Химиялық таза қантты ұсақ қант етіп ұнтап, бюксқа салып, кальций хлормен 2-3 тәулікке эксикаторға қояды. Құрғатылған қант ұнтағынан 0,3 г шамасында аналитикалық таразыда нақты 2 мл дейін ілмек плып, cыйымдылығы 100 мл шыны сауытқа жартысынан асырмай тазартылған су қосады. Қант толық ерігеннен кейін 20 пайызды тұз қышқылының ерітіндісін қосып, инверсия жасайды – 80-85оС- қа дейін алдын ала қыздырылған су буына қойып, соң шыны сауыт айналасындағы температураны 67оС-қа дейін жеткізіп, термометрді ішіне салып 67-69оС шамасында 5 минут ұстап тұрады; сұйықтықты 20оС-қа дейін суытып, термометрді алып, тазартылған сумен жуады.
Алынған инверстік қанттың стандартты ерітіндісімен фелинг сұйықтығын қолдану арқылы жұмыс ертінідісінің типін анықтайды.
Фелинг сұйықтығының тиртін анықтау. Стандарттық ерітіндімен бюретканы толтырады, ал конус шыны сауытқа 5 мл-ден нақты өлшенген Фелинг сұйықтығының №1 және №2 ерітіндісін құяды.Фелинг ерітіндісіне бюреткадан 20 мл инверстік қанттың стандартты ерітіндісінен құяды. Қоспаға көгілдір метилен ерітіндісінен 2-3 тамшы қосып, инверстік қанттың стандартты ерітіндісіне сұйықтық көк түске боялғанша тамшымен тамызады (тұнбасы қызғылт реңкі бар қызыл түске боялады).
Бақылау сұрақтары
1 Шарапты органолептикалық бағалау.
2 Шарапты зертханалық зерттеу.
БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ
Тақырып 2.1 Балықтарды анатомиялық ашу
Мақсаты: Балықты ашу әдісін меңгеру, балықтың анатомиялық ерекшеліктерін зерделеу, орташа сынаманы іріктеу.
Жұмыс мазмұны:
Балықтарды ашу
Балықтарды қайшымен ашады. Анальдық тесігінен желбезектеріне дейін және сол жерден басына дейінгі қапталғы сызығы арқылы екі рет кеседі. Қабырға еттерінің сол жағын пинцетпен алып тастап, ішектерін, бауырын, желқабығын, талағын және бүйрегін тексереді. Ішкі ағзаларының орнадасуына қарай еттерін тексеріп, омыртқа жотасында көлденең қызыл жолақтың бар жоғын анықтайды.
Сынаманы іріктеу
Балық және балық өнімдерінің сынамасын іріктеу мынадай жағдайларда ветеринарлық дәрігер - сараптамашымен өткізіледі:
- сапалық куәлігі немесе сапасы туралы сертификаттағы жазулар сәйкес келмеген жағдайларда;
- транспорттау нәтижесінде балық және балық өнімдерінің бұзылғандығын анықтаған жағдайларда;
- сатып алушылар шағым білдірген жағдайда;
- мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары тарапынан базарды және өнім сертификаттарын жоспарлы тексеру жағдайларында;
- инфекциялық және инвазиялық балық аурулары бойынша су қоймаларының жаман халдері жағдайларында текскеріледі.
Балық және балық өнімдерінің сапасын бүкіл партияға белгілейді. Партияның біркелкілігі деп бір уақытта бір немесе бірнеше вагонға тапсырылып және қабылданған, өңдеу тәсілі және сорттары бірдей бір тауарлық атауы бар өнімді есептейді. Сыртқы көрінісін, ыдыс жағдайын және маркасын тексергеннен кейін балық партиясының әр жерінен 5 пайызға дейін ашып тексеру үшін сынама іріктеледі. Сапаның біркелсіздігі анықталған жағдайда одан да көп балықтарды тексеріп ашу құқығы беріледі. Зертханалық зерттеу үшін өнімнің бастапқы үлгісі және орташа сынамасы іріктеледі. Орналасу жақтары әртүрлі болатын ыдыстың түрлі жерлерінен алынған бірнеше данадағы балық және балық өнімдері бастапқы үлгі болып саналады. Орташа сынама болып зертханаға зерттеуге жіберілетін бастапқы үлгінің бөлігі саналады. Оны мынадай тәсілмен құрады: егер бір балықтың салмағы 100 г болса, сыныма 1 кг-нан аспауы керек; егер балықтың салмағы 2 кг-ға дейін болса, талдауға көп дегенде 1-2 балық қажет; егер балықтың салмағы 2-5 кг болса, әр 1-2 балықтан жартысынан алады; егер балықтың салмағы 5 кг-нан асса, онда әрбір екі балықтан бас, ортасы және құйрығы жағынан жалпы салмағы 500 г-нан аспайтын ені 3 см болатын бөлдек көлденең кесектер алынады.
Тұтынушы өзіне келіп түскен өнімге оның көрсеткіштерінің стандарт талаптарына сәйкестігіне бақылау тексерту өткізуіне құқылы. Егер қандай да бір көрсеткіштер стандарт талаптарына сәйкес келмеген жағдайда үлгіні екі еселенген мөлшері қайта зерттеуге іріктеледі. Қайта сынау нәтижесінде кем дегенде бір көрсеткіштің қанағаттанғысыз болған жағдайда, бүкіл партия өнімдерін жарамсыз деп есептейді.