Сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе
Сабақтың мақсаты:
v 7-сыныпта өтілген материалдарды қайталата отырып, 8-сыныпта өтілетін яғни, ХҮІІІ ғасыр мен
v ХХ ғасырдың бас кезіндегі Отанымыздың тарихының маңызды оқиғаларын таныстыру, бұл сыныпта өтілетін тақырыптарға қысқаша тоқталу;
v Оқулықтың авторларымен таныстыра отырып, жаңа басылып шыққан бұл кітап пен ескі кітаптың айырмашылығын айту;
v Оқушылардың дүниетанымы мен тарихи санасын қалыптастыра отырып, тарих пәніне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Кіріспе
Әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: оқулық, карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
· Оқу құралын тексеріп түгелдеу
· Әнұран орындау «Хабар»
· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Ø 7-сынып материалдарына шолу жасау
ІІІ.Жаңа сабақтың жоспары:
1. Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуы
2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
3. Қазақстанды Ресей империясына қосудың аяқталуы.
4. Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы дәстүрлі мәдениеті мен шаруашылығы
5. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
6. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан
7. Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдени өмірі
IV.Сабақты бекіту:
v Бетпе-бет
Бағалау:
Үй тапсырмасы: Оқулықпен танысу.
сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §1. Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
v Оқушыларды XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету;
v Бұрынғы алған деректермен жұмыс істеуге, көтерілген мәселе бойынша деректерге сүйене отырып, талдау жасауға үйрету;
v Туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекіліктер: карта, «Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы» схемасы (кесте), терминологиялық сөздік
Жаңа материалды бұрынғы өткен тақырыпты қайталай отырып, оқыту. (білімді бекіту.)
Негізгі ұғымдар: қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік теңсіздік, класс, иерархия, конфессия, адат, құн, құрама, тархан, төлеңгіт, құл, диалект.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
· Оқу құралын тексеріп түгелдеу
· Әнұран орындау «Хабар»
· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
«Хабар» ел жаңалықтарына шолу /сұрау/
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Ø 7-сыныпта өткен материалдарға шолу
ІІІ.Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақстардың саны мен орналасқан жерлері.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері
Қазақстан аумағындағы тайпалардың орналасуымен Қазақ хандығындағы әлеуметтік құрылым жөнінде оқушыларға 7-сыныптағы Қазақстанның орта ғасырлар тарихы қурсынан таныс болғандықтан, бұл жөнінде алдын ала сұрап, естеріне түсіремін
№1 тапсырма: Картамен жұмыс.
Төмендегі жүздердің құрамына қай тайпалардың кіргенін естеріңе түсіріңдер.
А) Ұлы жүз:
Ә)Орта жүз:
Б)Кіші жүз:
2. Картадан орналасқан аумақтарын көрсетіңдер:
А) Ұлы жүз-
Ә)Орта жүз-
Б)Кіші жүз-
3) ХVIII ғасырда Қазақ хандығы қандай мемлекеттермен шекаралас болды? Олармен қарым-қатынасына тоқталыңдар.
Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін жаңа сабақты түсіндіремін. Бұл жерде Қазақ хандығының осы кездегі саяси дамуынанң ерекшеліктерін, қазақстардың басқару жүйесін міндетті түрде айту керек. Сонан кейін оқушыларды деректермен жұмыс істету және оларға талдау жасай отырып, өз ойын айтқызу мақсатында тапсырма беріледі (өздігінен жұмыс)
№2 тапсырма:
-Оқулықтағы тақырыпты пайдалана отырып, ХVIII ғасырдағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін бейнелейтін кесте (схема) құрыңдар.
Берілетін жауаптар үлгісі:
XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның классикалық құрылымын көрсетеді:
Феодалдар класы (тобы):
Шыңғысханның ұрпақтары- (хандар мен сұлтандар)
Рулық және тайпалық ақсүйектер;
Қожалар, имамдар, қожалар;
Патриархалды-феодалдық ақсүйектер оөкілдері (бектер, байлар, батырлар).
Шаруалар класы (тобы):
Қарапайым малшылар, егінші шаруалар;
Егінші малшылар.
№3 тапсырма. Сөздікпен жұмыс.
Тақырыпты оқып шығып, төмендегі терминдардің анықтамасын айтыңдар:
Құрама
Қожа
Құрылтай
Ханталапай
Төлеңгіт
Құн
Адат
Тархан
№ 4 тапсырма:
-Қазақстан тарихы бойынша хрестоматия материалар пайдалана отырып, әр топ (класс) өкілдерінің қандай міндеттерін мен құқықтары болғандығын атап көрсетіңдер.
Онан әрі мұғалім сабақты төмендегідей етіп жоспарлайды.
Ø Хан сайлау дәстүрі
Ø Сұлтандар әулетінің артықшылықтары.
Ø Қожалар мен олардың қазақ қоғамындағы рөлі
Ø Қазақстар қандай еңбек үшін тархан атағын алған?
Ø Әлеуметтік мәртебесі-қоғамның ерікті мүшесі.
Ø Төлеңгіт деген кімдер?
Ø Қазақ қоғамындағы құлдардың жағдайы.
IV.Жаңа сабақты бекіту үшін берілетін сұрақтар мен тапсырмалар:
Ü Картадан Қазақ хандығының аумағын және оның ішіндегі әр жүзді орналасқан жерлерін көрсетіңдер.
Ü XVIII ғасырда Қазақ хандығықандай мемлекеттермен шекаралас болды?
Ü Осы кезеңдегі Қазақхандынының сыртқы саяси жағдайы жөнінде не айта аласыңдар?
Ü Оқулықтың 13-бетіндегі құжатпен жұмыс (Г.Н.Потанин. Таңдамалы шығармаларының үш томдығы. Тарих, этнография және фольклор жөніндегі еңбектер. Павлодар, 2005, 3-том, 30-31-беттер)
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының таптық құрылымының ерекшеліктеріне баға беріңдер (Хрестоматия. Коншин Н. «Павлодардан Қарқаралыға дейін»).
Халықтың кейбір топтарының қандай артықшылықтары болды? Сендердің ойларыңша неліктен