Лекции.Орг


Поиск:




Тілдік мақсаттар туралы 3 страница

Оқу бағдарламасына сілтеме Оқумақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
Адам.   1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау   (Ұ,Қ) Ойын: Оқушыларға тапсырманы түсіндіріңіз, мысалы, қолдарыңды бұлғаңдар, аяқтарыңмен тарсылдатыңдар, бастарыңды изеңдер, т.). Барлық оқушылардың қатысуын қадағалаңыз. Тапсырманы кімнің оңай орындайтынын және кімге көмек қажет екенін бақылаңыз. (Ө)Ойын барысында, кейбір оқушылардан қанша қолы, бас, аяғы, саусағы және т.б. бар екенін сұраңыз. (Т)Топтарда:біздің жалпы сыртқы ерекшеліктерімізді (дене мүшелерін) атап шығыңыздар - бұл сөздерді өз беттерінше жазуын/салуын сұраңыз. Орындаған жұмыстарын қарап талқылаңыздар, дене мүшелерінің ортақ сипаттары туралы бір пікірге келіңіз – бас, қол, аяқ, табан, дене, т.б. (Ұ)Алынған ақпаратты пайдаланып, тиісінше сандық белгілерімен, дене мүшелерінің пиктограммасын құрыңыз ақпаратты пайдаланып, тиісінше сандық белгілер(Қ)Оқушылардан өздерінің суреттерін салуларын және барлығына тән жалпы сипаттамаларын көрсетулерін сұраңыз. Бұл жаттығуға үлкен кеңістік қажет болады – сыныпта орын босатуға не болмаса мектеп дәлізін, не ойын алаңын пайдалануға болады.   Әр топтан жазба жүргізетін бір оқушыны сайлаңыз.   Сандар дене мүшелеріне қарсы орналасатын пиктограмма/кесте құрыңыз. Сандар Y-осінде, ал дене мүшелері - X-осінде. Бұл жаттығуды оқушылардың осы бөлімнің бастапқы білімін бағалау үшін қолданыңыз. «Өнер» пәнімен байланыстырыңыз– портреттер – сурет салу/бояу/коллаж жасау.     Стикерлер немесе үлкен парақтар (флипчарттар) және маркерлер немесе жазуға арналған дербес тақталар (уайтбордтар).   Кестелерге арналған ірі масштабты параққа алдын ала сызылған осьтер, кем дегенде 2 см2.  
Адам 1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау   (Ө,Ұ) Оқушылардан өздерінің сәби кезіндегі суреттерін және/немесе олардың киімдерін алып келулерін сұраңыз да, олардың кішкентай болғандығы туралы әңгіме құрыңыздар. (Ө, Ж, Т Ұ, Қ)Жұпта/сыныпта оқушылардың өсіп кеткендігі туралы ойланыңыз/талқылаңыз. Олар сәби кездерінде істей алмаған, ал қазір істей алатын әрекеттерді – өздігінен тамақтану, киіну, жүру, т.б. санап шығыңыздар. Қалыптастырушы бағалау – оқушылар жауаптарды жазба түрінде бере алады. Ө)Өз отбасы мүшелерінің суретін салыңдар (болмаса фотоларын алып келіңдер). Қарап шығыңдар да, нәрестелер, балалар мен жеткіншектерді (аға-әпке) салыстырыңдар. Өзгешеліктерді талқылаңыздар – бой, салмақ, шапшаңдық, т.б. (Ұ)Нәрестені қалай шомылдыру керек екенін көрсету үшін, сәбиі бар ата-ананы шақырыңыздар және оған қандай күтім керек екендігі жөнінде әңгімелесіңіздер. Ата-ана оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Балаға күтімнің және қауіпсіздік шараларын (шомылдырған кезде) қолданудың маңыздылығын баса айтып кетіңіз. (Ө,Қ)Өзіңіздің үлкен ағаңыздың немесе әпкеңіздің суретін салыңыз. Сізге қарағанда, жасайтын өзге әрекеттерін тізіп шығыңыз. Сол секілді, өзіңізді едәуір кіші балалармен салыстырыңыз. Қалыптастырушы бағалау: адамның өмір сүруінің үдерісі жөнінде оқушылардың білімін бағалауға жұмыс нәтижелерін пайдаланыңыз. (Ұ,Қ)Балалар мен жеткіншектердің нәрестелерге қарағанда, не істей алатыны (оқу, жүзу, велосипед тебу, т.б.) туралы талқылаңыздар. Қалыптастырушы бағалау: оқушылардың таңдамалы жауаптарынан жазбалар жасаңыз. (Ұ,Ө,Ж,Қ)Жұп болып, кәрі кісілердің (әжелер, аталар) мінез-құлық ерекшеліктерін талқылап өтіңіздер. Олардың сырт келбеті, аурулары жөнінде әңгіме-дүкен құрыңыздар. Біз өзіміздің туыстарымыз қартайған кезде, қалай бағатынымыз туралы әңгімелеңіздер. Қалыптастырушы бағалау: оқушылардың жауаптарын бағалаңыздар. (Ұ,Қ)Сурет салыңыз да, онда адамның даму кезеңдерін туғанынан қартайғанға дейін белгілеңіздер. Қалыптастырушы бағалау: оқушылардың пәнді түсінгенін көрсететін жұмысты тексеріңіздер, бағалаңыздар. Кейбір балалар тіпті баланың заттары мен ойыншықтар алып келе алады – оларды бүкіл сыныпқа көрсетіп, салыстырмалы мақсатта пайдаланыңыз. Адлын-ала оқушыларға сабаққа фотографиялар алып келулерін ескертіп қойыңыз.   «. Нәрестені шомылдыру сыныптағы температураға не жыл мезгілінің сәйкес келмеуіне, болмаса сәбидің жылауына байланысты ерсі болуы мүмкін, ондай жағдайда бейне фильм көрсетуге болады. Дегенмен, сабаққа сәбиі бар ананы бәрібір шақырған жөн, балалар нәрестенің күтімі жайында сұрақтар қоя алады.       Флипчарт пен маркерлернемесе маркермен жазатын тақта   Фотографиялар   Ана сәбиімен   Сурет салу жиынтығы    
Адам 1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуына керек қажеттіліктерді анықтау     (Ұ)Өткен сабақта болған/әңгіме болған сәби туралы сөйлесіңіздер: «Сәби нені қажетсінеді?» (тамақ, киім, жылу, махаббат, үй, ұйқы). Осының барлығы оқушыларға қажет пе?   (Ж,Қ)Балалар бүгін не ішті, не жеді, осыны сыныппен бөлісіңіз/жұпта айтыңыз/сұраңыз. Салауатты тамақтану рационына не кіретінін талқылаңыздар. Қалыптастырушы бағалау: салауатты тамақтану рационына не кіреді, қандай тағамдар мен сусындар пайдалы болып келеді.   (Ұ,Т)Рөлдік ойын үшін азық-түлік дүкенін ұйымдастырыңыз. Оқушыларды «азық-түлікке» жұмсап, пайдалы тағам алып келуін сұраңыз. Олардың таңдауын талқылаңыздар – олар алып келген азық-түліктің қайсысы пайдалы, ал қайсысы зиянды.   (Ө,Қ)Журналдардан қиып отырып, картон қағазда пайдалы тағамдардан коллажын жасаңыз. (Қалыптастырушы бағалау: коллаждарды қарап шығу, таңдалған суреттердегі тағамдардың қайсысы пайдалы екенін анықтай білуін. (Ұ)Сәбиге ұйқыға қанша сағат қажет екенін – оқушылардың өздеріне ұйқыға қанша (аз ба, көппе) уақыт қажет екенін айқындап алыңыздар. Олар үйде нешеде ұйықтайтыны және отбасында сағат нешеде ұйқыға жататыны жайлы сөйлесіңіздер.   (Ж,Ө)Олар ұйқыдан тұрғаннан күні бойы түнде ұйықтайтын уақытқа дейін қандай әрекеттермен айналысатыны жайында талқылаңыздар.   (Ұ)Бізге не үшін ұйықтау қажет екенін талқылаңыздар – біздің ағзамыз өседі, қалпына келеді және демалады. (Кішігірім көлік/техникамен салыстырыңыз).   (Ө, Қ)Дөңгелек қағаздарда немесе картон қағаздарда өзіңіздің күніңізді сағатпен бейнелеп шығыңыз. Қалыптастырушы бағалау: күн/түн аралығында уақытты демалысқа немесе ұйқыға бөліп үйрендіңіз бе? Сұрақтарды тұжырымдаған кезде, оқытудағы саралау тәсілін ескере отырып, Блум таксономиясына сүйеніңіз.     Мұндай сұрақтардың жағдайы төмен жанұялардан шыққан балаларды ыңғайсыз жағдайға қоятынын есепке алыңыз.     Оқушылармен рөлдік ойындар өткізуге, сыныпта азық-түлік дүкенін безендіріңіз. Осы декорацияны тоқсанның аяғына дейін қалдырыңыз.     Уақытты сағат форматында қолданып, оны (оқытуға пайдаланылатын) сағатта көрсетіңіз. Уақыт бойынша тапсырмалардың байланысын математика сабағында өткізіңіз.   Оқушылар түс және/немесе қараңғыдан қорқу туралы өз пікірлерін тақлылап бөлісе алады.   Тамаққа арналған бос контейнерлер Журналдар, қайшы, желім, картон. Оқу сағаттары     Қағаз немесе картоннан жасалған дөңгелек парақтар, сурет салу жиынтығы

 

 

«Жаратылыстану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып. 2-тоқсан
5-бөлім. Табиғатфизикасы: Күшжәнеқозғалыс
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім
Оқушылар итеру немесе тарту арқылы қозғалатын ойыншықтармен ойнауы тиіс.
Контекст
«Бізді қоршаған орта» ортақ тақырыбы аясындаоқушылар күштердің (итеру және тарту) қалай қозғалыс тудыратындығын біледі. Мұны күнделікті өмірде бақылауға болады, мысалы, мектеп төңірегінде көліктердің қозғалысы, ойыншықтар мен заттардың қозғалуы. Дене шынықтыру пәнімен байланыстыруға жақсы мүмкіндік болады (кішкене доптарды қолдану).
Осы бөлімнің тілдік мақсаты Оқушылардың бөлім бойынша тілдік мақсаттарына жету үшін төменде ғылыми тілдің үлгісі көрсетілген
Пән бойынша оқу мақсаты Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика мен терминология Диалогке / жазуға қажетті тіркестер
Оқушылар:
  • «қозғалыс» ұғымын түсіндіреді.
Оқушылар: «Бұны не қозғалтады? Мен бұны қалай жылдамдата / ақырындата немесе тоқтата аламын?», т.б. сұрақтар қойып және жауап бере алады.   қозғалу, итеру, тарту, жылдамдату, бәсеңдету/жайлату, бағытты өзгерту, тоқтату Талқылауға арналған сұрақтар: • Бұны не қозғалтады? • Мен бұны қалай жылдамдата / ақырындата / тоқтата аламын? • Бұл қалай…? • Сен оны …істей аласың ба? • Егер, … не болады? Неліктен екенін айта аласың ба? … не болады? … кейбір заттар тез немесе жай қозғалады?
Басқадатілдікмақсаттардықоюжәнеғылымитілдіоқытуғақатыстықосымшанұсқаулықжоғарыдағы «Тілдікмақсаттуралы» бөлімдіқараңыз.
Қысқаша шолу
Оқушылар адамдардың, нысандардың, ойыншықтар мен машиналардың, қозғалысын зерттейді. Нәтижесінде нысандарды қозғалысқа келтіретін итеру мен тарту – қозғалыс тудыратын күштің мысалдары екендігін түсіне бастайды. Оқушылар алған білімдерін басқа пәндерді оқу барысында қолдана алады (мысалы, дене шынықтыру сабағында).

 

Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
Күш пен қозғалыс 1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру;   (МК, Ұ) Сыныпқа түрлі қозғалыс мысалдарын көрсетіңіз: • Адамның қозғалысы • Су мен бұлттардың қозғалысы • Жердің өз осі бойынша қозғалысы • Өсімдіктердің өсуіндегі жарыққа бағытталған қозғалысы (мысалы, күнбағыс) • Көліктердің жолдағы қозғалысы • Ұшақтардың қозғалысы (Ұ) Оқушылармен бірге қозғалыс – деген бір дененің қалыбын өзге денелерге қарағанда, өзгерту болып табылатынын талқылаңыздар. (ОТ,Т,Ж) Оқушыларға ойын ұсыныңыз: екі оқушы сыныпта қатар келе жатады, оларға қарсы өзге екі оқушы келе жатады. • Қандай оқушылар бір-біріне қатысты қозғалып келе жатыр? • Қайсылары тыныштық қалыпта? • Қайсылары отырған оқушылардың көзқарастарына сай тез қозғалып келе жатыр? • Қайсылары қозғалып келе жатқандарға қатысты тез қозғалып келеді? • Бір жұпқа екінші жұпты қуып жетуді ұсыныңыз. Олардың қозғалыс жылдамдықтары қалай өзгерді? Қозғалыс қатыстылығының принциптері бірінші рет ұлы итальян ғалымы Галилео Галилейдің шығармаларында, кейінірек тереңірек деңгейде Альберт Эйнштейннің қатыстылық теориясында зерттелді және олар балаларға қиын да түсініксіз болады. Дегенмен, қозғалыстың қатыстылығы фактісі әңгімеде сипатталған мысалдарда көрнекті түрде ашылады. Сондықтан балаларды таныстырып өту керек.     Жүріп келе жатқан оқушыларға сұрақтар қоюға болады: сенің көршің парталарға қатысты қалай қозғалып келеді? Саған қатысты ше?   Секундомермен жүріс пен жақындаудың уақытын өлшеуге болады..   Фотографии, рисунки, видео примеров движения тел в пространстве.   Секундомер
Күшпенқозғалыс     1.2 Табиғатты тану әдістері 1.5.1.1түрліденелердіңқозғалысынанмысалдаркелтіру 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;   (ОТ,Т) Оқушыларға қозғалыс ұғымын қайталау үшін интерактивті тапсырма беріңіз. Балаларды топтарда жинап, оларға қозғалысты көрсетуді ұсыныңыз А) құстар тобын Ә) тау бұлағын Б) пойызды Балалармен бірге олар қандай қозғалысты көрсеткендерін, оларға қатысты қандай заттар қозғалғандығын талқылаңыздар. (Ж) Оқушыларға қозғалып тұрған денелер бейнленген суреттер таратыңыз. Оларды бір-біріне қатысты қозғалып жатқаны не тыныштық сақтауы бойынша орындарына қойып шығуға ұсыныс жасаңыз. Қандай жағдайда олар тезірек қозғалады? (Ө) Оқушыларға сүйікті жануарларының қимылын бейнелеуді сұраңыз. Содан кейін, оқушылардан қозғалыстың қандай мысалын бейнелегенін айтып беруді сұраңыз. Балалар өздерінің суреттерінде айтып берген қозғалыстарды тақтада жазып қойыңыз. Материал 1 сыныпқа арналғандықтан, басынан бастап тек қана қол жетімді материалды қарап таңдаған дұрыс.   Тапсырма оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған.     Берілген тапсырма оқушылардың жоғары ойлағыштық іс-әрекетіне сәйкес келетін мәліметтер сараптамасына бағытталған. Интерактивті сұрақтар: http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b2b56-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_1.swf     Қозғалыс туралы суреттер: http://go.mail.ru/search_images?q=%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5
Күш пен қозғалыс 1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын (Ұ)Оқушыларға бізді қоршаған әлемде ненің қозғалатынын санап шығуларын сұраңыз. Оқушылардан осы мысалдарды суретке салып, сыныпта іліп қоюларын сұраңыз. (Т) Оқушыларға топта келтірілген мысалдардың табиғатта және адам өмірінде қандай маңыздылығы бар екенін талқылап шығуды ұсыныңыз. Аяғында дөңгелек үстел ұйымдастырыңыз. (Ұ) Оқушылармен бірге «Позицияңды қабылда» деген жаттығу өткізіңіздер. Оқушыларға пікірлерді оқи отыра, оқушылардан «Иә» не «Жоқ» позициясын қабылдап, дәлелдеуін сұраңыз. Берілген тапсырманы «Галереяда тур» сыни ойлауды дамыту түрінде өткізіле алады.     Әрбір ықылас білдірген оқушының пікірін тыңдап шығу маңызды.   Оқушыларға еркін қозғалуды қамтамасыз етіп, кабинеттің әрбір соңында «Иә» және «Жоқ» деген тақташаларды орнатып қойыңыз. Сурет салу жиынтығы   «Иә» және «Жоқ» деген тақташалар
Күш пен қозғалыс     1.2 Табиғатты тану әдістері 1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру   (Ұ) Оқушыларға келесі тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз:
  • Бір сызыққа тұрып, топпен бір фигураны салу, сосын сызық бойынша қозғалу
  • Балалар үдеріс кезінде қандай сызықты кескіндеді? Бұл сызықты траектория деп атайды.
(МК) Оқушылардан интерактивті ресурстарды көруді сұраңыз (қар, құм бетіндегі із). Оқушылармен іздер қозғалысының траекториясын талқылаңыздар. (ОТ) Оқушыларға қағаз ұшақтар жасауды ұсыныңыз. Осыдан кейін бірнеше оқушы сыныпта не мектеп дәлізінде бастапқы позицияны ұстап, өздерінің ұшақтарын жібереді. Қалған балаларға ұшақтардың ұшу траекториясын бақылауды сұраңыз. Тақтада ұшырылған ұшақтардың қозғалысының әр түрлі траекториясын салыңыздар.
Мұғалім алдын-ала шеңберлер, үшбұрыштар, төртбұрыштар, өзге сызықтар бейнеленген карточкалар дайындайды. Бормен бір оқушының траекториясын да салуға болады.   Оқушыларда «траектория» ұғымы туралы ұғымдық аппаратын қалыптастыру қажет     Кеңістікте денелер қозғалысының әр түрлі траекториялары неге тәуелді екенін талқылаңыздар. Шеңберлер, үшбұрыштар, төртбұрыштар, өзге сызықтар бейнеленген карточкалар     Мультфильм «Маша мен аю. Сандаған аңдардың іздері» https://www.youtube.com/watch?v=rnm61GN2O8w Ұшақ жасауға арналған қағаз парақтары (түрлі-түсті болғаны абзал)
5.1 Күш пен қозғалыс     1.2 Табиғатты тану әдістері   1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекторияларын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету   1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру     (МК) Оқушыларға көліктер қозғалысының траекториясы туралы бейне әнді көріп шығуға ұсыныс жасаңыз.   (МК) Қозғалыс траекторияларын суретте көрсете отыра, қалай зерттеудің жолдарын талқылаңыздар. Жол апаты орын алған кезде МАИ қызметкерлері уақиға барысын автокөлік қозғалысының траекториясын өлшеп табатынын оқушыларға мәлімдеңіздер. (Т) Оқушыларға құмда, қарда, асфальта аяқ ізі бейнеленген суреттерді ұсыныңыз. Бұл сызықтардың қалай аталатынын талқылаңыздар. Олар бір-бірінен қалай ажыратылады? (Ө) Оқушыларға дене қозғалысының траекториясын бейнелеген өз суреттерін салуды ұсыныңыз. Оқушыларды нысандар қозғалысының траеторияларын бақылау және сараптама арқылы зерттеуге ынталандыру маңызды.     Іс-әрекеттің бұл түрін экскурсия формасында өткізуге болады.   Әрбір оқушының өз суретін түсіндіріп өткені маңызды. «Бағдаршам – оқытатын балалар тақпағы, көліктер туралы мультфильм» https://www.youtube.com/watch?v=zU4qF1WbivY Ойыншықтар, көліктер, ойыншық бағдаршамдар     Сурет салу жиынтығы  

 

 


 

«Жаратылыстану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып 3-тоқсан
4- бөлім. Ғарыш және жер: Ғарыш. Жер. Кеңістік пен уақыт
Осыған дейін меңгерілген білім
Оқушылар біздің Жер планетасында өмір сүретінімізді білуітиіс. Сондай-ақ, олар Жер планетасы ғарышта орналасқанын білуі тиіс.
Контекст
Оқушылар «Саяхат» ортақ тақырыбы аясында өз әлеміне немесе еліне қарағанда Жер планетасытуралыкеңауқымда біледі. Ғарышпен танысады.Жердің жасанды үлгісі мен бейнесін бейнелеудің тәсілдерін үйренеді. Кеңістік пен уақыттыЖердегі өмір мен үдерістердің өту формасы ретінде білетін болады.
Осы бөлімнің тілдік мақсаты Оқушыларға осы бөлімнің тілдік мақсаттарына жетуіне көмектесу үшін, сыныпта ғылыми тілді пайдаланудың тілдік мақсатының мысалдар үлгісі төменде көрсетілген
Пән бойынша оқу мақсаты Тілдік мақсат Пәнге қатысты лексика мен терминология Диалогке/жазуға қажетті тіркестер
Оқушылар: • астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттайтын болады • Жерпішінінсипаттапбілетінболады • уақыт маңыздылығын түсіндіретін болады Оқушылар: • ғарышты зерттеуде астрономияның рөлін талқылайды • Жерпішінініңөзінетәнерекшеліктерінатайды • уақытты адамға берілген маңызды ресурс ретінде бағалау қажеттілігін талқылайды Келесі терминдер мен сөз тіркестерін қамтиды: • астрономия, ғылым, астроном, жұлдыздар, галактика, шоқжұлдыздар, ғылым ретінде астрономияның даму тарихы • Ғаламшар, Жер, шар, ось, полюстар • уақыт, күн тәртібі, көп, аз, бәріне үлгеру, уақытты бағалау. - Мен астроном болғым келеді, себебі… - Астрономия – қызғылықты ғылым, өйткені… - Мені жұлдыздар қызықтырады, өйткені… - Жерғаламшарыныңпішініқандай? - Глобустабіздіңелдіқалай табуғаболады? - Жердегітемператураэкваторғақашықтықтаналшақтығынаорайөзгеретінініңсырынеде? - Уақыт деген не? - Өмірдің қай жерінде бізге уақытты бақылау керек? - «Уақыт алтыннан да қымбат» мағынасы нені білдіреді? - Адамның өмірінде уақыттың алатын орны қандай?
Басқадатілдікмақсаттардықоюжәнеғылымитілдіоқытуғақатыстықосымшанұсқаулықжоғарыдағы «Тілдікмақсаттуралы» бөлімдіқараңыз.
Қысқаша шолу
Оқушылар Жердің шар тәріздес екенін түсініп, осы білімдерін математикалық пішіндерге қатысты қолдана отырып, глобус пен жұмыс істеуді үйренеді. Сондай-ақ, олар біздің өміріміз үшін Жер атмосферасының маңыздылығын біледі.Жердің пішінін өзіне тән қасиеттерін атап, сипаттайды. Уақыттың маңыздылығын түсіндіреді және оны өлшейтін құралдарды атайды.

 

Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
Ғарыш 1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;     (МК)Оқушыларға ғарышта виртуалды саяхат жасауды ұсыныңыз. Ол үшін «Ғарыш балалар үшін» интернет-ресурсының интерактивті мүмкіншіліктерін қолданыңыз. Оқушыларға келесі жол бағыттарын ұсыныңыз: • Құс жолында саяхат • Ғалам масштабын зерттеу • Визуалды планетарий • Метеориттердің құлау картасы • Айға саяхат • Галактикалардың соқтығысу үлгісі (МК, Ұ)Оқушылардың «Ғарыш» атты рөлдік ойынға қатысуларын сұраңыз. Ол үшін балаларға Күн, Ай, Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың, астероидтар мен кометалардың рөлдерін таратыңыз. Ұғымдық аппаратын қалыптастыру үшін, оқушыларға Күн жүйесіндегі ғаламшарлар, Күн, Ай, астероидтар мен кометалардың орналасу орнын анықтап шығуды ұсыныңыз. Осыны оқушылармен талдап шығыңыз.   (Ө) Оқушылардан ғарышты бейнелуді сұраңыз. Сыныпта оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырыңыз.   (Ө) Үй жұмысы ретінде оқушыларға «Ғарыш» тақырыбына жұмбақтар мен мақалдар алып келуді ұсыныңыз. Сабақ үстінде оқушылармен жұмбақ шешіп көріңіздер. Виртуалды экскурсияны өткізе алмаған жағдайда, оқушыларға фотографиялар мен суреттер ұсыныңыз.   «Ғарыш» ұғымын терең ұғыну үшін, әңгімеңізді бейне роликтермен, фотолармен және суреттермен өрнектеңіз.   Көрме «Галереяда тур» түрінде ұйымдастыра алады. «Ғарыш балалар үшін» сайты: ғарыштың интерактивті 3Dбейнелерhttp://v-kosmose.com/kosmos-dlya-detei/   Күн жүйесінің ғаламшарлары:http://www.cosmos-online.ru/planets-of-the-solar-system.html     Сурет салу жиынтықтары
Ғарыш. 1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау   (МК)Оқушыларға астрономия ғылымының тарихи дамуы туралы бейне роликті көріп шығуды ұсыныңыз. Оқушылармен жаңа ғылымның пайда болу себептерін және адам өміріндегі маңызын талқылаңыздар. (Т) Оқушыларға «Жұлдыз санаушы» рөлдік ойынына қатысуды сұраңыз. Экранға жұлдызды аспанды шығарыңыз да, оқушылардан барынша шоқжұлдыздарды табуды сұраңыз. Жұмыс аяғында оқушыларға жұлдыздардың бір жерге жиналуын неге шоқжұлдыз деп атайтынын түсіндіріп өтіңіз. Астрономдар жұлдыздарды неге зерттейтінін түсіндіріңіз. (ОТ) Оқушыларға бірігіп қолдан қарапайым телескоп жасауды ұсыныңыз. Ол үшін келесі іс-әрекетті ұйымдастыру керек: • Телескопты не екенін және оның қызметі қандай екенін зерттеп шығу. • Қарапайым телескоптың құрылысын зерттеу. • Қолдан қарапайым телескоп жасаудың жолдарын анықтау. • Қарапайым телескопты жасау үшін қандай қолда барзаттар қажет екенін анықтау. (Ұ)Оқушыларға «Тақтаның алдында бір минут» жаттығуларын ұсыныңыз. Ол үшін бір-бірден оқушыларды тақта алдына шақырыңыз да, оларға бір минут ішінде берілген тақырыпта сөйлеуді ұсыныңыз. Барлық тақырыптарды оқу мақсатымен байланыстыру керек, мысалы:
  • Мен астроном болғым келеді, өйткені…
  • Астрономия – қызғылықты ғылым, себебі…
  • Мені жұлдыздар қызықтырады, өйткені…
Талдау кезінде, оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін, жоғары реттің сұрақтарын қолданыңыз.   Берілген жаттығуды сонымен қатар суреттер және жұлдызды аспан картасының көмегімен де өткізуге болады.     Жұмысты топта өткізуге болады, сонымен қатар, отбасы мүшелерін қызықтыру үшін, үй жұмысы ретінде де беруге болады.     Бұл жаттығу оқушылардың монологты тілін және сыни ойлауын дамытуға септік тигізеді. «Ежелгі заманның астрономдары» бейнефильмі:https://www.youtube.com/watch?v=k5t7dtpEhiU «Астрономия балалар үшін» дамытатын мультфильмі https://www.youtube.com/watch?v=UAZmhBLAQMM Қарапайым микроскоп жасау жайлы ақпараты бар ресурс: http://xage.ru/kak-sdelat-prostejshij-teleskop/ http://www.astrogorizont.com/content/read-Telescope http://fishki.net/1472472-kak-sdelat-teleskop-refraktor-svoimi-rukami-iz-ochkovyh-stekol.html    
Ғарыш. 1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау (МК, Ұ) Оқушыларға ғарыштың әр түрлі жабдықтар мен аспаптардың көмегімен игерілетінін түсіндіріп кетіңіз. Мысалы, телескоптар және күрделі оптикалық құрылғылар.. Ғалымдар оларды ғаламшарлардың құрамын, температурасын және өзге мәліметтерді анықтау үшін пайдаланады. (Ұ,Т,Ж,Ө)Конструктор бөлшектерінен немесе қағаз бен ауа шарынан ғарыш зымыранын жасаңыз. Оны кері санай отырып, ұшырыңыз, 10, 9, 8...0 (Ұшу). Ғарышқа шығу үшін олар Жер атмосферасын қалай бұзып өтетінін түсіндіріңіз. Ғарыш зымыранының ұшырылуы және ғарышкер болу туралы бейнебаян көріңіз. (Ө)Рөлдік ойын кезінде Айға немесе басқа планетаға сапарды жоспарлаңыз. Қандай қажетті заттарды алу керек екендігін шешіңіз. Қандай киім киесіз? Немен қоректенесіз? (Ө) Оқушыларға «Мен ғарышты зерттеймін» атты тақырыпқа қолдан жасаған заттарынан көрме ұйымдастырып, оқу кабинетінде қоюды ұсыныңыз. Мұғалімнің түсіндірмесі слайдтар не фотографиялар көрсетілімімен жалғасуы мүмкін.   Ғарышкерлер немесе ракетаны ұшыру туралы видео көрсетіңіз. Бұл бірнеше сабақтар бойына орындалуы мүмкін.     Рөлдік ойын алаңы ретінде Ғарыш станциясын жасап қойыңыз. Бірнеше апта ғарыш алаңы тұрсын. Оқушылардың отбасынан бір мүшені қолдан жасалған заттардың көрмесіне қатысуға шақырыңыз. Ғарышты зерттеу үшін қолданылатын жабдықтар, құралдар мен ұшу аппараттарының суреттері мен фотографиялары   Конструкторлар. Түрлі заттардан құрастыруға арналған материалдар.   http://www.bbc.co.uk/learningzone/clips/rockets-and-astronauts/13293.html Сурет салу жиынтығы  
  1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау   (МК)Оқушылармен бірге аспан денелері туралы дамытушы бейне роликті көріңіз. Олар нені білгенін, ал фильмнен кейін тағы не үйренгенін тексеріңіз. (МК)Оқушыларға аспан денелері бейнеленген ғарыш суреті немесе жұлдыздар картасын қарап шығуды ұсыныңыз:
  • Жұлдыздар
  • Ғаламшарлар
  • Ғаламшар серіктері
  • Астероидтар
  • Кометалар
Берілген аспан денелері сыртқы зерттеуде қандай болып көрінетінін көрсетіңіздер. (Ө) Оқушыларға жұмыс дәптерлеріне кейбір аспан денелерін бейнелеп, аттарын жазуды ұсыныңыз:
  • Күн жұлдызын
  • Жер ғаламшарын
  • Жер серігі – Айды
  • Астероидты
  • Кометаны
  (Ж) Кейбір аспан денелерінің сырт келбетін өзара салыстырып, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін атауды ұсыныңыз:
  • Жұлдыз (жарық, жанып тұрған)
  • Ғаламшар (суық)
  • Комета (құйрықты жұлдыз).
Берілген жаттығу оқушылардың ең жақын маңдағы даму аймағын анықтауға көмектеседі.   Берілген тапсырма оқушылардың ұғыну аппаратын қалыптастыруға көзделген. Еске жақсы сақтау үшін тақтаға аспан денелерін суреттерін атауларымен іліп қойған жөн.     Оқушыларға суреттер орындалатын бейнелерді ұсынып қойған жөн.     Салыстыру үшін жұптарға екі немесе үш аспан денесін ұсынуға болады. Дамытушымультфильм.Ғарыш балалар үшін.https://www.youtube.com/watch?v=Km71OCO6vKw   Аспан денелері туралы сайт http://blgy.ru/biology5/planet Сурет салу жиынтығы  
Жер 1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау   (Ж, Ұ, МК)Оқушылардан қандай елде тұрып жатқанын сұраңыздар. Қазақстанды глобустан табуды тапсырыңңыз. Оны жапсырғышпен белгілеп қойыңыз. Көршілес елдерді анықтаңыздар – оларды глобустан көрсетіңіздер.   (Ж, Қ, Ө)Глобуспен жұмысқа сүйене отырып, оқушылардан Жер пішінін анықтауды сұраңыздар. Жер шар пішіндес екенін және үш өлшемді кеңістіктік фигурадан тұратынын айтып кетіңіз. Қалыптастырушы бағалау: кім Жердің шар тәріздес екенін біледі? Жер үлгісін қағаздан жасаңыз.   (Ұ)Өзге таныс мемлекеттермен салыстырмалы түрде Қазақстанның көлемі туралы сөйлесіңіздер. Қазақстан ішінде және Қазақстаннан басқа елдерге саяхаттау жолдарын қарап шығыңыздар. Оларды глобуста және әлем картасында жіп пен кнопкалардың көмегімен белгілеп шығыңыз. Оқушылар қай елге саяхаттағанын сұрап, оларды картада белгілеп қойыңыз.   (Ұ,Қ)Глобусты тағы да көрсетіңіз. Оқушыларды таныс жерлерді атап шығуларын сұраңыз. Олардың назарын полюстерге, мұхиттар, шөлдер мен тауларға аударыңыз. Осы жерлердің табиғи жағдайларын айтыңыз. Қысқаша бейне роликтер көрсетіңіз. Қалыптастырушы бағалау: жердің қай бөліктерін тани алады? (Ұ,Қ)Оқушылармен әр түрлі жерлерді және Жердің шар тәріздес пішініне байланысты полюстер мен экваторда температураның қалай өзгеретінін талқылаңыздар. Қалыптастырушы бағалау: оқушылардан Жерде орналасқанына орай және күннен алшақтығына байланысты жағдайларды сипаттап беруін сұраңыз. (Ж,Ө,Ұ)Глобусқа қарап, Жер шары мен ғарыштық кеңістік аралығында не жатқаны жөнінде ой жүгіртіңіз. Ғарыштан жасалған Жер суреттерін қараңыз, сосын тағы да глобусқа көз тігіңіз. «Өзін-өзі тану» пәнімен және «Саяхат» тақырыбымен пәнаралық байланысты өткізіңіз, глобуста Қазақстан мен балалар өздері барған елдерді көрсетіңіз. «Үшөлшемді» ұғымы кейбір оқушылардың түсінуіне қиын соғуы мүмкін. Математика бойынша кеңістіктік фигуралармен пәнаралық байланысты өткізіңіз. Жер толыққанды сфера болып саналмайды, бірақ бірінші сынып оқушыларына бұл сипаттама ұғынықты келеді.   BBC, Planetearth хабар тарату корпорацияларының бейне роликтерін көру мен іздеу үшін іздеу жүйелерін қолданыңыз. «Саяхат» тақырыбымен байланыс жасаңыз. Бұл жаттығу оқушыларға өз білімдерін түйіндеп, сәйкес фактілерді таңдауға көмектеседі.     Берілген тапсырма бір сабақтан көп болуы мүмкін. Шындығында, Жер атмосферасы мен ғарышты бөліп тұрған сызық жоқ. Мұны бірінші сынып оқушыларына қабылдау қиындау болады.     Альтернатива ретінде ғарышкерлер/ ракетаның ұшырылуы бейнеленген бейне роликтер көрсетіңіз. Берілген тапсырманы бірнеше сабақ барысында қолдануға болады.   Глобус, жапсырғыштар     Газеттер, желім, қайшы, бояу, әуе шарлары, пластилин     Әлем картасы, жіп, кнопкалар Демалыс брошюралары немесе интернеттен алынған суреттер Глобус Интернетке қолжетімділік   Суреттер (интернеттен не кітапттардан)   Жазба тапсырмасына арналған формалар   Глобус http://www.bbc.co.uk/newsround/21639840     жердің ғарыштан түсірілген суреттері сурет салу жиынтығы  
Жер 1.4.1.1Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау   (МК)Оқушыларға біздің бабаларымыз жазып кеткен Жер бедерінің тарихи очерктерін ұсыныңыз. Міндетті түрде адамның Жерді бірден өз осі бойынша айналатын шар пішінінде бейнелей бастамағаны туралы ұғымды қалыптастыру керек.   (Ө) Оқушылардың өз бетінше Жердің суретін бөліктері атауын жазып салуды ұсыныңыз. (Т)Оқушыларға Жердің жасанды үлгісі (глобус) мен ғарыштан түсірілген шынайы бейнесін салыстыруды ұсыныңыз. Оқушылардан ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуды сұраңыз. Суреттерді оқушыларға Жер пішінін зерттеу үдерісінде пайда болуымен сәйкестендіріп, көрсетуге болады.   Қабілеттері төмен балаларға бояуға және бөліктерін енгізуге Жер шаблоны түрінде мүмкін тіректерді ойластырып қойыңыз.     Берілген тапсырманы бір топқа ұқсастықтарын, екінші топқа өзгешеліктерін тұжырымдауды ұсынып, өзгертуге болады.   Жер бейнеленген суреттер «Жердің 3-Dүлгісі» бейнефильмі: https://www.youtube.com/watch?v=kvymLTh417U   Сурет салу жиынтықтары, Жер шаблондары.   Глобус, ғарыштан түсірілген Жердің бейне роликтері мен фотографиялары.
Кеңістік пен уақыт 1.4.3.1 уақыттың маңыздылығын түсіндіру   (МК) Оқушыларға «Уақытыңды құртпа!» атты анимациялық фильмді көруді ұсыныңыз. Көрuен соң талқылаңыздар:
  • Уақыт деген не?
  • Өмірдің қай жерінде бізге уақытты бақылау керек?
  • Уақыт алтыннан да қымбат» мағынасы нені білдіреді?Адамның өмірінде уақыттың алатын орны қандай?
(Ө) Сыныпта орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде уақыт туралы мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтарды білуден «Кім көп біледі?» деген сайыс ұйымдастырыңыз.   (Т) Оқушыларға уақыттарын барынша тимімді пайдалану үшін өз күн тәртіптерін құруды ұсыныңыз. Топтар өздері талқылап, өз нұсқаларын өздері көрсетсін. Жалпы күн тәртібін қабылдап, оны сыныпта іліп қойыңыз.
Берілген тапсырманы орындауда зая кеткен уақыт туралы кез келген анимациялық фильмді көрсетуге болады.   Талқылау үшін сұрақтарды құрғанда, жоғары реттік сұрақтарға ықылас танытып, Блум таксономиясына жүгініңіз.     Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылардың күн ілгері үй дайындығы талап етіледі.     Оқушыларға күн тәртібін өз жанұяларының ортасында құруды ұсыныңыз. «Уақытыңды құртпа!» балалар мультфильмі https://www.youtube.com/watch?v=hAHw_GbOhHw   Анимация күн тәртібіhttps://www.youtube.com/watch?v=6tEzh_SREJE
Кеңістік пен уақыт 1.4.3.2уақытты өлшеу құралдарын анықтау     (Ұ) Оқушылармен бірге минуттерді, сағатты, айларды, жылдарды қандай тәсілмен санауға болатынын талқылаңыздар.   (МК) Оқушыларға уақытты өлшеудің қарапайым тәсілдері мен жабдықтарын қарастыруды ұсыныңыз:
  • Сағат
  • Секундомер
  • Күнтізбе
Олардың адам өмірінде маңызын талқылаңыздар.   (Т) Үш топқа уақытты өлшеудің тәсілдері мен жабдықтарының бірінің маңыздылығын көрсететін жарнама дайындауды ұсыныңыз: 1-топ: сағатты жарнамалайды 2-топ: секундомерді жарнамалайды 3-топ: күнтізбені жарнамалайды (ОТ, Т) Оқушыларға келесі жаттығуларды жасағанда, адамның қанша уақыт жұмсайтынын анықтауды ұсыныңыз:
  • 10 ретотырып тұрады
  • 20 рет дем алып, дем шығарады
  • 10 рет көзін ашып-жұмады
Тәжірибенің нәтижесін оқушылар дәптерлеріне жазады, сосын, талқылаған кезде, бірдей іс-әрекетті орындауда уақыттың біркелкі болмайтынын көрсету үшін нәтижелерді салыстыру қажет.
Берілген жаттығу оқушының жақынаралық даму аумағын анықтауға себін тигізеді.     Осы кезеңде оқушыларда уақытты өлшеуге арналған жабдықтар мен құралдардың ұғыну аппаратын қалыптастыру қажет.   Жарнаманың болашақ сценарийлерін балаларға ұсынуды ойластырыңыз.   Оқушылармен өмір қауіпсіздігі негіздерін еске түсіру және оларды сақтауы міндетті.     Сағат Секундомер Күнтізбе     Сағат, секундомер, күнтізбе, костюмдер     Секундомер  

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тілдік мақсаттар туралы 2 страница | Тілдік мақсаттар туралы 4 страница
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 914 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

1308 - | 1163 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.