1. Сайлау құқығының түсінігі мен қағидалары.
2. Сайлау үрдісінің сатылары.
3. Сайлау жүйелеренің түсінігі мен түрлері.
4. Референдум.
Сайлау құқығы конституциялық құқығының институты. Сайлау өткiзу тәртiбi және принциптерiнiң конституциялық регламентациясы. Сайлау туралы арнайы заңдылық. Белсендi және бәсең сайлау құқығы. Сайлау ценздерi. Абсентеизм. Тiкелей және жанама сайлаулар. Сайлауды өткiзу және ұйымдастыруды құқықтық реттеу. Сайлау окруктерi. Сайлау географиясының геометрия. Сайлауды өткiзетiн органдар, оларды қалыптастыру және құзыретi. Сайлаушыларды тiркеу және тiзiмiн жасау. Кандидаттары ұсыну тәртiбi. Праймериз. Сайлау кепiлдiгi. Ерiктi және мiндеттi дауыс беру. Сайлау бюллетенi. Дауыс беру машиналары. Сайлауды қаржыландыру. Сайлау уақытында бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн регламенттеу. Қоғам ойын сґрау. Шетелдегi референдум, оның түрлерi және тәжiрибеде қолдану. Плебисцит.
Сайлау жүйесi. Мажоритарлық және бара-бар (пропорциональды) сайлау жүйесi. Пропорциональды сайлау жүйесi бойынша мандаттарды бөлу әдiстерi. Сайлау квоталары (Хэр, Гогенбах-Бишоф, Друп сайлау квоталары). Бөлу әдiстерi: Империалли, Сент-Лагюэ, Д.Ондт, дат.
Аралас сайлау жүйелерi. Симметриялық және асимметриялық. Дәстүрлi емес сайлау жүйелерi – шектелген вотум, кумулятивтi вотум, панашаж.
Референдум – мемлекеттiң негiзгi мәселелерi бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру. Себептерi:
- кейбiр мәселелер рефрендумсыз шешiлмейдi;
- қоғамның тағдыры (Еуропалық одаққа, халықаралық ұйымдарға енуi, мемлекеттiк мәртебесiнiң өзгеруi);
қоғам мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң келiсiмi;
мемлекеттiк органдардың арасындағы дауды шешу (Президенттiң Парламентпен келiсе алмаған жағдайында халыққа жүгiнуi).
Референдум - жариялану қажет дегендi бiлдiредi. Референдум түрлерi: факультативтi (консультативтi) – референдумға шығарылған мәселенi шешудiң өзге де жолы болса; конституциялық (конституциялық реформа болған кезде, б.кiлхалықтық дауыс беру). Референдумға шығарылмайтын мәселелер:
есеп (бюджет);
салық;
амнистия (кешiрiм).
2. Плебисцит – халық шешiмi. Референдумның ерекше түрi. Қарастырылатын мәселелер:
мемлекеттiк тәуелсiздiк;
аумақтың мәртебесiн өзгерту;
мемлекеттiк шекараны өзгерту (Плебисцит Монғолияда 1946 жылы мемлекеттiк тәуелсiздiк немесе Қытай құрамында болу мәселесi жөнiнде жарияланды және халықтың 100 пайызы мемлекеттiк тәуелсiздiктi алуды жақтауы. 1962 жылы Франция және Алжирде Алжирдiң тәуелсiздiгi жөнiнде плебисцит өткiзiлiп, 70 пайыз Алжирлiктер мен 70 пайыз Француздар Алжирдiң тәуелсiздiгiн жақтау жөнiнде дауыс бердi).
Сайлау түсiнiгi. Әр мемлекеттердегi саяси режимнiң әр түрлiлiгiне (оның iшiне авторитарлық, диктаторлық та кiредi) байланысты сайлау жүргiзiлiп отырады. Сайлау жүргiзiлгенде, оның шарттары мен ұйымдастыру қағидалары мемлекеттегi демократизмнiң деңгейiн сипаттайды. Өкiлдiк органдарды қалыптастыру кезiнде үш негiзгi басты түсiнiктер қолданылады. Олар: сайлау, сайлау жүйесi, сайлау құқығы. Кең маынадағы сайлау – азаматтардың өз еркiмен, бiрнеше немесе екi кандидатты немесе саяси партияны сайлау мүмкiндiгi.
Адамзат қоғамындағы ежелгi институттардың бiрi – сайлау институты. Сайлаудың бiр нысаны – қауымдық қоғамда, Римде құл иеленушiлiк қоғамында мемлекеттiлiктiң қағидасына ие болып, капиталистiк қоғамдық қатынастардың дамуымен республикалық басқару нысанының пайда болуымен байланысты сайлау ерекше маңызға ие болады. Қазiргi көптеген мемлекеттерде сайлау қоғамдық-саяси өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Оның саяси режимiндегi демократизмнiң деңгейiн анықтайды.
Демократиялық елдердегi сайлау – тұрғындардың еркiнiң негiзгi нысанын, халық суверенитетiн жүзеге асырудың нысанын конституциялық қағидаларының бiрi ретiнде көрсетедi.
Азаматтарының саяси құқығына жататын маңызды құқықтың бiрi – сайлау құқығы. Тәжiрибе жүзiнде сайлау саяси процестiң жарыссөздiгi, саяси күрестердiң рұқсат берiлген нысаны, оны жүзеге асыру кезiнде конституциялық бекiтудiң шегiнде қамтамасыз етiлген құрал. Сайлау құқығы конституциялық құқықтың ең маңызды институты, ал сайлау дамыған демократиялық елдерде заңды шектелген күрделi саяси күрес. Сайлау құқығы – әдет-ғұрып тәжiрибесiнде қалыптасқан, адамзатқа сайлауға қатысу құқығын беру тәртiбiн реттейтiн өкiлеттiк билiк органдарын қалыптастыру тәсiлдерiнiң ережелерiн заңды санкцияландырылңан құқық нормаларынан тұратын конституциялық құқықтың негiзгi институты. Сайлау жүйесi түсiнiгi – дауыс беру қорытындысын белгiлеу әдiстерi, берiлген әрi нақты және нақты емес деп саналған дауыстарды есептеу, сайлауда жеңiске жеткендердi анықтау. Конституцияда реттелетiн сайлау құқығы мәселелерiнiң көлемi әр түрлi.
Қағидалары: жалпылық, теңдiк, тiкелей және жанама.
Сайлау құқығы формальды – жалпыға бiрдей делiнгенмен, фактiлiк жағынан – оған қатысушылар "сайлау корпусымен", яғни заң бойынша дауыс беру құқығына ие болатын азаматтардың жиынтығымен шектеледi.
Көптеген Еуропа елдерiнде азаматтарға сайлауда дауыс беру құқығын беру үшiн саяси күрестер жүргiзiлiп отырды (Мысалы: Англияда 1832 ж. тарихта бiрiншi сайлау құқығы реформасы өткiзiлiп, сайлаушылардың санын 400 мыңнан 900 мыңға өсiрттi. 1848 ж. революция Францияның тарихында бiрiншi рет жалпыға бiрдей сайлау құқығын енгiздi және 241 мың сайлаушылар санын 8,2 миллионға дейiн өсiрдi. Бiрақ, 1848 ж. жұмысшылар көтерiлiсiнен кейiн бұл сайлау құқығы өзгердi. Конституция мәтiндерiнде теңдiк қағидасы орын алды, тең құқықтарға ие болатын, сайлаушылар ретiнде тек бiр ғана дауыс, сайлау округтерiнiң теңдiгi талабы.
Сайлау – қай мемлекеттi алса да азаматтардың өкiлеттi органдарға депутаттыққа бiрнеше кандидаттардың iшiнен, анықталған күнде дауыс беру арқылы таңдауы.
Сайлау – сайлау процесiнiң аяқталу кезеңi. Сайлау округтерiн, сайлау учаскелерiн, сайлау комиссияларын құру, құру қажеттiгi, сайлаушылардың тiзiмiн құрастыру және тексеру, кандидаттарды ұсыну, оларды тiркеу, үгiт-насихат жүргiзу – сайлау процесi. Осы әрекеттердiң барлығы, дауыс беру күнi сайлау науқаны түсiнiгiн қамтиды.
Сайлау округi – бұл сайлау бiрлiгi. Сайлау округтерiнде кандидаттарды ұсынады, депутаттар сайланады. Сайлау процесiнiң ең басты кезеңi - сайлау округтерiнiң құрылуы, ол сайлаудың нәтижесiне үлкен деңгейде әсер етедi. Сайлау округтерiнiң бiрнеше түрлерi пайдаланылады:
-бiр мандатты (униноминальды), яғни округтен бiр депутаттың сайлануы;
-көп мандатты (полиноминальды), округтен бiрнеше депутаттардың сайлануы;
-кей жағдайларда сайлау округi болып сол мемлекет тұтастай табылуы мүмкiн.
Сайлау округтерiнiң теңдiгiн бұзу – осы округтердегi саяси күштердiң өзара қатынасын жасаң түрде бұзу. Тең сайлау құқығын бұзу жүйесi – сайлау геометриясы немесе джерримендеринг (Америка штаты, Массачусетс губернаторы Джерридiң есiмiне байланысты солай аталған) деген атауға ие болады. Әлем бойынша сайлау округтерiн құрудың белгiлерi:
сайлау округтерi онда тұратын сайлаушылардың тең санына бөлiнуi;
сайлау округiнiң бiртұтас аумаққа ие болуы (яғни, округтiң бiр бөлiгiн елдiң бiр шетiнде, ал екiншi бөлiгiн екiншi шетiнде құруға болмайды);
сайлау округтерi провинциялардың (жерлердiң, штаттардың) шегiнде құрылуы;
әр провинцияда округтер саны оның тұрғындарына бара-бар (пропорциональды) болуы.
Округтердi арнайы органдар (комиссиялар) құрады. Сайлау комиссиялары сайлауды жүзеге асыруды ұйымдастырады. Олар деңгейiне қарай – орталық, аумақтық, округтiк, учаскелiк болып бөлiнедi.
Сайлау учаскелерi. Сайлау учаскелерi – дауыс беру бiрлiгi. Сайлау округтерi құрылғаннан кейiн, олар көптеген ұсақ бiрлiктерге бөлiнедi. Сайлау учаскелерi қаладағы аумақтың және селолық жерлердегi тұрғындардың пунттерiн қамтып, сонда тұратын сайлаушылардың дауыс беруiн қамтамасыз етедi.
Сайлаушыларды тiркеу – сайлауда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың тiзiмiн жасау. Оны жүзеге асыру түрлерi: мiндеттi (тiзiмдi сәйкестелген органның жасауы. Мысалы: алдын-ала тiркелуi (сайлаудан 1 жыл бұрын тiзiмi жасалып, кейiннен өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн. Мысалы: Канада, Ұлыбритания); өз ерiктi (сайлаушы сәйкестелген органға өзi келiп тiркеледi).
Кандидаттарды ұсыну – сайлау өтпей тұрып кiмдi сайлайтынын анықтауды қажет ететiн, сайлау процесiнiң жауапты кезеңi. Негiзгi Әдiстерi: саяси партиялардың ұсынуы, сайлаушылардың ұсынуы, өзiн-өзi ұсыну.
Сайлау алдындағы үгiт-насихаттың нысандары: митинг, кандидаттардың, оның жақтаушылары мен оппоненттерiнiң радиодан, теледидардан сөйлеуi, баспасөзде мақала жариялауы; кандидаттардың сайлаушылармен кездесуi; кандидаттардың арасындағы теледебаттар; баспа өнiмдерiн тарату және т.б.
Сайлауды қаржыландыру: жартылай – мемлекеттiк бюджеттен; жартылай – саяси партиялардың қаржысынан; жартылай – кандидаттың өзiнiң сайлау қорынан беру арқылы жүзеге асырылады.
Дауыс беру – сайлау науқанының шыңы. Дауыс беру сайлау тағайындалған күнi сайлау учаскелерi бойынша арнайы мекемелерде жүргiзiледi.
Дауысты санау. Алдымен сайлау учаскелерiнде, одан кейiн сайлау округтерiнде (сайлау учаскелерi оларға өздерiнiң мәлiметтерiн жiбередi және онда олар округ бойынша қосылады); округ бойынша дауыс беру нәтижесi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiлiп, онда қорытынды жасалады; шығарылған қорытынды аумақтық сайлау комиссиясына жолданып, онда бүкiл ел бойынша сайлаудың қорытындысы шығарылады. Сайлау қорытындысы сәйкестелген мемлекетте қабылданған сайлау жүйесi бойынша анықталады.
Сайлау жүйесi - сайлау қорытындысы шыққаннан кейiн мандаттарды кандидаттарға бөлу тәсiлi. Сайлау жүйесi (жалпы мағынада) - қауымдық билiктiң органдарын сайлаумен байланысты ретке келтiрiлген қоғамдық қатынастар. Сайлау жүйесiнiң қызметi – азаматтардың депутаттыққа кандидаттарға қатысты өз ерiктерiн көрсету бостандығын қамтамасыз ету. Әлемде сайлау жүйесi – пропорцинальды және мажоритарлы болып екiге бөлiнедi. Бұл екеуiнiң айырмашылығы сайлаушылардың дауыстарының саны мен сайланған депутаттардың санының арасындағы теңсiздiктiң (диспропорция) деңгейi.
Пропорциональды сайлау жүйесi. Пропорциональды жүйеде депутат партиялық тiзiм негiзiнде сайланады және сайлаушылар нақты партияға дауыс бередi. Мәнi: сайлаушылардың даусы үшiн жеке кандидат емес, саяси партиялар күреседi; партиялар "партиялық тiзiмдi" ұсынады, онда сол партияның мүшесi, сонымен қоса олардың мандатқа ие болу кезегi көрсетiледi; партиялар арасындағы мандаттар, олардың арасында партиялардың сайлау кезiндегi дауыс берушiлердiң дауысына пропорциональды бөлiнедi, яғни партиялар көп дауыс жинаса, сәйкестелген түрде көп мандатқа ие болады. Оның ерекшелiгi: көппартиялық пен саяси плюрализмдi нығайтады; парламенттiң қалыптасуына әсер етедi; саяси күштердiң қоғамдағы орнын ашады; саяси аренадан ұсақ партияларды ығыстырмайды. Кемшiлiктерi: партияға дауыс бергенде, тек олардың басшыларын ғана бiледi; нақты депутат пен сайлаушылардың арасында тiкелей және керi байланыстың болмауы. Ең бiрiншi бұл жүйе ұлы Француз революциясы кезiнде ұсынылды және ең алғаш рет 1889 жылы Бельгиядағы сайлауда қолданылды.