Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары.




1. Тапсырма сұрақтары бойынша пікір алысу.

2. Тіл дамытуға байланысты меңгерушінің міндеттерін жазып, талдау

ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.

Әдіскер жұмысының жоспарын құру.

Дәріс №30

Тақырып:Әдістемелік жұмыстың формалары

Мақсаты: Тәрбиешінің озат тәжірибесін тарату мен педагогикалық кеңесті ұйымдастырудың жолдарын меңгерту. Іс-тәжірибеде қолдана білуге үйрету.

Жоспар

1. Тәрбиешінің озат тәжірибесін тарату.

2. Педагогикалық кеңесті ұйымдастыру.

Мазмұны. 1. Шолу дәріс. Тәрбиешінің озат тәжірибесін тарату. Тәрбиешінің өзара сабаққа қатысулары ең қарапайым әдіс меңгеруші кімнің сабағына қатысу керектігін таңдайды және ашық сабақ өткізетін тәрбиешіге көмек береді. Педкеңесте өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті талқыланады.

Тіл дамыту бойынша өткізілетін шараларды ұжымдық түрде бақылап, талдау. Мұнда да алдын-ала тәрбиешілер дайындалады, соңынан кең талқылау болып, нақты ұсыныстар беріледі. Жылына екі-үш ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті жоспарлауға болады. Алдымен мұндай ашық оқу іс-әрекеттерінде тәжірибелі тәрбиешілер жүргізеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнын тәрбиеші өзі жоспарлап дайындайды.

Егер ұжымда жас тәрбиешілер болса, жұмысты былайша бөлуге болады: біреуі – балалардың сөзін, екіншісі тәрбиешінің сөзін, үшіншісі жалпы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жүрісін жазып отырады. Талдау кезінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізген тәрбиешіге алдымен сөз беріледі, бұл оны өз жұмысын талдай білуге, кемшілігін көре білуге тәрбиелейді. Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізушіге де, қатысушыларға да есте қаларлықтай оқиға болып өтуі тиіс.

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне тек қана сол балабақшаның тәрбиешісі үшін емес, аудандағы басқа бақшалардың тәрбиешілеріне де, курстағыларды да шақыруға болады.

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, өткізу, талдаумен жұмыс бітпейді. Оны енді тарату керек, басқа мұғалімдердің іс-тәжірибесіне енгізуі қажет.

Педагогикалық кеңес әдістемелік жұмыстың тұрақты негізгі формасының бірі. Жылдық жоспарда әрбір педагогикалық кеңестің мазмұны анық көрсетілуі тиіс, ал календарлық жоспарда оның мерзімі, дайындайтын адам, баяндамашыларды белгілейді.

Педагогикалық кеңесте қатысушыларға аз да болса, көмек болатындай жаңа, жете меңгерілмеген және негізгі тақырыптарды талдаған дұрыс. Егер балабақшада жыл бойына 8-10 педагогикалық кеңес өткізілетін болса, оның ең кемінде бір – екеуі тіл дамыту әдістемесіне арналуы тиіс.

Жыл соңында қорытынды педагогикалық кеңесте балалар тілінің жағдайы міндетті түрде талқыланады.

Тәрбиешілер, меңгеруші өз сөздеріне қандай педагогикалық жұмыстар кіммен, қалай, қашан жүргізілгенін, қандай нәтиже көрсеткенін айтуы тиіс, балалар сөзінен мысалдар келтіру керек.

Педагогикалық кеңесте соңында шешім қабылданып, нұсқаулар ұсынылады, қабылданған шешімнің орындалу мерзімі көрсетіледі. Меңгеруші кеңес шешімінің орындалғанын мұқият қадағалауы тиіс, сонда ғана нәтижелі болады.

Көп комплектілі балабақшада бір жастағы топтар тәрбиешінің кеңесіп өткізуді іске асырғаны дұрыс. Әр айға бөлініп жасалынады.

Тәжірибелі тәрбиешілер жұмысын жазбаша түрде де жинақтауға болады, яғни олардың жасаған альбомдары, технологиялық картасы, календарлық жоспарлары педагогикалық кабинетке арнаулы орынға қойылады.

Тәрбиешілер жұмысының нәтижесін жинақтау, қорытындылау.

Меңгеруші өз балабақшасындағы тәрбиешілердің жұмысымен танысып, бағалап қоймай, тәрбиешілерге таныстыруы да керек. Мысалы, дыбыстық мәдениетін қалыптастыру бойынша әр топтағы балалардың жағдайынан салыстырмалы таблица жасап, педагогикалық кабинеттегі стендіге іліп қоюға немесе ауызша хабарлауға да болады. Мұндай таблица өткен жылғымен салыстырып отырғанда артық емес.

Студенттерге берілетін тапсырмалар:

1. Озат тәжірибені таратудың маңызы.

2. Педагогикалық кеңесті өткізудің мақсаты.

ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары.

1. Тапсырма сұрақтары бойынша пікір алысу, қорытындылау.

2. Педагогикалық кеңестің құрылымын жазып, талда





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-17; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1455 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

2230 - | 2117 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.