Сыр бояу материалдар мен жабындыларға анықтама беріп, олардың негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
Сыр-бояу материалдары дегеніміз бұйымның беткі қабатына берілген қасиеттер комплексімен жабынды құруды қамтамасыз ете алатын композицияларды атаймыз. Жабынды құруды қамтамасыз ете алуы үлдіртүзгіш затпен анықталады.
Үлдіртүзгіш заттар – сыр-бояу материалдарының басқа компоненттерімен бірге бетке ерітінді, дисперсия немесе балқымадан жұқа қабатты жағылумен физика-химиялық немесе химиялық айналу нәтижесінде жабынды құруды қамтамасыз ететін синтетикалық, табиғи жоғарымолекулалы заттар немесе олардың қоспалары.
Сыр-бояу жабындыларының негізгі қасиеттері
Тағайындалуына және тасымалдау шарттарына тәуелді сыр-бояу жабындыларына әр түрлі талаптар қойылады. Жабындыларға қойылатын негізгі талаптар:
Адгезия – бір-біріне «жабысуды» қамтамасыз ететін, екі жанасатын әр түрлі денелер беттерінің арасындағы байланыс. Бұл көрсеткіш бет аралығындағы молекулааралық, молекулалық және химиялық әрекеттесулердің қарқындылығымен анықталады.
Когезия – бөлшектердің біртұтас бүтінге бірігуіне әкелетін, бір қатты дененің немесе сұйықтықтың молекулаларының тұтасуы. Когезия денедегі молекулааралық әрекеттесумен негізделген.
Пластикалығы – жабындының күш түсіргеннен кейін деформациясын сақтау қабілеттілігі.
Эластикалығы – деформациялайтын күшті алғаннан кейін жабындының бастапқы формасын сақтау қабілеттілігі. Пластикалығы сияқты, негізінен үлдіртүзгіштің химиялық құрылысымен анықталады және кейбір жабындылар үшін аса маңызды қасиет болып саналады (мысалы, тері, мата жабындылары үшін).
Химиялық тұрақтылық – агрессивті реагенттер, еріткіштер және жағу майлары әсеріне тұрақтылығы (сұйық және газтәрізді).
Атмосфераға тұрақтылығы – жабындының атмосфералық факторларға төтеп беру қабілеттілігі (ылғалдылық, температура, ауа оттегісіне, күн радиациясына т.б.).
Термотұрақтылық және аязға тұрақтылық – жабындылардың жоғары және төмен температуралар әсерінен бүлінбей, өзінің сыртқы көрінісін сақтау қабілеттілігі. Бұл қасиеттер көбінесе қатайған жабындыдағы реакцияға қабілетті топтардың мөлшеріне тәуелді.
Сыр – бояу материалының жіктелуін көрсетіп, оларға сипаттама беріңіз.
Сыр-бояу материалдарының классификациясы
СБМ мен СБЖ-ды көптеген түрлерге классификациялайды: топтары, түрлері, химиялық құрамы, қолданылуы, үлдіртүзгіші бойынша. Барлық сыр бояу материалдары құрамындағы үлдіртүзгіш заттарға сәйкес түрлерге бөлінген. Әрқайсысына байланыстырушының негізгі компоненттерін (шайыр, май және т.б.) көрсететін, әріптік көрсеткіш берілген. ГОСТ бойынша осындай 42 аты бар.
Белгіленуі | Үлдіртүзгіш бойынша материалдың аталуы |
ГФ | Глифтальды |
ПФ | Пентафтальды |
МЛ | Меламин-алкидті (меламинді) |
МЧ | Мочевинді (карбамидті) |
НЦ | Нитроцеллюлозды |
Сырлар – кепкенде немесе қатқанда мөлдір біртекті жабынды түзетін, органикалық еріткіштердегі немесе судағы үлдіртүзгіш заттардың ерітіндісі.
Олифтер – өсімдік майларының термиялық немесе химиялық қайта өңдеу өнімдері.
Пигменттер – жабындының мөлдірлігін жоятын, түс пен жабындының басқа қасиеттеріне әсер ететін қатты ұнтақтәрізді жұқадисперсті бейорганикалық және органикалық заттар (синтетикалық және табиғи).
Бояулар – үлдіртүзгіш заттардағы пигменттердің біртекті суспензиясы болатын сыр – бояу материалдары. Бояуларды үш негізгі топқа бөлуге болады:
· майлы – кебетін май мен олиф негізінде;
· сулы – желімді өсімдік және жануарлар желімі негізінде; силикатты сұйық шыны негізінде;
· эмульсионды – кебетін май немесе синтетикалық полимерлердің сулы эмульсиясы негізінде.
Ұнтақты бояулар – үлдіртүзгіш заттардың, пигменттердің, толықтырғыштардың және басқа сыр-бояу материалдары компоненттерінің ұнтақталған қатты қоспалары. Мұндай бояулар термоөңдеу процесінде жабынды түзеді.
Эмальдар – пигменттердің сырдағы суспензиялары. Оларды көпқабатты жабындыға соңғы қабатта жағады. Эмальдар жабындыларға декоративтілікті және сыртқы әсерлерге тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Грунтовка (тегістеу) – лактағы, олифтегі немесе үлдіртүзгіштердің эмульсиясындағы пигменттердің суспензиясы. Олар бояйтын бетке бірінші қабат қылып жағуға арналған және жабындының бетпен берік тұтасуын қамтамасыз етеді.
Шпатлевки (сылау) – байланыстырушыдағы пигменттер мен толықтырғыштардың дисперсиясы. Шпатлевкалар бояйтын беттегі әр түрлі ақауларды (кеуек, жарық, ойық т.б.) сылау үшін қолданылады.