Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сімдік майларын өңдеу




Сыр бояу материалдарының ұзақ және толық кеппеу салдарынан өсімдік майлары өңделмеген түрде шектелген қолданыста болады. Олардың кебу уақытын арттыру үшін өсімдік майларын өңдеуге ұшыратады, нәтижесінде жартылай кебетін майлар толығымен кебетін майларға айналады. Бұдан басқа, алдын ала өңдеу майлардың қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік туғызады.

Жабындының сапасы мен үлдір түзу жылдамдығының артуы келесі өңдеу әдістерімен жүзеге асады: оксидтеу, полимеризациялау, дегидратациялау, эпоксидтеу және де басқа қанықпаған қосылыстармен модификациялау (малеин ангидриді, стирол).

Майларды оксидтеу(оксидирование масел). Майлардың ауа оттегісімен термиялық (1500 С –те) тотығуында, тотығу полимеризациясының арасында димеризация, тримеризация үрдісі болады, бұл майдың тұтқырлығының пайда болуын туғызады.

Майлардың тотығуы кезінде майлы қышқыл (жирные кислоты) молекулаларында әр түрлі функционалды топтардың құрамы артады, соның ішінде карбоксильді, яғни олардың салдарынан қышқыл мен майдың сабындану сандары өседі, шығынданған қос байланыстардың нәтижесінде тотыққан полимеризацияда ионды сан төмендейді. Оксидирленген майлар жақсы адгезиялы жылтыррақ (глянцевые) қатты жабынды құрайды. Бұл жабындының кемшіліктеріне қою түс пен төмен суға тұрақтылықты жатқызуғаболады. Жартылай кебетін майлардың кебу жылдамдығы оксидирлеуден кейін кейде 24 сағ. алады, сондықтан оларға кебетін майларды қосады.

Майлардың полимеризациясы. Бұл әдісті ди- немесе тример майларын алу үшін қоладанады, яғни жоғары кебу жылдамдығына ие болуының нәтижесінде молекулалардың тармақталуына жоғары көрсеткіш көрсетеді.

Тотығу үрдістерін сақтап қалу үшін полимеризацияны инертті газ тоғында 3000С температурада өтеді. Жоғары температурада триглицеридтердің жартылай ыдырауы кезінде қышқыл санының елеулі өсуі байқалады. Бірақ, тотығу жүрмегендіктен, қосымша карбоксильді топтар құралмайды, сабындану саны да өзгермейді.

Йод санының кемуі жалпы қос байланыстың төмендеуіне шартталған. Полимеризация үшін әдетте кебетін майларды қолданады. Полимерленген майлар жsлтырақ, эластикалық, атмосфералық факторларға тұрақты жабындыларды құрайды. Олардың артықшылықтарына полимерленбеген майлармен салыстырғанда ашық түсті сырларды жатқызуға болады. Оксидация мен полимеризация кезінде изоляцияланған қос байланыстардың жартылай изомеризациясы жүреді, яғни бұл өңделген үлдір түзу жылдамдығына жақсы.

Дегидратация. Бұл әдіске майлы қышқылдардың гидрооксильді топ құрайтын қалдықтарын жатқызуға болады.

Кастор майының дегидратациясын қышқыл катализатор қатысында 2800С температурада жүргізеді:

Бұл реакцияның нәтижесінде 11 мен 12 көміртек атомдары арасында екінші қос байланыс түзіледі. Бірақ 13 көміртек атомынан сутек атомының бөлінуі изоляцияланған қос байланыстардың изомериясымен жүруі мүмкін. Бұл изомердің мөлшері 70 % масс. –қа дейін жетеді. Алайда дегидратацияланған кастор майының қасиеті кебетін майлар қасиетіне жақындайды.

Дегидратацияны оңай оксидирленген жартылай кебетін майларға да жүргізуге болады. Терең оксидациядан кейін майлы қышқыл молекулаларында гирдооксильді топтар түзіледі, яғни үлдір түзу қабілетін арттыру мақсатында гидратация үрдісі арқылы қос байланыс санын арттыруға болады.

Майларды эпоксидтеу. Белгілі бір жайдайларда өсімдік майлардың қос байланыстарының тотығуы кезінде эпоксидті топтар түзүлуі мүмкін.Эпоксидтелуге бүкіл майлар ұшырамайды. Жақсы нәтиже тек лен, соя және кастор майының дегидратирлеу (дегидратирование) өңдеу кезінде алынған. Әдетте эпоксидтеу 50-60 С температурада, сутек пероксідімен сірке қышқылының қоспасында, күкірт қышқылы катализатор қатысында жүргізіледі. Бұл жағдайларда эпосидтелген агент ретінде сірке қышқылы (надуксусная кислота) қолданылады, ал май қос байланыс жаққа эпоксидті оттегіні қосады:

Эпоксидттелуге триглицеридтің бүкіл қос байланыстары ұшырамайды. Майдың түріне байланысты эпоксидті оттектің құрамы 7-9 % ғана болады.

Эпоксидті майлар үлдір түзуші бола алмайды, олар тек пластифицирленген не қатайтқыш қоспа ретінде ғана және хлорқұрамды сополимерлердің стабилизаторы мен пластификаторы ретнде қолданылады.

Майлардың маленизациясы. Малеин ангидриді Дильс-Альдер реакциясы бойынша қос байланыстарға оңай қосылады:





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 621 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2316 - | 2272 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.