Талықсудың клиникасы негізгі аурудың өршу кезеңінде басталып, науқастың жалпы жағдайының үдемелі нашарлауымен сипатталады. Клиникалық көрінісіне тәуелді талықсудың шартты түрде үш фазасын (нұсқау) ажыратады: симпатотоникалық, ваготоникалық және паралитикалық.
Симпатоникалық талықсу артериолалардың спазмның салдарынан және қан айналымының ортақтануы мен катехоламиндердің компенсаторлы бөлінуімен перифериялық қан айналымның бұзылуы. Тән белгілер: баланың қозуы, бұлшықет тонусының жоғарылауы, терінің бозаруы мен мәрмәр түстес болуы, алақан мен табанның мұздауы, тахикардия, АҚҚ қалыпты немес жоғарылаған. Дегенмен бұл симптомдар қысқа уақытқа созылып, талықсу диагнозы жиі келесі фазаларда қойылады.
Ваготоникалық талықсу кезінде артериолаларды, және артерио-венозды анастомоздардың айқын кеңеюі байқалып капиллярлық арнада қанның деполануымен жүреді. Клиникасына тән: тежелу, адинамия, бұлшықет тонусының төмендеуі, айқын терінің бозаруы немесе мәрмәр түстес болуы, сұр-цианозды түстес болуы, айқын акроцианоз, АҚҚ бірден түсуі, пульстің толымдылығының төмендеуі, брадикардия, шулы және жиілеген Куссмауль типтес тыныс, олигурия.
Паралитикалық талықсу қанайналым реттелуі механизмнің әлсіреуінен пассивті түрде капиллярлардың кеңеюімен негізделген. Бұл жағдайға тән: тері мен бульбарлы рефлекстердің төмендеуімен жүретін естің болмауы, бел мен аяқ терісіндегі көкшіл-қызыл дақтар, брадикардия, Чейн-Стокс тынысына өтпелі брадипное, АҚҚ критикалық санға дейін түсуі, пульс жіп тәріздес, анурия. Жедел медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда өлімге алып келеді.
Емдік іс-шаралар көп ұзамай жүргізілуі қажет.
Жедел көмек:
1. Баланы горизонтальді қалыпта арқасымен жатқызып, басын аздап шалқайтып, жылы жылытқыштарды қойып, таза ауамен қамтамасыз ету керек.
2. Жоғары тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету: ауыз қуысының ревизиясын жүргізіп, қысып тұрытын киімдерін шешу керек.
3. Симптоматикалық талықсу белгілері болғанда жасалу керек:
а) перифериялық қантамырлардың спазмын жою үшін спазмолитиктерді бұлшықет ішіне енгізу:
-2% папаверин ерітіндісі 0,1 мл/өмір жасына салмағына немесе
-0,5% дибазол ерітіндісі 0,1мл/өмір жасына салмағына немесе
-но-шпа ерітіндісі 0,1мл/өмір жасына;
б) нейротоксикоз кезінде, жедел бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі кезінде осы фазада глюкокортикостероидтарды т/і немес б/е тағайындау керек:
-гидрокортизон бір реттік дозада 4 мг/кг немес
-преднизолон 1-2 мг/кг дозасында
4. Ваготоникалық және паралитикалық коллапс кезінде:
а) перифериялық көктамырларға дәрілерді еңгізуге жол беріп реополиглюкин мен кристалоидтармен (0,9% натрий хлорид ерітіндісі немесе Рингер ерітіндісі) инфузионды терапияны бастау керек 20 мл/кг 20-30.
б) бір реттік дозада бір уақытта глюкокортикостероидтарды енгізу.
- гидрокортизон 10-20 мг/кг тамыр ішіне
- преднизолон 5-10 мг/кг тамыр ішіне немесе б/е, немесе ауыздың төмеңгі бөлігіне
-дексаметазон 0,3-0,6 мг/кг (1мл 0,4 % ерітінді – 4 мг) т/і немес б/е
в) өзгермейтін артериялық гипотензия кезінде;
- қайта тамыр ішіне тамшылатып 0,9% натрий хлориді немес Рингер ерітіндісін 10мл/кг реополиглюкиннің 10 мл/кг ерітіндісімен ЖЖЖ, АҚҚ мен диурезді бақылай отырып енгіземіз.
- 1 % мезатон ерітіндісінің 0,1 мл/жасына тамыр ішіне баяу енгіземіз
- 0,2% норадреналин ерітіндісінің 0,1 мл/жасына тамыр ішіне тамшылатып (50 мл-ге 5 % глюкоза ерітіндесімен) 10-20 тамшы минутына жылдамдығымен АҚҚ бақылай отырып енгіземіз.
Норадреналинді тері ішене немесе бұлшықетке салуға инъекция орнында некроздың даму қаупі болуына байланысты енгізеге кеңес берілмейді (тек ерекше жағдайларда яғни көктамырға енгізе алмағанда)
5. Жасалған іс-шаралардан кейін нәтиже болмаса титрленген допаминді 8-10 мкг/кг мин АҚҚ мен ЖЖЖ-нің бақылауымен енгізу.
6. Көрсеткіштерге байланысты – алғашқы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу
Жедел медициналық іш-шаралардан кейін науқасты ауруханаға жансақтау бөліміне тасымалдау.
Шок
__________________________________________________________________
Шок – жедел дамитын, өмірге қауіп төндіретін, тіндік перфузияның төмендеуімен жүретін, ОЖЖ ауыр бұзылысымен, қанайналымның, тыныс алудың және зат алмасудың бұзылысымен жүретін патологиялық процесс.
__________________________________________________________________
Заманауи клиникалық тәжірибеде шоктың дамуына алып келуі мүмкін зебептерді дифференциялайды:
1. Жалпы қан айналымның азаюы (гиповолемиялық шок) қан кетудің әсерінен немесе асқорыту жүйесінен (іш өті, құсу) сусыздану әсері, полиурия, күйіктер кезінде және т.б. Негізгі патогенетикалық механизм – венозды қан айналымның жеткіліксіздігінен жүректің артық күштеме түскенінен болады.
2. Венозды бассейндарда қанның қорда жиналуы (вазогенді немесе жайылмалы шок) анафилаксия кезінде, жедел бүйрекүстібезінің жетіспеушілігі, сепсис, нейрогенді немесе токсикалық шок кезінде. Жетекші патологиялық механизм болып жүрек күшінің жетіспеушілігі болып табылады.
3. Жүректің лақтыру күшінің азаюы (кардиогенді шок) жүректің насостық қызметінің жетіспеушілігі, сонымен қатар жүрекке келетін венозды қантамырдың обструкциясы немесе перикард аурулары мен күштемелі пневмоторакс кезіндегі жүректің лақтыру күшінің азаюы (обструктивті шок)