БҚО Зеленов ауданы Рубежка кенті
Коммунисттік көшесі, 14 үй
жұмыс істемейді, бұрын сотталмаған
В.В. Кузнецов 20__ жылдың 25. 04. Зеленов ауданының Рубежка кентінде болған кезінде Заводская көшесіндегі азаматша А.В. Сидороваға тиесілі №45 үйдің сарайына жасырынып кіріп, үш тауық ұрлап, артынан қылмыс орнынан жасырынған.
20__ жылдың 28.04. күні В.В. Кузнецов өзі ұрлаған үш тауықты Даринское ауылының тұрғыны А.В. Воронцовқа 5000 теңгеге сатады, мұны соңғы аталған тұлғаның жауабы растайды.
1. Күдікті күнәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалды келісімге байланысты барлық шарттар мен талаптармен танысты.
2. Жәбірлеу және өзгеде адами емес қатаң немесе адам намысын таптайтын қатынастар немесе жазалауға ұшыраған жоқ және бірігәп жұмыс істеу туралы процессуалды келісімді өз еркімен жасады әрі оның құқықтық әсерін түсінеді.
Күдікті Кузнецов В.В.
_____________________ (қолы)
Күдікті В.В. Кузнецов міндетіне алады:
а) құқық қорғау органдарымен құқық бұзушылықты ашу және тергеу бойынша бірігіп жұмыс істеуді;
б) қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты жағдайларды анықтау барысында қылмыстық іс жүргізуді тексеруге көмектесуді
в) қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, сол сияқты экстремистік және террористік қылмыстарды ашу мен тергеуге болысуды
г) басқа жағдайлар: _________________________________________________________________
3. Тараптар жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты босату туралы ҚР ҚПК 476 бабы 1 тарауының 5 бөлімін қолдануға (ҚР ҚК 72 бабы), жазаның өтелмеген бір бөлігін жазаның жеңіл түрімен ауыстыруға немесе тағайындалған жазаның мерзімін қысқартуға (ҚР ҚК 73 бабы) келіседі.
Ұсыныспен келісемін:
Күдікті В.В.Кузнецов
_____________________ (қолы)
Күдікті В.В.Кузнецовтың процессуалды келісімнен бас тартуға құқығы бар. Тараптардың процессуалды келісім жасаудан бас тартуы ҚР ҚПК 614 бабының 3 және 4 бөлімдеріне сай қайта келісім жасау туралы өтініш беруіне кедергі жасамайды.
Күдікті В.В.Кузнецов _____________________ (қолы)
4. Күдікті В.В. Кузнецов осы келісім аясында басқа тараптың міндеттерді орындауы, толығымен өзінің Заңды және осы жасалған келісімнің кез-келген ережесін сақтауына байланысты екенін түсінеді.
Күнәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалды келісім орындалмаған жағдайда прокурор ҚР ҚПК көрсетілген тәртіппен қылмыстық жауапкершіліке тартуға болатын мерзім ішінде сотқа үкімді өзгерту және қылмыстық іс жүргізуді жалпы тәртіппен қарастыру туралы өтініш беруге құқылы.
5. Күдікті В.В. Кузнецов келісіміді қасақана орындамаудың ҚР ҚК 419 бабына сай өзін қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатынын түсінеді.
Келісім 20__ жылдың «18» мамырында 3 данамен жасалды (1-данасы айыптау актісіне қосылып, сотқа жіберіледі, 2-данасы прокурорға, 3-данасы күдіктіге (күдіктіге) жіберіледі).
Тараптар:
Солтүстік Қазақстан облысының
Прокуроры
аға әділет кеңесшісі (қол) А.В. Попов
Күдікті (қол) В.В. Кузнецов
Келісім күдіктінің қорғаушысының қатысуымен жасалды
Қорғаушы (қол) А.А.Сергеев
Тәркілеу туралы іс жүргізуге материалдар бөлу туралы
ҚАУЛЫ
"15" мамыр 20__ ж. Переметное кенті
БҚО ІІД ТБ тергеушісі полиция капитаны А.В. Иванов № 14270001100057 қылмыстық ісін қарап шығып,
АНЫҚТАҒАНЫ:
В.В. Кузнецов 20__ жылдың 25. 04. Зеленов ауданының Рубежка кентінде болған кезінде Заводская көшесіндегі азамат А.В. Сидороваға тиесілі №45 үйдің сарайына жасырынып кіріп, үш тауықты ұрлап, артынан қылмыс орнынан жасырынған.
20__ жылдың 28.04. күні В.В. Кузнецов өзі ұрлаған үш тауықты Дарьинское ауылының тұрғыны А.В. Воронцовқа 5000 теңгеге сатады, мұны соңғы аталған тұлғаның жауабы растайды.
Тергеуге ұрланған заттардың қайда тұрғаны, сонымен қатар оның иесінің А.В. Сидорова екені, осыған қарамастан күдікті В.В. Кузнецов қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүргені тергеуге белгілі екенін ескеріп,
баяндалғандардың негізінде ҚР ҚПК 198, 667 бабтарына сүйеніп
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Тәркілеу жасау үшін ҚР ҚК 188 бабының 1 бөлімінде көрсетілген қылмыстардың белгілеріне № 14270001100057 қылмыстық ісінің материалдарын жатқызу
2. Осы қаулының көшірмесін прокурорға жіберу.
3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлау.
БҚО ІІД ТБ тергеушісі
полиция капитаны (қолы) И.С. Иванов
Мүлікті тәркілеуді жүргізу қажеттілігі туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
"20" қыркүйек 20__ ж. Өскемен қаласы
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ тергеушісі полиция капитаны С.П. Качалов тәркілеу туралы материалдарды қарап, тәркілеу туралы іс жүргізуде мүліктің заңсыз жолмен алынғаны жөнінде жеткілікті дәлелдемелердің жиналғанын танып, ҚР ҚПК-нің 668-бабын басшылыққа алып, осы төмендегілер туралы қорытынды жасады.
Никонов Александр Иванович, 27.02.1986 ж.т., Киров қаласы, Республика даңғылы, 26-үй, 13-пәтер мекенжайы бойынша тұрады.
20__ жылы 3 тамызда шамамен 23 сағатта кілттерді таңдап алу арқылы Киров қаласы Комсомольская көш., 36 – 98 мекенжайы бойынша орналасқан пәтерге заңсыз кіріп, аз. Д.К. Сулейменовтен 430.000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражатты жасырын ұрлап, осыдан кейін құқық бұзушылық жасаған жерден жасырынған.
20__ жылы 4-7 тамыз кезеңінде А.И. Никонов ұрланған ақшалай қаражат есебінен «Планета электроники» дүкенінен жеке меншігіне құны 150.000 теңге тұратын «HP» маркалы дербес компьютер және құны 200.000 теңге тұратын «Panasonik» маркалы телевизор сатып алған, қазіргі уақытта олар оның тұрғылықты тұратын жерінде орналасқан.
Қылмыстық қудалау жүргізу барысында А.И. Никоновтың жеке меншігінде тәркіленуге жататын «HP» маркалы дербес компьютер мен «Panasonik» маркалы телевизор бар екені, олардың оның тұрғылықты тұратын жері Киров қаласы, Республика даңғылы, 26-үй, 13-пәтер мекенжайы бойынша тұрағаны анықталды.
Тәркілеу үшін негіз болатын көрсетілген мүліктің күдікті
А.И. Никоновқа жататынын және оның қылмысқа қатыстылығын растайтын дәлелдемелерді мына нақты деректер құрайды: күдікті А.И. Никоновтың мойындау жауаптары, куәлар А.Х. Хасенов пен С.К. Завьяловтың Никоновтың ұзақ уақыт тұрақты жұмыс орнының болмағаны, сонымен бірге ол 20__ жылы 4-7 тамыз кезеңінде дербес компьютер мен телевизор сатып алғаны, яғни аз. Д.К. Сүлейменовтен ақшалай қаражатты ұрлағаннан кейін сатып алғаны туралы жауаптары.
Жазылғандардың негізінде аз. Д.К. Сүлейменовке келтірілген материалдық зиянты өтеуге шаралар қабылдау мақсатында аз. Александр Иванович Никоновқа тиесілі мүлікті тәркілеу туралы өтінішпен Киров қаласы Карагужин ауданының сотына жүгіну қажет.
Осы қорытынды Киров қаласы Карагужин ауданының прокурорына жіберілуге жатады.
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ тергеушісі
полиция капитаны (қолы) С.П. Качалов
Тәркілеу туралы өтінішті қозғау туралы
ҚАУЛЫ
"23" қыркүйек 20__ ж. Киров қаласы
Өскемен гарнизонының әскери прокуроры әділет кеңесшісі
К.Ж. Нурмагамбетов№15450998000035 қылмыстық іс материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
20__ жылы 3 тамызда шамамен 23 сағатта кілттерді таңдап алу арқылы Киров қаласы Комсомольская көш., 36 – 98 мекенжайы бойынша орналасқан пәтерге заңсыз кіріп, аз. Д.К. Сүлейменовтен 430.000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражатты жасырын ұрлап, осыдан кейін құқық бұзушылық жасаған жерден жасырынған.
20__ жылы 4-7 тамыз кезеңінде А.И. Никонов ұрланған ақшалай қаражат есебінен «Планета электроники» дүкенінен жеке меншігіне құны 150.000 теңге тұратын «HP» маркалы дербес компьютер және құны 200.000 теңге тұратын «Panasonik» маркалы телевизор сатып алған, қазіргі уақытта олар оның тұрғылықты тұратын жерінде орналасқан.
Қылмыстық қудалау жүргізу барысында А.И. Никоновтың жеке меншігінде тәркіленуге жататын «HP» маркалы дербес компьютер мен «Panasonik» маркалы телевизор бар екені, олардың оның тұрғылықты тұратын жері Киров қаласы, Республика даңғылы, 26-үй, 13-пәтер мекенжайы бойынша тұрағаны анықталды.
Тәркілеу үшін негіз болатын көрсетілген мүліктің күдікті
А.И. Никоновқа жататынын және оның қылмысқа қатыстылығын растайтын дәлелдемелерді мына нақты деректер құрайды: күдікті А.И. Никоновтың мойындау жауаптары, куәлар А.Х. Хасенов пен С.К. Завьяловтың Никоновтың ұзақ уақыт тұрақты жұмыс орнының болмағаны, сонымен бірге ол 20__ жылы 4-7 тамыз кезеңінде дербес компьютер мен телевизор сатып алғаны, яғни аз. Д.К. Сүлейменовтен ақшалай қаражатты ұрлағаннан кейін сатып алғаны туралы жауаптары.
Сонымен, аз. Д.К. Сүлейменовке келтірілген материалдық зиянты өтеу мақсатында ҚР ҚПК-нің 193, 668-баптарын басшылыққа алып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен көзделген қылмыс жасағаны үшін күдікті Александр Иванович Никоновтың мүлкін тәркілеу туралы өтініш Өскемен гарнизонының әскери сотына жіберілсін.
2. Қабылданған шешім туралы қорғаушыға, жәбірленушіге хабарлансын.
Өскемен гарнизонының
әскери прокуроры
әділет кеңесшісі (қолы) К. Нұрмағамбетов
шығ. №2-1987-56/87
09.10.20__ жыл
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Катонқарағай ауылы
Рыков көш., 63,
М.К.Елубаевқа
ШығысҚазақстан облысы
Өскемен қаласы
Орджоникидзе көш., 45-15
О.В.Слоновқа
Хабарландыру
ҚР ҚПК-нің 294-бабына сәйкес Бірыңғай тізілімде 07.10.20__ жылы№23559 тіркелген №15631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша күдікті В.А.Липенскийге қатысты алдын ала тергеу іс жүргізуі аяқталғанын және қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілуге жатады.
Бір мезгілде Сізге қылмыстық іс материалдарымен танысу, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу не басқа да процестік шешімдер қабылдау туралы өтініштер мәлімдеу құқығыңызды түсіндіреміз.
Осыған байланысты, Сізге 10.10.20__ жылы сағат 10.00-ге дейін №15631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен жәбірленуші ретінде танысу үшін Өскемен қаласы ІІБ Ертіс полиция бөлімінің ТБ №313 кабинетіне келу қажет.
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ
тергеушісі
полиция капитаны (қолы) А.Г.Асетханова
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен жәбірленушіні таныстыру
ХАТТАМАСЫ
10.10.20__ ж.Өскемен қаласы
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ тергеушісі полиция капитаны
А.Г. Асетханова Өскемен қаласы ІІБ Ертіс полиция бөлімінің ТБ үй-жайында №313 кабинетінде ҚПК-нің 71, 295-баптарының талаптарын сақтай отырып, жәбірленуші Мади Кенжебекұлы Елубаевқа №13631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын 94 парақтан тұратын бір томда тігілген және нөмірленген түрінде таныстыру үшін көрсетті.
Материалдармен таныстыру басталды:
10 сағат 00 минут, 10.10.20__ жылы.
Таныстыру аяқталды:
10 сағат 30 минут, 10.10.20__ жылы.
Жәбірленуші сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысқаннан кейін, ол тергеулі толықтыру туралы және нақты немен толықтыру туралы өтініш білдіре ме деген сұраққа жәбірленуші былай мәлімдеді:
04.06.1994 ж.т. Виктор Александрович Липенскийді ҚР ҚК-нің
188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасады деп айыптау бойынша №13631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстым, мәлімдемелер, шағымдар мен өтініштер жоқ.
Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, дұрыс жазылды, ескертулер жоқ.
Жәбірленуші:
10.10.20__ жыл
(қолы) М.К.Елубаев
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ
тергеушісі
полиция капитаны (қолы) А.Г. Асетханова
Жәбірленушіні және оның өкілін
сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстыру
ХАТТАМАСЫ
10.10.20__ ж. Өскемен қаласы
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ тергеушісі полиция капитаны
А.Г. Асетханова Өскемен қаласы ІІБ Ертіс полиция бөлімінің ТБ үй-жайында №313 кабинетінде ҚПК-нің 71, 295-баптарының талаптарын сақтай отырып, жәбірленуші Олег Викторович Слоновқа және оның заңды өкілі – Светлана Николаевна Слоноваға №13631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын 94 парақтан тұратын бір томда тігілген және нөмірленген түрінде таныстыру үшін көрсетті.
Материалдармен таныстыру басталды:
10 сағат 40 минут, 10.10.20__ жылы.
Таныстыру аяқталды:
10 сағат 55 минут, 10.10.20__ жылы.
Жәбірленуші сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысқаннан кейін, ол тергеулі толықтыру туралы және нақты немен толықтыру туралы өтініш білдіре ме деген сұраққа жәбірленуші В.В. Слонов былай мәлімдеді:
04.06.1994 ж.т. Виктор Александрович Липенскийді ҚР ҚК-нің
188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасады деп айыптау бойынша №13631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстым, мәлімдемелер, шағымдар мен өтініштер жоқ.
Жәбірленуші өкілі – С.Н. Слонова былай мәлімдеді:
04.06.1994 ж.т. Виктор Александрович Липенскийді ҚР ҚК-нің
188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасады деп айыптау бойынша №13631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстым, мәлімдемелер, шағымдар мен өтініштер жоқ.
Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, дұрыс жазылды, ескертулер жоқ.
Жәбірленуші: 10.10.20__ жыл
(қолы) О.В.Слонов
Жәбірленушінің өкілі: 10.10.20__жыл
(қолы) С.Н.Слонова
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ
тергеушісі
полиция капитаны (қолы) А.Г.Асетханова
шығ. №2-1997-12/115
09.10.20__ жыл
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Виноградов 12-63
В.А.Липенский
ШығысҚазақстан облысы
Адвокаттар алқасының
Адвокату
И.И.Ивановқа
Хабарландыру
ҚР ҚПК-нің 294-бабына сәйкес Бірыңғай тізілімде 07.10.20__ жылы№23559 тіркелген №15631003103706 сотқа дейінгі тіркеп-тексеру материалдары бойынша күдікті В.А.Липенскийге қатысты алдын ала тергеу іс жүргізуі аяқталғанын және қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілуге жатады.
Бір мезгілде Сізге қылмыстық іс материалдарымен танысу, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу не басқа да процестік шешімдер қабылдау туралы өтініштер мәлімдеу құқығыңызды түсіндіреміз.
Осыған байланысты, Сізге 10.10.20__ жылы сағат 11.00-ге қарай №15631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен күдікті ретінде танысу үшін Өскемен қаласы ІІБ Ертіс полиция бөлімінің ТБ №313 кабинетіне келу қажет.
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ
тергеушісі
полиция капитаны (қолы) А.Г.Асетханова
Күдіктіні және оның қорғаушысын
сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстыру
ХАТТАМАСЫ
10.10.20__ ж. Өскемен қаласы
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ тергеушісі полиция капитаны
А.Г. Асетханова Өскемен қаласы ІІБ Ертіс полиция бөлімінің ТБ ұй-жайында №313 кабинетінде ҚПК-нің 113, 294, 296-баптарының талаптарын сақтай отырып, күдікті В.А. Липенскийге және оның қорғаушысы И.И. Ивановқа ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасады деп айыптау ісінің барлық материалдарын 94 парақтан тұратын бір томда тігілген және нөмірленген түрінде таныстыру үшін көрсетті.
Таныстыруды бастау алдында күдіктіге және оның қорғаушысына ҚР КПК-нің 64, 296-баптарында көзделген құқықтар түсіндірілді, оның ішінде, олар кез келген мәліметтерді және кез келген көлемде жазып алуға, құжаттардан көшірмелер жасауға, оның ішінде техникалық құралдар арқылы көшірме жасауға құқылы.
Күдікті В.А. Липенский мен оның қорғаушысы И.И. Иванов іс материалдарымен бірге танысты.
Материалдармен таныстыру басталды:
11 сағат 00 минут, 10.10.20__ жылы.
Таныстыру аяқталды:
11 сағат 40 минут, 10.10.20__ жылы.
Күдікті мен оның қорғаушысыіс материалдарымен танысқаннан кейін, олар тергеулі толықтыру туралы және нақты немен толықтыру туралы өтініш білдіреме деген сұраққа күдікті В.А. Липенский және оның қорғаушысы
И.И. Иванов былай мәлімдеді:
№13631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстық, мәлімдемелер, шағымдар мен өтініштер жоқ.
Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, дұрыс жазылды, ескертулер жоқ.
Күдікті: 10.10.20__ жылы
(қолы) А.В.Липенский
Қорғаушы: 10.10.20__жылы
(қолы) И.И.Иванов
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ
тергеушісі
полиция капитаны (қолы) А.Г.Асетханова
«БЕКІТЕМІН»
Өскемен гарнизонының
әскери прокуроры
әділет кеңесшісі
_________ К.Ж. Нұрмағамбетов
«10» қазан 20__ ж.
Күдіктіні және оның қорғаушысын іс материалдарымен таныстыру
КЕСТЕСІ
"09"қазан 20__ Ж. Өскемен қаласы
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ тергеушісі полиция капитаны
А.Г. Асетханова Карагужин ауданының ІІБ ғимаратында №31 кабинетте ҚП ҚПК-нің 296-бабының талаптарын сақтай отырып, № 13450998000035 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен, іс материалдарымен бастапқы танысу сәтінен бастап күн сайын 100 парақ есебінен осы таныстыру кестесін құрды,
«11» қазан 20__ ж. 1-ші томның 1-100 парақтары (сағат 9.00-ден сағат 13.00-ге дейін);
«12» қазан 20__ ж.: 1-ші томның 101-180 парақтары, 2-ші томның 1-20 парақтары (сағат 15.00-ден сағат 19.00-ге дейін);
«13» қазан 20__ ж.: 2-ші томның 21-120 парақтары (сағат 9.00-ден сағат 13.00-ге дейін);
«14» қазан 20__ ж.: 2-ші томның 121-180 парақтары; 3-ші томның 1-40 парақтары (сағат 15.00-ден сағат 19.00-ге дейін);
іс материалдарымен танысу 14 қазан 20__ ж. аяқталады (сағат 19.00-де).
Кестені құрған:
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ
тергеушісі
полиция капитаны (қолы) А.Г.Асетханова
Күдіктінің өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы
ҚАУЛЫ
"1"қазан 20__ ж. Өскемен қаласы
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ тергеушісі полиция капитаны
А.Г. Асетханова № 13450998000035 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
20__ жылы 3 тамызда шамамен 23 сағатта кілттерді таңдап алу арқылы Киров қаласы Комсомольская көш., 36 – 98 мекенжайы бойынша орналасқан пәтерге заңсыз кіріп, аз. Д.К. Сүлейменовтен 430.000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражатты жасырын ұрлап, осыдан кейін құқық бұзушылық жасаған жерден жасырынған.
20__ жылы 1 қазанда А.И. Никонов жәбірленуші Сүлейменовке материалдық зиян толығымен өтелгендіктен, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты өзіне қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату туралы өтінішпен жүгінді.
Алайда, осы өтінішті қанағаттандыру мүмкін емес және мынадай негіз бойынша одан бас тартылуға жатады.
Қосымша жауап алынған жәбірленуші Д.К. Сүлейменов материалдық зиянның оған толығымен өтелгенін және мүліктік сипаттағы қандай қарсылықтарының жоқ екендігін айтты.
Сонымен бірге, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында А.И. Никоновтың
ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмыс жасағанын көрсететін барлық дәлелдемелер жиналды, оны ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына ғана сәйкес – ҚР ҚК ережелеріне байланысты (ҚК-нің 68-бабы – татуласуға байланысты) тоқтатуға болады.
Жазылғандардың негізінде, ҚР ҚПК-нің 104, 105, 297-баптарын басшылыққа алып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Күдікті А.И. Никоновтың аз. Д.К. Сүлейменовтің мүлкін жасырын ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағы бойынша өзіне қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылсын.
2. Осы қаулының көшірмесі күдікті А.И Никоновқа табыс етілсін және оған қабылданған шешімше шағымдану құқығы түсіндірілсін.
3. Қаулының көшірмесі Өскемен гарнизонының әскери прокурорына жіберілсін.
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ
тергеушісі
полиция капитаны (қолы) А.Г.Асетханова
Қаулы маған 20__ ж. «1» қазанда жарияланды және қабылданған шешімге ҚР ҚПК-нің 99, 100, 102, 104-баптарына сәйкес шағымдану тәртібі түсіндірілді.
Қаулы көшірмесін 20__ жылы «1» қазанда алдым.
Күдікті _________________ А.И. Никонов
Қаулыны жариялаған және көшірмесін табыс еткен:
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ
тергеушісі
полиция капитаны (қолы) А.Г.Асетханова
«Бекітемін»
Өскемен гарнизонының
әскери прокуроры
әділет кеңесшісі
Е.К.Шыныбаев
_________________________
«____» _________ 20__ жыл
АЙЫПТАУ АКТІСІ
10.10.20__ ж. Өскемен қаласы
ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ тергеушісі полиция капитаны
А.Г. Асетханова 10.10.20__ жылы 16:00 сағаттаӨскемен қаласы ІІБ Ертіс полиция бөлімінің ТБ ұй-жайында Тіркеу тізілімінде 07.10.2013 жылы№23559 тіркелген №13631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын қарап, ҚР ҚПК-нің 298, 299, 300-баптарының талаптарын сақтай отырып, мына төменде көрсетілген адамға күдіктену бойынша айыптау актісін жасады: