Техникалық термометрлермен – термоэлектр түрлендіргіштермен (ТЭТ) – температураны өлшеу 1821 жылы Зеебекпен ашылған термоэлектр эффектті қолдануда негізделген.
Термоэлектр түрлендіргіш – екі немесе бірнеше өзара қосылған әр текті өткізгіштердің тізбегі (6.2 суретті қараңыз).
Зеебек эффекті: егер де екі өзара қосылған әр текті өткізгіштерді алып, дәнекерлеушілерін t ≠ to болатындай қыздырсақ, бекітілген тізбекте электр ток өтеді.
А, В – термоэлектродтар;
1, 2 – дәнекерлеушілер.
Егер де t > to болса, ток бағыты 6.2
суреттегідей (1 дәнекерлеушісінде В-дан
А-ға қарай) болады.
Осындай тізбекті ажыратып жіберсек
оның ұштарында термоЭҚК пайда болады.
t температураны өлшеу объектіде орнатылатын дәнекерленуші жұмыс дәнекерленуші (1дәнекерленуші), ал объекттен тыс дәнекерленуші бос дәнекерленуші (ұшы)деп аталады (2 дәнекерленуші).
Келесідей белгілерді енгіземіз:
еАВ(t) –t=t болғанда 1 дәнекерленушідегі А мен В термоэлектродтар арасындағы термоЭҚК;
еАВ(tо) - болғанда 2 дәнекерленушідегі А мен В термоэлектродтар арасындағы термоЭҚК;
ЕАВ(t, tо) – жұмыс дәнекерленушінің температурасы t және бос дәнекерленушінің температурасы болғанда А және В термоэлектродтардан тұратын контурдың термоЭҚК;
еАВ(t) = - еВА(t); еАВ(tо) = - еВА(tо) қабылдаймыз. Онда бекітілген тізбек үшін (6.1 суретті қараңыз):
ЕАВ(t, tо) = еАВ(t) + еВА(tо)
немесе
ЕАВ(t, tо) = еАВ(t) - еАВ(tо). (6.1)
6.1 к е с т е – Техникалық термопараны тексерудің хаттамасы
Нұсқа____
Күні _______________
АЭжБУ-ың ______аудиториясындағы Виртуалды зертханалық стендте көрсетілген
Жұмыс _________________ термометрді тексерудің _____ бөліктендірудің
ХАТТАМАСЫ
Тексеру келесідей үлгілі аспатармен өткізілді:
үлгілі термометр________________________ бөліктендіруі ______________ және
үлгілі цифрлық милливольтметр.
Сыртқы қараудың ескертулері: ___________________________________________
Тексеру шарттары: бос ұштардың температурасы - _______ºС.
Термометрлердің көрсетулері, мВ
|
(6.1) теңдеуі ТЭТ-ің негізгі теңдеуі деп аталады. ТЭТ-ті бөліктендіргенде (сипаттама кестені алғанда) бос ұштарының температурасы tо = const, әдетте tо = 0 оС.
Ізделінген t температураны анықтағанда сәйкес ТЭТ (термопараның) бөліктендіру кестесімен қолдану болуы үшін ТЭТ-ің бос ұштарына түзету to ≠ 0 болған кезде орнатылады. Егер де бос шеттердің температурасы нөлге тең емес және t тең болса, жұмыс ұштарының температурасы t болған кезде ТЭТ-ің негізгі теңдеуіне сәйкес өлшеу аспабының көрсетуі осы жағдайдағы генерацияланатын термоЭҚК-не тең болады
ЕАВ = еАВ(t) - еАВ(t ). (6.2)
Бөліктендіру кесте to = 0 шартына сәйкес
ЕАВ(t, tо) = еАВ(t) - еАВ(tо). (6.3)
(6.3) теңдеуден (6.2) теңдеуін аламыз, сонда
, (6.4)
мұндағы - және өлшенетін температура болғандағы АВ термопараның термоЭҚК-і;
- және өлшенетін температура болғандағы АВ термопараның термоЭҚК-і;
- өзгеше температураға түзету.
Есеп беру мазмұны
Есеп беруде келесілер болуы керек:
- жұмыс мақсаты;
- тапсырма;
- техникалық термометрді тексеру үшін зертханалық стендтің сұлбасы;
- таңдалынған өлшеу құралдарының техникалық сипаттамалары;
- техникалық термометрді тексерудің ХАТТАМАСЫ;
- тексерілетін термопараның номиналды және нақты бөліктендіру сипаттамаларының графиктері;
- жұмыс бойынша қорытынды.