Оқу бағдарламасына сілтеме | Оқу мақсаттары | Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері | Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) | Оқыту ресурстары |
ӨсімдіктерӨсімдіктердің көп түрлілігі | 1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау; | (Ж,Қ)Оқушыларға «Өсімдіктерді неліктен тірі ағза деп айтамыз?» деген сұрақ қойыңыз. Олардың жауаптарын талқылаңыз. Қалыптастырушы бағалау – олардың жауаптарын және бар білімін бағалаңыз. (Ұ,Т,Қ)Оқушылармен бірге мектеп маңайына серуенге шығыңыз – өсімдіктердің суретін салыңыз/жазыңыз немесе суретке түсіріңіз. Сынып бөлмесіне қайтып оралып, ақпаратпен бөлісіңіз. Ауруға шалдықпаған өсімдікте нені көруге тиісті екені жөнінде бір пікірге келіңіздер (Мұғалімге арналған ескертпелерді қараңыз). Қалыптастырушы бағалау –сау өсімдікті анықтай білуін бағалаңыз. (Ө)Олар көрген өсімдіктің суретін салыңыз, белгілеңіз немесе ол туралы жазыңыз. Өсімдіктер мен гүлдердің әр түрлі бөліктерінен коллаж жасаңыз. (Ұ) Оқушыларға тірі өсімдік және үлгісін көруге ұсыныс жасаңыз. Оқушылардан тірі өсімдіктің осындай болатынындығын айқындайтын белгілерін атауды ұсыныңыз. Оқушыларға өсімдіктердің басты сипаттамаларын атап шығуға көмектесіңіз: қозғалмауы, дем алуы, қоректенуі, жасыл түсі. | Ешқашан гүлдемейтін, дегенмен өсімдіктерге тән ортақ сипаттамаларға сай келетін мүктер, плаундар, папоротниктер, қарағайлар, шыршалардың өсімдіктер қатарына жататынына оқушылардың назарын міндетті түрде сала кету керек. Қандай өсімдіктерді жұлуға болатындығын талқылаңыздар. Қауіпсіздік шарасы – бейтаныс жидектерді, тұқымдарды немесе жемістерді жеуге болмайтынын және өсімдіктермен жұмыс істеген соң немесе ұстағаннан соң қолды жуу керектігін түсіндіріңіз. Оқушыларға өз аймақтарында өсетін өсімдіктердің гербарий үлгілерін көрсетіп, сол бойынша негізгі сипаттамаларын атауды ұсыну. Өсімдіктердің ұқсастығын, сонымен қатар өздеріне тән айырмашылықтарын көрсетіп кету маңызды. | Бірдей екі өсімдік, бірі - сау, екіншісі – ауру. Фотокамера. Қағаз қысуға арналған планшет /қағаздар/қарындаштар. Жұмыс дәптері. Коллаж жасауға қажетті материалдар: жіп, қағаз, желім, қайшы. Жергілікті өсімдіктердің тірі үлгілері, өсімдіктердің үлгілері және жасанды түрлері, өсімдіктердің гербарий үлгілері. |
Өсімдіктер.Өсімдіктердің көп түрлілігі | 1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату | (Ұ)Өсімдіктер туралы ән айту. (Ұ, Т, Ж, Ө, Қ)Өсімдіктерді сипаттап, бөліктерін атау – тамыр, сабақ, жапырақ және гүл. Интерактивті тапсырманы пайдалану - ресурстарды қараңыз. Қалыптастырушы бағалау – оқушылар өсімдік бөліктерін атап айтуын бағалаңыз. (Ұ, Т, Ж, Ө, Қ)Оқушыларғаөсімдіктердің гербарий үлгілерін қарап шығуды ұсыныңыз. Өсімдіктердің бөліктерін олардың үлгісінде тұрған жері бойынша атап шығуын сұраңыз. (Ө, Қ) Сөздерді табуға арналған тапсырма (сөзжұмбақ шешу): оқушылар өсімдік бөліктерінің атауларын табады. Қалыптастырушы бағалау – өсімдік бөліктерін білуін. (Ұ)Рөлдік ойын: тамырлар еденде жатады, сабағы тік тұрады, балалар жапырақ ретінде сабақтың айналасына қолдарын жаяды, сабақтың басындағы гүл айқара ашылған қолдар мен қылтиып тұрған саусақтармен көрсетіледі. Өсімдіктер бөліктері бойынша «судағы саяхат» туралы әңгімелеу. (Ө, Т, Қ)Өсімдік коллажын жасап, бөліктерін белгілеу. Қалыптастырушы бағалау – өз бетінше өсімдік бөліктерін атай, белгілей алады. | Мынаған ұқсас әнді табуға тырысыңыз: www.mrsjonesroom.com/themes/Өсімдіктер.html Өсімдік бөліктері туралы әнді айтып көріңіз. Түрлі жемістерді қараңыз: www.thefruitpages.com/alphabet.shtml. Әр түрлі елдің жеміс тұқымдарын пайдалану. Дифференциация: сөзді іздеуге тапсырма (сөзжұмбақ) дайындау, қабілеті төменірек оқушылар үшін - тек көлденең жазылған сөздерді табу. Оқушыларға өсімдіктердің дайын бөліктерін ұсыныңыз. Ісмерлері өздері жасап алады. Өсімдіктердің әр бір бөліктері әр түрлі түске боялғаны абзал, өйткені ол оқушыларға жылдам қабылданады. | Үй өсімдігі Тұқымы бар, ортасынан қақ бөлінген жеміс, мысалы, қызанақ, авокадо, апельсин. https://www.google.kz/search?q=части+растений Парақ: (сөзжұмбақ) сөз табу. Өшіргіш, сабан, қағаз, қайшы, желім т.б. |
ӨсімдіктерӨсімдіктердің көп түрлілігі | 1.2.1.3 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу; | (МК) Әр түрлітабиғи және климаттық жағдайларда өсетін өсімдіктердің суреттерін оқушыларға қарап шығуға ұсыныс жасаңыз. Мәселен, шөлдегі кактус, орман етегіндегі інжугүл, аптап ыстықтағы күнбағыс, таудағы еңлікгүл, көлдегі тұңғиық.
(Т) Сыныпты екі топқа бөліңіз. Бірінші топқа өсімдіктердің өмір сүруіне қажетті жағдайларының өзгешеліктерін сараптауды ұсыныңыз. Екінші топқа өсімдіктердің өмір сүруіне қажетті жағдайларының сәйкестіктерін синтездеуді ұсыныңыз. Алынған нәтижелерді талқылаңыздар.
(Т) Оқушыларды 4 топқа ұйымдастырыңыз:
| Суреттерді бейне фрагменттермен немесе бөлме өсімдіктерінің тірі үлгілерімен алмастыруға болады. Берілген тапсырманы әр топта істеуге, болмаса, қос тапсырманы да әрбір топқа беріп қоюға болады. Оқушылардың мүмкіншіліктерін ескерген жөн. Өсімдіктер өміріне қоршаған орта жағдайларының рөлі туралы мұғалімнің әңгімесі немесе бейне ролик түріндегі негіздемелер қажет болуы мүмкін. Топтардың сөз сөйлер алдында бір-біріне деген құрмет пен мінез-құлық ережелерін анықтап алыңыздар. Тәжірибе барысында оқушылар сегіз сабақтың өсуіндегі өзгерістерді бақылайды. Бірінші топ – төрт сабақ, бақылау болады, ал екінші топ – тәжірибелік болады. Бұл тәжірибетерді оқушылар едәуір ұзақ мерзімге өз үйлерінде де өткізе алады. | Әр түрлі табиғи аймақтар өсімдіктерінің суреттері Ештеңе талғамайтын өсімдіктер туралы бейнефильм: https://www.youtube.com/watch?v=5aMtquTgQX0 Әр түрлі табиғи аймақтар өсімдіктерінің суреттері Өсімдіктердің өсуі туралы бейне роликтер: https://www.youtube.com/watch?v=3gYUkILkb0w Бөлме өсімдіктерінің сабақтары, сызғыш, өлшем стакандары |
Өсімдіктер.Өсімдіктердің көп түрлілігі | 1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу; · | (МК)Оқушыларға «Екі минутта өсу және гүлдену» атты бейне ролик көруді ұсыныңыз. Оқушылардан бейне ролик көргеннен пайда болған эмоцияларымен бөлісуін өтініңіз. (Т) Оқушыларға жеміс ағашының мысалында, өсімдік өмірінің әр кезеңін бейнелейтін суреттер көрсетіңіз. Суреттердіретімен қойып шығуын сұраңыз (тұқым, бүршік, көшет, гүлденген ағаш, жеміс беретін ағаш). (Ұ) Оқушылардан өсімдік тіршілігі кезінде болатын өзгерістерді тізіп шығуын сұраңыз. Назар аудартыңыз: Барлық өсімдіктер біркелкі өсе межәне барлығында ұқсас өзгерістер орын ала ма? (ОТ, Ұ) Оқушыларға сынып жағдайында бидай не үрмебұршақ тұқымдарын өндірутәжірибесін ұсыныңыз. Жас өсімдіктермен күн сайын болатын өзгерістерді белгілеп отырыңыз. | Оқу мақсатына жету үшін оқушыларда эмоционалды мотивацияны ояту маңызды. Бейне ресурстың жоқтығын фотографиялар және суреттермен алмастыруға болады. Тапсырманы орындауда қиналған оқушыларға жетпей тұрған 1-2 кезеңі бар өсімдіктер тіршілігінің дайын кезеңін пайдалана отыра, тапсырманы жеңілдетуге болады. Блум таксономиясы бойынша құрылған конструктивті сұрақ диалог ұйымдастырыңыз. Осы тәжірибенің нәтижелерін оқушылардың бақылау күнделігіне жазуға, суретке түсіруге болады немесе бейне күнделік жасауға болады. | «Екі минуттің ішінде өсу және гүлдену» бейне ролигі https://www.youtube.com/watch?v=3gYUkILkb0w «Гүл қалай өседі?» таныстырылымыhttps://www.youtube.com/watch?v=x1exzwhlzBA Топырағы бар науа, бидай немесе үрмебұршақ тұқымдары, суқұйғыш, ұлғайтқыш әйнек, сызғыш, бейнекамера, фотоаппарат. |
Өсімдіктер.Өсімдіктердің көп түрлілігі | 1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату; | (Ұ, Ж)Өз үйлерініңбақтарында (егер бар болса) немесе жергілікті бақтарда/ботаникалық бақтарда өсетін гүлдер мен өсімдіктерді талқылау. Ішінде кейбірін атаңыз. (Ұ, Қ)Жергілікті паркке не ботаникалық баққа, болмаса қала сыртына тсеруенге шығуды ұйымдастыру. Сол аймақта өсетін өсімдіктерді суретке түсіру және анықтау. Қалыптастырушы бағалау: оқушылар кейбір жергілікті өсімдіктерді анықтап, атын атайды. (Ұ, Қ)Өзге аймақтың өсімдіктерімен жұмыс. Оларды жабайы және мәдени деп екі топқа бөлу. Олардың неге жабайы, неге мәден болып бөлінетінін талқылау. Қалыптастырушы бағалау: оқушылар өсімдіктерді жабайы және мәдени деп ажырата алады. (Ұ)Бүкіл сынып болып, жергілікті 10 өсімдіктің тізімін не кестесін құрастыру; суреттерді пайдаланып, өсімдіктерді атау. | Қауіпсіздік техникасы: балаларды мектеп сыртына шығарар кезде, мектеп тәртіп ережесінсақтау –ересек адамның санының оқушылардың санымен мөлшерлестігі, жол қозғалысы көп көшені қиып өтудегі жол ережелері, т.б. Мәдени өсімдіктерді сәндік үшін және тағам ретінде өсіреді. Ал жабайы өсімдіктер жануарларға қорек ретінде өседі және кейбір шөптер бізді құмды бархандардан қорғайды. | Ботаникалық бақтардан/үй-жай учаскесінен өсімдіктер нұсқалары. Фотокамера, қысқышы бар планшетниктер, қағаз, қарындаштар. Интернеттен не кітаптардан алынған жабайы өсімдіктердің суреттері. |
Өсімдіктер. Өсімдіктерді қорғау. | 1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау · | (Ұ, Ж)Өсімдіктердің адам өміріндегі мәні мен маңызын талқылаңыз. Өсімдіктер үшін энергияның қажеттілігі туралы ойлану. Өсімдіктер біз шығаратын көмірқышқыл газын сіңіреді. (Ұ)Өсімдіктерге жылу, су, жарық, қоректік заттар керек екендігін талқылаңыздар. Осының бәрін қайдан алатындарын ойлану. Біз өсімдіктерді күтпеген жағдайда оның салдары қандай болуы мүмкін екенін ойлау. (Т, Ө, Қ)Тұқым егіп, өсімдікті өсіру, күту. Қалыптастырушы бағалау - өсімдіктің өсуі үшін не қажет екенін біле ме? (Ұ, Т) Қазақстанның Қызыл кітапбына енген жойылып бара жатқан өсімдіктер туралы материал табыңыз. Басқа оқушыларға түсіндіру үшін буклеттер/брошюралар жасаңыз. (МК) Бөлме өсімдіктерін күту (суару, тыңайтқыш, қопсыту, топырағын ауыстыру, өсімдік зиянкестері мен сырқатынан қорғау) жайлы және мәдени өсімдіктерді күту (суару, тыңайтқыш, зиянкестер мен арам шөптерден қорғау, түптеу, қопсыту) туралы бейнебаян көрсетіңіз. Көргендерін оқушылармен талқылаңыздар. | Өсімдіктердің энергияны күн сәулесінен алатынын түсіндіріңіз. Қоршаған ортаның өсімдіктерге қалай әсер ететіні жайлы мысалдарды көрсетіп ету қажет. Қандай өсімдікті таңдайтыныңызға байланысты, бұл тапсырма осы тоқсанда басталуы тиіс, бірақ бұл тапсырмаға өсімдік өскен кезде 4-тоқсанда қайта оралу керек. Бейне роликті талқылаған кезде, (Блум таксономиясына сәйкес) «сараптама», «синтез», «бағалау» деген сияқты таксондарға негізделген жоғары реттің сұрақтарын пайдаланыңыз. | Сау өсімдіктердің үлгілері Тұқым, ыдыстар, су, қара топырақ. Фотокамера. Әр түрлі өмір сүрі орталарынан өсетін өсімдіктердің суреттері. Тұқым, ыдыстар, су, қара топырақ. Фотокамера. Қазақстанның Қызыл Кітабы Бөлме өсімдіктеріне күтім жайлы бейне ролик: https://www.youtube.com/watch?v=28yVgOpbCNY Мәдени өсімдіктер жайлы: https://www.youtube.com/watch?v=Rr08tWYvj9Q |
«Жаратылыстану» пәні. Бастауыш мектеп.1-сынып 1-тоқсан | |||||||||||
2-бөлім. Тірі табиғат: Жануарлар | |||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | |||||||||||
Кейбір жануарларды атай алады. Үй жануарларын күтуді біледі. | |||||||||||
Контекст | |||||||||||
Оқушылар «Менің мектебім» тақырыбы аясында үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы, тағамды, азық-түлікті қайдан алатынымызды,жануарларды қалай күту керектігін біледі. | |||||||||||
Осыбөлімнің тілдікмақсаты Оқушылардың бөлім бойынша тілдік мақсаттарына жету үшін төменде ғылыми тілдің үлгісі көрсетілген | |||||||||||
Пән бойынша оқу мақсаты | Оқытудың тілдік мақсаты | Пәнге тән лексика және терминология | Диалогке/жазуға арналған сөз тіркестері | ||||||||
Оқушылар: • жануарлардың негізгі сипаттамаларын атайды | Оқушылар: академиялық тілді пайдалана отырып, жануарлардың негізгі белгілерін тұжырымдап түсіндіреді. | • жануар, өсімдік; • жабайы жәнеүй жануары; • қорек; • маусым, жыл мезгілдері; • қысқы ұйқы; • миграция (көші-қон). | Талқылауға арналған сұрақтар: | ||||||||
· Қандай жануарларды білесіндер? · Жануарлар бізге не береді? · Адамға қандай пайдасы бар? · Жануар мен адамның арасында қандай өзара байланыс бар? · Біздің сыныптың оқушыларында қандай үй жануарлары бар? · Қандай жабайы жануарларды көрдіңдер? · Жануарлардың тіршілігі үшін не қажет? · Біздің өлкеміздің қандай жануарларын білесіңдер? · Неліктен кейбір жануарлар қыc мезгілінде ұйқыға кетеді? · Неліктен кейбір құстар күз мезгілінде оңтүстікке қарай ұшып қетеді Жазба тапсырмалары: · Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастықтарын тізіп жаз. · Жануарлар мен өсімдіктердің айырмашылықтарын тізіп жаз. | |||||||||||
Басқа да тілдік мақсаттарды қою және ғылыми тілді оқытуға қатысты қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсат туралы» бөлімді қараңыз. | |||||||||||
Қысқаша шолу | |||||||||||
Оқушылар жануарларды тірі ағза ретінде танып, олардың өсімдіктермен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Жабайы және үй жануарларымен танысады. Кейбір жануарларды атайды және адамдардың азық ретінде қолданатын түрлерін анықтайды. Олар жануардың тіршілігіне қажетті заттарды анықтайды және қысқы ұйқы, көші-қон және маусымдық дайындық жұмыстары туралы біледі. | |||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | Оқу мақсаттары | Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері | Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) | Оқыту ресурстары | |||||||
ануарлар –Жануарлардың көптүрлілігі | 1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау; | (Ж,Ұ,Қ)Жануарлардың қандай екендігі, нақтырақ олардың өмір сүруі, ұйықтауы, тамақтануы, өмірге ұрпақ әкелуі, өсуі туралы әңгімелесіңіз. Оларға ойлануға көмектесу үшін кейбір әрекеттерді қимылмен көрсетіңіз немесе оқушылардан сыныпқа көрсетуді сұраңыз. Қалыптастырушы бағалау – оқушылар тірі организмнің кейбір белгілерін сипаттай алады. (Ұ,Ө,Қ)Ұнататын жануарлары туралы әңгімелесіңіз. «Біз істей алатын барлық әрекеттерді жануарлар істей алады ма?» «Неліктен адамдар мен жануарлар тірі организмдерге жатады? (Ө,Қ)Ұнататын жануары туралы, оның немен қоректенетіні, қалай қозғалатыны, өсуі, төлі туралы жазыңыз және суретін салыңыз. Қалыптастырушы бағалау–– неліктен жануарлар тірі ағза екенін біледі. (Ө)Жануарлар мен төлдерінің аттары мен суреттерін сәйкестендіріңіз. | Жануарлар тірі азаға жатады, өйткені олар көп жағдайда бізге ұқсас. Ал біз тірі жанбыз! Сабақ барысында қайтып оралу үшін, жануарлардың белгілерінің тізімін тақтаға жазып қоюға болады. Аспектілерді негізгі сипаттамалармен алмастыруға болады. Сұрақтарды тұжырымдаған кезде, Блум таксономиясын пайдаланыңыз. Кейбір оқушыларға суреттер мен фотографиялар негізіндегі тіректер керек. | Әр түрлі жануарлар мен төлдерінің суреттері. Жұмыс дәптері. Үй жануарларының суреттері фотографиялары | |||||||
Жануарлар–Жануарлардың көптүрлілігі | 1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау; | (Ұ,Ө,Қ)Жануарларды неліктен тірі ағза деп санайтынын еске түсіріңіз. Қағаз тәрелкесіне ұнататын қорегінің суретін салдырыңыз немесе қағаздан коллаж жасатыңыз. Қалыптастырушы бағалау– оқушылардың барлық тірі организмдер қоректенетінін білуін бағалаңыз. (Ұ,Қ)Өсімдіктер қалай қоректенетіні туралы ойланыңыз. Қалыптастырушы бағалау– оқушылар өсімдіктердің қоректенетінін біледі, себебі олар да тірі организм. (Ө,Қ)Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарының тізімін жасатыңыз. Қалыптастырушы бағалау– оқушылар жануарлар мен өсімдіктерді салыстыра алады. (Ж) Оқушыларға жұпта біреуі – өсімдік болатын, екіншісі – жануар болатын рөлдік ойынды ойнауды ұсыныңыз. Әр оқушының тапсырмасы талқылап отырған серігінің айқын сипаттамаларын тізіп шығу. Содан кейін екеуі бірге, олардың ұқсастықтарын атап шығуы қажет. | Қозғалуға мүмкіндігі жоқ болғандықтан өсімдіктер қоректерін өздері түзетінін түсіндіріңіз (Өсімдіктер қозғалады, бірақ орнын ауыстырмайды). Дифференциация: көмек қажет ететін оқушыларға дұрыс жауапты табу үшін белгілеу парақтарын беріңіз. Жұп құру кезінде, оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін ескерген жөн. | Қағаздан жасалған тәрелкелер, коллаж жасауға арналған заттар, желім, қайшы. Жұмыс дәптері. Өсімдіктер мен жануарларды салыстыруға арналған жауаптары бар үлгілер. «Өсімдіктер» және «жануарлар» жазуы бар бейджиктер немесе суреттер. | |||||||
Жануарлар –Жануарлардың көптүрлілігі | 1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру | (Ұ,Ө)Үй жануарлары туралы әңгімелесіңіз. Жануарлардың фотосын, суретін немесе ойыншық үлгілерін, әлде қорегін, оларды күтуге арналған құралдарды алып келіңіз. (Ұ,Ө,Қ)Оқушылар өздерінің үй жануарларын (фотосын) мектепке алып келіп, сыныпқа ол туралы айтып беруіүшін кесте жасаңыз. Қалыптастырушы бағалау– оқушылар жабайы және үй жануарларын ажырата алады. (Ұ,Т,Ө,Қ)Үй жануарларының санын анықтау үшін кесте жасаңыз, нәтижесін бағанды диаграммаға түсіріңіз. Қалыптастырушы бағалау – оқушылар бағанды диаграмманы түсіндіре алады (Ұ,Қ)Жабайы жануарларды көру мақсатында хайуанаттар бағына немесе ауылдық жерге серуен ұйымдастырыңыз. Қалыптастырушы бағалау - оқушылар жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата алады. (Т,Ж,Қ)Жабайы жануарлар туралы ақпарат жинап, сыныпқа айтып беруге дайындалыңыз. Қалыптастырушы бағалау– оқушылар жабайы және үй жануарларын анықтай алады. (Ұ)Жергілікті 10 жануардың тізімін (суретті альбом түрінде) жасаңыз. | Осындай жұмыстар жүргізу үшін оқушылардың ата-аналарынан рұқсат сұраңыз. Тек бір үй жануарын алып келуге рұқсат беріңіз! Оқушыларды мектептен тыс серуенге шығарған кезде, мектептің тағайындалған қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Дифференциация: Көмек қажет еткен оқушыға зерттеу үшін бір жануарды атаңыз немесе таңдауға мүмкіндік беріңіз. | Фото түсірілім. Үй жануарлардың ойыншықтары /күту құралдары. Оқушылардың өз үй жануарларын сабаққа әкелу кестесі сынып қабырғасында ілінуі қажет. Графиктер сызуға арналған қағаздар(2 см2). Маркерлер. Фотокамера, қағаздарды ілуге арналған қысқыштар, қағаздар, қарындаштар. Жануарлар туралы ақпарат жазатын бланктер. Флипчарттар, маркерлер, шағын тақталар(уайтборд). | |||||||
Жануарлар –Жануарлардың көптүрлілігі | 1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру | (Ұ, Т,Ө,Қ)Миграция мен қысқы ұйқыға кету күнтізбесін жасаңыз.Жанына таныс жануарлардың суретін орналастырыңыз. Қалыптастырушы бағалау- оқушылар Қазақстанның жануарлары мен құстарының миграциясы/қысқы ұйқыға кетуі туралы біледі. (Ұ,Т,Ж,Қ)Қысқы ұйқыға кететін жануарларды анықтап, олар қайда қыстайтынын және қандай қорек қорын пайдаланатынын анықтаңыз. (Ұ)Құстарға арнап жем астауын жасап, қыс уақытында құстарды кезек-кезек қоректендіру үшін кесте құрыңыздар. фотографиялар жасаңыз. | Белгілі құстары бар клиптерді таңдаңыз. Жергілікті немесе ұлттық ұйымдарға ақпарат алу мақсатында хабарласыңыз немесе олардың веб сайттарын көріңіз. Оқушыларды мектептен тыс серуенге алып шығарда мектептің тағайындалған қауіпсіздікережелерін сақтаңыз. | Жылдық күнтізбе, сурет салу жиынтығы Құстарға арналған үстел, дәндер, су, жеміс, май кесектері Фотокамера | |||||||
«Жаратылыстану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып 2-тоқсан | |||||||||||
2- бөлім. Тірі табиғат: Адам | |||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | |||||||||||
Оқушылар дене мүшелерін атай білуі тиіс (бас, кеуде, аяқ, қол, табан және т.б.) | |||||||||||
Контекст | |||||||||||
«Менің отбасым және достарым» тақырыбыаясында дене мүшелерінің атауын және оқушылар өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын біледі. Бұл «Көркем еңбек» (бақылау нәтижесінде сурет салу) және «Математика» (есеп және сан) пәндерімен пәнаралық байланыс үшін жақсы мүмкіндік болады. | |||||||||||
Осыбөлімнің тілдікмақсаты Оқушылардың бөлім бойынша тілдік мақсаттарына жету үшін төменде ғылыми тілдің үлгісі көрсетілген | |||||||||||
Пән бойынша оқу мақсаты | Оқытудың тілдік мақсаты | Пәнге тән лексика және терминология | Диалогке/жазуға пайдалы сөз тіркестері | ||||||||
Оқушылар: · адам денесінің басты бөліктері мен олардың функцияларын атайтын болады | Оқушылар: · академиялықтілдіқолданаотыра, адамденесініңбастыбөліктеріменолардыңфункцияларынатайтынболады | · қол, аяқ, саусақтар, бармақ, бас, шаш, көз жәнет.б. · көздің/шаштың түсі, бой; · бірдей, басқа, ең биік, ең аласа, кең тараған, сирек кездесетін | Талқылауға арналаған сұрақтар: | ||||||||
· Біздің ұқсастығымыз неде? · Біздің арамыздағы айырмашылықтар қандай? ·... туралы сөйлесейік /... туралы қандай идеяңыз бар/шашыңыздың/көзіңіздің түсін/ бойыңызды салыстырыңыз. · Бір-біріңіздің болжамдарыңызды тыңдаңыздар. | |||||||||||
Басқа да тілдік мақсаттарды қою және ғылыми тілді оқытуға қатысты қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсат туралы» бөлімді қараңыз. | |||||||||||
Қысқаша шолу | |||||||||||
Оқушылар адам денесінің құрылысы туралы білімдерін кеңейтеді.Олар сыртқы белгілеріне қарап, бір-бірінің және басқалардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды салыстыра бастайды. | |||||||||||