· терінің қышуы
· көздің көру қабілетінің айырылуы («тұман көлегейлегендей»)
· жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы
· аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы.
· естен тану (қысылтаяң жағдайларда)
Клиникалық айқындалуы: 3 негізгі клиникалық симптоммен сипатталады:
· Полидипсия-шөлдеу.
· Полиурия-кіші дәретке жиі отыру.
· Полифагия-кенеттен тәбеттің ашылуы.
· Науқас тамақты жақсы ішкенімен азады.
· Науқастың терісі құрғақ, дуылдап қышиды.
Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі:
· Ауру қатты екпінді басталады.
· Балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді.
· Асқынуға бейімді.
Бұл қауіпті асқынулар - гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар. Бұл комалар жедел жәрдемді қажет етеді.
Гипергликемиялық кома
Себептері:
1. Инсулин дозасының кем болуы.
2. Майлы және тәтті тамақты мөлшерден көп жеу.
Осы себептердің әсерінен зат алмасуының барлық түрі бұзылады, организмде шала толтыққан улы заттар жиналып уланады.
Айқындалуы: Гипергликемиялық кома біртіндеп басталады, шөлдейді, зәрінің мөлшері көбейеді, баланың тәбеті төмендейді, ұйқышылдық пайда болады, терісі және шырышты қабаттары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады, дем алысы шуылдаған, бала есінен айрылады.
Жедел жәрдем:
· Көк тамырға 100-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне қосып 0,1 ед/кг салмағына есебімен үздіксіз етіп инсулин құю.
· Асқазанды 5% сода ерітіндісімен жуу.
· 4% сода ерітіндісімен тазалағыш клизма қою.
· Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құю (токсиндерді шығару мақсатында). Бұл ерітінділермен бірге кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай қасықтан беріп отыру керек.
· 3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер.
· Баланың сөткелік зәрін және биохимиялық анализге көк тамырдан қанын қантқа тексеру.
Гипогликемиялық кома.
Себептері:
1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі.
2. Организмге инсулинді шамадан көп енгізу.
Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз, дымқыл, демалысы жиі үстірт, баланың денесі құрысып-тырысады, тез есінен танады.
Жедел жәрдем.
· Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит беріледі.
· Егер бала ессіз болса көк тамырына үздіксіз етіп 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады.
· Терісінің астына 0,1-1,0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі.
· Дымқылданған оттегі беріледі.
· Бала есін жиған соң тамақтандырылады.
Осы аталған белгілер басқа ауруларға да тән. Диабетпен ауыратыныңызға көзіңізді жеткізу үшін кіші дәретіңіздің құрамындағы қанттың көп-аздығын тексеріңіз. Мұны, әрине, дәмін татып тексеруге болады. Егер кіші дәретіңіз тіл ұшында өзіңізге тәттілеу көрінсе, бұл күмәніңізді не айғақтап, не сейілту үшін тағы екі адамға байқатып көріңіз. Өз кезегінде ол екі адам басқа 3 адамның кіші дәретін тексеріп керіп, біреуіндегі қанттың көптігіне көз жеткізсе, онда сол адамның диабетпен ауырғаны.
Диабет белгілері балаларда, жасөспірімдерде біліне бастағаннан-ақ міндетті түрде тәжірибелі дәрігер маманға көрсетіңіз. Міндетті түрде эндокринолог маманның қарауы қажет.
40 жастан кейін диабетті дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дүрыс жолға қою арқылы емдеуге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек, бүл жағдайда дүрыс диета сақтаудың мәні зор.
Ант диабеті
Қант диабеті (сусамыр)- ұзақ уақыт қандағы глюкозаның концентрациясының жоғарылауы және заттек алмасу өзгерістерімен сипатталатын адамның эндокрин жүйесінің созылмалы ауруы.
Қант диабетінің пайда болу себептері:
Инсулинді өндіріп шығарушы асқазан асты бездерінің клеткаларын бұзатын вирусты жұқпалар. Диабеттің дамуына ықпал ететін вирусты жұқпалар: қызамық,вирусты паротит (шошқаборық), желшешек, вирусты гепатит және тағы басқалар. Әсіресе вирусты жұқпалар қант диабетіне тұқымқуалаушылыққа бейім адамдарда, балалар мен жасөспірімдерде аурудың пайда болуына өз әсерін тигізеді.
Тұқымқуалаушылық ықпал. Әдетте қант диабетімен ауыратын адамдардың туыстарында қант диабеті жиі кездеседі. Егер ата-анасының екеуі де қант диабетімен ауыратын болса, олардың балалары диабетпен ауыру қаупі-100 %, егер ата-анасының бірі ауырса-50 %, ағасы немесе әпкесі диабетпен ауырса- 25 %.
Аутоимунды аурулар. Қант диабеті асқазан асты бездерінің клеткаларының өз иммунды жүйесінің зақымдануынан туындайды.
Қант диабетінің дамуының қауіпті ықпалдары:
Дибеттің дамуына(қауіпті ықпалдары) бейімдейтін жағдайлар мен аурулар болады. Қант диабеті үшін келесідей қауіпті ықпалдар бар:
· Артық салмақтық;
· Холестериннің шамадан тыс деңгейі;
· Қан қысымының жоғарылығы;
· Тұқымқуалаушылыққа бейімділік.
Бірнеше қауіпті ықпалдаардың бірігуі диабеттің пайда болу қатерін айтарлықтай жоғарылатады.
Қант диабетінің белгілері:
· Қатты шөлдеу;
· Бөлінетін зәр мөлшерінің көбеюі;
· Жоғары терлегіштік;
· Салмақты жоғалту және т.б.
·
·