Лекции.Орг
 

Категории:


Построение спирали Архимеда: Спираль Архимеда- плоская кривая линия, которую описывает точка, движущаяся равномерно вращающемуся радиусу...


Классификация электровозов: Свердловский учебный центр профессиональных квалификаций...


Транспортировка раненого в укрытие: Тактика действий в секторе обстрела, когда раненый не подает признаков жизни...

Тілдік мақсаттар туралы 1 страница

Жаратылыстану» пәні бойынша

Оқу жоспары

 

(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)

Сынып

Мазмұны

   

Ұзақ мерзімді жоспар 3

Тілдік мақсаттар туралы6

Орта мерзімді жоспар 8

1-бөлім. Мен -зерттеушімін.Ғылым мен зерттеушілердің ролі. Табиғатты тану әдістері 8

2-бөлім. Тірі табиғат: Өсімдіктер 16

2-бөлім. Тірі табиғат: Жануарлар 24

2-бөлім. Тірі табиғат: Адам 29

5- бөлім. Табиғат физикасы:Күш пен қозғалыс 35

4-бөлім. Ғарыш және Жер: Ғарыш. Жер. Кеңістік пен уақыт 40

5 бөлім. Табиғат физикасы: Жылу. Электр. Магниттілік 50

5-бөлім.Табиғат физикасы:Жарық 60

5-бөлім. Табиғат физикасы:Дыбыс 64

Қысқа мерзімді жоспар 67

Сабақ жоспары 67


Ұзақ мерзімді жоспар

«Жаратылыстану» пәні 1-сынып

 

1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан
1 бөлім: Мен – зерттеушімін. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі. Табиғатты тану әдістері («Өзім туралы» ортақ тақырыбы аясында) Бөлім контекстінде оқушылар білуі тиіс: 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу; 1.1.2.2 көрсетілгенэкспериментті түсіндіру   2А бөлім.Тірі табиғат:Адам («Мен және менің отбасым» ортақ тақырыбы аясында) Бөлім контекстінде оқушыларбілуі тиіс: 1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау; 1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау; 1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау 4бөлім.Ғарыш және Жер: Ғарыш.Жер. Кеңістік және уақыт («Саяхат» ортақ тақырыбы аясында)   Бөлім контекстінде оқушыларбілуі тиіс: 1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау; 1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау; 1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау 5- бөлім. Табиғат физикасы: Жарық («Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы аясында) Бөлім контекстінде оқушыларбілуі тиіс: 1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру; 1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату; 1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау   1.2 Табиғатты тану әдістері 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу; 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
2-бөлім. Тірітабиғат: Өсімдіктер («Өзім туралы» және «Менің мектебім» ортақ тақырыбы аясында) Бөлімконтекстіндеоқушыларбілуітиіс: 1.2.1.1өсімдіктердіңнегізгісипаттамаларынжәнеолардыңөмірлікформаларынанықтау; 1.2.1.2 өсімдіктердіңнегізгібөліктерінажырату; 1.2.1.3 жабайыөсімдіктерменмәдениөсімдіктердіажырату; 1.2.1.4 өсімдіктердіңтіршілігінеқажеттіжағдайлардызерттеу; 1.2.1.5 мәдениөсімдіктергекүтімжасаудыңтәсілдерінсипаттау 1.2 Табиғатты тану әдістері 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу; 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру 5 бөлім. Табиғат физикасы: Күш және қозғалыс («Бізді қоршаған әлем» ортақ тақырыбы аясында) Бөлім контекстінде оқушыларбілуі тиіс: 1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру; 1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау; 1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету   1.2 Табиғатты тану әдістері 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу; 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру 5–бөлім. Табиғат физикасы: Жылу. Электр. Магниттілік. («Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы аясында) Бөлім контекстінде оқушыларбілуі тиіс: 1.5.4.1 жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтау 1.5.5.1 адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру 1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау; 1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу   1.2 Табиғатты тану әдістері 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу; 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру 5-бөлім. Табиғат физикасы: Дыбыс («Дені саудың жаны сау» ортақ тақырыбы аясында) Бөлім контекстінде оқушылар білуі тиіс: 1.5.3.1 дыбыстың таралуының ерекшеліктерін түсіндіру; 1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату 1.2 Табиғатты тану әдістері 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу; 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
2- бөлім: Тірі табиғат: Жануарлар («Менің мектебім» ортақ тақырыбы аясында) Бөлім контекстінде оқушылар білуі тиіс: 1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау; 1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату; 1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін дайындығын түсіндіру      

 

Ескертпелер:

Сабақта зерттеушілік іс-әрекет ұстанымын жүзеге асыру үшін «Табиғатты тану әдістері» бөлімшесінің оқу мақсаттарын басқа бөлімшелердің оқу мақсаттарымен кіріктіріп қолдануды ұсынамыз.

 

 

Тақырыптарұзақ мерзімді жоспар және орта мерзімді жоспарда ұсынылған жаттығулар пәнаралық байланыста жоспарланған. Әр тоқсанда екі ортақ тақырып аясында оқу мақсаттары қарастырылады.

Ұ- ұжым ( бүкіл сынып)

Т -топтық жұмыс

Ж - жұптық жұмыс

Ө - өзіндік жұмыс

ОТ - оқушы тәжірибесі

МК –мұғалім көрсетілімі

Қ- қалыптастырушы бағалау


Тілдік мақсаттар туралы

 

Жалпы білім беретін мектептер пән мазмұны мен тілді оқып үйренуге тең қолдау көрсетілетін оқу ортасын құруға ұмтылады. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену, ойлау қабілетін және пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеуді жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Оқушыларға олардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет.

 

Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылар үшін өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдер мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пән мазмұны мен ғылыми тілді оқытуды үнемі қатар назарда ұстайтын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді оқып үйренуге көмектеседі.

 

Ғылыми тілді оқып үйренуді қолдау үшін мұғалімдерге сабақ жоспарларына келесі оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады:

• оқушылар назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажет терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы қолдану);

• сабақта пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін қолдану (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері);

алдын ала оқыту, оның ішінде ең бастысы, пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын алаойдағы контексте қолдану;

• оқушылардың тілдік төрт дағдының барлығын түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым,оқылым-жазылым,оқылым-айтылым,тыңдалым-жазылымжәнет.б.)түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;

• оқушыларды диалог пікірталасқақатыстыру (мысалы, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау және білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушыларды Диалогке қатыса алуы үшін бай лексикалық қормен қамтамасыз ету);

• тілге тән оқу дағдыларын дамыту (мысалы, таңдамалы түрде тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары);

• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту(мысалы тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануына ынталандыру, тілді оқудағы жетістіктерді бағалау);

• сабақтың басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізген жетістіктерді талқылау.

 

Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Бұл құрамдас бөліктер келесі тақырыпшалармен көрсетілген:

(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология,

(2) диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестері. Берілген тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілді оқудағы мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі.

 

Тілдік мақсаттарды анықтау үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау, санаттарбойынша, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру, сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағалау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорыту, синтездеу және жазу, түрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.

 

Тілдік мақсаттардың кейбірін пән мазмұнын оқу мақсаты деп те есептеуге болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар аударуына көмектеседі. Бұл, сондай-ақ, жауаптар мен шешімдер іздеу үшін қолданылатын үдерістермен салыстырғанда, жауаптарға/шешімдерге аударылатын назарды теңгерімге келтіруге көмектеседі. Атап айтқанда, осындай үдерістерге баса назар аудару тілдің нақты қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына көмектеседі.

 

Тілдік емес пәндерде оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға бағытталады, бірақ ең кемінде біреуі тілдік сауаттылықты дамытуға бағытталуы тиіс.


 

Орта мерзімді жоспар

 

«Жаратылыстану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып 1-тоқсан
1A бөлім: Мен зерттеушімін. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі. Табиғатты тану әдістері
Осыған дейін меңгерілген білім
Оқушылар кейбір табиғи құбылыстар мен қоршаған әлем нысандарын атай білуі қажет.
Контекст
«Өзім туралы» тақырыбы аясында оқушылар тірі және өлі табиғат денелері атауын және олардың адамдарға әсерін біледі. Бұл «Көркем еңбек» (бақылау нәтижесінде сурет салу) және «Математика» (есеп және сан) пәндерімен пәнаралық байланыс үшін жақсы мүмкіндік болады.
Осыбөлімнің тілдікмақсаты Оқушылардың бөлім бойынша тілдік мақсаттарына жету үшін төменде ғылыми тілдің үлгісі көрсетілген
Пән бойынша оқу мақсаты Оқытудың тілдік мақсаты Пәнге тән лексика және терминология Диалогке/жазуға пайдалы сөз тіркестері
Оқушылар: • құбылыстар, қоршаған әлем үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіреді. • «бақылау» ұғымын білетін болады. Оқушылар: • ғылым мен техниканың дамуы үшін қоршаған әлем нысандарын бақылаудың маңыздылығын талқылайды. • бір-біріне өзінің қоршаған әлемді бақылаулары туралы әңгімелейді. Келесі терминдер мен сөз тіркестерін қамтиды: табиғат құбылыстары, қоршаған әлем нысандары, жаңбыр, қар, күн күркіреу, найзағай, бұршақ, тірі ағзалар, ғылым, техника, адам өмірі. • бақылау, тәжірибе, бақылаушы, зерттеу нысаны, зерттеу жабдықтары Талқылауға арналған сұрақтар: • Неге біз табиғатта болып жатқан құбылыстар туралы ойланамыз? • Табиғатты бақылау адамға жаңалық ашуға қаншалықты көмектеседі? • Бір-біріңнің тұжырымдарыңды тыңдап шығыңдар. • «Бақылау» сөзіқандаймағынаныбілдіреді? • Бақылаушы қоршаған әлемді қалай бақылайды? • Кім бақылаушы рөлін орындай алады? • Адамдар неге қоршаған әлемді бақылайды? • Неге бақылаулар адамға жаңалық ашуға көмектеседі?
Басқадатілдікмақсаттардықою және ғылыми тілді оқытуға қатысты қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы«Тілдікмақсат туралы» бөлімді қараңыз.
Қысқаша шолу
Оқушылартірітабиғатқұбылыстарытуралыөзтанымдарынкеңейтетүседі. Олар ғылымдағы жаңалықтарды адам жүргізетін бақылаулар және зерттеулермен салыстыра бастайды.

 

Оқу бағдарламасына сілтеме Оқумақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған ескертпелер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
Ғылым мен зерттеушілердің рөлі 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру (МК)Оқушыларға құс пен ұшақ, медуза мен ғарыш кемесі, балық пен сүңгуір қайық, найзағай мен электр шамы бейнеленген бейнефрагмент не суреттерді қарап шығуды ұсыныңыз. Оқушылармен бірге тірі табиғат нысандарын бақылаудың адам үшін ғылым мен техникадағы жаңалықтарға қаншалықты әсер еткенін талқылаңыз.   (Т)Топтарға найзағайлы жауын астында ұшып келе жатқан құс бейнеленген бір суреттен таратыңыз. Сурет бойынша тірі табиғат нысанын (құс), табиғат құбылысын (жауын) және үдерісті (қозғалыс, құстың демі) анықтауды ұсыныңыз. (Т)Оқушыларға топта қоршаған әлем нысандары мен үдерістері, табиғат құбылыстары бейнеленген бірнеше суреттерді қарастыруды ұсыныңыз. Оқушылардан суреттерді екі топқа: тірі табиғат нысандары мен құбылыстарға бөліп шығуды сұраңыз. Жұмыс соңында оқушылар өз таңдауларын негіздеп айтуы қажет.   (Ұ) Оқушыларға «Иә-Жоқ» атты ойынды ойнауды ұсыныңыз. Пайымдау ретінде қоршаған әлемнің таңсық құбылыстары мен нысандары жайлы фактілерді таңдаңыз. Мысалы: · Атмосфераның ластануынан, жоғары ылғалдылықтан немесе өзге себептерден Ай кейде боялған болып көрінеді. · Алмас шаңы дегеніміз Күн жарығын шашырататын судың мұз тамшылары Құс пен ұшақтың, балық пен сүңгуір қайықтың суреттерін қарастырған кезде, дененің сүйір пішініне; медуза мен ракетада қозғалысқа; найзағай мен электрлікте электр разрядтарына көңіл бөлу.   Оқушыларға тірі табиғаттың нысандары, онда болып жатқан үдерістер мен құбылыстар туралы ұғымдық аппаратты қалыптастыруға міндетті түрде көмектесу.     Суреттерді үй жұмысы ретінде оқушылар өздері алдын-ала дайындай алады.     Ойнау үшін оқу кабинетінің қарама-қарсы жақтарына «Иә» және «Жоқ» деген жазулары бар қағаздарды іліп қойыңыз. Сыныпқа қоршаған әлемнің нысандары, құбылыстары мен үдерістері жайлы пайымдауларды оқыған кезде, оқушылар дұрыс жауапты «Иә» деген жазуы бар қағаздың жанына тұрып көрсетуі керек. Құс, ұшақ, медуза, ғарыш кемесі, балық, сүңгуір қайық, найзағай, электр шамы суреті     Жауын астында ұшып келе жатқан құс суреті   «Иә», «Жоқ» жазылған үлкен қағаз. Табиғат құбылыстары туралы қызықты деректер жинау
Ғылым мен зерттеушілердің рөлі 1.1.2.1қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;   (МК) Оқушыларға бақылау – зерттеу тәсілі (ғылыми зерттеу әдісі) екенін түсіндіріңіз. Бақылау үдерісінде үнемі бақылаушы, зерттеу нысаны және зерттеу жабдығы болады.   (Т) Оқушыларға «Із кесуші» ойынын ойнауды ұсыныңыз. Барлық оқушылар із кесушілер (бақылаушы) рөлінде шығады. Әр топтың қолында зерттеу жабдықтары (мысалы: дүрбі, фотоаппарат, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сызғыш, таразы) салынған суреттер топтамасы бар. Мұғалім зерттеу нысанын (мысалы: құс, жылан, ағаш, сәбіз тамыры, жаңғақ) ұсынады, ал оқушылар топтаса зерттеу нысанын анықтайды. (МК)Оқушыларға орнитологтар туралы суреттер мен бейне сюжеттерді көріп шығуды ұсыныңыз.   (Т)Сынып ішінде топтар арасында «Негеш» ойынын ұйымдастырыңыз. Ол үшін үлкен куб (жұмсақ ойыншық түрінде де болады) алып, оның жақтарына сұрақтар бекітіңіз:
  • «Орнитолог» сөзі не мағынаны білдіреді?
  • Орнитолог құстарды қалай бақылайды?
  • Табиғатта кім құстарды бақылайды?
  • Орнитологтар құстарды не үшін бақылайды?
  • Орнитолог мамандығы не үшін маңызды?
  • Құстарды бақылау неге адамдарға жаңалық ашуға көмектеседі?
(Ж)Оқушыларға жұп болып, өз өмірлерінде жасаған бақылаулары туралы әңгімеулерін ұсыныңыз. Оқушылар кімді/нені, қашан, қалай және не үшін бақылағандарын айтып бөліссін.
Түсіндіру үшінPowerPointбағдарламасындағы таныстырылым не бейне роликтер/анимациялық фильмдер пайдалануға болады. Материалды визуалды көрсету оқушыларғаақпаратты қабылдаудың өзге түрлерімен тең мүмкіндікті береді. Суреттерді гербарий, дәлбедер, жануарлардың тұлыбы түріндегі тірі табиғаттың шынайы нысандарына, сонымен қатар, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сызғыш, таразы, дүрбі, фотоаппарат сияқты зерттеудің нағыз жабдықтарына алмастыруға болады.   Сюжет немесе суреттер оқушыларға түсінікті боларлықтай әспетті және ұғынықты болуы шарт.   Жаттығу кубтың бұрыштарына әр түрлі сұрақтарды жазуды болжалдайтын сыни ойлаудың «Кубизм» атты стратегиясына негізделген. Оқушылар кубты лақтыра отыра, сұрақ қабылдайды. Кубтағы сұрақтарды өздеріне сәйкес келетін сандармен тығып қоюға болады. Ойын барысында мұғалім сұрақтарды оқиды.   Талқылауға арналған сұрақтардытақтаға жазып қоюға болады немесе оқушыларды сұрақтармен шектемей, ойлануға толық еркіндік беруге болады. Барбоскиндер–Ғылыми зерттеулер (мультфильм) https://www.youtube.com/watch?v=KFEdhzgFWuE   суреттер, дүрбі, фотоаппарат, микроскоп, ұлғайтқыш әйнек, сызғыш, таразы, құс, жылан, ағаш, сәбіздің тамыры, жаңғақ.     Орнитологтар туралы қазақ тілінде бейне роликтерhttps://www.youtube.com/watch?v=vhtu0dNKhaQ Орыс тілінде https://www.youtube.com/watch?v=7ZYhCZge0TQ     Сұрақтар нөмірлері бар картон не жұмсақ куб.
1.1.2.2 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу   (ОТ)Оқушыларға қоршаған әлемнің құбылыстарын бақылауды ұсыныңыз. Ол үшін «Барлаушылар» ойыны үшін мектеп учаскесіне экскурсия ұйымдастырылады. Әр барлаушы жорыққа зерттеу жабдықтарының (дүрбі, ұлғайтқыш әйнек, сызғыш) біреуін алады. «Барлаушылардың» тапсырмасы – табиғаттағы өздеріне таныс гүлдер, ағаштар, бұталармен болған өзгерістерге көңіл бөлу.   (ОТ)Оқушыларға күн сәулелерінің әсерінен су температурасының өзгеруін бақылауды ұсыныңыз. Ол үшін су құйылған ыдысты терезе алдына күннің тіке сәулелелрі астына қойыңыз. Оқушылардан белгілі уақыт аралығында (3-5 минут) температураны өлшеп тұруды сұраңыз. Бақылауды құм пайдалана отырып, қайталауға болады.   (ОТ, Т)Оқушылардан ауа райын белгілейтін дәстүрлі белгілерді пайдалана отыра, оқу кабинетінен сырт даладағы ауа райын сипаттауын сұраңыз.   (Ө)Оқушыларға «Жас метеоролог» конференциясын өткізуді ұсыныңыз. Әрбір оқушы конференцияға ауа райы жағдайының жақсару не нашарлауының бір белгісінің суретін (постер) даярлайды. Конференция соңына қарай оқушыларға ауа райы жағдайларын бақылауға және олардың өзгеруін болжауда тәжірибелі болуға ұсыныс жасаңыз. Экскурсия алдында оқушылар алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізу қажет. Экскурсия барысында оқушылар жануарлар әлеміндегі өзгерістерді бақылай алады.   Бұл зерттеуді әр түрлі көлемде су құйылған ыдыстарды топтарға таратып орындауға болады. Бұл жағдайда көлеміне байланысты судың қызуының түрлі жылдамдығын бақылауға болады.     Ауа райын көрсетудің дәстүрлі белгілері:
жаңбыр шық
қар қырау
бұршақ тұман
кемпірқосақ боран

 

Конференцияға жергілікті қоғамдастықты: жоғары сынып оқушыларын, ата-аналар мен мұғалімдерді шақыруға болады. Қиналған оқушылар топта шыға алады. Сабақты өткізудің формасын «Галереядағы тур» түрінде де өткізіп, оқушылардың жұмыстарын оқу кабинетіне іліп қоюға болады.

Зерттеу жабдықтары: дүрбі, ұлғайтқыш әйнек, сызғыш, қағаз, түрлі түсті қарындаштар.     Өлшем ыдыстары (пластмассадан жасалған жөн), термометрлер (электрлік болғаны жөн).   Қағаз парақтар, бақылау күнделіктері, дүрбілер.     Постерлер, маркерлер, скотч.
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру   (Ұ) Оқушыларға тәжірибенің бақылау секілді зерттеу тәсілі (ғылыми зерттеудің әдісі) екенін түсіндіріңіз. Тәжірибе – зерттеудің белсенді тәсілі екендігіне оқушылардың назарын міндетті түрде аудару қажет.   (МК)Оқушыларға орнитологтардың құстарды бақылауы туралы бейне фрагменттер және химия бойынша қарапайым тәжірибелер көруді ұсыныңыз.   (Ұ) Оқушылармен тәжірибенің бақылаудан айырмашылығын талқылап өтіңіз. Оларға сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:
  • Тәжірибе деген не?
  • Тәжірибе мысалдарын келтіріңіз.
  • Адам іс-әрекетінің қай саласында тәжірибелер қолдануға болады?
  • Тәжірибемен бақылауды салыстырыңыз.
  • Тәжірибемен бақылауды адамға пайда алып келерліктей қалай қолдануға болады?
  • Неге тәжірибе адамға бақылаудан көрі көбірек ақпарат береді?
  (Т) Оқушыларға өз тәжірибелерін ойлап табуларын ұсыныңыз. Мысалы, заттардың суда еруін анықтау немесе әр түрлі сұйықтықтардың жылуы бойынша.
«Тәжірибе» анықтамасын толық түсіну үшін оқушыларға тәжірибемен бақылаудың мысалдарын көрсетіп өтуге болады.     Бейне фрагменттерді оқушылармен бірге алдын-ала дайындалған суреттермен, фотографиялармен алмастыруға болады.   Оқу үдерісінің инклюзивтілігін санатқа ала отырып, оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін, сұрақтарды құруда Блум таксономиясына жүгініңіздер.     Тапсырманы орындау барысында оқушылардың «жақын аралағы даму аймағын» есепке алыңыз. Ол үшін оларға төсеме тақталар ойластырып қойыңыз.     Балаларға арналған қарапайым химиялық тәжірибелер: http://www.tavika.ru/2011/04/blog-post_13.html Қалай орнитолог болуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=jZuDr2v6WkU  
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру   (ОТ) Оқушыларға азық-түліктерде (күрделі көмірсу) крахмалды анықтау бойынша тәжірибе өткізуді ұсыныңыз.Ол үшін азық-түліктің бестен кем емес үлгісін алып, оны майдалап тураңыздар, сосын кішігірім сумен араластырып, йод ерітіндісінің бірнеше тамшыларын (5%) тамызыңыздар. Боялған түс ерітіндіде крахмалдың бар екенін растайды – көкшіл түстен (төмен концентрация) қара-көк түске дейін (жоғары концентрация). (Т, ОТ)Оқушыларға топта заттардың әр түрлі тығыздығына негізделген күрделі емес тәжірибе өткізулерін ұсыныңыз. Әр топқа төрт стаканнан таратыңыз. Бірінші стаканда – 50 мл боялған су, екінші стаканда – 50 мл күнбағыс майы, үшінші стаканда – 50 мл сироп құйылған, төртінші стакан (үлкен) – бос. Балаларға егер барлық стакандағы сұйықтықты бір стаканға құйса, не болатыны жайлы жорамалдауды ұсыныңыз. Тәжірибеден күтілетін нәтижелерді талқылаған соң, оны жүзеге асыруларын сұраңыз. Тәжірибе қорытындысында мынадай жағдай өріс алу керек: ең тығыз сұйықтық ретінде сироп стакан түбіне түседі, су ортасында қалады, ал май бетіне қалқып шығады. (Т, ОТ)Оқушыларға топта судың жылуды жұтып алуы бойынша тәжірибе жүргізуді ұсыныңыз. Ол үшін әрбір топқа екі әуе шарынан таратыңыз. Біреуін үрлеп, екіншісіне су толтырыңыз. Оқушылар майшамның үстіне бірінші ауа толтырылған шарды ұстап, екінші рет суы бар шарды ұстасын. Су толтырылған шардың жарылмайтынын балалар атап өтеді. Ойлануға және өз пікірлерін негіздеуге уақыт беріңіз. Шардың ішіндегі су майшамның жылуын жұтып қоятынын түсіндіріңіз. Сондықтан шарөртенбейді, демек жарылмайды. Азық-түлік түрінде ұсынарымыз: ұн, жеміс шырыны, сүт, өсімдік майы, күріш.   Тәжірибеге дайындық үдерісінде оқушылармен техника қауіпсіздігін қадағалау ережелерін талқылап шығыңыз. Әрбір оқушыда алжапқыш не халат болуын қадағалаңыз. Нәтижесінде ойын барысында балаларда сұйықтықтың әр түрлі тығыздығы туралы ұғым қалыптастырылады.   Тәжірибеге дайындық үдерісінде оқушылармен техника қауіпсіздігін қадағалау ережелерін талқылап шығыңыз. Әрбір оқушыда алжапқыш не халат болуын қадағалаңыз. Тәжірибеде ашық оттың болуына орай, тәжірибені көрсетілім ретінде өткізіп, оның нәтижелерін топта талқылауды ұсынуға болады.     Келі, келсап, 5% йод ерітіндісі, дәрі тамызғыш, Петри ыдыстары, пинцет, өлшем стакандары, су.     100 мл үш өлшем стакандары, 500 мл бір өлшем стаканы, 50 мл боялған су, 50 мл күнбағыс майы, 50 мл сироп.   Балаларға көрсетуге тұрарлық 5 қарапайым тәжірибе: http://www.adme.ru/zhizn-nauka/5-prostyh-opytov-kotorye-stoit-pokazat-detyam-897310/   Әуе шарлары, су, сіріңке, майшам, шамдал.
«Жаратылыстану» пәні. Бастауыш мектеп. 1-сынып 1-тоқсан
2- бөлім. Тірі табиғат: Өсімдіктер
Осыған дейін меңгерілген білім
Оқушылар өсімдіктердің тірі ағзалар екендігін білуі, сондай-ақ оларды қалай күту және өсіру бойынша негізгі білімі болуы керек.
Контекст
«Менің мектебім» тақырыбы аясында оқушылар мектеп ауласында, тұратын жерінде, Қазақстанда және сонымен қатар бүкіл әлем бойынша өсетін кейбір өсімдіктерді таниды және атай алады.
Бөлімнің тілдік мақсатыОқушылардың бөлім бойынша тілдік мақсаттарына жету үшін төменде ғылыми тілдің үлгісі көрсетілген
Пән бойынша оқу мақсаты Оқытудың тілдік мақсаты Пәнге тән лексика және терминология Диалогке/жазуға арналған сөз тіркестері
Оқушылар: мәдени және жабайы өсімдіктерді ажырата біледі Оқушылар: · Өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атай алады және салыстырып айта алады(мысалы, жабайы және мәдени өсімдіктер арасындағы) · … бірдей; · …бойынша ерекшеленеді; · дің, тамыр, бұтақ, жапырақтың түсуі; · ағаш, бұта, шөп; · жабайы өсімдік, мәдени өсімдік; · тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс; · жыл мезгілдері.   Талқылауға арналған сұрақтар:
· Өсімдіктің тірі ағза екенін қалай анықтайсыздар? · Бұталар мен ағаштың қандай ұқсастығы/айырмашылығы бар? · Сіздің ойыңызша, бұл өсімдіктер жабайы ма, әлде мәдени ме? · Жергілікті 10 өсімдікті атаңыз. · Өсімдікке не қажет? Олар оны қайдан алады? Сіздер неге … деп ойлайсыңдар? · …бұл өсімдік жабайы/мәдени · …өсімдіктердің тамыры/сабағы/гүлі бар · …өсімдіктер біз үшін маңызды. Жазбаша тапсырмалар: Өзіңіз көрген тірі өсімдіктің суретін салыңыз, белгілеңіз және жазыңыз.
Басқа да тілдік мақсаттарды қою және ғылыми тілді оқытуға қатысты қосымша нұсқаулық үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсат туралы» бөлімді қараңыз.
Қысқаша шолу
Оқушылар жергілікті жерде өсетін жабайы және мәдени өсімдіктерді қарастырады, өсімдіктердің басты бөліктерін атайды және олардың басты қызметтерін анықтайды. Содан кейін олар кейбір өсімдікті өсіріп, өсуге қажетті жағдайларды зерттейді. Бұл «Менің мектебім» тақырыбымен байланысып маусымдық өзгерістерді және айналадағы кейбір өсімдіктердің маусымдық өзгеріске ұшырайтындығын қарастырады.

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
КРИТЕРИИ ОЦЕНКИ ПРЕДСТАВЛЕННЫХ ПРОЕКТОВ | Тілдік мақсаттар туралы 2 страница

Дата добавления: 2017-01-28; просмотров: 1408 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.