Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ршықтар. Қолдану бағыты, құрамы, конструкцияға қойылатын талаптар, параметрлері, құрылымы




Жоғарыда айтылғандай, ұршық айналмалы келімді-кетімді қозғалысты бұрғылау тізбегі және айналмайтын тек келімді-кетімді қозғалысты тәлді жүйе мен бұрғылау (арынды) шлангасы арасындағы звено болып табылады.

Ұршық, бұрғылау тізбегінің салмағынан болатын жүктемені қабылдап, оларды ілмекке немесе тәлді блоктың ілгішіне беретін штропты корпустан тұрады. Ұршық корпусына, ұршықтың оқпанына ілінген бұрғылау тізбегінің еркін айналуын қамтамасыз ететін тербелу подшипнигі орнатылған. Үстіңгі бөлігіне, бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау тізбегінің ішіне кіруін қамтамасыз ететін жоғарғы қысымды тығыздау құрылғы орнатылған. Ұршықтың оқпаны екі роликті радиальді подшипниктермен корпусқа орталықтандырылады. Корпуста сонымен қатар, көмекші тірек орналасқан (әдетте ол шарикті-тіректі подшипник). Корпуста, подшипникті майлауға арналған майлау ваннасының саңылаусыздығын қамтамасыз ететін екі май сальнигі (астыңғы және үстіңгі) қондырылады. Ұршықтардың конструкциясы төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:

- максимальді күш түскен жағдайда, сыну немесе пластикалық деформациялардың алдын алатын, ұстап тұру бөлшектерінің беріктігін қамтамасыз ету;

- ұңғыны бұрғылау кезіндегі жұмыстардың ұзақтығы және тоқтаусыздығы;

- оқпанның жақсы орталықтандырылуын және подшипниктердің жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ететін корпустың қажетті мөлшердегі қаттылығы;

- айналмалы оқпан мен арынды құбырдың жалғанған жерінен бұрғылау ерітіндісінің шығынына жол бермейтін арынды сальнигтің саңылаусыздығы;

- корпустың майлау ваннасыда майдың шығынына жол бермейтін май сальниктерінің саңылаусыздығы.

Ұршықтың параметрлері: ұршықтың оқпанына түсірілетін ең үлкен (статикалық) мүмкін жүктеме; негізгі тіректің динамикалық жүк көтергіштігі; ағыс бөлігінің бөлшектерінің беріктігін және жоғарғы қысым тығыздығының саңлаусыздығын сақтайтын бұрғылау ерітіндісінің ең жоғарғы қысымы; оқпанның ең үлкен мүмкін айналу жиілігі; бұрғылау ерітіндісін өткізуге арналған оқпан арнасының диаметрі; массасы және габариттері.

Ұршықтардың басқа да параметрлері ретінде мынадай байланыстырушы өлшемдерді айтуға болады: ілмекпен байланыстыру кезінде иілетін жердегі штроптың диаметрі; бағыттаушы құбырмен байланыстыруға арналған оқпанның құлыпты бұрандасының өлшемі; және бұрғылау шлангасымен байланыстыруға арналған байланыстырушы келтеқұбырдың өлшемі.

15.1. кестеде ВЗБТ, Уралмашзавод «Нэйшенл» фирмасы тарапынан шығарылған ұршықтардың техникалық сипаттамалары көрсетілген.

15.1. суретте екі топтың бөлшектерінен тұратын УВ-250МА ұршығы көрсетілген: көтергіш қондырғысына байланысты (ілмекпен немесе автоматты элеватормен), айналмайтын және бұрғылау құбырлары тізбегіне байланысты және онымен бірге айналатын бөлшектер. Айналмайтын бөлшектер: ұршықтың корпусы 3, қақпақ 4, штроп 5 және отвод 6. Айналмалы бөлшектер: ұршықтың оқпаны 2 және жалғастырушы келте құбыр 1.

 

 

 

15.1. кесте. УВ-250МА ұршығы

Ұршық копусы, ұршықты штроппен 5 байланыстыратын валиктері 12 үшін ұршық корпусына жартылай кіргізілетін ойық жасалған кронштейндері бар болат құйма болып табылады. Бағыттаушы құбыры бар (квадраты штангасы бар) ұршық шурфқа бекітілген болса, ұршық корпусының кронштейні штропты көтергіш қондырғыға байланыстыруға ыңғайлы болатындай етіп мықтап орналастырады. валиктер 12 көлденең орын ауысудан қорғалады және ұршық корпусына пісіріліп бекітілген, валиктердің бүйірінде орналасқан, көлденең тесіктерге кіретін тоқтатқышты тақтайшалармен (планкамен) бұрылады. Үйкелетін беттерге май жүгірту үшін валиктердің бүйірінде тесіктері мен бұрандалары болады.

Ұршық корпусының іші, ұршық 2 оқпаны арқылы бұрғылау тізбегінен болатын күшті қабылдайтын, негізгі роликті подшипник 13 орнатылатын сақиналы алаңы болады. Корпустың төменгі жағында роликті подшипник 14-ті бекітуге арналған ойық орналасқан. Қақпақ 4-ке бекітілген роликті под­шипникке 14 ұқсас подшипнигі 9 бар ұршықтың оқпанын орталықтандырады. Подшипниктің сыртқы ойығы, ұршық корпусындағы сақиналы ойыққа орналасқан серіппелі сақинамен бекітіледі. Ұршық корпусы астынғы қақпақпен 15 жабылады. Корпустың астыңғы жағында май ваннасынан майдың ағып кетуіне жол бермейтін тығын орналасқан. Ұршық корпусы үстінен, ұршықтың оқпанын орталықтандыратын подшипник 9 бекітілген қақпағы 4 жабылады, ал үстіңгі жағында – корпустың ішкі қабатын бұрғылау ерітіндісінен, ластанудан сақтайтын манжетті төлке 8 орналастырылған. Ұршық фланцына, қақпағына 4 бекітілген подшипниктің 9 сыртқы ойығымен үстінен бекітілген тіректі подшипнигі 11 орналастырылған. Бұл подшипник ұршықтың оқпанын тігінен бекітеді және ұңғыларды өткізу кезінде кездесетін вертикальді күштерді қабылдайды. Оқанның фланцына бекітілетін стаканының 10 көмегімен подшипниктердің үстіңгі орталықтандырушы подшипнигі мен тіректі подшипнигін майлауға арналған майлы ванна пайда болды. отвод 6 және қақпақ 4 арасына, тез шығарылатын тығынның 7 үстіңгі гайкасына бекітілетін ойық тығын қыстырылған. Тез шығарылатын тығынның астыңғы гайкасы ұршықтың негізгі бөлігінің ойық жеріне жалғанады. Ұршық корпусының қақпағының үстіңгі жағына, ұршыққа бұрғылау ерітіндісін жіберуге арналған иілгіш шланга бекітілген отводы 6 орнатылған. УВ-250МА ұршығында қолданылатын тез шығарылатын тығын тұрақты отводынан 6 айналмалы оқпан арнасына 25 МПа қысымымен бұрғылау ерітіндісінің жеткізіліп тұруын және тозған тығыздау бөлшектерін тез ауыстырылуын қамтамасыз етеді.

УВ-500МА ұршығының ерекшелігі, онда негізгі тірегі 3 ретінде тұрақты төменгі сақинаның тіректі үстіңгі қабатында буртсыз горизонтальді тегіс (351468 A SKF Швеция) роликті конусты подшипник (15.2 суретті қараңыз) қолданылғандығы болып табылады. Корпусының 2 конструкциясы және негізгі тіректің астындағы тіректі шығынқы жері подшипниктің жұмысын жақсарту үшін берік және қатты етіп жасалынған. Ұршық оқпанында 4 радиалды 5 роликті 17 подшипниктерімен корпусқа орталықтандырылады. Үстіңгі жағында тез шешілетін тығынмен жалғауға арналған бұранда бар. Оқпанның астыңғы жағында жалғастырушы келте құбыр арқылы бағыттаушы құбыр мен бұрғылау бұрғылау құбырлары тізбегімен жалғауға арналған құлыпты (сол жақ) бұранды бар.

Көмекші тіректі подшипнигі 16 (8164Л ГОСТ 6874-75, 320x400x63) ұршықтың айналмайтын бөліктерінің салмағын, сонымен қатар, ұңғыны бұрғылау кезінде төменнен жоғарыға бағытталған соққы күштерін қабылдайды.

Тез шешілетін тығыздау (15.3 суретті қараңыз) 40МПа максималды жұмыс істеу қысымына бейімделген және бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісінің ағып кетуінің алдын алу қызметін атқарады. Тығыздау конструкциясы, тікелей бұрғылау бөлшектерін ауыстыруды талап ететін тез тозатын бөлшектерден тұратындықтан, оларды ауыстыру жұмыстарын жеңілдету және ауыстыру уақытын қысқарту үшін тығыздау конструкциясы тез шешілетін етіп жасалынған.

Тығыздау, ішінде манжеттері 13 және құбыры 12 орнатылған айналмалы корпусынан 2 және айналмайтын корпусынан 4 тұрады. Құбырдың үстіңгі жағында шеткі манжеті 6 отводтың шеті мен сақиналары арасындағы ашық жерді саңылаусыздандырады. Мұржа мен негізгі бөлік арасындағы астыңғы жақта, жуу сұйығының ішкі арнадан ағып кетуіне жол бермейтін тығыздау манжеті 15 бар.

Құбырда 12 тарту болтының 11 көмегімен қамыт 3 бекітілген төрткілше (сухарь) 10 қондырылған. Төрткілше корпустардың бүйіріндегі шығыңқы жерлерінің 2 және 4 біреуімен кезекгімен ілініседі. Сондықтан, құбыр таңдауға байланысты айналмалы немесе қозғалмайтын корпуспен жалғануы мүмкін, яғни, ол айналмалы корпуспен 2 бірге айналуы немесе корпуспен 4 бірге қозғалыссыз қалуы мүмкін. Бірінші жағдайдағы айналмалы бөлшектер арасын саңлаусыздандыру корпустың 4 манжеттерімен, екінші жағдайдағы қозғалмайтын бөлшектер арасындағы саңлаусыздандыру корпустың 2 манжеттерімен қамтамасыз етіледі.

k=J Ш ГРЕХ? 6 6/8 REG LH

Х Реэь Бо.. 3... 15а. Н ГОС.! Р5036.4 -9 6

15.2. сурет. УВ-500МА ұршығы:

2 - корпус; 3 – негізгі тірек; 4 – оқпан; 5,17-радиалды роликті подшипник;

6 – майлы ваннаның үстіңгі тығыны; 7 - отвод; 8 – төлке; 9 - қақпақ;

10-май көрсеткіші; 11- төсем; 12-штроп; 13-майқап (масленка); 14-өс;

15-тақтайша;

 
 

16 – көмекші тірек; 18 - қақпақ; 19 - жалғастырушы келте құбыр; 1,20 – май төгу тығындары

153. сурет. Тығыздау құрылғысы:

1,5-гайкалар; 2,4 - корпустар; 3- қамыт; 6 - бүйірлік манжет; 7,8,9,14 -сақиналар; 10 – төрткілше; 11-бекіту болты; 12-құбыр; 13-манжет; 15 - манжет

15.4 сурет. Май ваннасының тығыны:

1 - гайка; 2 - тоқтатқыш бұрама; 3 – тығыздау сақинасы; 4 – төлке; 5 – радиальді роликті цилиндрлі подшипник;

6 – паронитті төсем; 7 – севонитті манжет; 8 - аралық сақина; 9 - қақпақ; 10 - болт; 11 – қысу сақинасы


15.4 - суретте, қақпақ 9, екі севанитті манжет 7, аралық сақинасы 8 бар май ваннасының төменгі тығыздалуы көрсетілген. Манжеттер астыңғы жақғынан қысу сақинасымен 11 және болттарымен 10 қысып бекітілген. Орталықтандырылған подшипниктің ішкі ойығы 5 төлкемен 4 және гайкамен 1 тоқтатқыш бұрамамен 2 бекітіледі. Төлке 4 пен оқпанның арасындағы саңлаудан майдың ағып кетуіне жол бермеу үшін арасына тығыздау сақинасы 3 орнатылған. Ұршық корпусы мен қақпақтың арасындағы саңлауды тығыздау үшін паронитті тығыны орнатылған.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1133 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2272 - | 2125 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.