Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырыбы: Қойдың анаэробтық жұқпалы жыбырлағының қоздырушылары




 

 

Сабақтың мақсаты: анаэробтық жұқпалы жыбырлағыныңқоздырушысының биологиялық қасиеттерін зерттеу және зертханалық балау (диагностика) әдістерімен танысу.

 

Негізгі сұрақтар:

 

1. Қоздырушылар және олардың морфологиясы мен биологиясы

 

2. Ауру ағымы, клиникалық белгілері

 

3. Індеттік мәліметтер

 

4. Патологиялық анатомиялық белгілері

5. Балау әдістері, ажыратып балау.


 


Жұқпалы анаэробтық жыбырлақ (Enterotokсemie infektioza anaerobica) – улану, ішек-қарын жолдарының бұзылуы, бүйректерінің зақымдануы және жүйке жүйесінің, бұзылуымен сипатталатын жіті жұқпалы ауру.

 

Қоздырушылар және олардың морфологиялық, биологиялық қасиеттері. Аурудың қоздырушысыClostridiumperfringens тобына жататын микроб. Cl.perfringens-тің – А,В,С,Д,Е

 

және F алты типі бар, олар культуралды-морфологиялық қасиеттерімен ұқсас болғанымен, зардаптылығы және уу жөнінен айырмашылықтары бар. Таяқшалар қысқа, жуан қозғалмайды, грамм сол таяқшалар жеке-жеке орналасады, сиректеу жұбымен. Китт-Тароцци ортасында, Хоттингер сорпасында қоздырғыш жақсы өседі. Сорпада өскенде, сорпа көмескіленеді, түбінде шөгінді пайда болады, ал қан ағарында глемолиз зонасымен қоршаған жұмыр дөнесті жасыл түсті колониялар өседі.

 

Қоздырушының споралық түрі торақта 4 жылға дейін, вегетативтік формасы 30 күнге дейін, қида 5 тәулікке дейін сақталады. Дезинфекциялық заттардан күйдіргіш натрийдің 10% - ерітіндісін, құрамында 5% хлоры бар әк, хлор әк ерітіндісін 3% - формальдегидті пайдаланады.

 

Cl.perfringens А типі адамда газды өлі еттену және тағамдық улануды, ал бұзау, торай, күзен және басқа малда зілді ісік, жыбырлақ тудырады;

 

В типі - ауыл шаруашылық малдарының төлдерінде (қозы, бұзау және торай) жыбырлақ (дизентерия) тудырады;

 

С типі - қой, бұзау және торай - геморрагиялық жыбырлаққа шалдықтырады;

 

Д типі - қой, қозы, лақ, бұзау және торай жыбырлақ тудырады; Е типі- бұзаудың жыбырлағын тудырады;

 

F типі- көгершін, поляр түлкісінде жыбырлақ тудырады, адамды өлі етті энтеритке шалдықтырады.

 

Cl.perfringens 12 компоненттен тұратын улар (токсиндер) түзеді, оның негізгілері альфа, бета, эпсилон, иота.

 

Альфа-токсин Cl.perfringens-тің барлық уының құрамына кіреді, негізгі у А типі өлтіру, өліеттендіру, гемолитикалық және лецитиназдық қасиеттері бар. Уды оған қарсы алынған сары су бейтараптайды.

 

Бета-токсин Cl.perfringens В және С типтерінің негізгі уы, қасиеті өлтіру, өліеттендіру, альфатоксиннен айырмашылығы


 


эритроцитті гемолиздемейді. Токсин температураға шыдамсыз және В, С, F типті антитоксиндік сарысулармен бейтарапталады.

 

Эпсилон-токсинді Cl.perfringens-тің В және Д типтері түзеді, ол трипсиннің протеолитикалық ферменттерінің әсерінен пайда болады.

 

Иота–токсин, Е типінің өзгеше токсин, эпсилон сияқты протоксин түрінде пайда болады да протеолитикалық ферменттерінің әсерімен өте улы иота-токсинге айналады.

 

Барлық 12 токсиндердің антигендік қасиеттері бар.

 

Індеттік мәліметтер. Анаэробтық жыбырлақпен қой,бұзау,торай, қымбат терілі аңдар, құстар, ешкінің барлық тұқымы және барлық жастағылары ауырады, дегенмен төл жиі ауырады. Инфекцияның көзі ауру жануарлар. Аурудың қоздырғышы залалданған жайылымдағы шөппен қойдың организміне енеді. Ішек ішінде қоздырушы ұзақ уақыт сапрофит түрінде болады, бірақ та азықтың ашытылымы немесе қандай да болмасын белгісіз себептермен қоздырушы қарқынды өсіп - өнеді.

 

Қоздырушы өсіп-өніп улы токсин түзеді, ол қойдың денесіне сіңіп, улайды. Жыбырлақ мерзімді ауру, көктемнің жас, клетчаткасы аз шөптерінің өсуімен байланысты. Жауын-шашыны мол, шөптің қалың өсуіне байланысты ауру жиі кездеседі және тез тарайды. Керісінше құрғақшылық жылдарында жыбырлақ байқалмайды. Ішек-қарынның физиологиялық жұмыстарының, бұзылуы ауруға бейімдейді, мысалы перистальтиканың нашарлауы немесе қозыларға сүтті тым көп беру т.б.

 

Аурудың өтуі және симптомдары. Ауру көпшілік жағдайдаөте жіті өтеді, сиректеу жіті (1-2 күн) түрінде болады. Әдебиеттерде аурудың жітілеу және созылмалы өтетіндігі жөнінде хабарлар бар. 2- 3 жұмаға созылады, бірақ олар өте сирек жағдай.

 

Аурудың өзіне тән белгілері: жануар аяқ асты жайылмай қояды, отардан қалады, басын төмен түсіреді немесе тынышы кетіп артына қарай шалқақтайды. Дене қызуы қалыптағыдай, демалысы жиіленеді, қан тамыры жиі соғады және әлсіз, конъюнктивтері қызарады. Кейде жануар тістерін шықырлатады, сілекей көбікке айналады. Аяқтарын дұрыс баса алмай құлайды, клиникалық және тетаникалық сіресулер пайда болады, қой бірнеше минуттен, сиректеу сағаттан кейін өледі. Аурудың жітілеу түрінде азықты жемеуге қоса жаман иісті тышқақ пайда болады, оған кілегей, тіпті қан араласқан. Ішегі аздап кепкен, перистальтика күшті, қарын


 


тұсы ауырсынады. Кейбір кезде тәбеті бұзылып қой таяқ, қоқтық және жеуге жарамсыз басқа заттарды шайнайды. Кілегей қабықтары сарғайады. Несебі қоңыр-сары түсті, кейде қызыл реңді, әлі кетіп жануар құлайды, басы артына қарай шалқайады, көзі адырайады, аяқтары жүзу қозғалысын жасайды, демалысы, қан тамырының соғуы нашарлайды, өліп тынады. Аурудан жазылу өте сирек болады. 20 %-дан 50%-ға дейін өледі.

 

Негізгі патанатомиялық белгілері. Брадзотта және жыбырлақта өлекселері тез бұзылады, өлексе дағы пайда болады, әсіресе жүнсіз жерлерінде немесе тері астындағы ісікте. Өлексе тез қампиады. Тері асты желісінің қан тамырлары қанға толы, арагідік ондай қан тамырларының айналасына қан құйылған. Құрсақ қуысын жарып қарағанда шарбы айдың, ішектің, үлпершекті органдардың сірі қабықтарының астында, ішпердеде нүкте, дақ тәріздес және жол- жол қан құйылған. Шарбысы ісіңкі.

 

Аш ішектің кілегей қабықтары күшті қабынған. Зақымданған жерлерінің түсі қоңыр-қызыл; қан құйылған. Мезентериальдық лимфа түйіндері үлкейген, ісіңкі, шырынды. Бауыр саз реңді, болбыр, кескен жері құрғақ. Көкбаур әдеттегідей немесе аздап үлкейген. Бүйректері қоңыр-қызыл, болбыр, былжырап кеткен.

 

Кейде қуысы органдарының сірі қабықтарының астына қан құйылған. Өкпесі ісіңкі. Жүрек еті азғындаған.

 

Ажыратып балау. Эпизоотологиялық, клиникалық, патанатомиялық мәліметтер бойынша және зертханалық зерттеудің қорытындысына қарап қояды.

 

Жыбырлақты топалаң, брадзот, қарасан, пастереллезден ажырату керек.

 

Топалаңда көк бауыр қатты ісінеді және жұмсарады, ал жыбырлақта үлкендігі әдеттегідей немесе болар-болмас үлкейеді, топалаңда бүйректері жұмсармайды.

 

Брадзотта кейде ұлтабар мен он екі елі ішекте ойық жаралар болады. Қарасан ауруында сықырлайтын газды ісік, домбығу болады.

 

Пастереллез ұлпаларындағы және органдарындағы геморрагиямен сипатталады.

 

Барлық жағдайда ауру қоздырушысын анықтауда бактериологиялық зерттеу шешуші орын алады.

 

Негізгі емдік және дауалау шаралары. Емдеу тек аурудың бастамасында ғана тиімді. Ол үшін жыбырлақ және қозы


 


дизентериясына қарсы гипериммунді антитоксикалық сарысуды және антибиотиктерді (синтомицин, биомиццин, тетрамицин, либомицин т.б) пайдаланады.

 

Алдын алу үшін брадзот, жыбырлаққа қойдың зілді ісігі және қозының дизентериясына қарсы поливалентті қойытылған гидроокисьалюминий вакцинасын қолданады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1038 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2229 - | 1966 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.