Саяси және құқықтық идеологияның негізгі бағыттарының жалпы сипаттамасы.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы либерализмнің саяси-құқықтық идеологиясының негізгі белгілері.
Бенджамин Констан (Франция) саяси-құқықтық көзқарастары. Мемлекет және тұлға бостандығы. Билік жүйесіндегі бөліну және тең салмақтылық.
Иеремии Бентамның (Англия) саяси және құқықтық идеялары. Табиғи құқық және мемлекеттің келісім негізінде пайда болуы теориясын утилитарлы-эмпирикалық сынау. Өкілді демократия концепциясы.
Либерализмнің неміс идеологы Л.Штейннің саяси-құқықтық ілімдері. Қоғам мен мемлекеттің арақатынасы. Билік бөлісу жүйесіндегі «таптан тыс» конституциялық монархия.
Утопистік социализм өкілдерінің саяси және құқықтық көзқарастары. Клод Анри де Рувруа Сен-Симонның саяси және құқықтық ілімдері. Франссуа Мари Шарль Фурьенің әлеуметтік-саяси даму концепциясы. Роберт Оуэн азаматтар тәрбиесі және заңнаманы жетілдіру планетаны саяси-құқықтық қайта құру құралы ретінде.
Француз либерализмінің негізін қалаушының бірі ғалым және саяси қайраткер Бенжамен Анри Констан де (1767-—1830).
Констан адамдар еркін болса өз өмірін дербес және саналы түрде өткізе алады деп сенеді. Олар қандай да бір тұлғадан тыс күштің ықпалынсыз өздерінің индивидуалдық күш-жігерінің есебінен өзіне лайықты өмір сүруге қабілетті. Осы көзкарастарға сүйене отырып, сонынан жалпы күдіретті халық егеменділігінің қажеттілігі туралы руссоистік тезиске түзету енгізеді. Оның шекарасы "жеке адамның дербестігі мен өмірінің" басталатын жерінен аякталуы тиіс.
Алайда, Констан мемлекеттің әлсіз болуын қалайтын либералдардың қатарына жатпайды. Ол билік институттарының әлеуметтік пайдалылығының нақты шараларын қатаң анықтауға, одардың компетенцияларының шекараларын дәл бекітуге ынталы. Қазіргі мемлекет Констанның ойынша, формасы жағынан конституциялық монархия болуы қажет.
Индивидуалдық еркіндіктің кепілі ретінде баспасөз бостандығына сүйсінген коғамдық пікірмен және жалпы қоғаммен кадағаланатын мемлекеттік билік институттарымен қатар құқық маңызды рөлге ие болады. Бұл — Констанның мызғымас ұстанымы. Құқық өзінің бүкіл болмысымен еркіншілдікке қарсы тұрады. Кұқыктық нысандар "адамзат қоғамының желеп-жебеуші періштелері", "адамдар арасындағы қатынастардың жалғыз мүмкін болатын негізі". Әлеуметтік болмыстың тәсілі ретіндегі құқықтың түбірлІ мәні құқықты сақтауды саяси институттар кызметінің негізгі міндетіне айналдырады.
Ағылшын либерализмінің ең көрнскті өкілінің бірі Иеремия Бентам (1746—1832) утилитаризм("utilitas''-пайда) теориясының негізін қалады.
Бентам да Гоббс сиякты құқықты сувереннің (егеменнің) еркінің көрінісі деп есептеді. Құқық — бұл мемлекеттің бекіткен және санкциялармен қамтамасыз етілген бұйрықтар мен тыйымдар.
Мемлкеттік биліктің ұйымдасуы мәселесіне келгенде Бентам демократиялық позицияны ұстанды. Бұл оның либерализмін күшейтіп нығайтты. Ол монархия мсн мұрагерлік аристократияны сынады да, негізгі үш билік тармағы бөлінуге тиіс болатын мемлекеттің республикалық құрылымын қолдады. Бірак, Бентам бұл билік тармақтары өздерінен-өздері өмір сүріп, бір-бірінен тәуелсіз әрекет етуін қолдамады. Бентам олардың корпорациясын бір-бірімен өзара әрекетте болуын қалады, өйткені "осы өзара байланыс олардың бір-бірімен келісімге келуіне, тұрақты ережелерге бағынуына жағдай жасайды және жүйелі түрде үздіксіз қызмет етуге мүмкіндік береді. Егер биліктер мүлдем тәуелсіз болса, онда олардың арасында үнемі қақтығыстар болып отырар еді". Бентам Англияда бір палаталы парламент жүйесін енгізуді және лордтар палатасын таратуды ұсынады.
Бентамның бірқатар идеялары XIX—XX ғасырлардағы саяси-құқықтық ойдың дамуына ықпал етті. Мысалы, оның ұсынған заң шығарушылық және әлеуметтік мақсат пен мүдделер балансының арақатынасы мәселесі құқықтың әлеуметтік мектебінің қалыптасуына алып келді. Екінші жағынан, Бентамның қарастырған табиғи құқық және заң арақатынасы мәселесі құқықтың заңгерлік-позитивистік мектебі құрылуының алғышарты болды.
XIX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында либералдар буржуазиялық тәртіптерді (жеке меншік, кәсіпкерлік еркіндігі, бәсекелестік және т.б.) дәріптеп жаткан тұста Батыс Европада бұл тәртіптерді аяусыз сынға алып, қанаушылықтан кұтқаратын қоғамның жобаларын ұсынған ілімдер де пайда болды. Капиталистік қоғамның қайшылықтарын ашып әлеуметтік теңсіздікке, әділеітілік пен еркіндікке негізделген қоғам туралы ілімнің — утопиялық социализмнің классиктері қатарына Сен-Симон, Ш. Фурье және Р. Оуэн жатады.
Анри дс Сен-Симонның (1760—1825) мемлекет және құқыққа көзқарасы оның тарихи прогресс концепциясымен анықталады. Оның пікірінше адамзат қоғамы бір кезеңнен екіншісіне өте отырып, өзінің "алтын ғасырына" ұмтылады.
Тарихтың позитивті кезеңіне индустриализм жүйесін (экономиканы талантты өнеркәсіпкерлердің басқаруы) енгізу дәстүрлі мемлекеттік-құқықтық нысандарды бұзуды қажет етпейді. Монарх институты, өкімет (министрліктер) және әкімдік мекемелер сақталады. Бірақ, бүкіл зайырлы билік жаңадан құрылған парламент — өнеркәсіпшілер Кеңесіне шоғырланады. Сен-Симоінның пікірінше, жеке меншіктік қатынастар индустриализм жүйесімен толық сыйыса алады. Бірақ Сен-Симон тек өнеркәсіпшілер тобының ғана емес, бүкіл халықтың экономикалық мүддесінің жақтаушысы болды.
Шарль Фурье (1772—1837). Ш.Фурье төрт козғалыстың (материалдық, органикалық, жануарлық және әлеуметтік) ұқсастығын және олардың негізі — "тартылыстың жалпы негізгі заңдылығын" таптым деп есептеді. Қоғамда бұл универсалды заңдылық адамдардың әр алуан құмарлықтарының ойыны арқылы әрекет етеді. Осы құмарлықтарды тауып, сипаттап жіктеу жаңа әлеуметтік тәртіптерді енгізуді қамтамасыз етуге қабілетті оңтайлы құралды табуды, қазіргі қоғамды радикалды түзетудің жалғыз жолын білдіреді. Тарихтың үдемелі дамуы ол қоғамның келуін жакындатады.
Ірі ағылшын социалисі Роберт Оуэн (1771—J858) өнеркәсіптік төңкеріс және оның салдарынан туған таптық қақтығыстар дәуірінде өмір сүрді. Бұл оның реформаторлық көзқарасына ықпал етті. Оның көзқарастар жүйесіндегі негізгі орынды адамдардың мінез-құлқы туралы шешім алады. Оуэннің пікірінше, адамның мінез-құлқы индивидтің табиғи ұйымдасуы мен оны қоршаған ортаның өзара әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Өмірде орын алған капиталистік қатынастар сыртқы ортаның факторы ретінде қазіргі адам өміріндегі қараңғылық, надандық, зұлымдық, мешкейлік сияқты барлық күнәһарлықтар үшін жауапты. Бүкіл әлеуметтік зұлымдықтардың негізгі көзі — жеке меншік. Р. Оуэн Сен-Симон мен Фурьеге қарағанда жеке меншіктік қатынастар құрылысына батыл қарсы шықты.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;78;80106;109;136-148.