Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Превенардың эпидемиологиялық тиімділігі.




Тиімділікті бағалау (3+1 схема) алғашында Калифорнияда 18925 балаларда өткізілді, кейіннен 2000-2008 жылдар аралығында 9 бақылау зерттеулері жүргізілді. Осыған ұқсас 2+1 схемасының және вакцинациясының тиімділігі жайлы мәліметтер 2-5 жастағыларда анықталмаған.

Инвазивті аурулар. Арнайыланған тиімділік пневмококктың вакциналық серотиптеріне қатысты 94% құраса, пневмонияның бактериемиялық формаларына қатысты 87,5-89% (63-74% бөлек серотиптерге) құрады. АҚШ та 5 жыл бойғы жаппай иммунизациялау 0-5 жастағы балалардағы 7 вакциналық серотиптермен келтірілген бактериемиялық форма жиіліктерін 45 есе төмендетті (81,9 дан 1,7 ге дейін. 100 000 ға шаққанда). Вакциналық емес серотиптермен шақырылған бактериемияның жиілеуіне (16,8 ден 21,7 ге) қарамастан, бактериемияның жалпы саны 4 есеге төмендеген – 98,7 ден 23,4 ке дейін. 100 000 шаққанда. БДҰ есептеуінше 72 дамушы елдердегі барлық балаларды ПКВ 7 валенттімен вакцинациялау арқылы 1 жылда 407 000 өлімнің алдын алуға болады. Норвегияда Преверанның 2+1 схемасымен вакцинациялау 1 жылда вакциндық штаммен шақырылған инвазивті инфекциялар жиілігін 74% төмендетті (47,1 ден 13,1 ге 100 000 ға).

Пневмококкты менингит. АҚШ –ғы вакциналық емес серотиптермен шақырылған менингит жиілігінің деңгейі 60,5% өсуіне қарамастан, барлық жастардағы аурушаңдық 73,3% (вакциналық серотиптермен шақырылған) және 32,1% (вакциндық туыстастықтағы серотиптермен шақырылған) төмендеген. Осы ретте балалар мен ересектер аурушаңдығы 30,1% төмендеген (1,13 тен 0,79 ға дейін 100 000 ға): 0-2 жастағы балаларда - 64% (10,16 дан 3,66ға), 65 жастан асқандағыларда - 54% (1,90 нан 0,87 ге). 2 жасқа дейінгі балалар өлімі 50% (0,37 ден 0,18 ге 100 000 ға) және қарттар өлімі - 44% төмендеген.

Пневмониялар. Рентгенологиялық дәлелденген пневмонияға (этиологиялық диагнозсыз, сонымен қатар пневмококкты қоздырғыштардан басқа қоздырғышпен шақырылған) қатысты вакцинаның тиімділігі 29-32%құрады. Пневмония бойынша 0-2 жастағы балалардың гспитализациясы 12,5 жағдайдан 8,1 ге 1 000ға есептегенде төмендеген. БДҰ мәліметі бойынша Превенар пневмония бойынша госпитализациялаудың 39% төмендеуіне әкеледі.

Орта отит. Жедел орта отит этиологиясында пневмококктың вакциндық серотиптер маңыздылығы 6-13% аспайды. Превенар вакциндық серотиптермен шақырылған жедел орта отитпен аурушаңдықты 57% төмендетеді. Негізінен әртүрлі этиологиялы ЖОО жағдайларының саны бар-жоғы 6-7% құраған, вакцинацияның тиімділігі оның ауыр жағдайындағы балаларда жоғары: жиі рецидивті ЖОО қатысты 18-23%, созылмалы экссудативті отра отитте 50% дейін. Превенармен вакцинацияланғандарда тимпаностомия жиілігі 39 дан 24% төмендеген.

ЖОО қатынаста вакцинация тиімділігі белгілі, бірақ, болжамдарға қарағанда айтарлықтай жоғары болып шықты, ол мүмкін пневмококкты тасымалдаушылықтың төмендеу есебінен болуы мүмкін. 4 жылда 0-2 жастағы балалар арасындағы Превенармен жаппай вакцинациялау ЖОО бойынша тұтынушылық пен антибиотиктерді қолдану деңгейін (барлық формалардың) 42% төмендетті.

Вакцинацияланған балалардағы пневмококктардың вакцинді серотиптерін тасымалдаушылық 42% дан 24% төмендеді, ал бұл кезде бақылау тобында 39%дан 46% артты. Дегенмен пневмококктың вакцинді емес серотиптерінің штамдарын тасымалдаушылық артқанымен, тасымалдаушылықтың жалпы саны төмендеген.

Пневмококктардың төзімділігі мен вакцинациясы. АҚШ-та Превенар пенициллинге жоғары төзімділігімен штаммдардың 80%, аралық төзімділігімен 100% қорғады.

Ұжымдық иммунитет әсері. Балаларды жаппай вакцинациялау халықтың басқа топтарында айқын әсер көрсетті. Бактериемиялық пневмониялар сирек кездесе бастады және вакцинация жүргізілмеген балаларда 5-15 жастағы - 38%, 15-45 жастағы ересектерде - 47%, 45-65 жастағыларда - 20%, ал 65 жастан асқан тұлғаларда - 36%.

Вакцинды штамдарды вакцинды емес штамдармен алмастырудың қиындықтары орынды.Көп авторлар вакциналық емес серотиптердің, бірінші ретте, 19А әсерінен пневмонияға инвазивтылардың салыстырмалы салмақтың артуын байқайды, алайда соңғыларын антибиотиктерге қарсы жоғары төзімділікпен байланыстырады. Вакцинацияланғандардың ішінде жоғарғы пневмококты аурушаңдықтың қалпына келгендер туралы популяциялық мәліметтер көптін алдына шығарылмады.

Экономикалық әсер. Конъюгирленген вакцинаның бағасы жоғары болғанымен, жаппай вакцинация жасаудың байқарлықтай экономикалық әсері бар. АҚШ-та кішкентай балалардағы пневмания салдарынан госпитализация және амбулаторлық қаралуларға кететін шығындар 1997-1999 жылдардағы 688,2 млн. доллардан 2004 жылдағы 376,7 млн. долларға дейін (45,3%-ға) азайды. Балаларға вакцинация жасау әсерінен бүкіл жас шамасындағы аурушаңдықтың азаюын есептей отырып, экономикалық әсері елеулі деп бағаланады.

Пневмо23-тің Эпидемиологиялық әсері

ППВ-ның әсері пневмококты инфекцияның спецификалық профилактика кезінде де, Т-хелпер-1 жүйесінің стимуляциясымен байланысы болуы мүмкін қауіп-қатер топтарда жіті респираторлық аурушаңдықтың спецификалық емес профилактика кезінде де байқалады.

Пневмо23 егуден кейін 2-5 ай бойы ұжымдардағы 18-21 жас аралығындағы тұлғалардағы ЖРА-мен аурушаңдықты 2,2 есе, бронхитпен аурушыңдықты 13 есе, пневмониямен аурушаңдықты 6,1 есе азайтты. Вакцинаның әсері бактериемиялық түрге қатысты 56%-81% құрайды. 55 жасқа дейнгі тұлғаларағы вакцина тиімділігі 93%, 55-64 жаста - 88%, 65-74 жаста 80%, 75 жастан кішілерде - 67%. 65 жасқа дейінгілерді вакцинвциялау нәтижесінде пневмония қаупі - 45%, инвазивті инфекция қаупі- 41%, госпитализациялау - 26%, өлім - 41% төмендеді. Жақында Пневмо23 әсері ≥50 ересектер арасында да, және қарттар үйінде мұқият жоспарланған үлкен зерттеулерде дәлелденді.

Жүрек – қантамырларыы ауруы бар науқастарда қорғаныштық әсер - 69%-ға жуық. Созылмалы обструктивті түрде өкпесі қабынған ересек адамдарда асқыну жиілігінің 5 есеге төмендегені анықталған.

Пневмо23 балалрдың пневмокок тасымалдаушылығын 40%-дан 15%-ға төмендеткен, ал жиі ауыратын балаларда жедел респираторлы аурулар жиілігі 1,7 есеге, ал асқыну жиілігі 1,6 есеге азайған.

Санаториде МБТ жұқтырған балаларда жедел респираторлы аурулардың кездесу жиілігі 7 есеге төмендеуі байқалған, ал Пневмо23 тұмауға қарсы вакцинамен қоса енгізілгенде - 92%. Пневмо23 вакцинасын балардың 60%-да бронхиальды демікпесінің асқыну жиілігі мен жедел респираторлы аурулардың кездесу жиілігі темендеген.

Қарт адамдарды егу денсаулығын сақтап қана қоймай экономикалық жағынан тиімді.

Қарсы көрсетулер

Екі вакцинаға да арнайы қарсыкөрсетулер тіркелмеген.

Превенар қан ұюы нашар жағдайда бұлшық етке тағайындалады. Пневмо23 иммуносупрессивті терапия алды 10 күнде енгізіледі. Жүкті әйелдерге жүктіліктің 3-триместрінде ғана рұқсат етіледі. Жанама әсерлер байқалмаса да жүктілік кезінде мүмкіндігінше егу жүргізілмегені жөн.

Егуден кейінгі реакциялар

Пневмо23 вакцинасымен егілгендердііің 5%-да жергілікті реакциялар байқалуы мүмкін. Ол 48 сағатқа созылған егілген жердің қызаруы мен ауырсынуы, кейжағдайда дене қызуыныңкөтерілуі.

Превенармен егілгенде асқыну байқалмаған. Сирек 10% жағдайда егілген жердің қызарып, тығыздалып ісінуі, ауырсыну >38С° дене қызуы, тітіркенгіщтік, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы. Сол сияқты лоқсу. Диарея, тәбеттің төмендеуі байқалған. Егілген жердің тығыздалып, ісінуі >2,5см, дене қызуы >39С° 1-10/100 жиілікте анықталған.

Ревакцинация кезінде егілген жердің ауырсынуы мен 36,5°С дене қызуыннан басқа жергілікті немесе жүйлік реакциялар анықталмаған. Егілген жердің қызарып 2см көлемде тығыздалуы 1,5 жасқа дейінгі балаларға қарағанда 2 жастағы балаларда бір реттік енгізу кезінде байқалған.

Превенарды гексавакцинамен қоса енгізгенде балаларда 28,3-48,3%-да 38°С жоғары дене қызуы байқалған. 39,5%-дан жоғары дене қызуы 1,5 жасқа дейінгі балалардың 0,6-2,8%-да анықталған.

Превенар қолданған кезде сирек жағдайда байқалған асқынулар:

· Инекция жүргізілген аймақтағы лимфоаденопатия <1/10000

· Анафилактикалық реакциялар (сілеме, Квинке ісінуі, бронхоспазм)

1-10/10000

· Коллаптоидты реакциялар,ұстамалар, фебрильды ұстамалар 1-10/10000

· Көп формалы эритемалар, дерматит,қышыну, егілген жердің есекжемі 1-10/10000

Тромбоцитопениялық пурпурасы бар науқастарда 2 аптаға созылған

егуден 2-14 күннен кейін рецидив беретіндігі айтылған.

Зерттеу жұмыстары нәтижесінде превенар13 пен превенар7 вакцинасын қабылдаған жағдайда бірдей реакциялар көрініс табады деген қорытындылар тіркелген.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 578 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2420 - | 2132 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.