Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып. Шет елдердегі сот билігінің конституциялық негіздері




1. Сот билігінің ерекше белгілері.

2. Сот жүйелерін ұйымдастыру мен қызметініңі конституциялық-құқықтық негіздері.

3. Сот жүйесі мен өндірісінің түрлері.

4. Конституциялық бақылау мен конституциялық юстиция.

Сот билiгi қызметiнiң негiзгi бағыттары. Сот билiгiнiң конституциялық негiздерi. Сотты ұйымдастырудың конституциялық негiздерi. Сот әдiлеттiгiнiң конституциялық қағидалары. Судьялардың конституциялық мәртебесi. Конституциялық құқық сотының модельдерi. Англо-саксондық модель. Романо-германдық модель. Социалистiк модель. Мұсылмандық модель. Сот органдарының бiртұтас және федеративтiк жүйесi. Конституциялық сот әдiлдiгi. Конституциялық сот әдiлдiгiнiң негiзгi модельдерi.

Әр билiк тармағының өзiне тен қызмет нысаны болады. Сот билiгi, ол сот әдiлдiгi, яғни әрекет етушiнiң құқық негiзiнде қатысушылары азаматтар, адамдар, олардың бiрлестiктерi, заңды тұлғалар болып табылатын және олардың арасында туатын дауларды шешу.

Сот билiгi қызметiнiң бiр-бiрiмен тығыз байланысты үш негiзгi бағыты қарастырылады:

-адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;

-құқық тәртiбiн қылмыстар мен құқық бұзушылықтардан қорғау;

-мемлекеттiк органдардың қызметiнiң құқық шегiнен шықпауын бақылау.

Сот билiгiнiң, оның функцияларын жүзеге асыратын органдары – соттар, ол сот жүйесiн құрайды. АҚШ-тың конституциясында құрама штаттардың сот билiгi және Конгресспен анықталып, бекiтiлiп отыратын төменгi сотпен жүзеге асырылады, делiнген.

Қазiргi конституцияларда "Сот билiгi туралы" (Жапония, Франция), ГФР-ның Негiзгi Заңында "Сот әдiлдiгi", Португалияның конституциясында "Соттар" деп аталатын бөлiмдер бар, оларды сот билiгiнiң конституциялық негiздерi деп атайды. Сот билiгiнiң конституциялық негiздерi әр елдiң сот құрылысы туралы заңдарында ашып көрсетiледi. Мысалы: Францияда – Сот құрылысы кодексi, Испанияда – сот билiгi туралы органикалық заң және т.с.с..

Көптеген елдерде соттың қызметiн қамтамасыз етуде кейбiр басқару функциялары әдiлет министрлiгiне берiледi.

20 ғасырдың ортасынан бастап сәйкестелген функцияларды соттық өзiн-өзi басқаруды ерекше органдарға беру тенденциялары қарастырылған. Бұндай органдар әр түрлi атауға ие болады (Франция мен Италияда – Магистратураның Жоғары Кеңесi, Болгарияда – Жоғары соттық кеңес).

Франциядағы магистратураның жоғары кеңесiнiң құрамы: төраға – Республика Президентi, вице-төраға – әдiлет министрi, және сәйкестелген түрде Республика президентiмен, Ұлттық Жиылыс төрағасы мен Сенат төрағасымен, алты судья, алты прокурор, үш заңгер сайланады.

Тең тұрғысында судьялар мен прокурорлар бiртұтас кәсiби корпусқа енедi.

Соттар әр түрлi тәсiлдермен қалыптасады: АҚШ-тың көптеген штаттарында судьялар азаматтармен сайланады. Көптеген елдерде судьялар тағайындалады, мысалы Жапонияда Жоғары сот мүшелерi кабинет министрлерiнiң ұсынысы бойынша императормен тағайындалады. Италияда, Францияда судьялар – магистратураның жоғары кеңесiмен конкурс бойынша тағайындалады.

Сот жүйесiнiң модельдерi.

-англосаксондық модель – басында жоғары сот болатын соттардың бiртұтас жүйесi. Бұл жүйеде көбiнесе соттық прецедент қолданылады. Сот процесiнде судьялар бәсең. Кiнәлiлiк туралы мәселенi ант берген заседательдер (пресяжный заседетельдерi) шешсе, ал жаза тағайындағанда – судья немесе судьялар шешедi;

-романды-германдық модель – соттың бiртұтас жүйесi жоқ. Әр сот жүйесiнде өзiнiң жоғары органдары болады. Мысалы, Германияда – бес федеральдық Жоғары сотары әрекет етедi. Соттардың өз қызметi дамыған заңдылықтармен анықталады. Шағымданудың апелляциялықпен қатар кассациялық және ревизиялық тәртiбi қолданылады. Судья процесс кезiнде белсендi, тек бағалап қана қоймай, дәлелдеме де жинайды. Жаза тағайындағанда халықтан шыққан кәсiби маман емес судьялар (ассиздер, шеффендер) да қатысады;

-социалистiк модель – судьялардың және халық заседательдерiнiң сайланбалылығы, әрi олардың теңдiгi;

-мұсылмандық модель – ол тек осындай сотқа келiскен тұлғалар немесе бiр дiндi ұстанатындарға тиiстi. Онда халық заседательдерi, ассиздер болмайды, процесс шариат бойынша жүзеге асырылады.

Профессор Баглай М.В. сот жүйесiн құрудың үш моделiн қарастырады:

негiзгi iстердiң түрлерiн қарастыратын бiртұтас жалпы соттар жүйесi (Швеция, Жапония). Оларда үш сатылы иерархиялық құрылым: бiрiншi инстанциялық сот; апелляциялық соттар; жоғары сот. Ұлыбританияда жоғарғы инстанция – лордтар палатасы, ол әр-түрлi қызметтегi жоғары соттардан тұрады және олардың арасында инстанциялар болмайды;

федеральдық сот жүйесi және әр штаттардың соттар жүйесi (АҚШ);

жалпы соттар жүйесiмен қатар жеке мамандандырылған соттар жүйесi. ГФР-дың Негiзгi Заңы бойынша 5 автономиялы сот жүйесi: Федеральдық әкiмшiлiк сот басқаратын – әкiмшiлiк соттар; Әлеуметтiк мәселелер бойынша Федеральдық сот басқаратын – әлеуметтiк соттар; Еңбек дауларын шешу бойынша Федеральдық сот басқаратын – еңбектiк соттар; Федеральдық қаржылық сот.

Сот органдарының жүйесi: жалпы соттардың бiртұтас жүйесi және федеративтiк (екi жақты жүйе).

Соттық өзiн-өзi басқару – сот билiгiнiң судьяларының iс-қимылдарын бақылап отыратын, оларды тағайындау мәселелерiн шешетiн органы болады.

Сот органдарының түрлерi: сотқа дейiн қарау органдары. Мысалы, медиаторлар (Франция, Италия), олар көбiнесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен тағайындалып, ұсақ дауларды шешедi. АҚШ-та қоғамдық соттардың рөлiн әкiмшiлiк соттар, ал Ұлыбританияда әкiмшiлiк трибуналдар атқарады; жалпы юрисдикция соттары; мамандандырылған соттар: әскери, кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша соттар; әкiмшiлiк соттар.

Кей мемлекеттерде жалпы соттармен қатар оған құрылымы жағынан ұқсайтын әкiмшiлiк соттардың еуропа елдерiнде маңызы зор. Оны кейде "әкiмшiлiк юстиция" деп те атайды. Бұл сот жүйесiнiң басты мақсаты – мемлекеттi басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың шешiмдерi мен әрекеттерiне жеке тұлғалардан түскен арыздарды қарастыру. Оның жеке сот жүйесi ретiнде бөлiнуi – атқарушы билiк механизмi қызметiнiң масштабының ұлғаюы. Әкiмшiлiк соттар азаматтардың чиновниктермен және мемлекеттiк органдармен басқару мәселелерiмен байланысты құқықтарының бұзылуы дауларын қарастырады. Олардың заңға қайшы басқару актiлерiн жоюға құқығы бар.

Судьялардың конституциялық құқықтық мәртебесi:

тағайындалуы;

кей мемлекеттерде сайлануы;

мерзiмсiз немесе өмiр бойына тағайындалуы;

судьялардың тәуелсiздiгi;

судьялардың өзге де мемлекеттiк және қоғамдық лауазымда болмауы;

соттық иммунитет – судьялардың нақты iстердi шешкенi үшiн тәртiптiк және қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы.

Консттуциялық сот әдiлдiгi – сот билiгiнiң ерекше функциясы – конституциялық қадағалау, яғни заңдардың конституцияға сәйкес келуiн тексеру.

Соттық конституциялық бақылау бастамасы – АҚШ. 1803 жылы Жоғары сот өздерiнiң "Сот құрылысы туралы" акттегi өкiлеттiктерiнiң бiреуi конституцияға қайшы келедi деп тауып, Конгреске жүгiнгенде, олардың бұл шешiмiне конгресс тұрғысынан ешқандай әрекет болмауы. 20 ғасырдың ортасына дейiн конституциялық қадағалау тек АҚШ-та ғана маңызды болып саналды. Ал, қазiргi уақытта конституциялық сот әдiлдiгiне көп көңiл бөлiнiп отыр. Мысалы: Италия, Францияның Конституциясында ол туралы жеке тараулар орын алған.

Конституциялық сот әдiлдiгiнiң екi негiзгi модельдерi:

жалпы сот жүйесiмен жүзеге асырылады. Бұндай модельдердi "американдық" деп те атайды. Бақылау құқығына барлық сот инстанциялары немесе тек жоғары сот ие болуы мүмкiн.

Еуропалық (континентальдық) қолданылатын модель. Онда конституциялық сот әдiлдiгi арнайы органмен – конституциялық сотпен жүзеге асырылады. Онда сот құрылымының қалыптасуының екi процедурасы қолданылады: парламенттiк (мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Парламент тағайындайды немесе парламенттiң жоғары палатасының ұсынысы бойынша Президентпен тағайындалады) және аралас (парламент жартылай қатысады. Мысалы, Италияда – Парламент 5 мүшесiн, Президентпен 5 мүшесi, магистратураның жоғары кеңесiмен 5 мүшесi тағайындалады, ал Испанияда – Конституциялық Кеңестiң 12 мүшесi монархпен – 4; 4- сенаттың, 2 - үкiметтiң, 2 – сот билiгiнiң жоғары кеңесiнiң ұсынысымен тағайындалады).

Конституциялық бақылаудың түрлерi: нақты бақылау – жалпы соттармен жүзеге асырылады; абстрактiлiк бақылау, яғни конституцияда белгiленген мемлекеттiк органдар, лауазымды тұлғалар (мемлекет басшысы, Үкiмет, парламентарийлердiң тобы, федерация субъектiлерi) – конституциялық сотқа бiрден жүгiне алады.

Конституциялық соттың қызметiнiң жүйесi:

-алдын-ала бақылау (конституцияға сәйкес келмейтiн заңдардың күшiне енуiне мүмкiндiк бермеуi);

-кейiнгi бақылау.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2345 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

2376 - | 2185 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.