Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Клиникалық диагностикасы. ЕЦҰ кенеттен басталуымен сипатталады





ЕЦҰ кенеттен басталуымен сипатталады. Бала мазасыз күшенеді, жылайды, онымен қатар цианоз бен ентігу күшейеді. Мәжбүр қалыпты - бір жағымен аяқтарын ішіне қарай жинап жатады. Жүрек аускультациясында тахикардия, систолық шу өкпелік артерия стенозында естілмейді. Гипоксиялық ұстама ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады. Ауыр жағдайда тырысулар мен есті жоғалту комаға дейін және өлімге алып келеді.

 

Жедел жәрдем
1. Баланы тыныштандырып, қысып тұрған киімдерін шешу. Тізе шынтақ қалпында ішпен жатқызу.
2. Ылғандандырылған оттекті маска арқылы ингаляция жүргізу.
3. Ауыр ұстамаларда көктамырға тағайындалады:
- 4% натрий бикарбонат ерітіндісі 4-5 мл/кг дозада (150-200мг/кг) к/т 5 мин ішінде, қайталау жарты дозада 30 мин -тан кейін 4 сағат ішінде қанның рН- ын бақылай отырып жүргізу.
-1% морфин ерітіндісін немес пргомедол 0,1 мл/жасына т/і немес к/т (2 жастан жоғары балаларға к/е тыныс тежелуі симптомдары болмағанда)
- әсері болмағанда абайлап (!) 0,1% обзидан ерітіндісін0,1-0,2 мл/кг дозада 10 мл 20% глюкоза ерітіндісімен к/т жылдам (1 мл/мин жылдамдықпен немес 0,005 мг/мин)
Құрысуларда 20% натрий оксибутират ерітіндісін 0,25-0,5 мл/кг (50-100 мг/кг) к/т жылдам енгізу.
5. Басылмайтын ұстамалар мен гипоксиялық кома дамығанда ЖӨЖ-ге көшу мен поллиативті жедел хирургиялық операция (аорта-өкпелік анастомоз кою) көрсетілген.
Жүрек гликозидтері мен диуретиктер қарсы көрсетілген!
Ентікпе-цианозды ұстамамен балаларды ауруханаға жатқызу жүргізілген емнен әсер болмағанда жүргізіледі. Алғашқы көмек әсері болса науқас бала үйде қалдырылып, 0,25-0,5 мг/кг тәулігіне обзидан беру ұсынылады.

 

Пароксизмальді тахикардия ұстамасы
__________________________________________________________________
Пароксизмальді тахикардия ұстамасы - жүрек ырғағының кенеттен жиілеуімен > үлкендерде 150-160 мин > балаларда 200р/мин, бірнеше минуттан бірнеше саағатқа дейін (сирек жағдайда - күнге) созылады. ЖСЖ қайта реттелуімен, ЭКГ-да арнайы белгілермен сипатталады.
__________________________________________________________________
Пароксизмальді тахикардия ұстамасының негізгі себептері:
1. Жүрек ырғағының вегетативті реттелуінің бұзылысы
2. Жүректің органикалық бұзылысы
3. Дизэлектролиттік бұзылыс
4. Психоэмоциональді және физикалық бұзылыс.
Пароксизмальді тахикардияның 2 негізгі түрін ажыратады: қарынша үстілік және қарыншалық. Қарыншаүстілік пароксизмальді тахикардия балаларда жиі функциональді жағдайда жүректің вегетативті реттелу бұзылысында байқалады. Қарыншалық пароксизмальді тахикардия сирек кездесіп, өмірге қауіп төндіретін жүректің органикалық ауруларында (туа пайда болған жүрек ақаулары, кардит, кардиомиопатиялық және т.б) болады.

Клиникалық диагностикасы

Адекватты түрде жедел жәрдем көрсету үшін анықтау маңызды:
- пароксизмальді тахикардия түрін: қарыншаүстілік немесе қарыншалық;
- балада жүрек жетіспеушілігі ақауларының белгілері бар жоқтығын анықтау. Мүмкіндігінше диагнозды нақтылау үшін ЭКГ жүргізу.
Пароксизмальді тахикардияның қарыншалық түріне кенеттен басталуы тән. Бала жүректің тез соғуын, ауа жетпеуін, бастың айналуын, әлсіздік, жүрек айну, өлім қорқынышын сезінеді. Терінің бозаруы, жоғары тершеңдік, полиурия байқалады. Жүрек тондары қатты, шапалақты, ЖСЖ санауға келмейді, мойын көктамырлары ісінеді. Ұстаманы басатын құсу болуы мүмкін. Жүрек жетіспеушілігі (ентігу, гипотония, гепатомегалия, диурездің төмендеуі) жиі дамымай, тек баланың алғашқы айларыныда және созылмалы ұстамалар кезінде дамиды.Қарынша үстілік пароксизмальді тахикардия кезінден ЭКГ белгілері (3а. сурет): жиілігі 150-200 мин ригидтті ырғақ, қарыншалық комплекс өзгеріссіз, Р тісшесінде өзгеріс болады ("синусты емес").
Пароксизмді тахикордияның клиникалық ерекшеліктері: пароксизмің басталуы субъективті түрде басылмайды; баланың жағдайы үнемі ауыр (шок!)болады; мойын көктамырларының пульс жиілігі артериялық пульс жиілігінен аз болады; вагусты сынамалар нәтижесіз болады. Қарыншалық пароксизмальді тахикардияның ЭКГ белгілері (3б суретте): ырғақ жиілігі 160рет/минуттан жоғары емес, R-R аралықтары өзгермелі, қарыншалық комплекс өзгерген, Р тісшесі жоқ.

Жедел жәрдем

Қарыншаүстілік тахикардия ұстамасы кезінде:
1. Кезбе нервке рефлекторлы әсер етуден бастау керек:
- кезекпен сол жақтан бастап 10-15 сек каротидті синуска массаж жасау, сол жақ кезбе нервтің аяқшаларына бай (каротидті синус төмеңгі жақтың бұрышында қалқанша шеміршегінің жоғарғы қырының деңгейінде орналасқан);
- Вальсальв әдісі - максимальді тыныс алу кезінде 30-40 сек тынысты ұстап тұру
- жұтқыншақты механикалық тітіркендіру - құсу рефлексін шақыру.
Ашнер сынамасы (көз алмасын басу) көзің тор қабығының ажырау қаупінен бұл әдіс жасалмайды.
2. Сол уақытта рефлекторлық сынамалармен қоса ішке тағайындалады:
- тыныштандыратын препараттар: седуксен 1/4-1 таблетка немесе валериана тұнбасын (немес жалбыз, валокордин) 1-2 тамшы/жасына дозасында.
- панангин 1/2-1 таблетка жасына байланысты.
3. Жоғарыда көрсетілген терапиядан кейін нәтиже болмаған жағдайда 30-60мин кейін ұстаманы антиаритмиялық препараттарды тағайындаумен басу. Нәтиже болмағанда препаратты таңдау және енгізу 5 кестеді көрсетілген. Антиаритмиялық препараттарды дәйекті түрде (алдындағысынан нәтиже болмаған жағдайда) 10-20 мин интервалдан кейін енгізеді.
4. Дамып келе жатқан жүрек жетіспеушілігі кезінде емге дигоксинді қосады (Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы қарсы көрсетпе) 0,03 мг-кг қаныққан дозада тәулігіне 3 рет әр 8 сағат сайын т/і немесе ішке қабылдауға және 1-2 мг/кг лазикс
5. Жүргізілген терапиядан нәтиже болмаса, ұстаманың 24 сағатқа сақталуы мен жүрек жетіспеушілігінің белгілері пайда болғанда аз уақыт ішінде электроимпульсті терапияны жүргізуге көрсеткіш болып табылады.

Қарыншалық пароксизмальді тахикардия кезінде:
1. Көктамырға препараттарды енгізуге веналық катетор орнатып, жай жылдамдықпен к/і енгіземіз:
- 10% новокаинамид ерітіндісін 0,2 мл/кг 1% мезатон ерітіндісін 0,1 мл/жасына дозасында немесе
- 1% лидокаин ерітіндісін 0,5-1 мг/кг 20мл 5% глюкозаға.

2. Ұстама басылмаған жағдайда электроимпульсті терапия жүргізу керек.
Вагусты сынамалар және жүрек гликозидттерін енгігу қарсы көрсетіледі!
Пароксизмді тахикардиясы бар балаларды соматикалық бөлімшеге, ал жүрек жетіспеушілігі қосылған жағдайда жансақтау бөлімшесіне ауруханаға жатқызылады. Қарыншалық тахикардиямен балалар тез арада жансақтау бөлімшесіне жатқызылады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1336 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

2205 - | 2093 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.