Секіртпе ауруының этиологиясына негізінен екі микроорганизм: Cl. septicum және Cl.oedematiens (Cl.novyi)
қатысады А типі. Кейде секіртпе кезінде Cl.oedematiens-тің В типі
(Cl.gigas), Cl.perfringens, Cl.sordellii бөлініп алынады. Және бұлбактериялар негізгі қоздырушылардың уыттылығын жоғарлатады деген пікір бар.
Cl. septicum -грам оң боялатын,полиморфты,қозғалғыш(перитрих), ұзындығы 4-5 мкм және ені 0,8 мкм капсула түзбейтін таяқшалар. Клетканың шетін ала немесе ортасында орналасатын спора түзеді. Cl. septicum нағыз анаэроб. Қатты қоректік орталардың бетінде диаметрі 4 мм жылтыр жартылай мөлдір, шеттері шашақталған шоғырлар түзеді, жылжып өсуге бейім. Негізінен R-пішіндегі шоғырлар түзеді. Агар бағанының тереңінде жүзім жапырағына немесе жүрекке ұқсаған шоғырлар түзе өседі. Қанды агарда, әдетте екінші тәулікте, жіңішке гемолиз аймағы пайда болады. Қантты агарда түзетін шоғырлары ортасы тығыз мамыққа ұқсайды. Китт-Тароцци ортасында өсіргенде сорпа қатты лайланады және газ түзіледі.
Глюкоза, мальтоза, лактоза, галактоза, фруктоза және салицинді қышқыл түзе отырып ыдыратады, глицерин мен
маннитті ыдыратпайды, желатинді сұйылтады және лакмусты сүтті қышқыл мен газ түзе отырып ұйытады.
Cl. septicum түзетін негізгі уы - өлімге соқтыратын, өліеттендіретін және гемолитикалық қасиеттерге ие оттегіге төзімді ά (альфа)-токсин лецитиназаларға жатпайтын фермент болып табылады. Оны ақ тышқандарға күре тамыры арқылы көп мөлшерде енгізгенде эндокард, эпикардта және паренхиматозды ағзаларда нүктелі қанталау тудырады. Cl. septicum сонымен қатар β (бета)-токсин – дезоксирибонуклеаза, γ (гамма)-токсин – гиалуронидаза және C.perfringens-тің θ (тета)-токсинiмен ортақ антигендерге ие оттегіге төзімсіз δ (дельта)-гемолизин түзеді.
Cl. septicum мен Cl.chauvoei ұқсас, бірақ әртекті еритін антигендерге ие.Екі клостриданың да өсінділерінің сүзінділері тек өздеріне тәнді сары сулармен бейтараптандырылады. Сондай-ақ бұлардың споралық антигендері де бірдей, бірақ олар да О-антигендері бойынша ажыратылады.
Cl.septicum (А типі) мен Cl.chauvoei-ны (В типі) бір-бірімен шатастырмас үшін төмендегі кестеде келтірілген белгілерді пайдалануға болады (1 кесте).
Cl. septicum мен Cl. сhauovoei штамдарын ажырату
Қасиеттері | Cl. septicum | Cl. сhauovoei | |
Сахарозаны ферменттеуі | +/- | + | |
Спораларының | температураға | - | + |
төзім- | |||
ділігі | |||
Қой | эритроцитін | + | - |
гемагглютитинция- | |||
лауы | |||
Тауық эритроцитін гемолиздеуі | + | - |
Ескерту: + - гемаглютиндейді, ферменттейді, спораларының төзімділігі жоғары; +/- - кейбір штамдары ферменттейді; - - теріс реакция
Cl.septicum вегетативті қалпында оттегіге сезімтал, споралары қоршаған орта факторларына әжептеуір шыдамды және аз уақыт қайнатқанға төзімді.
Cl. novyi (Cl.oedematiens)В типі–түзу немесе сәл иілгенкөлемі 4-10 х 1-2 мкм, 25-ке дейін талшықтары (перитрих) бар қозғалғыш ірі таяқшалар. Капсула түзбейді. Клетканың шетіне қарай орналасатын (субтерминалды) спора түзеді. Грамоң боялады, бірақ уақыт өткен сайын клетка оң боялатын қасиетін жоғалтады.
Анаэростатта ұсталған агары бар аяқшаларда кейбір штамдары 48 сағаттан кейін-ақ дөңгелек шырынды және жартылай мөлдір, ал кейде беті жеңіл-желпі дәншелі-дақты шеттері тегіс емес шоғырлар түзеді. Глюкоза қосылған агарда қоздырушы айналасында айқыш-ұйқыш шатасқан жіпшелері бар линзаға, мақта, қар түйіршіктеріне ұқсаған шоғырлар түзеді. Ал 36-48 сағаттан кейін агар түзілген газдың әсерінен жарықшақтанып жарылып кетеді. Китт-Тароцци ортасында алғашында бірқалыпты лайланып өскенімен кейіннен іртік тұнба тұзеді.
Биохимиялық қасиеттері. Глюкоза мен мальтозаныыдыратады, индол түзбейді, күкіртсутегін бөлмейді, протеолитикалық қасиеттері шамалы.
Cl. novji-дің В типі организмде және элективті орталарда 2 компоненттен тұратын күрделі у түзеді:
- ά (альфа) у – өлімге соқтырады,қантамырларының(капиллярларды) өткізгіштігін бұзады, нәтижесінде сұйықтық пен белоктар сыртқа шығады (экссудация). Ұлпаларды өліеттендіреді, желатинозды домбығуға шалдықтырып, жануарды өлімге ұшыратады.
- β (бета) у – фосфолипаза(лецитиназа)С-өліеттендіретін,өлімге ұшрататын, гемолитиқалық қасиеті бар. Сау ұлпаны коагуляциялық және колликвациялық өліеттендіруге ұшыратып, микроорганизмнің денеге тереңдеп кеулеуіне жол ашады. Осылайша инфекция дененің сау бөліктерін бірте-бірте жаулап ала береді. Инфекция дамыған жерде жергілікті альтернативті қабынуды, ұлпаның домбығуын және өліеттенуін, бұлшық ет талшықтарының арасындағы дәнекер ұлпасының іруін, тромбоз және тамырлардың бүлінгендігін байқауға болады.
Секіртпе қоздырушыларының споралық пішіні сыртқы ортада, сондай-ақ физикалық және химиялық факторларға өте төзімді. Топырақта жылдар бойы сақталады. Қайнатқаннан кейін 30-60 минуттан кейін жойылады. Дезинфекциялау үшін құрамында 3 % белсенді хлоры бар хлорлы әк ерітіндісі, күкірт пен карбол қоспасының 10 %-дық ерітіндісі қолданылады.
Эпизоотологиялық мәліметтер. Брадзотпен негізінен,
жынысына қарамастан көбінесе қой және ешкі ауырады.
Инфекция қоздырушысының көзі ауру қойлар, ешкілер. Ауру залалданған азық арқылы жұғады. Қазақстанда брадзот негізінен
көктемде, шөп қалын өскен мезгілінде, жауын-шашынның
молшылығында, бұршақ тәрізділер өсімдіктер азыққа қолданғанда ауруды өртітеді. Көбінесе туған саулықтар, оның ішінде егіз тапқандары жиі ауырады.
Жаз шығып, шөп кепкеннен кейін ауру тоқталады, сиректеу күздің аяқ кезінде шығады (ол шөпке қырау түсумен байланысты.) Отардағы қойдың 30-35 % ауырып, 90-100 % өлім-жітімге ұшырауы мүмкін.
Барысы және симптомдары. Брадзот кенеттен болады, сиректеу жіті түрімен ауырады. Көз алдында мал ауырады да бірнеше минутта немесе сағатта өледі.
Брадзотта ауруға тән клиникалық белгілері болмайды, тек ғана өршіген токсикоз. Жайылымда жиі кездеседі. Сап-сау жүріп, бірден жайылмай қалады, отардан қалады, тыныс тарылады, байқалатын кілегей қабықтары қызарады, мес қарын аздан кебеді. Дене қызыуы болар-болмас көтеріледі, тісін қайрайды, сілекейін көбікке айналдырады (кейде қанды сілекей бөлінеді) танауынан және ауызынан қанды сұйықтық ағады.
Мал күйзеліп мазасызданады, қан тышқақтайды, тимпания байқалады. Содан соң қойдың журісі бұзылады, құлайды, басы артына қарай шалқайады, аяқтары созылады, жүзу қозғалысын жасайды, жақтары тырысып қозғалады (тісін қайрайды). Қой қатты демігеді. Жанталас бірнеше минуттан сағатқа созылып, мал өледі.
Негізгі патанатомиялық белгілері. Қойдың өлексесі тезбұзылады. Тері үстіне көкшіл қызыл дақ шығады, әсіресе бас, мойын және өмырауында жақсы байқалады. Өлексе дағындағы жүн оңай жұлынады. Табиғи тесіктерден қанды сұйықтық ағады. Көзге түсетін кілегей қабықтары көкшілдеу немесе қызыл. Терісін сыпырғанда мойын, омырау маңында, сиректеу басқа жерлерінде қоймалжымданған жалқақ. Кеуде және құрсақ қуыстарында сірі немесе сірілі-геморрагиялық экссудат. Ұлтабар, он екі елі ішек, кейде аш ішектің басқа бөлімдерінің кілегей қабықтары ісіңкі, қызғылт, қан құйылған, кейде эрозия, тіпті некроз байқалады. Көкбауыр әдетте нормасында. Бауыр, бүйаектері, жүрек еттері азғындаған. Бүйректері кейбірде болбыр. Үлпершекті органдар, перде, плевра сірі қабықтарының астына қан құйылған. Бірақта өлексенің тез жіруі, қой брадзотындағы өзгерістерді анықтауды қиындатады.
Ажыратып балау. Брадзотқа балауды клиникалық, эпизоотологиялық, патанатомиялық мәліметтерге қарап және зертханалық зертеудің қорытындысы бойынша қояды.
Брадзотты топалаң, жыбырлақ, қарасан, настереллез, пироплазмоздан ажырату керек.
Топалаңда көкбауыр өте үлкейген, қанның түсі қоңыр қызыл, ұйымаған. Нағыз балау бактериологиялық зерттеумен қойылады.
Пастерелездің жіті, жітілеу және созылмалы түрлерінде өтуі мүмкін. өкпесі және жоғарғы тынысжолдары зақымданады, сепсис көрініс табады. әдетте қозылар ауырады.
Жыбырлақта бауыр өзгермейді, ұлтабардың кілегей қабықтары геморрагиялық қабынады, бүйректері жұмсарады, тері астында инфильтрат.
Қарасан – бұлшық еті және тері астында сықырлайтын ісік болады, сондай-ақ бактериологиялық зерттеудің қорытындысын еске алады.
Пироплазмозды қаннан дайындалған жұғындыны микроскопиялап және эритроциттерден паразиттерді табумен ажыратады.
Негізгі емдік және дауалау шаралары. Жіті түрінде ем қонбайды. Созылған түрінде токсикозға қарсы және антибиотиктер (биомицин, синтомицин, терромицин) ұсынылады. Аурудан аман шаруашылықтарда брадзотқа қарсы малдарды вакциналайды.