Иммануил Канттың құқық және мемлекет туралы ілімдері. «Қатаң императив». «Құқықтық азаматтық қоғам» идеясы. Тең құқылы республикалардың дүниежүзілік федерациясы идеясы. Мәңгі бейбітшілік жобасы. «Мәңгі бейбітшілікке».
Г.В.Ф.Гегельдің құқық және мемлекет туралы ілімдері. «Құқық философиясы». Құқық түсінігі және оның даму сатылары. Биліктің бөлінуі және органикалық бірлігі концепциясы. Гегель халықаралық құқық, соғысжәне бейбітшілік туралы.
Құқықтың тарихи мектебі. Г.Гуго. Ф.К.Савиньи. Г.Пухта. Құқықтың стихиялы дамуы. Рух, халық санасы және құқық. Тіл және құқық.
Иммануил Кант (1724—1804) — классикалық неміс философиясының көшбастаушысы және құқьіқтың казіргі теориясындағы іргелі бағыттың бірінің негізін қалаушы.
Кант философиясы танымның эмпирикалық (тәжірибелік) априорлық (тәжірибеге дейін немесе онан тыс) түрлерін бір-біріне қарсы қоюға негізделеді.
Адамның жүріс-тұрыс әрекетінің мәселелерін қарастыратын Канттың практикалық философиясы өзге ұстанымдағы қағидаларға сүйенді. Оның практикалық философиясының құрамдас бөліктері — этикасы мен құқық туралы іліміндегі негізгі рөл априорлы идеяларға тиесілі. Канттың пікірінше, егер табиғатты тану барысында "ақиқаттың негізгі кайнар көзі тәжірибе" болса, ал адамгершіліктің заңдылықтарын адамдардың арасында болатын қатынастардан туындатып шығару мүмкін емес. Жаратылыстану ғылымдарындағы сиякты мораль мен құқықтың теориясын калыптастыруға болмайды. Моральдық философияның міндеті ақыл-ойға сүйене отырьп адамның өзінің эмпирикалық өмір сүруІнде ұстанатын жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережелерін көрсетіп беру болып табылады.
Кант рационализмінің тағы бір ерекшелігі философтың адамгершілік пен құқықты теориялық білім қатарынан шығарудан бас тартуымен сипатталады. Бұл тұрғыдан алғанда Руссо негізінен қалаған демократиялық дәстүрді жалғастырды.
Канттың құқықтық теориясы этикамен тығыз байланысты. Құқық пен моральдың арақатынасын қарастыра отырып, Кант құқықтық заңдарды адамгершіліктің алғашқы сатысы ретінде қарастырады.
Канттың анықтамасы бойынша құқық — бұл еркіндіктің жалпыға ортақ заңы тұрғысында жеке адамның еркі өзгелердің еркіне қайшы келмейтін шарттардың жиынтығы.
Әлсуметтік-саяси құбылыстарды түсіндірудің априорлы принципіне сай Кант мемлекеттің шығу тегі жөніндегі мәселемен айналысудан бас тартты. Табиғи құқық концепцияларына тән мемлекеттің қоғамдық келісім жолымен орнау мәселесіне келгенде ол тек ақыл-ойдың идеясына ғана ие.
Саяси теорияның қалыптасуындағы Канттың үлесі оның құқықтық мемлекет туралы қазіргі ілімдердің негізгі идеялары мен принциптерін орнықтыруымен сипатталады.
Тұрақты құқықтық тәртіптің кепілі болатын мемлекет, Канттың пікірінше, қоғамдық шарт және халық егеменділігі бастауларына негізделіп құрылуы тиіс. Ол заң билігін халықтың жүзеге асыруы азаматтардың арасында құқық теңсіздігіне әкелетін заң кабылдауға жол бермейді деген Руссоның пікірімен келіседі. Алаида Канттың халық егемендігі туралы пікірі шектеулі сипатта болды, Руссодағы халық билігін oл парламенттегі халық өкілеттілігімен алмастырады.
Кант мемлекеттегі үш басты органды — заң шығарушы (парламент), оны атқарушы (өкімет) және қорғаушы (сот) деп бөледі. Ойшыл Германияның болашақ құрылымын конституциялык монархия түрінде елестетті.
Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің (1770—1831) философиялық ілімі классикалық неміс идеализмі дамуының ең жоғарғы сатысы болып табылады. Оның негізгі шығармалары — "Рух феноменологиясы" (1807), "Логика ғылымы" (1812—1816). "Философиялық ғылымдар энциклопедиясы" (1817).
Оның философиясының негізгі категориясы — абсолюттік идея. Абсолюттік идея ашылуының бірінші этапы — ең жалған, абстрактылы ұйымдардан нақты, алуан түрлі және көпқырлы ұғымдарға қарай дамуы. Абсолюттік идеяның өзіндік қозғалысының екінші этапы — оның өзі табиғатқа сіңуі. Абсолюттік идея ашылуының үшінші кезеңі — оның қалыптастырған табиғат арқылы өзіне қайта оралуы. Табиғат төменгі формадан жоғары формаға карай дами отырып, рухқа қарай өрлейді және рухта абсолюттік идеямен қайта қосылады.
Абсолюттік идея дамуының үш кезеңіне сөйкес Гегель ілімінде білімдер жүйесі үш бөлімнен тұрады:
1. Логика — ұғымдардың дамуы.
2. Табиғат философиясы
3. Рух философиясы
Мемлекет және құқықтың барлық мәселелерін Гегель рух философиясына жатқызады. Ол өз кезегінде үш бөлімге бөлінеді:
A. Субъективті рух (антропология (жан тәні сезінуінің субстанциясы ретінде); феноменология (жаннын санаға айналуы); психология (жаннын теориялық жөне практикалық қабілеттері);
Б. Объективті рух (абстракциялық құқық; мораль; адамгершілік);
B. Абсолюттік рух (эстетика; дін; филосктофия).
Субъективті рухтың объективтілікпен синтезі абсолюттік рухқа әкеледі.
Гегельдің коғамдық позициясы конституциялық құқыққа байланысты көзқарастарымен де айқындалады. Кант сияқты ол да биліктің бөлінуін еркіндіктің кепілі деп есептегенімен бұл принцип Гегельде өзгеше талданады. Сот билігін ол жеке емес, өкіметтік немесе атқарушы биліктің құрамдас белігі ретінде карастырады. Гегель заң шығарушы, өкіметтік және корольдік биліктерді бөліп көрсетеді, онын үстіне соңғысын бүкіл осы жүйенің негізі және шыңы ретінде сипаттайды. Корольдік билік қалған екі билікті біріктіреді және тұтастық ретіндегі мемлекеттің айнасы болып табылады. Гегель монархизмнің идеологы ретінде конститупиялық монархияны әлемдік рухтың көрінісі ретінде пайымдайды. Мұрагерлік монархия сайламалыға қарағанда табиғи және көпшіліктің билігімен салыстырғанда басқарудың ақылды формасы.
Германияда құқықтың тарихи мектебі XVIII ғасырдың аяғында пайда болды.
Бұл мектептің негізін қалаушы Геттинген университегінің профессоры Густав Гуго (1764—1844) болды. Г. Гугоның идеялары Берлин унинсрситетінің профессоры Карл Фридрих Савиньидің (1779—1861) XIX ғасырдың 40 жылдары басылып шыққан алты томдық "Қазіргі рим құқығы жүйесі" еңбегінде жалғасын тапты. Бұл кезеңде Германияда сакталып қалған феодалдық тәртіптер жеке капиталистік меншікке негізделген катынастардың дамуына кедергі келтірді. Осы кайшылықты шешуге ұмтылған неміс зангері Тибо өзінің "Германия үшін жалпыға ортақ азаматтық құкықтық кажеттілігі" деген мақаласында феодалдық әдептерді ығыстыратын біртұтас азаматтық кодекс құруды ұсынды.
Құқықты халық сенімінің көрінісі ретінде жариялай отырып, Савиньи құқықты даярлаудан заңгерлердің рөлін де теріске шығармайды. Ғылыми тұрғыдан алғанда тарихи мектеп мемлекет және құқықты зерттеуге позитивті үлес қосты.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;50;61;62;106;128;136-148.