет ерекше орын алады: өндірістің экологиялық зиянды жағдайлары бар шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттарын жұмылдыру бойынша мәжбүрлеуші іс-шараларды қолданады. Осылайша, өтемақы немесе мекендеу ортасын қалпына келтіру бойынша шараларды қаржыландыру үшін Табиғатты қорғау қоры қалыптастырылады.
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелермен кепілдендірілген дең-гейлердегі білім беру мен денсаулық сақтауды қаржыландыру жөніндегі шығындарды өзіне алады.
Іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен каржылан-дырылады. Бұл мұндай зерттеулердің нәтижелері дереу нәтиже бере қоймайтындықтан, ұзақ мерзімнен кейін қолданылуы мүм-кін болатындықтан барып шығады, ал олардың маңыздылығы қоғамның болашақ дамуы үшін өте айтарлықтай.
Бюджеттік ресурстар сондай-ақ мәдениет пен шығармашы-лық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, театрларды, филармонияларды, музыкалық ұжым-дарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле-және радиостудияларды, киностудияларды және т.б. қолдап отыруға пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды каржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыс (түсім-ақша) түріндегі меншікті қаражаттар, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда), ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызмет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымның оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан ары өздігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) кірік-тіреді. Мұндай әдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтың қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.
Меншікті кәсіпорындары бар ұйымдарда олардың қызметін (жөндеу ұйымдарының жабдықтар мен оргтехниканы қалпына келтіруі үшін, осы мақсатпен босалқы бөлшектер шығарымы бойынша қызметін, басқа мекемелердің медикамент және емдік преператтар шығарымы бойынша мекемелерінің қызметін, әр түрлі қосалқы шаруашылықтар қызметін) қамтамасыз ету үшін, алынатын пайда немесе табыс әуел баста белгіленген тәртіппен бөлінеді, яғни бюджет және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер төленеді, содан кейін қаражаттардың бір бөлігі кәсіпо-рынның дамуын өзін-өзі қаржыландыру мақсатына бағытталады және тек сонан соң қалған бөлігі ұйым-иегердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Ведомствоға қарасты кәсіпорын-дардың болуы жағдайында коммерциялық емес ұйымды қаржы-ландыру көздері мысалы, кәсіпорын мүлкін өткізуден, акциялар пакетінің бір бөлігін сатудан, құрылтайшы ретіндегі ұйымдағы кәсіпорын акцияларына дивидендтерден түсетін түсімдерден бо-латын қаражаттармен толықтырылуы мүмкін. Ведомствоға қа-расты кәсіпорынның резервтік қорының қаражаттары да пайда-ланылуы мүмкін.
Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, құрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар, мүлік пен ғимараттарды кепілдікке беруден алынатын қаражаттар жатады.
Қаржыландырудың үшінші көзі – банктердің кредиттері. Бұл көзді ақылы қызмет керсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржыландырудың бұл әдісі, кредиттік қаражаттардың қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы болып келеді.
Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кә-сіби, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқалары) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді. Қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастырудың еріктілігі олардың қаржылық ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады: оларға бюджеттік қаржыны (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржылық ресурстар бірлестіктердің жарғысына байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.
Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары мен ұйым-дары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатын аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, ұйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік бағыттылық, мәдени және шығармашылық ұйымдары мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды каржыланды-рудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай каржыландырудың алуан түрлілігі ретінде белгілі бір ұйымның немесе қызмет түрінің тұрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік қаржыландыруы бола алады.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландырған кезде гранттар – жеке адам, компания, фирма, халықаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгілі бір бағыттағы ғылыми зерттемелерді, жобаны, ғалымдардың бір тобын немесе жеке ғалымды зерттеуді аяқтап,оның нәтижелерін ендіруге немесе басқаша қолдануға дейін жеткізу мақсатымен өтеусіз қолдау әдісі қолданылады.
Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін ұс-тауға және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың бел-гілі бір көзі олардың қарамағындағы ресурстардың бір бөлігін коммерциялық және жинақ банктерінің депозиттеріне, сондай-ақ қаржы рыногында бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.
Қаржыландырудың аталған көздері коммерциялық емес қыз-мет ұйымдары мен мекемелерінің ақшалай қаражаттарын әр түр-лі үйлесімдерде және аталған көздердің толық жинақталымында қалыптастыруы мүмкін. Мысалы, білім беру жүйесінде аталған көздердің жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда екі-үш көздермен шектеледі. Бірақ кез келген нұсқада – қаржылан-дырудың қосымша көздерінің көп немесе аз болуы мемлекеттік бюджеттен оның кірістері мен шығыстарының тізімдемесінде қарастырылған қаржыландырудың көлемдері азайтылмайды. Ық-пал жасаудың мұндай тұтқасы ұйымдар мен мекемелердің қоғам-дық-пайдалы қызметін дамытудағы, олардың жұмысының тиім-ділігін арттырудағы ұжымның бастамасы мен шығармашылық ізденісін ынталандыруға шақырады.