Clostridium botulinum боялған препараттарда ұштарыжұмырланған таяқша тәрізді, жеке-жеке немесе қос-қостан орналасады. Микроб қозғалады, қолайсыз жағдайда (қоректік заттар жеткіліксіз болғанда, тағамдарда, суда, топырақта, ортаның рН 6,0 жоғары, ауалы жерде және т.б.) субтерминады орналасқан спора түзеді. Таяқша спорасымен теннис ракеткасына ұқсайды, капсула түзбейді. Грам бойынша оң боялады. Қатаң анаэроб, өсіру үшін Китта – Тароцци, глюкоза қосылған бауырлы агарды ж. б. орталарды пайдаланады.
Бұл микробтың 15 жуық типі және подтиптері бар. Оның зардаптылығы күшті 7 серотоптары бар: А, В, С, Д. E, F және V. Олар морфологиялық және культуральдық қасиеттерімен ұқсас, оларды эндотоксиндердің антигендік құрылысы бойынша ажыратады және иммунобиологиялық қасиеттерінде айырмашылық бар. Әр тип өзіне тән токсин түзеді, сол токсиндермен гипериммундеу арқылы тән сарысу дайындалады (ол токсинді бейтараптайды). Эндотоксин нейротоксиндер тобына жатады. Нағыз күшті токсинді А варианты бөліп шығарады.
Токсиннің құрамында зардаптылықтың мынадай негізгі факторларын ажыратады: нейротоксин, гемолизин, гемолизин-гемагглютинин, липаза, протеаза.
Ботулинус микробының токсині соншалық күшті екенін келесі мысалда көруге болады. Оның бір грамы жалпы салмағы 1200 мың тонна болатын 60 млрд. тышқанды өлтіре алады. Қайнап жатқан суда микроб токсині 18-29 минутта, ал пісіріліп жатқан ет, балық сияқты тағамдарда 2 сағатта ыдырап болады. Қарын шырыны, ас қорыту ферменттері токсинді ыдырата алмайды.
Қоздырушының А типі өсінді сүзіндісін 1/10 000 000 мл мөлшері тері астына еккенде теңіз шошқасын өлімге ұшыратады.
Қоздырушының зардаптылығын анықтау мақсатында биосынама қою үшін зерттейтін материалдың экстрактін сүзіп, екіге бөледі. Бір бөлігін 20-30 мин су моншасында 100oС температурада қыздырып зертханалық жануарларды зарарлайды. Екі ақ тышқанға құрсақ қуысына немесе тамырға, теңіз тышқанына тері астына. Экстракттің сүзіндісінде ботулизм қоздырушысының токсині болса жануарлар 2-5 тәулікте ауруға тән белгілері байқалып өлімге ұшырайды.
Вегатативтік торшалары сыртқы ортаның әр-түрлі әсеріне төзімсіздеу. Спораның өміршеңдігі жоғары – оның тіршілігі 10 жылдап саналады. Дезинфекциялық заттар ретінде 5%- фенол ерітіндісі, 40%- формалин ерітіндісі пайдаланылады.
Ботулиндық токсин жоғарғы температураға төзімді. Тағамдық өнімдерде оны құрту үшін 2 сағат қайнату керек.
Патогендігі. Ботулизммен жануарлардың көп түрі жәнеқұстар ауырады, жылқылар аса сезімтал. Бүлінген сүрлем, суланып көгерген шөпті, сұлу немесе топанды жеп жылқы азықтық токсикозбен ауырады. Бұндай азықтықтарда Cl.botulinum өсіп-өнуіне және токсин түзуіне барлық жағдай бар (ылғал, температура, анаэробиоз), сөйтіп олар жануарларға улы болады. Ауру жұғымталды емес, айналасындағы малдарға жұқпайды. Ауру тек сапасыз азық жеген жылқы тобының арасынан шығады. Ауру бұзылған азықты жегеннен соң 3-5 күннен кейін байқалады. Улану көбінесе В серовариантында болады.
Сиыр токсиннің С және Д варианттарымен зақымданады. Күзен ботулизмге өте сезімтал. Ит, қасқыр және басқа жыртқыштар ботулизмге жол бермейді.
Ботулизмге құстар да(тауық, үйрек, күрке тауық, қаз, шағала, көгершін т.б.) бейім. Құстардың ботулизмін көпшілігінде С,А,В серовариантары тудырады.
Сүтқоректілердің асқорыту аппараттарында ботулизм микробтары токсин түзе алмайды. Адам да ботулизмге бейім, ол токсиндердің А,В,Е сероварианттарынан болады. Ботулизм жануарларда спорадиялық түрінде кездеседі немесе лап етіп басылады. Өлім көрсеткіші- 70-90%
Аурудың өтуі және симптомдары. Жасырын кезең1күннен
12 күнге дейін. Ауру жіті түрінде өтеді де 2-6 күнге жалғасады. Кей кезде токсинмен залалданған азықты өте көп жеген жануарлар бірнеше сағатта өледі. Аурудың алғашқы белгілерінің бірі, ол азықты шайнау және жұтудың, бұзылуы бірақ та тәбеті жақсы. Жылқы аузындағысын қиындықпен шайнайды, әзер жұтады, бара-бара оданда қалады, шайналмаған шөп аузынан түседі немесе тістерінің арасында қалады. Қатты шөлдеп шелектегі суға басын сұққанмен жұта алмай аузынан қайта шығады, кейде көп сілекей ағады. Тілі салданады, аузынан салақтап шығып кетеді, іседі, көгеріңкі, кейде ойық жара байқалады, қабақтары жабыңқы, төменгі жақтары салбырайды. Ішектерінде атония. Аяқтарының, бұлшық еттері жартылай салданады. Жүрісі шатасады. Сосын аяқтарына тұра алмай құлайды да тұра алмайды. Бірақта естері және рефлекстері сақталады, жылқы шақырғанға қарайды, құлақтарын қимылдатады, басын көтереді. Ең соңында бұның бәрі аяқталып, ессіз- түссіз жатып өледі.
Ботулизмде еліру, тістеу байқалмайды. Температурасы нормада.
Негізгі патанатомиялық белгілері үшін жарғанда баяу қоятындай белгі білінбейді, өлексе өте арық. Тілдің кілегей қабықтары көкшілдеу, ісінкі, арагідік, ойықты жара кездеседі жұтқыншақ және бөбешікте көп қан құйылған. Қан нашар ұиды. Қарын және аш шектері бос немесе болар-болмас тағам қалдықтары бар. Кілегей қабықтарында қан құйылғаны байқалады. Тоқ шек азық қалдықтарымен толған. Кілегей қабықтары кілегейлі қабынған. Үлпершекті органдардың сірі қабықтарының астында, сондай ақ іш перденің және плевраның астында қан құйылған. Кейбір кезде бауыр саз реңді, болбыр, құрғақ, кесіп қарағанда суреті тегістеліп кеткен. өкпесі ісіңкі, үлкейген, қып-қызыл, қамыр іспетті, сырт жағынан көбікті қоңыр күрең қан ағады.
Ажыратып балау. Аурудың клиникасы мен эпизоотологиясыдиагноз қоюда мәні зор. Белгілі бір топтағы жылқылар бұзылған,
улы азықтарды жегеннен жаппай ауырады. Ауру тез өріс алып, ауырғандарының 100 % -ы өліп қалады. Ауру жұғымтал емес.
Тілі салданады (салбырап түседі), қабақтары төмен түседі, азық-суды жұта алмайды, төрт аяқтарында тұра алмайды. Шөлдеу, тәбет рефлекстері және есі дұрыс.
Ботулизмді топалаң, құтырық, жұқпалы энцефаломиелеттен және өсімдіктер және қорғасын тұзымен уланудан ажырату керек.
Жұқпалы энцефаломиелитте сары ауру болады ішек атониясы, гиперкинез. Рефлекс және терісінің сезімталдығы төмен. Құтырады, тоқтаусыз алға ұмтылады. ЭШР өте жай, эритроцит, билирубин, лейкоцит көбейген. Ботулизге балауды қолдау үшін зертханаға күмәнді азықты жіберіп оған тән токсинді анықтатады.
Негізгі емдік және дауалау жаралары. Ауру жануарды оқшаулайды, ботулинуске қарсы сары сумен емдейді.
Қарынды сода ерітіндісімен жуады, ішті жүргізетін дәрі-дәрмектер береді, жылы клизма қолданады, физиологиялық ерітінді, глюкозаенгізеді, ауыз қуысын калий перманганаты ерітіндісімен жуады.
Азықтың сапасын мықты бақылау керек. Күзен ботулизміне қарсы анатоксинвакцинаны пайдаланады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ботулизм қоздырушысын атаңыз?
2. Ботулизмге жануарлардың қай түрлері сезімтал?
3. Ботулизм қоздырушысының қандай морфологиялық ерекшеліктері бар?
4. Ботулизм қоздырушысын өсіру үшін қандай жағдай мен қоректік орталар қажет?
5. Ботулизм қоздырушысын патогенді факторларын атаңыз.
6. Ботулизмнің патогенезі қалай өтеді?
7. Ботулизмнің тән клиникалық белгілер?
8. Ботулизм кезіндегі патологанатомиялық көрініс?
9. Жануарлардың ботулизм ауруына қандай жағдай қажет?
10. Диагноз қоюдың негізгі әдісі.
11. Ботулизмді басқа ұқсас аурулардан қалай ажыратады?
Тест сұрақтары
1. Ботулизмның қоздырушысы?
А) Clostridium chauvoei
B) Clostridium botulinum
C) Pasteurella multocida
D) Mycobacterium murium
E) Clostridium tetani
2. Ботулизм қоздырушынсының пішіні А) кокк тәрізді В) таяқша, тенис таяқшасына ұқсас
С) алқа шарлары тәрізді Д) қатар орналасқан таяқша, барабан таяқшасы тәрізді Е) жуан таяқша
3. Тыныс алу типі?
А) анаэроб В) аэроб
С) облигатты анаэроб Д) факультативті анаэроб Е) факультативті аэроб
4. Қоздырушының культурасын өсіруге арналған қоректік орталар А) Эндо ортасы В) ЕПА С) ЕПС
Д) Терских, Уленгут ортасы Е) Китт-Тароции ортасы, Цейсслер ортасы
5. Қоздырушы қандай токсин синтездейді?
А) Некротоксин В) Гемотоксин С) Нейротоксин Д) Эндотоксин Е) Альфа-токсин
6. Ауылшаруашылық жануарларының қайсысы ботулизмге сезімтал?
А) ірі қара малы В) қой
С) шошқа Д) жылқы Е) есек
7. Терісі бағалы аңдардың қайсысы ботулизмге сезімтал? А) түлкі В) ондатр С) күзен Д) жанат Е) суыр
8. Жануарлардағы жұғудың басты жолдары?
А) аэрогенді В) алиментарлы
С) несеп – жыныс арқылы Д) жыныстық
Е) терінің әртүрлі аумағындағы жарақаттар арқылы
9. Ботулизмдегі инфекцияның түрі А) септицемия В) бактериемия С) токсиномия
Д) септикопиемия Е) токсикоинфекция
10. Ботулизм қоздырушыларының антигендері А) Н-антиген В) К-антиген С) О-антиген
Д) О-антиген, Н-антиген Е) О-антиген, К-антиген
11. Ботулизммен ауырған жануарлардың басты белгісі А) көкірек аумағының домбығуы В) бас аумақтың домбығуы
С) жұтқыншақ, тіл, төменгі жақтың, аяқтарының салдануы Д) асқазан мен ішек жолдарының зақымдануы Е) температураның көтерілуі
12. Ботулизм балауының негізгі әдісі?
А) серологиялық В) аллергиялық
С) патологоанатомиялық Д) бактериологиялық Е) токсиндерді анықтау
73 сурет. Clostridiumbotulinum-нің таза өсіндісінен жасалған жағынды
Вегетативтық клетка | Спора |
74 сурет. Clostridium botulinum-нің клетка құрылысы
75 сурет. Clostridium botulinum-нің
1 – бауыр қосылған ортада өсуі;
2 – қантты агардағы өсуі
1 2
76 сурет.
ботулизм қоздырушысының токсинін анықтау үшін биосынама қойылған ақ тышқанға
77 сурет. Ботулизм қоздырушысынан өлген теңіз тышқаны (патологиялық материал езіндісінің сүзіндісі тері астына егілген)
78 сурет. Ботулизм ауруымен ауырған күзен