Балалардағы гипертоникалық криздің клиникалық белгілері кенеттен самай-маңдай және шүйде аймағының қатты ауырсынуы, бастың айналуы мен сипатталады. Бетке қанның "құйылуы" болуы мүмкін, жүрек айну, әлсіздік, тағам қабылдауына тәуелсіз құсу, жүрек айну, кардиалгия, көрудің, естудің нашарлауы, парастезия, қолдардың треморы. Пульс күштемелі, жиілеген. Мұндай жағдайда артериялық гипертензияны растау үшін баланың екі қолында АҚҚ өлшеу керек.
Жастық артериялық гипертензияның жіктелуі (мм сын.бағ)
(Cunnigham S.,Trachtman.,H 1997)
__________________________________________________________________
Жасы 95-99 перцентель >99 перцентель айқын
бірқалыпты гипертензия гипертензия
_______________________________________________________
Сист.АҚҚ Диас.АҚҚ Сист.АҚҚ Диас.АҚҚ
__________________________________________________________________
1 жасқа дейін >110 >75 >120 >85
1-9 жас >120 >80 >130 >85
10-12 жас >125 >82 >135 >90
12-18 жас >135 >85 >145 >90
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Біз феохромацитомасы бар балаларда гипертоникалық криздің клиникалық ерекшеліктерін бұл патологияның диагностикалық қиындығына және ерекше емдеу тәртібін талап етуіне байланысты талқылауды жөн деп санадық
Феохромацитома кезіндегі гипертоникалық криздің "классикалық" түрінің симптоматикасы:
- қызу, қорқыныш, өлім үрейі;
- бозғылттық, салқын тер, қолдардың треморы;
- бастың күйдіріп ауырсыну сезімі, шүйдедегі ауырлық сезімі, самайдағы пульсация, бастың айналуы.
- көрудің нашарлауы, кейде дыбыстық және көруде елестеушілік.
- кеуде артындағы, сол иықта, сол жақ жауырын астында ангинозды аурсыну;
- эпигастрий аймағында қатты толғақ тәрізді ауырсыну сезімі, ықылық, жүрек айну, құсу;
- айқын жүрек соғысы минутына 120-160 рет, қарыншаүстілік және қарыншалық ырғақ бұзылыстары;
- ЭКГ өзгерістері: Р-Q интервалдарының қысқаруы, ST сегментінің ығысуы, U тісшесінің үлкеюі, үлкен көлемді оң немесе теріс мәнді T+U тісшелері;
гипергликемия, плазмада бос май қышқылдарының концентрациясының жоғарылауы(липолиз), нейтрофильді лейкоцитоз;
- дене температурасының жоғарылауы, кейде 39-40˚С дейін;
- плазма мен зәр құрамында катехоламин концентрациясының жоғарылауы;
- сонымен қатар кризден шыққаннан кейін АҚҚ жылдам түсуі, жиі постуральді гипотензиямен.
Гипертоникалық криздің басқа түрлерінде клиникалық коріністер әлсіз болады.
Гипертоникалық криз кезінде гипотензивті терапияның тактикасы
Балаларда тез арада АҚҚ түзету келесі жағдайларда талап етіледу:
1) АҚҚ 99 перцентельден жоғарылауы
2) өмірге қауіпті симптомдар мен жағдайлардың басталуы:
- гипертоникалық энцефалопатия, ми ісінуі;
- геморрагиялық немесе ишемиялық инсульт;
-субарахноидальді қан құйылу;
-аорта аневризмасының еруі;
- сол жақ қарыншаның жетіспеушілігі;
-өкпе ісінуі;
-миокард инфаркты;
- жедел бүйрек жетіспеушілігі;
-ауыр ретинопатия
Анамнезде тұрақты артериялық гипертензия болатын болса, АҚҚ тез түсіруге ұсынылмайды. Бастапқы АҚҚ-нан алғашқы 6 сағат ішінде 30% түсіру және 72-96 сағат ішінде толық қалыпқа түсу қауіпсіз болып келеді.
Симптомсыз өтетін бірқалыпты АҚҚ 95-99 перцентильге жоғарылауы жедел гипотензивті терапияны қажет етпей, таңдамалы емі жоспарлы түрде жүргізіледі.
Жедел жәрдем;
1. Науқасты бастың шамалы көтерілген қалпында, жоғары тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етіп жатқызады.
2. Оксигенотерапия.
3. Алғашқы көмек ретінде тағайындауға болады:
тіластына немесе ішке
- нифедепин (1таблетка ішінде - 10 және 20 мг) 0,25,-0,5мг/кг дозасында немесе
- каптоприл (1 таблетка ішінде - 12,5;25 және 50мг) 0,1-0,2 мг/кг дозасында немесе
клофелин (1 таблетка ішінде - 0,075және 0,150 мг) 0,002 мг/кг дозасында;
парентеральді:
0,3-0,5-1,0 мл дозада 0,01% клофелин ерітіндісін (жасына тәуелді) б/е немесе к/і 0,9% натрий хлор ерітіндісімен 5-7 мин ішінде баяу енгізу
Қосымша 1% дибазол ерітіндісін 0,1-0,2мл/жасына б/е немесе к/і енгізуге болады.
4. Қозған немесе айқын нейровегетативті симптомдары кезінде 0,5% седуксен ерітіндісін 0,1 мл/кг (0,5 мг/кг) б/е енгізу.
5. Бас ми ішілік гипертензия симптомдарында (бас ауру, құсу) кезінде 1% лазикс ерітіндісін 0,1-0,2мл/кг (1-2 мг/кг) дозасында б/е немесе к/і енгізу.
6. Егер емнен нәтиже болмаса, тағайындалады:
- натрий нитропруссиді (нанипрусс) 0,5-1 мкн/кг минутына дозасында АҚҚ (инфузия кезінде науқастың бас жағы көтерілген қалпында, шұғыл дене қозғалыстары болмау керек)бақылай отырып титрлеп к/і енгіземіз немесе
-гидрализин 0,1-0,5 мг/кг к/і немесе
-диазоксид 1 мг/кг к/і.
7. Феохромацитомаға байланысты криздерде енгіземіз:
фентоламин 2-5 мг дозасында к/і АҚҚ түскенще әр 5 минут сайын қайта енгізу немесе
-тропафен 10-30мг дозасында б/е немесе 5-15 мг к/і енгізу немесе
- феноксибензамин хлориді 10мг/тәу дозасында к/і.
Артық АҚҚ төмендеуі кезінде к/і натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін енгізу, ал бұл өлшемнің нәтижесіз болуы кезінде - мезатонды қолдану.
Жедел көмек көрсеткеннен кейін жансақтау немесе интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызу. Науқас жағдайы тұрақтанғанда ұзақ әсерлі гипотензивті препараттарды тағайындау.