Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ.басындағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер




Сұрақнама:

  1. Батыс Европадағы марксизм саяси-құқықтық ілімі (К.Маркс, Ф.Энгельс)
  2. Позитивизм негізін салушылардың саяси және құқықтық концепциялары (О.Конт, Г.Спенсер)
  3. Заңдық позитивизм. Джон Остин.
  4. Әлеуметтік позитивизм (Р.фон Иеринг, Л.Гумплович)

Тапсырмалар:

  1. Семинар сұрақтары бойынша ауызша жауап беруге дайындалу
  2. Жазбаша қорытынды жасау: «Батыс Европадағы марксизмнің саяси-құқықтық ілімдері»
  3. «Құқықтануда жаңа мектептердің пайда болуы: заңдық және әлеуметтік позитивизм» тақырыбында білімдер базасының логикалық схемасын құрастырыңыз.

Әдістемелік нұсқаулар:

Бұл тақырыпты қарастыру барысында буржуазиялық саяси және құқықтық теориялар дамуының капитализмнің әрі қарай гүлденуін негіздеген әлеуметтік алғышарттарына тоқталу керек. Дегенмен де, ХІХ ғ. соңына қарай еркін бәсекелестік монополия үстемдігіне жол бере бастағанын ескерген жөн. Имперализмнің қалыптасуы әлеуметтік қайшылықтардың өткір шиеленісімен сипатталды. Марксизм ықпалы артты. Буржуазиялық мемлекет өзінің әлеуметтік-экономикалық әрекетін кеңейте отырып, қоғамдық өмірдің әртүрлі аймақтарына белсенді араласа бастайды. Бұның барлығы либералдықтан бастап реакциялыққа дейінгі әртүрлі буржуазиялық саяси-құқықтық теориялардың кең таралуын туындатты.

Аталмыш кезеңнің буржуазиялық саяси және құқықтық теориялары жеңіске жеткен таптың идеялары ретінде қалыптасқанын анық түсіну керек. Олар капиталистік қоғамның мемлекеттік мекемелері мен құқықтық жүйелерінің мызғымастығына сенімді. Сондықтан, саясаткерлер мен заңгерлер басты міндет ретінде әрекеттегі мемлекеттік механизмді (парламент, сот жүйесі, атқару билігі органдарын) зерттеу және олардың жалпы белгілерін анықтау деп түсінді. Құқыққа көзқарас та осы тәріздес еді. Тек мемлекетпен тағайындалған нормалар ғана құқық ретінде танылды. Құқық нысанының белгілері анықталынып, жалпы теоретикалық құқықтық конструкциялар қалыптастырылды.

Танымдық жағынан ХІХ ғ. екінші жартысындағы буржуазиялық саяси және құқықтық ілімдер метафизикалық әдістемені теріске шығарып, позитивизм негізінде дамыды. Мемлекет пен құқықтың позитивистік теориясы екі түрде көрініс тапқанын білу және түсіндіре алу керек. Біріншісі – заңдық позитивизм, әрекеттегі мемлекет механизмін зерттеумен, мемлекеттік мекемелер мен құқықтық жүйелердің белгілерін анықтаумен шектеледі. Өкілдері: Д.Остин, К.Бергбом, А.Эсмен, Г.Ф.Шершеневич. Екіншісі – әлеуметтік позитивизм, құқықты өзге әлеуметтік құбылыстармен тығыз байланыста қарастырады. Өкілдері ретінде Р.Иеринг, Г.Спенсер, Л.Гумпловичті атауға болады.

ХІХ ғ. екінші жартысындағы буржуазиялық теориялардың көптігіне және әртүрлілігіне қарамастан, студент олардың таптық тұрғыдағы жалпы идеялық бағытталғандығын көрсете білуге тиісті.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;73;106;109;113;136-148

 

№12. ХІХ ғ.- ХХ ғ. басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер

Сұрақнама:

  1. ХІХ ғ. І жартысындағы Ресейдегі саяси-құқықтық ойлар
  2. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Ресейдегі саяси-құқықтық ілімдер
  3. Большевиктердің саяси-құқықтық идеологиясы

Тапсырмалар:

1. Аталмыш тақырыпты оқулық, хрестоматия және қосымша әдебиеттерге сүйене отырып оқу және семинар сұрақтарына ауызша жауап беруге дайын болу

2. «ХІХ –ХХ ғғ. басындағы Ресейдегі саяси және құқықтық ойлардың басты бағыттары және олардың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша конспект дайындау. Әр бағыттың саяси-құқықтық мәселелерін ашу, көрнекті өкілдерін атау керек.

Әдістемелік нұсқаулар:

Бұл тақырыпта феодализмнің ыдырау үрдісін, капиталистік қатынастардың дамуын, Ресейдегі басыбайлыққа қарсы шаруа күресінің ұлғаюын, патша үкіметінің реакциялықтан либерализмге ауысуын көрсету маңызды. Міне осы тұрғыдан М.Сперанский жобасын, оның басыбайлыққа қатынасын, мемлекеттік биліктің мүмкін болатын құрылымына көзқарасын қарастыру қажет.

Дворян төңкерілісшілерінің, дворяндық қозғалыс идеологтары П..И. Пестель, Н..М. Муравьев жобалары Ресейдегі саяси-құқықтық ойлардың дамуының өзіндік кезеңі болып табылады. Бұнда олар ұсынған экономикалық, әлеуметтік және мемлекеттік қайта құрудың мазмұны мен мәнін игеру маңызды. П.Я. Чаадаевтің «филосрфиялық хаттары» төңірегінде болған дау барысында орыс қоғамдық-саяси ойлар батысшылар мен славянофилдер деген екі бағытқа бөлінді. Студент осы бағыттардың негізгі ережелерінің сипатын білуге тиісті.

Төңкерілісші демократтардың саяси-құқықтық ілімдерін зерттеу барысында А..И. Герценнің тек шаруа қауымы арқылы ғана социалистік құрылымға ауысуға болады деген көзқарасын ұғыну қажет. Социал-утопист Н.Г. Чернышевский өз идеалын жүзеге асыру жолы шаруа көтерілісі деп біледі. Олардың мемлекет пен құқық мәнін, ерекше белгілері, Ресейдегі құрылымның тарихи шектері мен сипаты, халықтың төңкерілістік күресіндегі мемлекет ролі туралы көзқарастарын да білу керек. Революционер –демократтардың Ресейдің саяси және құқықтық ойларын әрі қарай дамытуға тигізген ықпалын білген жөн.

ХІХғ. 60-70жж. Төңкерілістік халықшылардың саяси пікірлерін ұғыну барысында мемлекетті жоюды талап ететін М..А. Бакулин ілімін қарастыру керек. П. Л. Лавров концепциясын қарастырғанда, оның халықты төңкеріліске үгіт-насихат көмегімен дайындау керектігі туралы идеясын ескерген жөн. П. Н. Ткачевтің самодержавиеге, билік пен төңкерілісті жүзеге асыру нысандарына көзқарасын зерттеу керек.

Большевизмнің саяси-құқықтық идеологиясын оқу барысында Ресейде марксизмнің пайда болуына назар аудару керек. Ресейге 80ж. басында Г. В. Плеханов басқарған «еңбек азаттығы» маркстік тобы пайда болды. Олар халықшылардың саяси идеологиясына, ревизионизмге қарсы күрес жүргізді. Бірақ ол проретариат диктатурасын дұрыс бағаламады, шаруа ролін түсінбеді, буржуазия ролін жоғары бағалады. Осының бәрі оның меньшевиктік көзқарасын негіздеді. ХХ ғ. басында Ресей социал-демократиясында большевизм бағыты РСДРП ІІ съезінде құрылды. Оның көрнекті өкілдері В. И. Ленин, Н. И. Бухарин, И. В. Сталин.

Большевизмнің саяси-құқықтық идеяларын сипаттау үшін оның идеологтарын осы ережелерден қуат алғанын және оның мәндік кеңістігінде қалуды игі іс деп санағанын білу керек. Оның мысалы, пролеториат диктатурасы жүйесіндегі коммунистік партияның орны мен ролінің лениндік концепциясы. Большевиктік ой саяси конъюктураға тез бейімделді, дамып отырды.

Орыс либерализмі саяси-құқықтық концепциясымен танысу кезінде либералдық ойдың самодержавие мен басыбайлық дәстүріне қарсы тұру барысында пайда болғанын ұмытпау керек. Ресейдегі либералдық идеологияның басты белгісі оны буржуазиялық емес топтар: дворяндар, мемлекеттік шенеуіктер, профессорлар, журналистер дамытуы болып табылады. Оған эклектизм, синкретизм, компромистік, жартылық, төңкерілістік емес сипат тән. Либералистік доктринаның негізгі ережелерін: кәсіпкерлік еркіндігі мен жеке ынтаға сүйенген капитализм, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, қоғамның зайырлы сипаты, саяси плюрализм, жалпыға бірдей сайлау құқығы,парламент, конституциялық монархия немесе республика, «құқықтық мемлекет» және заңдылық режимі білу керек. Либералдық саяси-құқықтық ойдың негізі құқыққа құрметті тәрбиелеу болып табылады.

Либералдардың ірі өкілі юрист, әлеуметтанушы, тарихшы және қоғамдық қайраткер – Б. Н. Чичерин. Оның мемлекет пен құқыққа қатысты көзқарастарын зерттеу қажет.

ХІХ ғ. соңы – ХХғ. басында либералдық идеология шектеулі монархия және құқық пен құқықтық тәртіп мәселелерін қарастырды. Оның орталығын жеке психологиялық қасиеттері мен белгілері болатын тұлға құрайды. Осы кезеңде Ресейде заңдық ғылым қарқынды дамыды. Оның позитивистік құқық теориясы мен психологиялық құқық теориясы түрлерін білген жөн. заңдық позитивизм (С.В. Пахман, Г. П. Шершеневич) абсолюттік мемлекет қажеттілігіне қызмет етсе де, құқыққа құрмет қалыптастыру мен заңдылықты нығайтуға объективті ықпал етті. Әлуметтік позитивизм (С. А. Муромцев, М. М. Ковалевский) күрделі қоғамдық процестерді түсіндіріп, мемлекет, құқық, саясатты өзге әлеуметтік құбылыстармен байланыстыра қарастырды.

Ресейде ХІХғ. ІІ жартысында психологиялық ой дамыды. Құқықтың психологиялық аспектілерін қарауға Н. М. Коркунов үлкен үлес қосты. Дегенмен психологиялық теория мен құқық мектебін жасауда Л. И. Петражицкий көп еңбек сіңірді.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;32;41;52;68;73;83;87;101;106;115;

117;128;134;136-148

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1350 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2279 - | 2102 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.