Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ант диабетінің алдын алу




 

Белсенді өмір салты

 

Кез-келген дене шынықтыру белсенділігі инсулинге деген сезімталдықты жоғарылатып және қандағы қант мөлшерін төмендетеді. Спорт өз денсаулығыңды сақтауға көмектеседі.

 

Тиімді тамақтану

 

Тағам талшықтарына бай тағамдарды-жемістер мен жидектерді,бұршақ тұқымдастарды, әр түрлі жаңғақтар түрлері мен қаймақты пайдалану. Бұндай тағам ішек жұмысын қалыпқа келтіреді, холестерин мөлшерін азайтады, артық салмақтың төмендеуіне әсер етеді, қандағы қант мөлшерін бақылауда ұстайды.Дәнді дақылдар қан қысымын қадағалауға және қант диабетінің белгілерінің пайда болуын тежейді. Нан, макарон және басқа да ұн өнімдерін сатып алар алында қорабында «Тұтас дәндер» деген жазбасы бар өнімдерді алған дұрыс.

 

Диабет (лат. diabetes mellitus) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабетинсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.

Мазмұны

[жасыру]

· 1Қант диабетінің негізгі симптомдары

· 2Қант диабетінің екінші деңгейлі симптомдары

· 3Диабетпен ауыратындардың диетасы

· 4Диабет эпидемиялогиясы

· 5Дереккөздер

Қант диабетінің негізгі симптомдары[өңдеу]

· үнемі сусап тұру (полидипсия)

· кіші дәреттің жиілеп, көп болуы (полиурия)

· үнемі шаршаулы сезіну (полифагия)

· қол-аяқтың үйып, жансыздануы

· үнемі қарын аштығынан арылмау

· салмақ азаюы [2]

Қант диабетінің екінші деңгейлі симптомдары[өңдеу]

· терінің қышуы

· көздің көру қабілетінің айырылуы («тұман көлегейлегендей»)

· жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы

· аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы.

· естен тану (қысылтаяң жағдайларда)

Осы аталған белгілер басқа ауруларға да тән.

40 жастан кейін диабетті дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дүрыс жолға қою арқылы емдеуге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек, бүл жағдайда дүрыс диета сақтаудың мәні зор.

Диабетпен ауыратындардың диетасы[өңдеу]

Диабетпен ауыратын толық адамдар алдымен артық салмақтан арылуы керек. Диабетшілер қант, кәмпит және басқа да тәтті тағамдарды ішпеулері қажет. Олардың ірі ұнтақты ұннан пісірілген нан, сондай-ақ крахмал қоспалы асбұршақ күріш, картоп және басқа да құрамында ақуыз бар тағамдармен тамақтанғаны жөн болады. Диабет ауруымен зардап шегетін ересек адамдардың алмұрт тектес тікенекті кактустың (нопал, опантиа) сөлін ішкені дұрыс. Бұл үшін кактусты ұсақтап турап, езіп, сөлін сығып алып, күніге тамақ алдында үш рет 1,5 кеседен қабылдау қажет. Тіс қызыл етін, таңдай қуысын инфекциядан сақтау үшін тісті тамақтан соң жуып тазалаған дұрыс болады. Аяқты дәйім таза ұстау қажет, жаралап, қажатып алмас үшін өзіңізге ыңғайлы да шақ аяқ киім кигеніңіз жөн. Аяқ қан тамырлары қызметін жақсартып, қан айналысын ретке келтіру үшін (аяқта қара дақтар болып, немесе ұйыған жағдайда) демалған кезде аяқты жоғары көтеріп қойып жату керек. Аяқ көктамырлары кеңейгенде (варикозное расширение вен) де осы ақыл-кеңеске ден қойған абзал.[3]

Диабет эпидемиялогиясы[өңдеу]

Әлем бойынша 2010 жылғы жағдайға сәйкес шамамен 285 миллион адам қант диабетіне шалдыққан деп бағаланады. Ал 2011 жылы 366 миллион адам тіркелген.Салыстыратын болсақ, 1985 жылы 30 миллион адам осы аурумен ауырған. 15 жылдан соң бұл сан 150 миллионнан асты. Ал қазіргі кезде қант диабетіне шалдыққан аламдардың саны әр 12-15 жыл сайын екі есеге көбейуде. IDF-тің болжауымен, қазіргі қарқындар жалғасса, 2030 жылы олардың саны 435 млн-ға дейін өсуі әбден мүмкін.

Қант диабеті өте күрделі және қатерлі ауру, оның шамалы белгілері байқалғанда алаңдау керек. Бұл ауруға қанттың қандағы деңгейі көтерілуі, оның зәрде болуы тән. Ауру нәтиже-сінде асқазан асты безі шығаратын гормон- инсулиннің аздығы туындап,ақырында зат алмасудың бұзылуына алып келеді. Қант диабеті жас шағының ауруы, онымен дүниедегі халықтардың барлық топтары қамтыл-ған. Дүние жүзінде 180 млн. астам адам қант диабетімен ауырады. 2030 жылға қарай бұл сан екі еседен асып кетер қаупі бар...
ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ ЕКІ ТҮРІ БАР:

Инсулинге тәуелді – ҚД 1 түрі, негізінен жас адамдарды зақымдайды.Оның себебі, иммунитеттің төмендеуі немесе вирустық жұқпалы аурудың салдарынан асқазан асты безі жасушаларының өлімі. Ағза бұл жағдайда өздігінен инсулин түзуге қабілетсіз.
Инсулинге тәуелсіз – ҚД 2 түрі. Аурудың бұл түрінде инсулин асқазан асты безімен керек деңгейде шығарылмай, асқындырып шығарылады. Бірақ ағзадағы жасушалар оған сезімталдығын жоғалтқандықтан, қабылдай алмайды. Диабеттің екінші түрі - семіздікпен қиналатын, жасы 40-тан асқан адамдардың арасындағы тұқым қуалаушы ауру.
Қант диабетінің екі түрі де ауру адамның ағзасында капиллярлар мен тамырларды зақымдап, салмақты өзгерістерді тудырады. Ауыру процессінің нәтижесінде түрлі мүшелердің қан айналымы бұзылып, олар әдеттегі қалыпты қызметін жоғалтады. Диабеттің таралған зардабы шел (катаракта), көз қарашығының бұзылуы мен соқырлыққа сүйрейді. Жиі қант диабеті ұзақ сақталатын бүйрек жеткіліксіздігін тудырады. Мол қанттың қол-аяқ тамырларына әсері диабеттің трофикалық жаралар түзілуі мен өкшенің шіруіне әкеліп соғады. Қант диабеті сирек емес жағдайда ерлердің импотенциясының себебі. Сондай-ақ бауыр да ауру адамның ағзасындағы өзгерістерге, майлы дистрофия мен циррозда болатын жауап қайтарады. Қант диабетімен ауыратындар иммунитет төмендеуінен зардап шегеді және түрлі жұқпалы ауруларға шалдығады.
Аурудың негізгі белгілері мен сипаты:
1.Ағзаның шөлдеп кептіруіне алып келетін, жиі зәр шығару мен әр уақытта шөлдеу сезімі;
2.Әрқашандық аштық сезіміне қарамастан, салмақты тез жоғалту;
3.Қанттың қандағы жоғары құрамы;
4.Шаршағандық немесе әлсіздікті сезіну;
5.Көрудің қиыншылығы (көз алдындағы
«ақ таңба»)
6.Жыныстық белсенділік қиыншылықтары;
7.Ұйып қалу және ұйып қалған жерлерде шаншу;
8.Аяқта ауырлық сезіну;
9.Бас айналу;
10.Жұқпалы аурулардың баяу емделуі.
11.Жаралардың баяу жазылуы;
12.Дене температурасының орташа деңгейден төмендеуі;
13.Көрудің нашарлауы;
14.Тез шаршаушылық;
15.Аяқ бұлшықеттерінің тартылып қалуы.
Бірқатар жағдайда қант диабеті өзін бір уақытта білдіртеді.Диабеттің сипаттамалары әр түрлі, 1және 2 түрдегі диабеттерде де. Кейде ешқандай белгілері байқалмай, диабетті мысалы, көз дәрігеріне көз түбін көру кезінде қарап анықтайды. Бірақ екі түрдегі қант диабетіне сай белгілердің кешені бар. Белгілердің білінуі инсулиннің секрециясының төмендеу деңгейіне, ауру адамның жеке бас ерекшеліктеріне және ауру ұзақтығына тәуелді.
Қант диабетінің 1 түрінің басталуына өзін сезінудің тез нашарлауы және көбірек білінетін ағзаның кебу белгілерінің байқалуы жатады. Ондай науқас адамдар инсулиннің тез тағайындалуына байланысты. Сәйкес емдеусіз, барлық зат алмасу түрлерінің бұзылуы өмірге қауіп төндіретін жағдай-диабетикалық комаға алып келеді. Оған себеп, қандағы инсулиннің жетіспеушілігі, глюкозаның жасуша ішіне енуінің қиындауы және энергия жетіспеушілігі. Ағза май деполарындағы энергияны қолдана бастайды. Бұл процесс тым интенсивті жүргендіктен, майдың біршама бөлігі қанға өтеді. Олардың кейбір бөлігі бауырдан өтіп, кетон денелеріне айналады да, қанға түскенде ағзаға токсикалық әрекет жасайды. Жедел емдеуді қажет ететін, ауыр жағдай дамиды.
Аурудың диагнозын құптау үшін тек қант диабетіне тән сипаттар мен белгілердің байқалуына сүйенуге болмайды,қанның құрамындағы қанттың кем дегенде екі реттік тексеріс қорытындысы қажет.
Егер ауру адамның қанының зертханалық зерттеулері аурудың белгілерімен расталса,онда диабетпен ауыратын адам жедел емдеуге мұқтаж. Диабет сынды аурумен күресте, науқас адамның белсенді қатынасы қажет.
Қант диабеті –қатерлі ауру, онымен нау-қас адамға өмір сүруге үйрену керек. Өзіңізді тыңдап көріңіз, қант диабетінің белгілері мен сипаты байқалса, сіздің ағзаңыз әр уақытта емдеу мен көмекке мұқтаж екенін ойлаңыз.

Диабет – гректің сузгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді.

Қант диабеті - ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.

Қант диабеті инсулинге тәуелді(инсулин зависимый), инсулинге тәуелсіз

(инсулин не зависимый) болып 2 түрге бөлінеді.

Ең басты себептердің бірі - тамақтану салтының өзгеруі,атап айтқанда қантқа тез айнатлатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады.Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке телінеді.

Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн.Тұқым қуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр.Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы,химиялық өндірістің (фофор,қорғасын) зиянды әсері.Бұл ауру жас талғамайды.Әйтседе бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі,оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына – ұйқы безінің қабынуы,зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді

Ғалымдар осы уақытқа дейін ауру қоздырғыштарды таппай отыр. Олар қант диабетінің пайда болу себебі генетикалық бұзылыстар немесе вирустық инфекция деп санап отыр. Алайда көп зерттеу барысында осы жауыз ауру туралы бірнеше деректер анықталынды:

• Диабетпен қан, ауалы – тамшылы немесе жыныс жолы арқылы жұқтыру мүмкін емес.

• Тұқымқуалаушылық бейімділігінен пайда болады. Ата аналарының біреуінде осы ауру болған жағдайда балаларында бірінші типтегі диабет 10 % екінші типтегі диабет 80 % болуы мүмкін.

• Азық түлікке тәтті тағамдарды көп пайдалану диабет туғызбайды, бірақ ауру туғызатын қаупті көп көтеретін семіртеді.

Факторлары: жүйке күйзелісі, өмір салтында аз қимылдау, дене салмағының төмендеуі, тағы басқа аурулар. Егер Сізде осы факторлардың бірнешесі қосылса ауру қаупі жоғарылайды.

Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі:

-Ауру қатты екпінді басталады.

-Балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді.

-Асқынуға бейімді.

- Бұл қауіпті асқынулар- гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар.

• Екі типтегі диабетте де қанда қант деңгейі жоғарылайды, гиперкликемия пайда болады. Қант диабетінің бірінші белгілері пайда болады: ауыздың құрғауы, қатты шөл, тез несеп шығару (полиурия).

• Осы құбылыстардың себептерін қарап шығайық. Тамақ ішіп болған соң кісілерде қандағы қан деңгейі жоғарылайды. Бірақ диабетиктарда инсулиннің жетіспеушілігінен (диабеттің бірінші типі) немесе клеткалардың қабылдамауынан (екінші типтегі диабет) бұл қант клеткаларға барып түспейді. Қанда глюкоза көп, бірақ клеткалар аш қалып, жеткіліксіз тамақ туралы белгі жіберіп отыратын жағдайларда туындайды. Бұл белгілерге ағза бауырдағы қант қорларын жіберіп жатады, бірақ ол да клеткаларға түспейді. Нәтижесінде ағза майларды жара бастайды. Жару нәтижесінде кетондық денелер пайда болады: ацетон, ацетальдегид, түрлі қышқылдар. Клеткілер көптен күткен энергияларын алады, бірақ қанда қышқылды баланс бұзылады, соның салдарынан кетоцидоз (ағзаның қышқылдануы) пайда болады. Емделмеген жағдайда коматоздық жағдай және өлімге алып келеді.

Қант ауруының алдын алу

• Алдын алумен шұғылдана отырып сіз әрі денсаулығыңызды нығайтасыз, әсіресе жүрек – тамыр жүйелерін. Қант диабеті жүрек ауруы қаупін орташа есеппен алғанда 3 рет, ал инсульт қаупін 5 рет жоғарылатады. Зат алмасудың бұзылуы арқасында жүрек тамыр қабырғалары қалыңдап, тығыздала бастайтын атеросклероз пайда болады.

• Диабет кезінде есте сақтау жады және мидың басқада қызметтері бұзылады, сондықтан алдын алу Сізге ұзақ уақыт бойы мидың толық жұмыс істеуін сақтайды.

• Диабет ер кісілердің де, әйелдердің де жыныстық өмір жағдайына кері әсер ететінін айта кету керек.

• Алдын алу салауатты өмір салтына өтумен қортылады. Артық салмақтан құтылу, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану, май мен қантты пайдалануды төмендету қажет. Егер Сізге 40 жастан жоғары, Сізде артық салмақ немесе Сіздің туысқандарыңыздың ішінде диабетиктер болса қандағы қант деңгейін жүйелі тексеріп тұру қажет.

Екінші типтегі қант диабетінен қалай сақтану керек

• Дұрыс тамақтану. Майлы тамақты аз, өсімдік талшықтарын көп пайдаланыңыз. Күніне жеміс, жиделермен бес рет тамақтан. Көмірсутегіне бай азықтарын көп пайдаланыңыз. Бұл қанға глюкозанын жетуін бәсеңдетеді, холестериннің деңгейі төмендейді. Сондықтан ірі тартылған ұнның нанын, макарон өнімдерін, күріш, жемістер, сұлы, арпа, қырыққабат, қарақұмық, картоп жеңіз.

• Кішкентай порциямен әр 4 сағат сайын тамақтаныңыз. Бұл ішкен тамақты қорыту үшін қанды қажетті инсулинмен қамтамасыз етудің ең жақсы тәсілі. Біздің мақсатымыз – ұйқыбезіне жоғары жүктемелер болдыртпау үшін күн бойы тамақты біркелкі реттеу.

• Қант пен тұзды пайдаланбаңыз. Кішкентай жеген қанттың өзі қандағы қант деңгейін аспандатып жіберуі мүмкін. Ал тұзды тамақ тез қан қысымын көтеріп жібереді.

• Өз салмағыңызды қалыпты ұстаңыз. Тез жүру – семірудің бірден бір емі. Аптасына 5 рет дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатын кісілер қант диабетімен ауру қауіп дәрежесін 50 % дейін төмендетеді. Кез келген ауа райында күніне 4 километр жаяу жүріңіз. Дәрумендер қабылдап, күйземеңіз. ҚД алдын алу қант диабетін анықтаған күннен бастап алдын алу қажет, қауіп фактор тобына жатады, ары қарай жылына 2 рет эндокринолог бақылауында бақылану. Арнайы мамандардың кеңесінен невропатолог, окулист, кардиолог, нефролог өту қажет. Белсенді салауатты өмір салтын ұстану. Дені сау болу – бұл адамның табиғи ұмтылысы.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 922 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2228 - | 1966 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.