3.3.1 Оқытушыдан зертханалық жұмысты орындаудың нұсқасын алып, жүйеде тіркелу:
- MetLab3.exe файлын жұмысқа қосыңыз;
- пайда болған тіркеу терезесінде (1.1 суретті қараңыз) өзіңіздің аты жөніңізді енгізіңіз;
- зертханалық жұмыстың берілген нұсқасын енгізіңіз;
- «Далее» батырмасын басыңыз.
3.3.2 Пайда болған зертханалық стендтің терезесінде тапсырманы ұқыпты оқыңыз (3.1 суретті қараңыз).
Берілген температураны өлшеу үшін өлшеу каналдың сұлбасын жинаңыз, ол үшін:
- бірінші ретті түрлендіргішті таңдау үшін «Первичный преобразователь» бетін ашыңыз;
- ұсынылған аспаптар тізімінен бірінші ретті түрлендіргіштің түрін – термопараны немесе термокедергіні таңдаңыз; таңдау кезінде 3.4 бөлімде келтірілген кепілдемелерді қолданыңыз;
- осы бірінші ретті түрлендіргіштің белгілі маркасын таңдау үшін бірінші ретті түрлендіргіштің таңдалынған типінің қасындағы «+» басыңыз. Датчик маркасын таңдағанда «Первичный преобразователь» бетінде автоматты түрде пайда болатын осы аспаптың техникалық сипатамаларын нұсқау етіп қолданыңыз;
- датчик маркасын таңдаған соң ол автоматты түрде зертханалық стендінің сұлбасына орнатылады (терезенің сол жағында);
- екінші ретті аспапты таңдау үшін «Вторичный прибор» бетін ашыңыз (3.2 суретті қараңыз);
3.1 Сурет – Бірінші ретті түрлендіргішті таңдау терезесі
- ұсынылған аспаптар тізімінен (милливольтметрлер, потенциометрлер, көпірлер және логометрлер) 3.4 бөлімнің кепілдемелерін қолданып екінші ретті аспаптың типін таңдаңыз;
- осы екінші ретті түрлендіргіштің белгілі маркасын таңдау үшін екінші ретті түрлендіргіштің таңдалынған типінің қасындағы «+» басыңыз. Аспап маркасын таңдағанда аспаптың беттік панелінде келтірілген осы аспаптың техникалық сипатамаларын (өлшеу диапазоны, дәлдік класы, шкаласын бөліктендіру) нұсқау етіп қолданыңыз;
- екінші ретті аспаптың маркасын таңдап, зертханалық стендтің өлшеу каналының сұлбасына осы аспапты орнату үшін «Установить» батырмасын басыңыз;
- өлшеу каналының сұлбасын жинау аяқталды. Егер де сұлба дұрыс жиналған болса, «Схема собрана правильно» хабарламаның қасында жасыл лампа жанады; кері жағдайда «Схема собрана неправильно» хабарламаның қасында қызыл лампа жанады, бұл кезде сұлба дұрыс жиналғанша 3.3.2 әрекеттерді қайталау керек;
3.3.3 Өлшеу каналдың сұлбасы дұрыс жиналғаннан кейін ғана имитациялық тәжірибелерді орындауды бастауға болады, ол үшін «Имитационный эксперимент» бетін ашу керек (3.3 суретті қараңыз).
3.3.4 Имитациялық тәжірибе санын 50 деп беріңіз.
3.2 Сурет – Екінші ретті аспапты таңдау терезесі
3.3.5 Виртуалды зертханалық стендте «Температура объекта» тұтқасы көмегімен берілген температураны орнату керек (тапсырманы қараңыз).
3.3.6 «Начать имитационный эксперимент» батырмасын басыңыз.
«Имитационный эксперимент» бетінде имитациялық тәжірибелер нәтижелері (өлшенетін шаманың берілген мәнін өлшеу нәтижесі ретінде кездейсоқ алынған өлшенетін шаманың 50 мәні) және олардың таратылу диаграммасы көрінеді (3.3 суретті қараңыз).
3.3.7 Имитациялық тәжірибенің нәтижелерін статистикалық өңдеу:
- 1.5 бөлімде келтірілген әдістеме бойынша EXСEL кестелік процессорын қолданып, алынған сұрыптау бойынша бақылау нәтижелерінің математикалық күтімін, ортаквадраттар ауытқуын (ОКА) және өлшеу нәтижелердің ОКА‑ын есептеңіз;
- бақылау нәтижелерінің таратылу диаграммасын кұрыңыз.
3.3.8 Есептелген мәндерді «Имитационный эксперимент» бетіндегі сәйкес терезелерге енгізіп, «Проверка» батырмасын басыңыз. Енгізілген мәндер қасында светодиодтар жанады. Егер де олар жанбаса, оқытушы сәйкес терезеге парольді енгізіп, «Показать» батырмасын басады: компьютермен есептелген параметрлер мәндері экранда пайда болады.
Математикалық күтімнің, дисперсияның және ортаквадраттар ауытқуының алынған мәндерін компьютер есептеген мәндерімен салыстырыңыз.
3.3.9 Өлшенетін шаманың таратылу диаграммасын экрандағы диаграммамен салыстырыңыз.
3.3.10 «Завершение работы» батырмасын басып, зертханалық жұмысты аяқтаңыз.
3.3 Сурет – Имитациялық тәжірибе терезесі