Неврологиялық аурулар
Үдемелі неврологиялық патологиялар- декомпенсациялы гидроцефалия, нервтік-бұлшықеттік дистрофиялар, дегенеративті аурулар және ОНЖ-ның туа пайда болған метаболизмдік ақаулары тұтасжасушалық көкжөтел вакцинасын қолдануға қарсы көрсеткіш болып табылады,себебі оны енгізу негізгі үрдіс нашарлауына сәйкес келуі мүмкін. Осындай балаларға басқа вакциналар қарсы көрсетілмейді, оларды аурудың ең қолайлы кезеңінде енгізеді.Дегенмен индивидуалды жекелеген жағдайларда балаларды көкжөтелден қорғау үшін АаКДС-пен егу дұрыс деп қарау керек. Гидроцефальді балаларға үрдіс компенсенсациясынан кейін (консервативті немесе оперативті) 1 айдан соң егілуі мүмкін және тырысулар болған жағдайда оларды бақылауда ұстау қажет. Нервтік- бұлшықеттік дистрофиясы бар бірқатар балалар біршама ұзақ тіршілік етеді, сондықтан жағдайды ата-анасына түсіндірген соң олардың келісімін толық ала отырып оларды көкжөтелден қорғау өте орынды. Тура осындай қадам метаболизмнің жай прогрессивті ақаулары бар балаларда да қарсылық туғызбауы тиіс. Анамнезінде афебрильді құрысулары бар балаларға АКДС және АаКДС-ке құрысулар қаупі туындамауы үшін себебі анықтағанша егу жүргізуге болмайды, себебі анықталғансын АаКДС немесе ДСА(АДС) құрысуға қарсы терапия фонында жүргізіледі. Балада тырысулар орын алуы бейім неврологиялық ауру болса (метаболизмнің, дегенеративті үрдістердің бұзылыстары туберозды склероз ж.б.)құрысулар орын алатын болса көкжөтелдік егуді стабилді үрдіске дейін тоқтату орынды. ТҚВ тривакцинаны енгізу осындай балаларда құрысу шақыруы мүмкін, әдетте 1 жасқа дейінгі уақытта оның себебі анықталады және балалар қажетті емін алады, сондықтан егуді кейін шегеруге негіз жоқ.
Анамнезіндегі фебрильді құрысулар. Осындай балаларға өлі вакциналарды енгізген соң (әсіресе АКДС) температурасы жоғарлауы байқала бастағанда (әдетте 4 сағаттан соң) 15 мг/кг парацетамол енгізеді, қажет болған жағдайда 2-3 күндері жалғастырады (тәулігіне 60мг/кг көп емес); АаКДС енгізу дұрысырақ себебі құрысудың қайталану қаупін төмендетеді. ТҚВ немесе ди- және три -вакциналарын енгізгеннен соң 7 және 12 күн аралығында парацетамол енгізіледі.
Отбасылық анамнездегі құрысулар- егілулерге қарсы көрсеткіш емес АКДС-ке құрысу (қысқа мерзімді, жайылған) құрысу қаупі жоғарлауы мүмкін болғандықтан, оны АКДС-пен ауыстырған дұрыс.
Шашыранды склерозбен науқастар ремиссия кезінде өлі вакциналармен,әсіресе грипке қарсы егіледі(гепатит В вакцинасынан басқасы). Тұрақты немесе әлсірей бастаған неврологиялқ симптоматика (Даун ауруы, ДШП(БЦСА), жарақат салдарлары, акушерлік салдану т.б.) қарсы көрсеткіш емес, бірақ көп жағдайда аурудың прогредиенттілігі анықталуы тиіс. Ол үшін 1-2 айлық бала невропатологгқа жіберіледі. Баланы егу мүмкіндігін педиатр шешеді, ол процестің прогредиетті еместігі туралы невропатолог қорытындысын негізге алады. Күдікті жағдайларда күнтізбеге сәйкес АаКДС вакцинасы ӨПВ, АДС және ГВВ бірге, невропатолог тағайындаған терапия фонында, енгізіледі.
Егу басталар алдында тұрақты немесе кері қайтуға түскен перинатальдық патологиясы бар балалар әдетегідей,(тағайындалған терапия фонында да мүмкін) егіледі. Олардың жағдайын құрысуға дайын», «гипертензиялық-гидроцефальдық синдром», «жоғары нервтік қозу» деп бағалау сирек емес және дегидратациялық терапия жүргізіледі. Бұл жағдайлар егуге қарсы көрсеткіш емес, бірақ оны жүргізгенде көңілді саябырлататын дәрмектерді (валериана, цитальді макстура т.б.), несеп айдайтын (триампур,диакабр) препараттарды, егер алдында 1 күн бұрын немесе егілгеннен кейін 1-2 күн, тағайындауға болады.
Менингококтық менингитпен ауырған балалар жазылғаннан кейін кем дегенде 6 ай өткесін егіледі.
Психикалық аурулы балалар жіті кезеңде болмаса, ақыл-ойы жетіспейтін балаларға вакцинация алдында медикаментоздық терапия жүргізу қажетсіз.
Аллергия
Вакциналар «аллергия шақырғыштар» деген пікір дұрыс емес. Олар JgЕ тұрақты жоғары деңгейі сақталуына және спецификалық JgЕ антиденелер түзілуіне қатыспайды. Қазіргі вакциналар 30-40жыл бұрынғы вакциналармен салыстырғанда анағұрлым таза, антигендер саны көп есе төмен.Бірақта есте болуы тиіс- жекелеген адамдарда вакцина компоненттеріне аллергия бұрыннан бар болуы:
>аминоглюкозидтер- қызылша, қызамық, паротит вакциналары мен ӨПВ-де;
>тауық жұмыртқасы белогы- қызылша, қызамық, паротит вакциналары, грипп вакциналары, сары қызбаға қарсы вакцинада;
>желатин- тривакциналар;
>ашытқы саңырауқұлақтары-гепатит В қарсы вакциналарында;
Анамнез жинағанда тек реакция дамуымен шектелмей, оның сипатын да анықтауға тырысу қажет, неге десеңіз егілгеннен кейін дереу дамитын анафилактикалық шок, бөртпелер және Квинке ісінуі, құрамында жұмыртқа белогы бар вакциналарға қарсы көрсеткіш бола алады. ММR(ҚҚП) вакцинасына бұндай реакциялар 1 млн дозаға 1-2 оқиғасымен кездеседі.Сонымен грипп және ҚҚП вакцинасын егуден тек тауық жұмыртқасының (не құрамында жұмыртқа белогы бар тамақтың) жұтылуына бірден жоғарыдағы симптомдар берген балалар 2 ай вакцинациядан уақытша босатылады. Егер аталған симптомдар жұмыртқа белогымен тамақтанғаннан кейін келесі күні дамитын болса- бала әдеттегідей егілуге жатады.
Аминогликозидтерге ауыр аллергиялық реакция беретін адамдарға қызылша, қызамық вакциналарын енгізуге болмайды, бұл жөнінде анамнезді егуге дейін мұқият жинау керек. Вакциналар компоненттеріне реакция беретін балаларды мүмкіндігінше ондай компоненттері жоқ вакциналармен егу қажет. Анафилактикалық шоксыз реакция беретін балаларға антигистаминдік препараттар тағайындалады, бір жылға дейінгі балаларға –тек цетиризин (зиртек)пайдаланылады. Осындай реакцияларға бейім адамдар стероидтық препараттар (преднизолон 1,5 -2мг/кг /тәул, ішуге, егуге дейін 1күн,-кейін 1-2 күн) қабылдау фонында вакцинацияланады. Аллергиясы бар балаларда сіреспеге немесе дифтерияға қарсы сарысуларды енгізгенде, анатоксиндермен егумен салыстырғанда, анағұрлым жиі (15% дейін) реакциялар мен сарысулық ауру дамиды.
Атопиялық ринит
Cүт қабыршақты, нумулярлық бөртпелі, жаялықтың немесе суборейлік дерматитті балаларды жіті көріністері аяқталғасын толық немесе жартылай ремиссия кезінде вакцинациялайды. Процесс тұрақтануы үшін 4-6 апта қажет, сонымен кейбір аллергологтардың осындай балаларды егуді 6-12 айға шегеруі- олардың дерматит процесін бақылауға ала алмайтындығын білдіреді. Бұл балалар сүтсіз диета фонында вакцинацияның толық көлемімен алады.
Вакцинамен егу 7-15% жағдайда антигистаминдік препараттармен оңай басылатын аллергиялық көріністерді күшейтеді; Осындай балаларда бөртпе шығуы бірқатар жағдайда тамақтандырудағы кемшіліктерге байланысты вакцинация.
Шынайы экзема
Жедел бөртпелер, суланулар және тірі инфекциясы жайылғаннан кейін ремиссия кезінде вакцинация жүргізіледі. Толық немесе жартылай ремиссияға жету үшін кейде 2-3 ай уақыт кетеді. Дегенмен осындай балаларды вакцинацияның толық курсымен қамтудың сәті түседі, оның басталуы бала 1 жасқа толмай тұрғанда іске асады. Денеде механизациялық учаскілердің сақталуы егуді бастауға бөгет болмайды. Егуге 3-4 күн қалғанда гистаминге қарсы препараттар тағайындалады, егуден 5-7 күн өткесін жергілікті емдеу күшейтіледі (соның ішінде стероидтық майлармен).
Есекжемді, Квинке ісінуі бар балалар гистаминге қарсы терапия фонында егіледі.
Респираторлық (тыныс жолдары) аллергиясы бала өмірінің алғашқы айларында ЖРВИ фонында дамитын бронхиолит пен обструктивтік бронхиттен айырмасы шамалы. Бұндай балалар жедел процесс аяқталып, жалпы жағдайы жақсарып, дене қызуы мен тыныстану қалыпқа түскесін вакцинацияның толық курсын алады. Обструктивтік бронхиттер ұстамаларына байланысты өмірінің алғашқы 6 айлығында егілмеген балалар бронхылық демікпе кезіндегідей егіледі-ремиссия кезінде, ингаляциялық стероидтар және В –антогонистер қабылдау фонында (оларға балада қарсы көрсеткіш болмаса).
Бронхылық демікпе Жасы 1-ден асқан толық егілмеген балалар ремиссия кезінде Күнтізбе бойынша және +грипке, пневмококтық инфекцияға қарсы егіледі. Егу қарсаңында жалпы жағдайы тұрақты болуы тиіс. Егу кезеңінде базистік терапияны (стероидтармен ингаляция, антилейкотриендер, В-антагонистер) 30-50% күшейту қажет.
Поллинозбен науқастар егілулерді жақсы көтереді, спецификалық гипосенсибилизацияны жалғастыру антиденелер деңгейіне әсер етпейді.
Кардиопатиялар Туыла біткен жүрек ақауы бар балалар гемодинамикалық өзгерістердің ең аз кезінде егіледі (жүректік препараттарды қолдану да); ревматизм және пайда болған басқа да кардиопатиялары бар балалар- ремиссия кезінде егіледі.
Дәнекер тіндер аурулары Егер ауру жүйелік сипатта болса вакцинацияға иммундық жауап әлсіз болады және вакцинациядан кейін негізгі аурудың асқынуы мүмкін. Вакцинацияға иммундық жауаптың төмендеуі иммуносупрессия деңгейіне байланысты. Бұл категорияға кіретін балалар Күнтізбелік егулермен қатар Хиб, пневмококтық инфекцияға, грипке қарсы егулері қажет.
Ремиссия кезінде өлі вакциналармен егуді НПВС терапиясы (2 апта бұрын және кейін) фонында жүргізу ұсынылады. Иммуносупрессия кезінде тірі вакциналарды енгізуге болмайды.
Созылмалы гепатиті бар балалар ремиссия не аминотрансфераза белсенділігінің ең төмен деңгейі кезінде егіледі. Ремиссия қысқа болғанының өзінде де (1-6 ай) олар АКДС немесе АДС-М -ді жақсы көтереді, бұл жағдайда бауыр ферменттерінің деңгейі көтерілуі қысқа мерзімді және тез өтеді. Бұл балаларды вакцинациялау иммунологиялық тұрғыдан тиімді.
Созылмалы гепатит В, С бар адамдарды науқастарды гепатит А-ға қарсы, ал созылмалы гепатит С- гепатит В- қарсы егу қажет.
Бүйрек аурулары
Несеп жолдары инфекциялары (ИНЖ)- кәдуілгі жіті инфекция ретінде қаралу тиіс. Қайталамалы НЖИ және пиелонефритпен науқастар несеп анализі қалыпты болып, тұрақтар ремиссия кезінде егіледі (көрсеткіші болса антибактериялық терапия фонында). Егулерді кейінгі қалдыру мерзімі 4-6 айдан аспауы тиіс.
Гиомерулонефритпен науқас балалар процесс тынышталған ремиссия кезінде егіледі. 6 айға созылған ремиссия кезінде АДС-М егу қажетті иммундық жауап береді. ГВВ-ны неғұрлым ерте енгізу керек-ақ, себебі қажетті жағдайда гемодиализ жүргізуге мүмкіндік береді. Туыла біткен бүйрек ақаулары кезінде бүйрек функциясының компенсациялану деңгейінде байланысты шешім қабылданды.