Оқиға болған жерді қарау
Хаттамасы
жылы қарашаның 18-і Астана қаласы.
Қарау 20 сағат, 25 минутта басталды,
22 сағат, 15 минутта аяқталды.
Астана қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны М.Е Нурсеитов, 2016 жылғы қарашаның 18-і күні 20.00 сағатта «Иманова 5 көшесі бойында орналасқан «Столичный Банк» атты Қазақстан Республикасының 2-ші денгейлік банкінде қылмыс болды» деген хабарлама бойынша жедел кезекшінің нұсқауымен, аталмыш оқиға болған жерге жедел тергеулік топ құрамымен келдім.
ҚР ҚПК-нің 219 және 220 баптарына сәйкес банк директоры М.Р.Динашевтың келсімімен күәгерлер:
1. Астана қаласы, Иманова көшесінің 6 үй, 72 пәтер тұрғыны, 1991 жылы туған Рахманова Айгерім Абдимәуленқызының.
2. Астана қаласы, Республика көшесінің 96 үй, 31 пәтер тұрғыны, 1995 жылы туған Сағымбек Заманбек Каримұлының қатысуымен, сонымен
Қатар облыстық ІІБ-ның жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Б.Е.Еркін, Астана қаласының Сот-Сараптама орталығының Сарапшысы А.А.Айткулованың қатысуларымен оқиға болған жерге қарау жүргіздім, сол себепті ҚР ҚПК-нің 199 және 224-баптарының талаптарына сай осы хаттаманы толдырдым.
Қарау бастамас бұрын жоғарыда аталған адамдарға қарау барысында жүргізілген тергеушінің барлық әрекетіне қатысуға, қарау туралы хаттамаға енгізуге жататың арыздар мен ескертулер жасауға, тергеушінің әрекетіне шағым жасауға, осы тергеулік әрекетті жүргізу барысында келтірілген шығындарға өтем алуға құқылы екендері түсіндірілді.
Сонымен қатар оларға, қарау барысында қажет болған жағдайда фотоаспап, іздерді алу үшін материалдар мен маман-криминалистің өзге де техникалық құралдар мен жарықтандыру техникалар қолданылатыны хабарланды.
Күәгерлерге ҚР ҚПК-нің 82-бабында көрсетілген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, сонымен қатар дәлелді себептерсіз келуден немесе өзінің міндеттерін орындаудан бас тартса немесе жалтарса әкімшілік жауаптылыққа тартылатындығы ескертілді.
Күәгерлер: А.А.Рахманова;
З.К.Сағымбек
Маман-криминалист А.Б.Еламан ҚР ҚПК-нің 80-бабында көрсетілген міндеттері түсіндірілді, егер міндеттерін орындаудан дәлелді себептерсіз бас тартса немесе жалтарса әкімшілік жауапқа тартылатыны ескертілді.
Маман-криминалист: А.Б.Еламан;
ҚАРАУМЕН АНЫҚТАЛҒАНЫ:
Қарау обьектісі болып Астана қаласы Иманова кошесі бойында орналасқан 5-ші әкімшілік ғимараты қаланың орталық бөлігінде орналасқан. 5-ші үйдің онтүстігінде 8-ші үй, солтүстігінде 3 үй, шығысында 4-ші үй көлденінең орналасқан, ал батысында Қазақстан Республикасының «Халық Банк» атты әкімшілік ғимарат тұр. Қарау обьектісі болып Иманова 5 әкімшілік ғимаратының атауы «Сбер Банк». «Сбер Банк» атты әкімшілік ғимарат 1 этажды кірпіштен соғылған 1 подьезден тұрады. Подьезі күн шығысқа қарай орналасқан, подьездің он жағында ағаштан соғылған отырғыштар бар. «Сбер Банк» алдындағы жолдың жағасында бір жүйек болып қара талдар өсіп тұр.
«Сбер Банк» 1 этажды 1 подьезден тұрады, бір терезе ғана бар, терезе Иманова көшесіне қарайды. Әкімшілік ғимарат 2 (екі)есіктен тұрады. Біріншісі қара түсті метал есік, екіншісі қоныр түсті ағаш есік.«Сбер Банк» әкімшілік ғимаратының сырты қара түсті металдан жасалған есік орналасқан. Метал есік ұзындығы 210см, ені 99см, қалыңдығы 5см. Қарау сәтінде есік ашық күйде тұрды. Есіктің құлпын белгілі бір құралмен кескен. Есікте, 1 м биіктікте қоныр түсті есіктің тұтқасы орналасқан, оны лупамен қарағанда және фертобоин ұнтағымен өңдеп тексергенде қол саусағы бедерінің іздері байқалмады. Есіктің ішкі жағында табалдырықтан 1,10 м биіктікте өзі құлыптанатың құлып бекітілген. Құлыптың қорабы төрт бұрышты, көлемі 100х95х21мм, оған көлемі 77х24мм болатын бет планкасы бекітілген. Құлыпта бөтен заттан келген зақым жоқ.
«Сбер Банк» әкімшілік ғимаратына кірген кездегі екінші есік қоныр түсті ағаштан жасалған. Есіктің ұзындығы 190см, ені 90см. Табалдырықтан 1,5м қашықтықта есіктін шынысы орналсқан. Есіктің үстінгі жағы шыны астынғы жағы ағаш. Есікте атылған оқтан қалған тәріздес 5 із табылды.Оның екеуі есіктің үстінгі жағында, нақтырақ шыныда.Ал үшеуі есіктің астынғы жағында.Анықталған Есіктің Шынысындағы бірінші іздің диаметрі 9мм, ал екінші іздің диаметрі 10мм. Ал есіктің астынғы жағындағы 3 іздің диаметрлері: 2мм, 3мм,2мм. Сонымен қатар есіктің үстінгі оң жағында әйнер сынығы анықталды. Әйнек сынығы табалдырықтан 1,35 см орналасқан және Есікте әйнек сынығы жағында қызыл түсті қаң тәріздес дақ анықталды, сонымен қатар тура сондай дак полда есіктең 1,50см қашықтықта табылды. Есікте, 1 м биіктікте қоныр түсті есіктің тұтқасы орналасқан, оны лупамен қарағанда және фертобоин ұнтағымен өңдеп тексергенде қол саусағы бедерінің іздері байқалды. Оған доктилоскопиялық сараптама тағайндалды.
«Сбер Банк» әкімшілік ғимаратының директорының рұқсатымен ҚР ҚПКнің баптарың басшылықа ала отырып Ағаш есікті полителендік пакетпен орап сыртына «2016 жыл қарашаның 18-і Иманова-5, Оқиға болған жерден алынған Есік» деп жазылды да, ІІБ-ның № 5-ші пакеттерге арналған мөрімен мөрленіп, тергеуші мен күәгерлердің қол қоюымен расталды.
Күәгерлер: А.А. Рахманова
З.К.Сағымбек
«Сбер Банк» әкімшілік ғимаратының көлемі 3,42х3,37.Бөлменің сол жақ қабырғасынан 15 см арақашықтықта орналасқан қара түсті мақта тәрізді зат анықталды. Еден де линолиюм төселген. Линолиюм да көптеген аяқ іздері бар және қара түсті аяқ киімнен қалатың сызықтар бар. Қылмыс болған орынға трасологиялық зерттеу тағайндалды. Ағаш есіктен 120 см қашықтықта бөлменің сол жағында биіктігі 90 см ені 55см сары түсті 2 тумбычкалы журнальный стол тұр. Көрселілген обьектіде (журнальный стол) ешқандай қол іздері сонымен қатар ешқандай бұзылған,сынған жерлері анықталмаған. Журнальный стол үстінде «Қазақ елі», «Play bay» атты екі журнал жатты. Журналдың астында 9 мм патрон табылды. Журнальный столды басқа жерге ауыстырғанда Журнальный стол астында тағы бір патрон табылды. Ол да 9 мм патрон екені анықталды. Сонымен Оқиға орынында екі 9мм патрон табылды. Сонымен қатар журнальный стол артында шыны қалдықтары жатты. Екі 9мм патрон полителендік пакетке салынып, желімденіп, сыртына «2016 жыл қарашаның 18-і Иманова-5, Оқиға болған жерден алынған 9 мм патрон» деп жазылды да, ІІБ-ның № 5-ші пакеттерге арналған мөрімен мөрленіп, тергеуші мен күәгерлердің қол қоюымен расталды. Журнальный столдың қасында отыратың аяқтары темірден жасалған үсті ағаш орындық тұр. Алайда орындықта ешқандай іздер жоқ. Бөлмеде басқа жиһаз жоқ.
Есіктен қарама-қарсы қабырғада екі оқтың ізі анықталды. Біріншісі еденнен 126 см, екіншісі еденнен 131 см қашықтықта.
Бөлменің кіреберіс жерінен он жағында «касса» орналасқан. Асты сары түсті ағаштан жасалаған, үсті жағы шыныдан жасалған. «Касса» ның ұзындығы 243 см, ені 47 см, биіктігі 181 см. Кассаның сыртында сұғбаттасатын орында 5 кітаб және 2 журнал орналасқан. Табылған кітабтарда және журналдарда қол іздері бар болу мүмкін болғандықтан олар полителендік пакетке салынып, желімденіп, сыртына «2016 жыл қарашаның 18-і Иманова-5, Оқиға болған жерден алынған» деп жазылды да, ІІБ-ның № 5-ші пакеттерге арналған мөрімен мөрленіп, тергеуші мен күәгерлердің қол қоюымен расталды.
Кассаның ішінде жас-шамасы 26-30 дағы манголойд нәсілді, бойы 182-185см шамасы, кастюм шалбар киген қоныр шашты белгісіз біреудің мәйіті табылды. Мәйіт «Сбер Банк» банкінің қызыметкері болуы мүмкің. ҚР ҚПК-нің 220бабына сәйкес мәйітті Сот Медициналық Сарапшының қатысуымен қарап-тексеруді жүзеге асырдым. Мәйіттің мойынында белгілі бір жіппен немесе сыммен қылқындырғаның ізі анықталды. Сарапшының пікірінше мәйіт 4 сағат бұрын қайтыс болған. Мәйітті қарап тексеру күәгерлердің қатысуымен жүзеге асты. Сонымен қатар мәйіттің қалтасы тексерілді, нәтижесінде ештеме табылмады. Мәйіт отырған орындық үстінде Мәйіттің арқа жағында «телевизорлық кабель» табылды. Табылған «телевизорлық кабель» қылмыс қаруы болуы мүмкің.
Күәгерлер: А.А.Рахманова;
З.К.Сағымбек
Сондықтан «телевизорлық кабель» полителендік пакетке салынып, желімденіп, сыртына «2016 жыл қарашаның 18-і Иманова-5, Оқиға болған жерден алынған» деп жазылды да, ІІБ-ның № 7-ші пакетке арналған мөрімен мөрленіп, тергеуші мен күәгерлердің қол қоюымен расталды.
«Сбер Банк» директоры ІІБ ТБ-нің тергеушісі полиция капитаны М.Е.Нурсеитовке табылғын мәйіт жайлы ақпарат берді. Нәтижесінде табылған мәйіт болып 1978 жылғы азамат Серікбаев Жандос Есімбекұлы екені анықталды.
Табылған мәйітті ҚР ҚПК-нің 220-бабының талаптарың сақтай отырып қара пакетке орап, сыртына «2016 жыл қарашаның 18-і Иманова-5, Оқиға болған жерден алынған» деп жазылды да, ІІБ-ның № 7-ші пакетке арналған мөрімен мөрленіп, тергеуші мен күәгерлердің қол қоюымен расталды және Астана қаласының орталық МОРГ-не жіберілді, Сонымен қатар мәйітке сот медициналық сараптама тағайндалды.
Кассаның кассалық апаратында ақшалар болмады. «Сбер Банк» директорының мәлімдеуі бойынша Кассада 3000 000 тг болған.
Кассаның қызметткерлер кіретің жерде 100 доллар табылды. Нақтырақ 100 доллар кіреберіс ағаш есіктің оң жағында, кассаның алдынғы жағында жатты. Сонымен қатар 100 долларда қызыл түсті қаң тәріздес сұйықтық табылды. Табылған 100 долларда қаң ізі мен қатар қол іздері болуы мүмкін болғандықтан оған доктилоскопиялық және биологиялық сараптама тағайндалды. Табылған қызыл түсті қан тәріздес сұйықтық ты қаң екенің білу үшін сонымен қатар ол қан болса оны ағаш есіктегі қан мен және мәйіттің қанымен салыстыру керек. Сондықтанда табылған 100 доллар полителендік пакетке салынып, желімденіп, сыртына «2016 жыл қарашаның 18-і Иманова-5, Оқиға болған жерден алынған» деп жазылды да, ІІБ-ның № 5-ші пакеттерге арналған мөрімен мөрленіп, тергеуші мен күәгерлердің қол қоюымен расталды.
Оқиға болған жерді қарау барысында Иманова көшесіндегі 5 үй «СберБанк» әкімшілік ғимараты фотосуретке түсірілді. Сонымен қатар «СберБанк»-қа кіреберіс темір есік, ағаш есік, табылған 9мм екі патрон, мәйіт, табылған 100 доллар фотосуретке түсірілді.
Фотосурет «Canon EOS 1200D» фотоаспабымен жүзеге асырылды (фотопленканың сезімталдығы 12 мигапиксиль, диофрагмасы 5,6, ұстамдылығы 1/125сег)
Оқиға болған жерді қарау бөлмеде жасанды жарық көмегімен жүргізілді.
Күәгерлер: А.А.Рахманова;
З.К.Сағымбек
Оқиға болған жерден алынған заттар:
1.Ағаш есігі (1-ші пакет).
2.9мм патрон(2-ші пакет).
3.9мм патрон(3-ші пакет).
4.100 доллар(4-ші пакет).
Оқиға болған жерді қарау барысында бөлменің жоспары және ондағы дүние мүліктің орналасу сұлбасы құрылды.
Қарау барысында толтырылған хаттама қатысушыларға дауыстап оқылып берілді, бәрі дұрыс, қатысушылар тарапынан қарау тәртібі бойынша, хаттама мазмұны және бөлменің жоспары мен сұлбасы бойынша арыздар мен ескертулер түспеді.
Күәгерлер: А.А.Рахманова;
З.К.Сағымбек;
Банк директоры: М.Р.Динашев;
Маман-криминалист: А.Б.Еламан;
Жедел-уәкіл: Б.Е.Еркін;
Қарау жүргізген және хаттаманы
толтырған тергеуші полиция
капитаны: М.Е.Нурсеитов;